Қауіпті нүкте

Ерлан Қарин мен Джейкоб Зенн «Между ИГИЛ и Аль-каидой: Центральноазиатские боевики в Сирийской войне» атты кітабын оқып шықтым. Кімдерге оқуға кеңес берем: дінтанушылар мен теологтарға және сыртқы саясат пен ішкі тұрақтылықты бағдарлайтын азаматтарға.
Қандай қызықты фактілер көрсетілген: біріншіден, Орталық Азияға теріс ағымдардан қайдан келді, неге келді, қандай мақсатта; Сирия, Ирақ, Ауғанстандағы жағдайлардың толық суреттелуі, бүгін мен болашақта қауіпті жағдайларды бағдарлау мәселелері көтерілген.
Түйін: дін мәселесін қатты қыса беріп, бір «рамкаға» кіргізіп тастаса, Өзбекстан елі секілді мыңдаған экстремалды экстремисттер шығады. Тыныш, қысымсыз қоғамда теріс бағытқа кеткендер қайта оралмайды, қайта оралса оның зардабын болашақта қоғам көруі мүмкін.
Осы кітабымды аяқтауымның тариxи мәні бар, өйткені, Қарағанды облысынан жанұялармен Сирияға көшкендердің легін осы облыс бастап отыр. Осы мекенде діни сауатқа «аш» жанұялар уланып көшіп кеткен болатын. Болар іс болды, бояуы сіңді. Діни деградацияға ұшырайтындарды нөлге жеткізіп, руxани жаңғыру бағдарламасының басым бағыттарын іске асырып, болашақтың бағдарын бүгінгі күннен бастап жасау қажет.

Исламбек Дастанұлы.

#ЕрланҚарин #ДжейкобЗенн #руxанижаңғыру #жастардыңкөзімен #сирия #ирак #игил #талибан #алькаеда #досымсатпаев #кофе #түн #қарағанды #Ерлан #Карин #кітап #оқу #xобби #бос #уақыт #Тәуелсіздік #шаxтер #арда #қазақ #ниет #ақ #болса #жолын #дара

Мәңгілік елдің мәңгілік тілі

Алматы облысы: Мәңгілік елдің мәңгілік тілі
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдер күніне арналған салтанатты шарасы осы тақырыпта өткізілді. Жеті жұрттың тілін білмекке ұмтылған белсенділер бұл күні жырдан шашу шашып, тілге деген құрметтерін асқақтата түсті.
Оқушылар сарайында өткен биылғы шараның форматы да өзгеше. Салтанатты жиынның шымылдығын облыстық «Жетісу» газетінің жас журналистері жырмен ашты. Қоңыр үнімен киелі сахна төрінде көрермен жүрегін өлеңмен әлдилеген Құралбек Сәбитов, Айдар Қалиев, Мұхтар Күмісбек, Асыл Сұлтанғазы сынды жас ақындар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ал «Анамның тілі, айбыным менің» деп ән салған сегіз жасар Рамазан Оспан тіл мерекесінің шырайын тіптен аша түсті.
***
«Тілге құрмет – елге құрмет». Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Алматы облысында ауқымды тірліктер атқарылуда. Мекемелер мен кәсіпорындарда, ұйымдарда мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған. Бұл турлы салтанатты жиында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев мәлім етті.
Басқарма басшысы салтанатты жиынға ана тілімізді қадірлеп, қастерлейтін қоғам өкілдері жиналып отырғанын айтты.
Елбасымыз айтқандай «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн». Бір айта кететін мәселе – тілдер күні әлемнің ешбір мемлекетінде атап өтілмейді. Бұл – еліміз үшін тіл саясатының қаншалықты маңызды екенін айғақтайды», – деген Айдар Карбозұлы өз сөзінде еліміздің латын қарпіне көшу мәселесін де тілге тиек етті. Латын қарпіне көшуде ұлтымыздың ұтары көп екенін, жаңғырудың өзі жазудан басталатынын, бұл мәселеге ел болып қолдау білдіру қажет екенін баса айтты.
Салтанатты шара барысында басқарма басшысы тілімізді дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарға ҚР мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Құрмет грамотасын, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын және Тіл басқармасының Құрмет грамоталарын табыс етті.
***
Мұнан кейін киелі сахна төріне қазақтың қара домбырасымен «Текті сөздің төресі» атты облыстық байқаудың жеңімпазы, қараша айында өтетін республикалық байқауға жолдама алған Нариман Әбдірахманов шығып, тілдер мерекесіне орай ақын Жұматай Әміреевтің сөзіне жазылған Асулар" атты арнауын орындады.
Көпшілікке терең ой салған тамаша арнаудан кейін сахна төріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев шығып, мерекеге орай жылы лебізін білдіріп, тіл мерейін асқақтатуда сүбелі үлес қосып келетін азаматтарды департаменттің Құрмет грамотасымен марапаттады.
***
Өзгеше форматта өткен салтанатты жиында облысымыздағы қазақ тілін меңгерген этнос өкілдері де өздерінің ақ жарма тілегін білдірді. Арнайы бейнежазбада айтылған ұлт өкілдерінің «қазақ тілі – өз тілім», «ұлтым орыс болса да, тілім – қазақ» деуінің өзі мемлекеттік тілді құрметтеуі деп білеміз.
«Тіл — татулық тірегі». Олай болса, көп ұлт пен ұлыстар мекендеген елімізде тіл қадірін жете түсініп, оның мерейі мен мәртебесін өсіру жолында бірлік таныту – өзекті.
***
«Кіл жүйріктен, кім жүйрік». Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында қазақ поэзиясының көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиев жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасының ұйымдастыруымен «Жүрегі жырдан жаралған» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасын өткізген болатын.
«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты салтанатты шарада онлайн-мүшәйрасына қатысып, оза шапқан ақындар марапатталды.
Басқарманың арнайы жүлдесін «Жетісу» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін табыс етті.
Мүшәйраның бас жүлдесі Алтынғадыс Күнтуғанұлына ( 100 000 тг.) табысталса, бірінші орынды Оразай Жеңісұлы ( 80 000 тг) иеленді. Жүлделі екінші орын Мәрлен Ғилымханға (70 000 тг) бұйырды. Ал жетісулық жас ақын Мағрипа Сандуғаш үшінші орынға (60. 000тг) лайық деп табылды.
***
Кітап – ғажайып қазына, кітап – өмірсерік. Кітапты сүймеген, Құдайды да сүймейді (Ш. Мұртаза).
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты «Букроссинг» облыстық жобасы қолға алынған болатын.
Қоғамдағы «уақыт жоқ» деген стереотипті бұзып-жарған жаңа бастама – «БУККРОССИНГ» – еркін кітап алмасу акциясының өткізіліп жатқанына екі айдың жүзі болды. Бүгінде көшпелі кітапхана халықтың кітапқа деген қызығушылығын оятуға айтарлықтай үлес қосуда.
Жылжымалы кітапхана сөрелеріне қойылған 700-ден астам кітаптың 100-ге жуығын оқырмандар үйдегі кітаптарын алып келіп, ауыстырып алса, 70-тен аса кітап «оқып, қайта алып келемін» деген оқырмандарға берілді. Мәселен, тек «Қаратал» жағалауы бойында орын тепкен көшпелі кітапханаға екі ай ішінде қала тұрғындары 200-ге жуық кітапты сыйға тартты.
Аталмыш жоба аясында белсенділік танытқан қала тұрғындарын тілдер мерекесі күні марапатталатынын осыған дейін әлеуметтік желіде құлағққағыс етіп, жазып келдік. Мерекелік шара барысында жоба аясында белсенділік танытқан қала тұрғындары арнайы үш номинация бойынша марапатталып, сый-сияпат табыс етілді.
«Ең үздік жас оқырман» номинациясымен Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп лицейінің 3 сынып оқушысы Жанна Қасен, «Ең үздік оқырман» номинациясы бойынша облыстық «Жетісу» газетінің журналисі Қозыбай Құрман, ал осы акция аясында ең көп кітап өткізген қала тұрғыны Гүлзада Сыдықова «Ең көп кітап өткізген оқырман» номинациясымен жүлделі болды.
Осы шара аясында өлеңін өмірбаянына, өмірбаянын өлеңіне айналдырған, әдебиет айдынында өзіндік қолтаңбалары қалыптасқан Жетісудың дарынды да, жалынды ақындары Сағыныш Намазшамова, Гүлбақыт Қасен, Жангелді Немеребаев, Торғын Тұрлыбаева, Азамат Нұрмұханов жүрекжарды жырларын оқып, көшпелі кітапханаға өз кітаптарын тарту етті.
«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты салтанатты шараны «Алтын қалам», «Алтын тобылғы» әдеби сыйлықтарының иегері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жазушы Есболат Айдабосын және Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тіл бөлімінің бас маманы Әсем Кенжеғұлова жүргізді.
Әрі қарай

Менің орыс тілім

Блог - nurbolkarataev: Менің орыс тілімАуылда мектепті орысша оқыған мен үшін қалаға келіп қазақша түсіну, сөйлеу қиынға соқты. Түсінікті болу үшін басынан бастасам.
2009-шы жылы ауылдағы мектептің 9-шы сыныбын бітірдім. Мен 9-шы сыныпты бітірген жылы апам 11 бітіріп университетке оқуға түскен. Екеумізді қатар оқытуға ата-анамның қаржысы жетпейтін. Менің 11 оқуыма тура келгенді.
Жазғы демалыстың жартысын қаладағы жездемнің үйінде өткізетін едім. Сол жылы жездем өзім оқытамын деп, ауылдағы ата-анама қолқа салып, менде ауылдан кететініме қуанып қалаға келгем. Үш ай демалыста зу етіп өте шығып, көптен күткен оқу жылыда басталды. Мектепті орысша оқығасын, лицейдіде орысша оқығанды дұрыс деп шештім. Арада біраз күн өткенде жездем орыс тобынан қазақ тобына ауыссаңшы. Оқыған мамандығыңды үйренбесеңде қазақшаңды түзерсің деген. Өзімді патриот санап жүргесін бе? -қайтемін оны деп қазақ тобына ауыспадым. Расы қажет етпедім. Арада біраз жыл (сондағы үш жыл) өтті. Оқуды да тәмәмдадық. Диплом иесі атанып, жақсы деген бағамен бітірдім. Енді жұмыс керек. Қысқасы таныс қажет дегендей. Оқу бітірген алғашқы жылдары қазақ тілінен аса қатты қиналмасамда, кейін қазіргі жұмысыма кіргенде, қазақша неге оқымадым деп бармақ тістеп қалғаным бар. Қазақ тіліне шорқақтығымда қатты сезіліп тұрды. Есіме оқуға түскенде жездемнің айтқан, қазақша оқысаңшы дегені еріксіз еске түсе берді. Жалпы қазақша түсінемін. Бірақ емін-еркін әңгімелесе алмайтыныма қынжыламын. Ауылда оқушы күнімде қазақ тілінен сабақ беретін үш мұғалім бар еді, олардың өзі кейде бар, кейде сабақ мүлдем өтпейтін. Ұстаздың жоқтығынан қаншама ауыл баласы қазақша білмей өсіп келеді.
P.S. Қос тілдің орнын ауыстырып оқуларыңыз сұралады
Әрі қарай

Балалар жөндеп бітпеген ғимаратта тұрып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайловка ауылындағы бір ғимаратта орналасқан балабақша мен интернат жаңа оқу жылына дайын емес. Ал жауапты басшылар «жөндеу екі аптада бітеді» дейді.
Әрі қарай

Алматы облысындағы өрт қауіпсіздігі

Алматы облысындағы өрт қауіпсіздігі
Алматы облысының аумағында 1 095 өрт тіркелді. Ол көбіне тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындайды.Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
2017 жылдың 20 сәуіріне дейін қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себептері бойынша 120 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 23 адам улы газбен уланған. Жарақат алудың негізгі себептері өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы деді өз сөзінде облыстық төтенше жағдай департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі Катышева Толқын.
«Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру өте қауіпті. От жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Пештің үстіне киімдер мен отынды кептіруге болмайды және де үй жиһаздары, перделер жанып жатқан пештен жарты метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы керек. От жағу маусымы басталар алдында шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар әктелуі керек», — деді Катышева Толқын.
Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Төтенше жағдайлар департаменті ұдайы түрде от жағу маусымының алдында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Әрі қарай

Астана әкімі елорда үлескерлерінің мәселелерін жеке бақылауға алды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі елорда үлескерлерінің мәселелерін жеке бақылауға алды

Бүгін таңертең Астананың проблемалы тұрғын үй кешендерінің 100-ден астам инвесторлары үлескерлік құрылыс саласындағы өзекті мәселелерін шешу мақсатында көмек сұрап Астана әкімдігіне жүгінді.

Жиналғандар ішінде бірқатар тұрғын үй кешендерінің өкілдері бар. Атап айтсақ, «Жастар 4», «Шығыс», «ОралДизайнСтроиСервис», «Магистральный 3», «Есiл ЭК», «Махаббат»,«Азбука Жилья» («Садовые кварталы», «Айсанам DeLuxe», «Комфорт DeLUXE», «Жетiжол», «Гарант», «Комсомольский», «Династия»).

Әсет Исекешев салымшылардың жанайқайын тыңдап, азаматтардан өтініш қабылдады.

Отырыс жұмысына барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде қала прокуратурасының, Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің, ведомствоаралық комиссиясының ІІМ және бас прокуратура, сонымен қатар барлық үлескерлік құрылыс саласында қызығушылық танытқан органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу қортындысы бойынша Астана қаласының әкімі құқық қорғау өкілетті органдарына үлескерлік құрылыстағы инвесторлар мәселелерін және аз уақыт ішінде заңнамалық және құқықтық сұрақтарды шешуді жүктеді. Бұдан бөлек, әкім үлескерлік құрылыс қатысушыларының проблемасы жеке бақылауға алынып, тұрғын үй кешендері бойынша инвесторлармен кездесу кестесі құрылатынын жеткізді. Бұл бағытта жұмыстар үзбей, шешімін тапқанша жүргізіледі, деп сендірді әкім.
Әрі қарай

Демалыс күндері Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Демалыс күндері Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

23-24 қыркүйек Астанада Қарғанды және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ардақ Досанов хабарлады.

Оның сөзінше, 8 ай ішінде Астанада 50-ге жуық жәрмеңке өткен. Кейбір аймақтар бірнеше рет келген.

-Жәрмеңкелерде біз 8 млн теңгенің 25 мың тоннадан астам өнімін өткіздік. 23-24 қыркүйек Қарағанды мен Қызылорда облыстарының бірлескен жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда. Онда 500 тонна өнім саудаланады, — деді Досанов мырза.

Естеріңізге саламыз, жәрмеңке Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтеді.

Айта кету керек, елордаға жыл басынан бері дистрибьюторлік арналар арқылы 80 мың тонна азық-түлік жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25-30%-ға көп. Мұндай шаралардың барлығы бағаны бақылауға және барлық тауар топтары бойынша өсім болған жағдайда да өнімдердің жетіспеушілігін, жылдам қымбаттауын болдырмады.

Smart Astana бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді

Астана жаңалықтары: Smart Astana бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді

Елбасының қатысуымен цифрландыру мәселелері бойынша өткен республикалық отырыстың қорытындылары бойынша Smart Astana бағдарламасын іске асыру бойынша ірі технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізілді.

Атап айтқанда астанада келесі бағыттар бойынша технологияларды пайдалану бойынша жобаларды енгізу қарастырылды: интернет заттары (IoT), бұлт технологиялары, жасанды интеллект, жер қатынастарындағы BIM, blockchain технологиялары және үлкен деректер (Big data).

Smart Astana жобасы шеңберінде білім, денсаулық сақтау, көлік, қауіпсіздік, құрылыс және басқа салаларда әкімдіктің және қала қызметтерінің жұмысына цифрлық технологияларды енгізу сияқты 20 аса жобаларды іске асыру жүргізілетіні белгілі.

Екі жақты кездесулер барысында Астана қ. әкімі Исекешев «ақылды қалаларға» арналған шешімдердің негізгі провайдерлерінің бірі Nova Group сингапур компаниясының вице-президенті Эдди Тан мырзамен диалогы өтті. Сұхбатшылар әкімдіктің және электронды денсаулық сақтау саласының электронды қызметтерін құруға, автоматтандыруға ВІМ-технологияларын енгізу мәселелесін талқылады.

Сонымен бірге қала әкімдігімен Лаирд Коган бастаған Cagan McAfee Capital Partners компаниясының бас директорымен және ортақ құрылтайшысымен Астана қаласын дамыту және венчурлық капиталды тарту мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізілді.

Одан әрі Bit Fury директорлар кеңесінің төрағасы Валерия Вавилов мырзаның қатысуымен деректер сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған Астана қ. жер қатынастарына «blockchain» технологияларын енгізу мәселелерінің кең спектрін талқылады.

Сонымен бірге, 14 қыркүйекте астаналық әкімдік алаңында Ішкі істер қауіпсіздігінің вице-министрі Шим Бо-Кюн мырза және Корей ақпараттық технологияларды зерттеу және дамыту институтының сарапшылары бастаған Оңтүстік Корей делегациясының қатысуымен интернет заттарын (IoT) және Smart City енгізу бойынша семинар өтті.

Семинар барысында корей тарабы IoT-технологияларға негізделген Кореяның бірінші ақылды қаласы – Пусан қаласында IoT және аналитикалық платформаны енгізу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Инновацияларды дамытуға үлкен мән бере отырып, тараптар іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. пікірлермен алмасты, іске асыруға жоспарланған бірқатар өзекті жобалармен танысты және тараптар іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының астанасын цифрландыруда стратегиялық курстқа өзінің шынайы берілгендігін растады.
Әрі қарай