Балмұздақ және Кэйтжамал

Тек шеккенде айтылатын оқиға еді. Сазанбай©
Бір шәйханада егіздер Қарақұм мен Сарықұмның туған күнінің сәскелігі кереметтей деуге келмес көңіл-күймен өтіп жатты. Әрине дастарханда спіртті сусындарсыз сән болмастай арақ та, шарап та, арасында саптыаяқтатып сыра да кетіп жатты. Ақшам түсе финалға Ауған, Шайтанжәнібек, Миллионәбухан және Мен өтіппіз. Туған күннің кешкілігін жалғастыру мақсатында төрттік енді кенттің орталық алаңына қарай аяң басты. Онда екінші қабатта орналасқан ашық аспан астындағы шәйхана бар еді. Сол еске түскен шығар бәлкім.
Жоғарыға көтеріле бере жасыл зеңгір көзім атшаптырым шәйханада тек қана екі қыздың (мүмкін — қатын) сыралатып отырғанын байқадым. Жандарынан көз сүзе өте шығып, көп бос орынның біріне жайғастық та, қалтаны қағып соңғы тиындарға сыра алуға тапсырыс беріп те үлгердік. Үшінші бауыры жазылған міскіндерге бір-бір саптыаяқ жұқ болсын ба, әп-сәтте түбі көріне қалды. Осы уақытқа дейін байқағаным әлгі екі қыздың бірі жасы кішілеу ме қалай, әйтеуір жас. Ал екіншісі қап-қара шашы мен қылдырықтай мықынына қарағанда бес-алты тебін көріп көріп қалған қысыр байтал-ау шамасы деп қалдым. Алдарында өздеріне жетерліктей сыра-пыралары бар. Әйел затына тән нәзіктікпен сыраны аракідік сораптап қойып әңгімені тігіп отыр. Біз жаққа бұрыла бере көз қиығын салып қоюды да ұмытпақ емес. Бір мезет дәрет қысты ма әлдебір бізге белгісіз себептермен екеуі де төмен түсіп кетті. Дастархан сол күйі тұр. Біз сол стөлге аңырап тұрғанда Шайтанжәнібек қағілездік танытып солардың үстеліндегі екі саптыаяқ сыраны барып алып келді де төртеумізге бөліп-бөліп құйып, босаған ыдысты қайтып орнына апарып қойды. Олардың кетіп қалғанын кәміл сеніп сыраны сораптап отыра бердік. Міне масқара, әлгі қыздар қайта көтеріліп келе жатыр. Орындарына жайғаса бере бір сұмдықтың болғанын біліп, бізге қарады жай ғана күле салды екеуі де.
-Қой, бұл отырысымыз жарамас, мен жайғассам келе беліңдер!-деді де Ауған сырасын ұстап солардың жанына барып жайғасты. Оның артынан ілбіп басып, бізде жөнеле бердік. Таныстық басталды. Өзін Кэйтжамал деп таныстырған келіншекпен көз атыстырып кет әрі еместігін байқап қалдым. Жас шамасы өзімнен біраз үлкен ау деп қалдым. Бірақ айтпады. Бір уақыт би басталды. Екеуміз бәліске түстік. Би ортасында Кэйтжамал қызып қалды ау шамасы, құлағыма төмен түсіп қайтайықшы деп сыбыр ете қалды. Төменде де стөлдер бар екен. Екеуміз жайғасқан соң бір-бір сыра мен балмұздаққа тапсырыс берді. Тиын тебені молырақ болу керек шамасы. Екеуміз ғана отырмыз. Рахат. Бізді түбімізде өсіп тұрған шие ағашы сырт көзден көлегейлеп тұр. Шамалы уақыттан соң Кэйтжамал:
— Балмұздақтан жесейші?
— Жемеймін рахмет!
— Қойш, одан да давай как целуюймся! –деді да қасықтағы балмұздағымен маған қарай төне берді. Ал кеп сүйіс басталды. Туғалы қатын көріп жарытпаған сопақ басым дір-дір етіп әлгі қатынмен сүйісіп жатырмын. Жасы үлкен болса да тәбетіңді ашатындай сұлу еді шіркін. Еріндері цейлофанға құйып қойған шиенің суындай. Қос анары түлкінің басындай кекжиіп тұр. Мықыны құмырсқа бел. Шашы беліне түседі. Көздері мойылдай қара хас сұлудың өзі еді шіркін! Қаз асырайды екен үйінде. Соған қайтарда ала кетем деп жұмыс орнына бір қалта жем қойып кеткен екен. Соны алып қайтайық деген желеумен кеңсесіне барып, таңды сол жерде атырдық!– деп сөзін аяқтады Сазанбай бырат…
Бөлісу:

15 пікір

MamaAya
 Мен сенің басыңнан шын өткен жай ма деп қалсам?! Осылай тура кітаптағыдай етіп жазғым келеді менің де, бірақ болмай жатыр олай. менікі әншейін разговорная речь. Зор! Көзге елестетіп, образға кіргіздің.  Ой, Сіз деуді сен деп кетіппін ғой!
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Рахмет пікіріңеMamaAya ! Бірақ satibaldi айтпақшы «тұрмыстық деңгейден» жоғары дүние тақымға ілінбей жатыр…
Ой, Сіз деуді сен деп кетіппін ғой!
еш сөлекеттігі жоқ, беймарал «сен» деп баса бер…
Соңғы түзету:
MamaAya
бәрібір жазу стиліңе әңгіме жоқ!
zholantai
неткен тіл, неткен жеткізу. әр күні шаблонды сөздерді ести-ести шаршаған құлаққа бұ да бір ем, жаза түс,. амиго
Dzhonsaken
Қолдағаныңа рахмет тамыр!
Ispek92
Жақсы-жақсы, драма нағыз. Сыра мен балмұздақ жалпы байланыса ма, закүскі ретінде болмаса да
bizbike
Байғұс кейіпкер ай.
AnarAlibayeva
анар деген теңеудің орнына басқа ат табарсың. анарды мыжғыласа қолың шырыш, дәмі қышқылтып, қолың қызыл бояу, че то аппетитті бұзып жіберетін нәрселермен қалай суреттейсіңдер түк түсінбеймін.
ken
Ал кеп сүйіс басталды. Туғалы қатын көріп жарытпаған сопақ басым дір-дір етіп әлгі қатынмен сүйісіп жатырмын
күшті айтқан
MamaAya
маған әсіресе, әдемілеп ана қызды суреттеп келе жатып, бірден үйіндегі қаздың жеміне бұрып жібергені, и соны сылтау қылып кеңсеге барған жері күшті үйлескен!
Marco
түлкінің басындай кекжиіп
Теңеуің енді
AybekAbdizhamal
Сатыбалдының стилінде жазылған екен… //әлде екеуі бір аутор ма?
Dzhonsaken
«Кейіпкерлердің есімі өзгертіліп берілді». Сазанбай©