Астанада қылмыстық құқықбұзушылық төмендеді

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында қалада 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, ол өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 18, 1% төмен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы Астана қаласының ІІД сілтеме жасап.

Бұл аралықта аса ауыр қылмыс, кісі өлімі, зорлық, қарақшылық, ұрлық, алаятық және басқа да қылмыс түрлері азайды.

Астана қаласының ІІД мәліметінше, елордада қылмыс деңгейі 10 мың адамға 28,7% дейін төмендеді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған қоғамдағы тәртіпбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

«Жыл басынан бері 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 3 296 кіші бұзақылық, 4 967 тыныштықты бұзу, 13 879 қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін ішіп, мас күйінде жүру, 12 243 – тыйым салынған жерлерде темекі шегу, 17 226 – абаттандыру ережесін бұзу, 1 331 – қоғамдық орындарда жармасу», — делінген Астана қаласының ІІД таратқан хабарламада.
Әрі қарай

Елордада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды

Астана жаңалықтары: Елордада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды

2017-2018 жылғы жылыту маусымына энергия көздерінің 96 %, сумен қамту және су тарту желілерінің 100%, жылу желілерінің 96,9% дайын. ЖЭС-дағы көмір қоры 356 678 тоннаны, мазут қоры 5341 тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметтерінше, бүгінгі таңда 5497 нысанның 4076-ның орталықтандырылған жылуға қосылған. 62 мектептің 62-сіне, 76 балалар бақшасының 75-сіне, 21 оқу орнының 20-сына жылу берілген, деп хабарлады бүгін қалалық әкімдіктің аппарат жиналысында.

Қаладағы 2310 көппәтерлі тұрғын үйдің 2306-ы жылуға қосылды. Әкімдіктің ақпаратынша, 4 көппәтерлі үй орталықтандырылған жылуды қабылдауға дайын емес. Бұл үйлер «Сарыарқа», «Есіл» аудандарында орналасқан. Мәселен, Ақан сері 16 мекен-жайы бойынша орналасқан үйде 8 коллектор үзілген. Олар монтаждық жұмыстар аяқталған соң іске қосылатын болады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 5 блоктың 3-уі іске қосылған.

Басқа да «проблемалы» тұрғын үйлер бойынша мәселелер шешіліп жатыр.
Әрі қарай

Астананың 38 қиылысында жаңа жол тораптары пайда болады

Астанада оңға бұрылу сұранысын қанағаттандырмайтын бағдаршамдық реттеудің қиылыстары анықталды. Осыған байланысты 38 қиылыста жол тораптардың құрылысы бойынша жоспар әзірленді, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Бірінші кезекте Уәлиxанов және Сейфуллин көшелері бойынша жобалардың іске асырылуын қарастыруды ұсынамыз. Айта кетейік, әр көше бойынша 25 автобус жүреді. Аталмыш учаскеде қоғамдық көліктің жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 140 мың жолаушыны құрайды,- деді жұма күні „2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде“ бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған „Нұр Отан“ қалалық партиясының тыңдалымында „Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы“ ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Онымен бірге ведомство басшысы атап өткендей, Астанада алдағы 5 жылға арналған көлік инфрақұрылымының құрылыс жоспары әзірленді. Ерекше назар көшелердің және даңғылдардың қосылуына, сондай-ақ өтпежол инфрақұрылымын дамытуға бөлінеді.

Үлкен және Кішкентай 2 айналма жолдың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Оның құрылысы қалада транзитті көліктің санын азайтуға көмектеседі.
Әрі қарай

19,5 мыңнан астам астаналықтар қалалық сенбілікке шықты

Көшелер мен аулаларды жинауға адамдар бар жанұясымен шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Арнайы техниканың 175 бірлігі мен 19,5 мыңнан астам адам бүгін Астанада жалпы қалалық сенбілікке шықты.

Тазарту шаралары қаланың орталығында ғана емес, барлық шеттерінде жүргізілді. Аталмыш жұмыстарға 425 астам ПИК ұжымдары мен басқа ұйымдар қатысты. Олардың бірінде зейнеткерлердің өзі қолдарына сыпырғыш пен тырмаларды алды.

«Паритет» ПИК-де сенбілік таң осы азаматтарға құрмет көрсетуден басталған болатын.

ПИК төрағасы Шамиден Тапаевтың атап өтуінше, бұл – алты жыл қатарынан үзілмей келе жатқан дәстүр.

« Бізде әр сенбілікке тұрғындардың басым көпшілігі белсенді түрде қатысады. Олардың ішінде зейнеткерлер де бар. Алты жыл бұрын жиналыста біз 70, 75, 80 одан да көп жасқа толған мерейтой иелерін құттықтаймыз деген шешім шығарған болатынбыз. Сыйлықтарды табыстап, дастархан жаямыз. Осы жылдардың ішінде біз 280-ге жуық адамды құттықтаппыз. Олар бізге өте жақсы көмектеседі. Бүгін 48-ге тарта адам жиналып, аумақты бірлесіп жинаудамыз», — дейді Шамиден Тапаев.

70 жастағы Владимир Устюжанинов өзінің егде жасына қарамастан, бүгінгі сенбілікке қатысты. Ер азаматтың айтуынша, оның әрдайым таза ауада жұмыс істеуге мүмкіндігі бола бермейді.

«Ластамаған жер таза, алайда қашанда олай болу мүмкін емес. Десек те, балалар да, ересектер де қоқыс тастайды. Кейін олардың артынан жинауға тура келеді. Мен таңертең ерте итті серуенге шығарғанда, әрдайым адамдардың ауланы тазалауға шыққанын көремін. Мен де шет қалған жоқпын. Ең біріншіден, жастардың құтылар мен пакеттерді кез келген жерде шашқпасын деп айтқым келеді. Егер сен өз қалаңның патриоты болып, бір жерде бірдеңенің шашылып жатқанын көрсең, оны көтеру керек. Сенбіліктерге тұрақты түрде шығып тұру қажет. Қаланың таза болуы басқа ешкімге емес, өзімізге байланысты», -дейді В. Устюжанинов.

ПИК жұмыскерлері үй маңындағы территорияларға ерекше көңіл бөлді: подъездерді, жабындарды жөндеді, қоршаулар мен ғимараттардың қасбеттерін жаңартты. Адамдар бірлесіп аулалар мен көшелерді аббаттандырып жатыр. Барлығының мақсаты бір — өз туған ауласын тазарту.

Атап өтейік, бұқаралық сенбіліктер мұнда тұрақты түрде өткізіледі. Көшелерді жинауға тұрғындар бар жанұясымен шығады.
Әрі қарай

"Мұғалімге деген көзқарас өзгеруі керек"

Мұғалімдер құқығын қорғайтын «Ар-Намыс» ұйымының жетекшісі Ғалия Әміртаева Қазақстан мектептерінде мұғалімдердің жетіспеу себебі туралы, оларды кәсіби міндетінен тыс науқандарға салу жайлы пікірін айтты.
Әрі қарай

Киіз үйді паналаған көпбалалы отбасы

Астана маңындағы 40-бекет аталатын елдімекендегі Бекболатовтар әулетінің үйін көктемде тасқын бұзып кеткеннен кейін көпбалалы отбасы киіз үйді паналап келген. Күзде алғашқы қар жауып, күн суытқан соң анасы балаларын біреуден уақытша жалдаған сарайға шығаруға мәжбүр болған.
Әрі қарай

Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Астана жаңалықтары: Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Қазіргі уақытта қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылуда, деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге септігін тигізеді, деді жұма күні «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Көлік құралдарына және басқа бағыттардан келе жатқандарға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол берумен бағдаршамның қызыл түсіне көліктің бұрылуына рұқсат ету үшін нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу бойынша мәселе қарастырылуда. Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге көмектеседі,- деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша

«BusLane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.
Әрі қарай

ЭКСПО кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі

Көлік құралдары қалалық мектептердің оқушыларын тасымалдау үшін пайдаланылады, деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

ЭКСПО қарсаңында әкімдікпен көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдаған мектеп автобустары сатып алынды. Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарлануда, деп xабарлады жұма күні «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісім-шартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады,- деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша

«BusLane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.
Әрі қарай

Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызу жоспарлануда

Астана жаңалықтары: Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызу жоспарлануда

Шара барысында 8500-ден адамның, 425-тен астам ПИК-тің қатысуы және 123 теxниканы жұмылдыру жоспарлануда. ПИК және өзге де ұйымдардың басшыларымен

қала ауданын санитарлық тазалау, аудан аумағын абаттандыру, кіреберістер мен төбе жабындыларын жөндеу, қоршаулар мен қасбеттерді жаңарту, құрылыс қоқысын және тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару сынды мерзімдік күзгі-қысқы жұмыстар атқарылады.

Онымен бірге жалпықалалық сенбілік барысында 255 ағаш отырғызу жоспарлануда.

— «Есіл» ауданы бойынша 95 ағаш ("Ғашықтар" саябағында);

— «Сарыарқа» ауданы бойынша 160 ағаш (Гете және Конституция көшелері).

Айта кетейік, жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты — қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Көшелерді және аулаларды абаттандыруын жақсартуға өз үлесін қосуға, барлық қалаушы тұрғындар және қала ұйымдартырушылары қатыса алады.
Әрі қарай

«Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» акциясы аясында кең ауқымды елордада дөңгелек үстел өтті

Астана жаңалықтары: «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» акциясы аясында кең ауқымды елордада дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында өткізіліп жатқан «Құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» акциясы шеңберінде, Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері «Нұрлы-Жол» теміржол вокзалының ғимаратында теміржол вокзалының бастығы Д. Құсаинов, Астана қ. ІІДк ІІБЖБ бастығы полиция подполковнигі Е.Тұрғанбаев, Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы полиция подполковнигі Д.Елгоновтың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара барысында жол қауіпсіздігін қамтамсыз ету сондай-ақ, құқық бұзушылық пен қылмыстың жолын кесуді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қозғалды.

Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері Астана қаласының ІІДк ІІБЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы аумағындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың жолын кесіп,қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында күзету тексерісін өткізді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс тұрғылықты қарқында жалғасатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласының «Сарыарқа» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері С.Сейфуллин атындағы«Қазақ Агротехникалық университетінің» студенттеріне «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында лекция өткізді.

Студенттермен қоғамдық орындағы тәртіп ережелері, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қолданылатын әкімшілік жазалар туралы сөз қозғалды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексіне қатысты және өзге де бабтарға қатысты белсенді пікірталас өтті. Учаскелік полиция инспекторларына көмек көрсетуге бағытталғанжедел жастар жасағы отрядынажас студенттердітарту бойынша насихаттық жұмыстар жүргізілді.
Әрі қарай