Жарияланымдар

AnarAlibayeva
мен әженің қызы болдым. мама папаны білмей өстік, керісінше оларды өз бауырым деп ойлап келдім, іштей оларды мама папа деп мойындамайтынмын.  өскен соң ана болған соң ақыры түсіндік қой.  негізі балаларыңды ешкімге бермеген дұрыс.  өз балаң өз ошағыңда
AnarAlibayeva
ең алғаш тамақ пісіруден Эльвира ханым бастап еді, ол кісінің блогы соңғы мезгілде көре алмай кеттім, ізбасарлар көбейіпті.  Дайын рецептке әрине зәруміз ғой. сайттардың ғұмыры ұзақ болсын!
AnarAlibayeva
оларға салқын қанды қарап, қарапайым ағым ғой деп бейқамды болмаңдар деген сияқты менің ойымша. өздерінше бақытты саляфиларды қоғамнан я аластау, я да олармен күресіп өзінің шыққан үйіріне қайтару.
AnarAlibayeva
жалпы педагогикалық тұрғыдан қарағанда баланы теріс тәрбиеге итермелейді, неге өйткені ерте баспен той домалақта ақша табуды үйренуде, әрі билеуде. Өнерді сахнада немесе жарыста көрсеткен жақсы. ал бұндай орта баланың санасын бұзады. менікі жәй ескерту деп ұғарсың
AnarAlibayeva
анар деген теңеудің орнына басқа ат табарсың. анарды мыжғыласа қолың шырыш, дәмі қышқылтып, қолың қызыл бояу, че то аппетитті бұзып жіберетін нәрселермен қалай суреттейсіңдер түк түсінбеймін.
AnarAlibayeva
жалпы мысал түсінікті, ұнады және әдемі суреттер қойшы келесте. Мысалыңа нәр беріп тұрады. осындай мысалдар жазып тұршы.
AnarAlibayeva
жәукімдеп әукіңдеп әлі жүрсің бе, өзіңдікін әлі таппаған әркімге бір мін табады деген осы ау.
AnarAlibayeva
Ой рахмет Кен! Басқа нәрсе ойлап жүріп, қате жазып жібергенмін ғой. Түзеттім.
AnarAlibayeva
құны және бәстесу деген бар. ол ақша тігу.
AnarAlibayeva
Жұмыс бабымен Ақтауда болдым. Енді теңіз болғасын ерекше ұнады. Не хабар дейтіндері қызық. Қазақшалап өлтіреді. Сосын өзіңде өшесің. Айтпақшы аэропорт жақта жайылып жүретін талай талай үйір үйір жылқыларды көрдім. Енді керемет! Сөзім жоқ. Шарбақтары туалеттері ракушеблоктан салынған. Біз оны үйге әрең жеткізіп алсақ, оларда бәс арзан болғасын ба, бәрін ақтаспен көмкеріп тастаған.
AnarAlibayeva
Қиын ештеңесі жоқ, қайта сауап болады.
AnarAlibayeva
таулы жерде тұрсаң тауға шығып бар дауыспен жыртыл да айқайла қанша рет айқалағың келсе, таулы жерде болмасаң өзенге түс те созылып керіліп бойыңды жаз. Оған да ерінсең үйдегі душқа түсіп су астында тұр да өкіріп ал. Сөйтіп өксігіңді шығарып ал. Одан соң айнаға боянып сыланып жігітпен танысуға шықта сәтті күйеуге шығуды жоспарлап жібер де, әбден қол жеткен соң төсекте еркегіңді өкіртіп ал. Сөйтіп құрысқан тырысқаннан біржола құтыласың.
AnarAlibayeva
айтар кеңесім бастарындағы мусор ойларды шығарып салыңдар. Бай болып байлықтан айрылсаңыз еден жуыңыз немесе мал бағыңыз. сөйтіп капитал жинап, шағын кәсіппен айналысуға да болады.Немесе кедей адамдар бай болғысы келсе ауыздың суы құрып байларды мақтап қиялданғанша іске кіріс, бірақ ұрлық жасауға немесе арам жолмен ақша да таппаңыз. Қарап отырсаң қымбаттаған сайын үнемдеуді де үйренесіз. Тойға бармайсың, ақшаны оңды солды шашпайсыз, косметикаға құмар ойынға деген ынтызарлығыңызды тежейсіз. Общым шығар жер есік те тесік бар екен. Амалын тапса шешімнің де жауабы да табылады. Сәттілік ағайын қымбатшылық дәуренінде.
AnarAlibayeva
осы келген қонақтар күңкілдемесін деп салфетканың түрлі формасы мен түрлі фантазиямен кесілген жеміс пен закускаларды кесуді де үйрендік, сонда да тіліп кетеді ау, тіліп. ай жақпадық ау сендерге қып қызыл етіп, қайнап тұрған шәугімнен иіліп шәй құйсам да. обал собал білесіңдер ме осы
AnarAlibayeva
аудан болса фитнестен гөрі үстел теннис ашып көр.