Екі батыс..Қайсысы біздікі?

Қанша уақыт өтті… Ливияның басына іс түскелі… Ливияға қарсы кампания басталғанда, Ирак есіме түсті… Ол кезде де тура осылай басталған болатын… Негізгі көзделген нысанаға айналсоқтап жеткен болатын ол кезде… Бірінші Нью-Йорктағы қос ғимарат, одан кейін Ауғаныстанға жорық… Одан кейін Ирак..
Енді міне, сонау Мысырда басталған дүмпу Ливияға келіп тірелді..
Бұл екі киноның сценариялары бір… Режиссері де бір… Бірақ актерларі басқа..
Ең бастысы бұған ешбір ел қарсы шыға алмады..Өздерінше күш сымақ елдердің өзі… Себебі ешқандай күш жоқ… Бірақ күш бар әлемде… Американың артында тұрған күш… Кукла театрінде куклаларының жіптерін ойнатып отырған қолдар (күштер)..
Бірақ ол қолдар (күштер) нағыз Күшті ұмытқандай… Кукла ойнатқандарына мәз болғандар, өздерінің де бұл пәни әлемде кукла екендерін ұмытқандай… Ертеңгі әділ сотта, әр бір зардап шеккен тірі жан иесінің ақысын алып қайтаратын Әділді ұмытқандардың халі қандай мүшкіл еді десеңші..
Америка тамыры шіріген бір ағаш екенін білмейді… Ертең-ақ, бір үлкен дауылда опырылп жерге құлар..
Бұдан да бір сабақтық тәлім алуымыз керек шығар біздің… Батыстың мәдениеті мен өмір салтын көшіргенше өзіміздің құндылықтарымызды қорғау керек екендігіне қашан көзіміз жетеді?
Қазір біздің алдымызда екі батыс бар, бет бұратын..
Бірінші батыс, “ поп мәдениеттің” жылтырға орап бізге тықпыштап жатқан мерзімі өткен тауарлары, “құндылықтары”..
Екіншісі қыбыламыз орналасқан батыс… Бұл батысқа бет бұруымыз үшін де ең әуелі бізге иман шарт..
Ал иманға қауышу оңай ма? Білмеймін жауап беруге қиналып отырмын… Бәлкім біреулер оңай дер, біреу қиын дер… Біреу жауап бермес..
Әлемдегі дағдарыстарды, қақтығыстарды былай қояйық..Өз ішіміздегі дағдарысты не істейміз, өз ішіміздегі қақтығысты қайтеміз?
Бұл ой құрғыр қалай өзі… Бір жерден басталып, басқа жерден бірақ шығады..
Мен халқыма таңмын… Бүкіл әлем даурығып Американы жамандап, сынап жатқанда үн-түнсіз жата береді… Халқымның осы жайбарақат халін жақсы көремін..
Бізге бәрібір..

Мақала сілтемесі: http://bekjan.dosym.kz/?p=375
Бөлісу:

5 пікір

seken
Біздің халықты жайбырақат дегеннен гөрі сабырлы деу дұрыс шығар. Қазекем сабыр түбі сары алтын деп-ақ талай нәрсеге жетеді, Алла жазса! Сабыр да иманнан. Ойларыңа толық қосыламын, тамаша жазылған, дөп бастың ойды көкейде жүрген.
timurrr
Жарайсыз, Беке! Дәл солай! Ал Қазекең енді… Оригинал халықпыз ғой? Хакім Абайдың өзі түңіліп кеткен қазақ қанша жайбарақат болса да, аңқау-маңқа болса да, сауатсыз-надан болса да, «Ертең тас жауады дайындалың» дегенде «Бірінші жауып алсын, сосын көрерміз» десе де, обышм қалай болғанда да сол Қазақ осы күні Қазақ елі боп осы ұлан-байтақ жерді мекен етіп, мына қым-қуыт заманда тыныш өмір сүріп жатыр. Мені таң қалдыратын осы… Әрине, Аллаһ Тағала тыныштықтан айырмасын! Ал олар, ана марианеткаларды айтам, құтыра тұрсын! Оларға дәл сол Мырқымбай Қазекем «Дүние кезек, терме тезек» деп кеткен…
aiargyn
Сатыбалды мұндай серьезный тақырыптарға жоламай ма?
Dinara
Banu Avar'dın «Batı'nın politikaları bugün de aynı: Böl ve yut» degen kitabı esime tusip otir mına jazbanızdan. Barlık jerde bir maksat, bir mudde, koldanatın adisteri de birdey dese de boladi shinimen de.
Kuantatini alemde antibatistik-antiamerikandik tusinik kaliptasti kazir, sol sebepten barin bolip jutuga tirisip jatkan daudin omiri uzakka barmaytini anik…
Bizde alemde bolip jatkan okiga ozgeristerdi dal uakitinda taldap, jaktaytindar men korgaushilar pikirtalasip, saraptama jasap jatkanin kormeymiz, karap tursan kur soz daurıgıp soyley bergennen ne payda deysin, birak haliktin sayasi sauatin koterude ajeptauir manizi bar munin da.
Koya beriniz meyli, sayasi sauattan gori, dini sauat manizdi deyin desek ogan da bir duristap konil bolip jatkan eshkim jok. Jan-jakka tartip boldi abden.