Жүзден астам астаналық консультациялық кеңес алды

Астана жаңалықтары: Жүзден астам астаналық консультациялық кеңес алды

Астанада жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің мұрындық болуымен өткен шараның мақсаты азаматтарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру, қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау, оларға консультациялық кеңес беру болып табылады.

«Big Шанхай» базарының жұмыскерлері мен келушілері үшін ұйымдастырылған шара барысында «Тұрғын үй басқарамасы», «Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі», Халыққа қызмет көрсету орталығының және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері азаматтарды қабылдаған болатын.Мемлекеттік қызметшілерден бөлек олар заңгер, психолог сияқты маман иелеріне жолықты.

«Тұрғындар көбіне белгілі бір жерге арнайы барып кеңес алуға уақыт таппайды. Сондықтан осындай көшпелі қызмет көрсету шарасын қолға алдық. Мәселен, сауда орталығынан зат алуға келген адамдар мамандардың консультациялық көмегіне жүгініп, бүгінгі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы толық мағлұмат ала алады», — дейді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің жұмысқа орналастыру және кәсіби бейімдендіру бөлімінің жетекшісі Айдана Мұсатаева.

Шара барысында мемлекеттік мекемелердің консультациялық кеңесін жүзден астам астаналық алды.
Әрі қарай

Астананың келесі аптаға арналған мәдени афишасы

Астана жаңалықтары: Астананың келесі аптаға арналған мәдени афишасы

Астаналық әкімдіктің медиа орталығы 13-19 қараша аралығында болып өтетін мәдени бағдарламаны ұсынады.

13 қараша күні «Астана» концерт залында Қарағанды қаласынан келген симфониялық оркестрдің камералық хоры «Й. Брамс. Неміс реквиемін» орындайды.

14 қараша күні Қ.Қуанышбаев театры «Бразилия байлығы» атты ертегісін ұсынады. Дәл осы күні «Астана Операда» кешкісін «Менің жаныма жақындаған сен...» атты концерт өтеді.

15 қарашада Қ.Қуанышбаев театрында өтетін «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасын тамашалай аласыз.

16 қарашада «Жастар» театрында «Достық пен Қулық» ертегісі қойылады.

17 қараша күні «Жастар» сарайында «Мир вкусного меда» көрмесі 19 қарашаға дейін жалғасады, ал Қ.Қуанышбаев театрында Ұ.Есдәулеттің «Зере» драмасы болады.

Осы күні Горький атындағы театрда «Язычники» драмасы, «Астана» концерт залында «Жыр атасы – Қабан жырау» өтеді.

17 қарашада «Астана Операда» «Кармен» операсының премьерасы болады.

18 қараша М.Горький атындағы театрда «Кішкентай Мук туралы кішігірм оқиға» ертегісі мен «Күлкілі ақша» комедиясы ұсынылады.

Ал «Жастар» театрында «Диляфруздың төрт күйеуі» атты комедияның қойылымы болады.

18 қарашада астаналық циркте «Ұлы орыс циркі» шоу бағдарламасы өтеді.

19 қараша М.Горький атындағы театрда «Аленький цветочек» ертегісі мен «Пробуждение» драмасы, ал Қ.Қуанышбаев театрынан «Қызыл орамалды Шынарым» лирикалық драмасын тамашалай аласыздар.

«Жастар» театрында «… Көзіме бір көрінсең бала ғашық» повесінің желісімен қойылым болады.

«Жастар» сарайында IV халықаралық «Восходящая звезда» балалар, жасөспірімдер мен ересектер фестивалінің мәдени жабылу кеші өтеді.

Қазақстандықтар медициналық мекемелердің қызметін мобильді қосымша арқылы бағалай алады

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер үшін медициналық қызметті бағалайтын мобильді қосымшаны әзірледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Смартфондар мен гаджеттер қолданушыларына арналған «МСҚ: Халықтық бақылау» қосымшасы 6 қарашада іске қосылды. Қосымшаның көмегімен қазақстандықтар емханалар мен стационарлар қызметін қабылдауға кеткен уақыт, сервис деңгейі, дәрігер берген ем-домның дұрыстығы мен түсініктілігі, қызмет көрсетуге жасалған жағдайлар сынды әртүрлі өлшемдер бойынша бағалай алады.

Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Астана қаласындағы емдеу ұйымдарының пациенттері қосымша арқылы енгізген пікірлердің неігізіндеемханалардың рейтингі жасалмақ.

«ӘМСҚ потенциалды қызмет көрсетушілер дерекқорына енген Астана қаласындағы емдеу ұйымдарының пациенттері өз пікірлерін қосымша арқылы білдіре алады. Бұл пікірлердің негізінде емханалардың рейтингі жасалатын болады. Медициналық ұйымдардың рейтингі пайдаланушылар қойған баға негізінде автоматты түрде жасалады. Болашақта бұл рейтинг азаматтарға ең үздік қызмет көрсететін емдеу мекемесін тандауға мүмкіндік береді», — дейді «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының директоры.

Қордың IT стратегия және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Абай Дүйсеневтың атап өтуінше, алдағы уақытта жаңа функциялармен және сервис түрлерімен толықтырылады деп жоспарлануда.

«Қосымшаның көмегімен жедел түрде кері байланыс орнатылып, азаматтардың қызмет көрсететін емхананы таңдау процесі жеңілдей түседі.Ой-пікірлер мен рейтингтің негізінде қала тұрғындары медициналық мекеме туралы толыққанды ақпарат алып, дұрыс таңдау жасай алады.Болашақта біз қосымшаны жаңа функциялармен және сервис түрлерімен толықтыратын боламыз», — деді Абай Дүйсенев.

Ауруханалар мен емханалардың қызметін бағалаудың ешқандай қиындығы жоқ. Қосымшаны пайдалану үшін, ең алдымен, жүйеде тіркелу қажет. Ол үшін пайдаланушы өзінің ЖСН, телефон нөмірі мен аймағын көрсетуі тиіс. Бұдан кейін пайдаланушы медициналық ұйымдардың тізімінен қажетті мекемені таңдап, бес балдық бағалау шкаласы бойынша бағасын қалдыра алады.

Қосымша Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеледі.
Әрі қарай

"Что? Где? Когда?" ойынындағы "қазақ" сұрақтар

Интеллектуалдық ойындар: Что? Где? Когда? ойынындағы қазақ сұрақтар
«Что? Где? Когда?» ойынында Қазақстаннан және қазақтарға қатысты нәрселер туралы да сұрақтар шығып тұрады. Сондай сұрақтардың бірнешеуін жинап көрдім. Бұрын көрмеген болсаңыз жауаптарын тауып көріңіз.













Елордада бүгін қар жинауға 800-ден астам техника тартылды

Астана жаңалықтары: Елордада бүгін қар жинауға 800-ден астам техника тартылды

Жауған қарды тазалауға Астана көшелеріне 814 техника шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін Елорда көшелерін қардан тазартуға жалпы алғанда сегіз жүзден астам арнайы техника шыққан. Оның ішінден «Алматы» ауданы бойынша — 270, «Есіл» ауданы бойынша -188, «Сарыарқа» ауданы бойынша – 87 бірлік арнайы техника шыққан.

Ал, астана көшелеріндегі тазалыққа жауапты «Астана-Тазалык» ЖШС – 201, «Астана-Зеленстрой» АҚ – 68 бірлік техника мен қарды қолмен жинастыруға 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар, 70 м3 құм мен тұз аралас қоспа шашылған.

Еске салайық, Астанада жолдар мен көшелерді екі мердігер компания тазалайды: «Астана Тазалықта» қысқы маусымға 266 арнайы техника дайын, ал «Астана Зеленстрой» АҚ 205 техника сақадай сай. Бұдан басқа, көшелердегі қар тазалау жұмыстарына «Алматы» ауданынан 468 бірегей техника шығуға дайын, «Есіл» ауданынан – 487 және «Сарыарқа» ауданынан 414, барлығы – 1 840 техника жұмылдырылмақ және елордада қар шығару жұмыстары жұмыс, демалыс және мереке күндеріне қарамастан тәулік бойы жүргізіледі.
Әрі қарай

Қалада «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде

Астана жаңалықтары: Қалада «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде

Астанада 9-11 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы өтуде. Ол жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін сақтау, жол көлік оқиғасын төмендету, сондай-ақ жол ережесін бұзудың алдын-алуға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Акцияның алғашқы күні 800-ден астам жол ережесін бұзғандар анықталды.

«Полицейлер автокөлік жүргізушілерін алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісі телефонмен сөйлесу сияқты т.б жол ережелерін бұзғандарға аса назар аударады», — делінген Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, көлік ұйымының өкілдерімен бірлесе отырып қоғамдық автокөлік жүргізушілері арасындағы ЖЖЕ анықтау күшейтілді. Жедел алдын-алу іс-шарасы барасында автожолдарда Астана қ. ІІД жол патрульіндегі аппарат қызметкерлерінің қадағалау жұмыстарының ауқымы күшейтілді.
Әрі қарай

Әйел (Жүрсін Ерман)

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні — әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең — әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Ананың сорып емшегін,
Басылған талай келсегің.
Бәдік боп өмір кешесің,
Бермесе әйел женьшенін.

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Әйел деп түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелің өлсін деп қарға.

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол — шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні — Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!
Әрі қарай

"Жайдарман" ойындарын дамыту туралы қоғамдық тыңдалым өтті

Бар жанарды жаулаған «Жайдарман» жасампаз деңгейге жетті. Өткен аптада қоғам белсенділерінің қатысуымен жастардың сүйікті ойынына айналған «Жайдарман» ойыны аясында қоғамдық тыңдалым өтті.
Блог - jaidarman: Жайдарман ойындарын дамыту туралы қоғамдық тыңдалым өтті
Қазақстан «КВН одағының» Президенті Есен Елеукен 2017 жылы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен өткен жобалардың жетістіктеріне тоқталып, маңызды ойындардың нәтижелерін атап өтті. Әрбір команданың әлеуетін бақылап жүрген тұрақты әділ-қазы алқасының мүшесі Мұрат Әбенов жайдарманшылардың иммиджін дұрыс қалыптастыру керек екенін айқындады. Яғни, ел арасындағы танымал ойыншылардың «Жайдарманнан» кеткен соң қоғам алдындағы белсенділігін жоғалтпау керек. Олардан да білікті маман шығатынын көрсетуіміз керек. Алдағы уақытта «Жайдарлы Жас Ұлан» ойынының чемпионаттық деңгейде өткізу жоспарланды. Сонымен қатар, түркі тілдес халықтардың жайдарманшыларын Астана қаласында біріктіріп, жоспарлы түрде жарыс ұйымдастыру керек екендігі айтылды. Биылғы «Шабытты» маусымның «Жайдарман» дәуіріндегі ойыны мен ойы жағынан басып озған тамаша маусым болғанын да ерекше атап өтті.
Блог - jaidarman: Жайдарман ойындарын дамыту туралы қоғамдық тыңдалым өтті
Қоғамдық тыңдалымда «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Манарбекұлы, "Қазақ радиолары" ЖШС директоры Мәди Манатбек, Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы Ілияс Түстікбаев және басқа да қоғам белсенділері тарапынан «Жайдарман» ойындарын дамыту туралы түрлі ұсыныстар мен биылғы өткен ойындар жайында пікірлер айтылды. Соынмен, қоғамдық тыңдалымға тапсырыс берушілер тарапынан ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінен Алмагүл Қайырлықызы мен Гүлнәр Нәбиоллақызы қатысып, іс-шаралардың орындалуы туралы пікірлерін жеткізді.
Әрі қарай

Астаналық оқушылар Халықаралық жобалар олимпиадасынан жеңіспен оралды

Астана жаңалықтары: Астаналық оқушылар Халықаралық жобалар олимпиадасынан жеңіспен оралды

«Білім инновация» лицейінің 11 сынып оқушылары 24-25 қазанда Бразилияда ғылыми жобалар және «Mostratek» технологиялары олимпиадасында алтын медальға ие болды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Рустем Балтабеков, Нұркен Ормантаев, Ернар Бексұлтанов, Мирас Бекетұлы халықаралық байқауда «Теңсіздіктерді бірқалыпты туындылардың түрі бойынша дәлелдеу»жобасымен Қазақ елінің намысын қорғаған болатын. Команда мүшесі Мирас Бекетұлының айтуынша, аталмыш жоба математикалық теңсіздіктерді шешудің жаңа әрі жылдам әдісін ашуға мүмкіндік бермек.

«Бразилиядағы олимпиадаға біз тоғыз ай бойы дайындалдық. Функцияларды тереңірек зерттеп, анализдерді жүргіздік. Мұғаліміміздің жетекшілігімен ашқан жаңалығымыз тиісті теңсіздіктерді тез шешіп, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Қарсыластарымыз осал болмағанымен, қазылар алқасы біздің жобаны инновациялық талаптарға сай деп тапты», — деп атап өтті Мирас Бекетұлы.

Оқушылардың ұстазы, «Білім инновация» лицейінің математика пәнінің мұғалімі Муаммер Гуль шәкірттерінің алдағы уақытта осы тақырып аясындағы жобаны тереңірек зерттеп, оны мамыр айында өтетін Дүниежүзілік жобалар байқауына ұсынатын ниеті бар. Сол себепті олар дүниежүзілік додаға бүгін қызу дайындалып жатыр.

«Функциялармен байланысты математикалық тақырыпты тереңірек зерттеп жатырмыз. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысамыз. Бұл тақырып аясында жетілдірілген жобамызбен Дүниежүзілік жобалар байқауында да бағымызды сынап көргіміз келеді», — дейді математика пәнінің мұғалімі Муаммер Гуль.

Айта кетейік, Бразилияда өткен ғылыми жобалар және «MOSTRATEK» технологиялары олимпиадасында әлемнің 35 елінен физика, математика, биология пәндері бойынша 472 жоба ұсынылған болатын. Оның 15 жобасын қазақстандық оқушылар қорғап, 3 алтын, 4 күміс, 3қола медальды қанжығаларына байлады.
Әрі қарай

Жыл аяғына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Астанада екі үй беріледі

Жыл сонына дейін Елордада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы көппәтерлі екі үй берілуі жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

2017 жылдың аяғына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытыңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Астана қаласы Қошқарбаев — Жұмабаев даңғылдары қиылысында орналасқан 620 пәтерлі екі КТК-нің (көппәтерлі тұрғын үй кешені) халық игілігіне беруді жоспарлап отыр. Осы берілгелі отырған 620 пәтердің 310 пәтері банк салымшылары арасында конкурс арқылы ойнатылса, қалған 310 пәтер кезекте тұрғандарға берілетін болады. Ал, пәтер құнына келетін болсақ, 1 шаршы метрдің құны – 180 мың теңге. Конкурстың нақты күні әзірге белгісіз.

Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банк салымшылары мен кезекте тұрғандардан құжаттарды қабылдауды және қатысушыларды іріктеуді дербес жүргізеді екен. Ал, үміткерлерді іріктеу бағалау көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Пәтерлер несиеге берілетін себепті есепке тұрған күн ескерілмейді.

Ал, халықтың әлеуметтік-осал топтарына жалға берілетін тұрғын үй қорын құру және үй беру тәртібі төмендегідей.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтер коммуналдық тұрғын үй қорында кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған топтарына және баспана кезегінде тұрған мұқтаж жандарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес кезек ретімен берілетін болады.

Осы бағытта 2018-2019 жылдар аралығында 519 пәтер беру жоспарланған.

Ал, ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру бойынша бағдарламаға қатысудың шарттары төмендегідей:

— кредит беру мерзімі – 180 ай;

— бастапқы жарна — 30% бастап;

— нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу;

— Алматы, Астана қалалары үшін қарыздың ең жоғары субсидияланатын сомасы — 20 млн. теңге, өзге қалаларда 15 млн. теңге;

— субсидиялаудын ең жоғары мерзімі – 120 ай.
Әрі қарай