Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

Әлемнің 30 елінің сарапшылары мен саясаткерлері жыл сайын өткізілетін «Астана Клубының» 4-ші отырысына қатысады, деп хабарлайды silteme.kz.

12-13 қараша күндері «Назарбаев орталығында» әлемнің жетекші сарапшылары, саясаткерлері мен дипломаттарын біріктіретін саяси форум форматында беделді халықаралық пікірталас алаңы — «Астана клубында» төртінші жыл сайынғы отырысы өтеді.

«Астана Клубының» негізгі миссиясы – бүкіл әлемге, әсіресе Еуразия аймағына әсер ететін ғаламдық үрдістерді талқылау және маңызды мәселелердің шешімін табу, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси хабарламаларын әлемдік сарапшы-саяси аудиторияға жеткізу.

Осы жылы «Астана клубы» жұмысына Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Египет, Италия, Қырғызстан, Пәкістан, Польша, Португалия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Қытай, Норвегия, Ресей, Сербия, Словения, Хорватия, АҚШ, Швеция және Жапония сынды әлемнің 30 елінен 50-ден астам спикер қатысады.

Форумның күтілетін қонақтары арасында бұрынғы және қазіргі мемлекет және үкімет басшылары, ірі дипломаттар, жетекші ғылыми орталықтарының басшылары мен әлемге әйгілі сарапшылар бар.

Клубтың 4-ші отырысы шеңберінде сарапшылардың жұмысы «Үлкен Еуразияға барар жолда: ортақ болашақты қалай құру керек?» атты басты тақырып айналасында жүргізіледі. Тақырыпты таңдауға себепші болған жәйт – ушығып келе жатқан сауда және санкциялық соғыстарға, популизмнің өсуіне, қауіпсіздікке төнетін жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге байланысты әлемдегі және Еуразиядағы жаһандық үдерістер.

Сарапшылар пайда болған қарама-қарсылық және жаңа геосаяси шындықтың объектісі емес, субъектісі болып саналатын орта мемлекеттердің күшеюі және қалыптасып келе жатқан көп бағыттылық жағдайындағы Еуразияның жаңа стратегиялық сәулетінің келешегіне ерекше назар аударатын болады.

Клубтың панелді сессиясы барысында Үлкен Еуразияның келешегінің түрлі сценарийлері, «Белдеу және жол» бастамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың даму перспективалары, сондай-ақ Орталық Азиядағы қазіргі заманғы трансформациялық үдерістер қарастырылады.

Отырыстың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры және ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың айтуынша: «Бүгінгі әлемдік тәртіп «жаһанданудың дағдарысы» деген ұғыммен сипатталады — халықаралық институттар мен сауда келісімдері күмән туғызады, ал жаһандық қауіпсіздікке көптеген қақтығыстар қауіп төндіреді. Әлбетте ресми келіссөз жүргізу әдістері тиімділігі мардымсыз, ал хаосты жеңу үшін бейресми дипломатия қажет. Сондықтан, қазіргі жаһандық сын-тегеуріндерді, ықтимал тәуекелдерді бағалау және оларға қарсы тұру үшін шараларды қарастыру — «Астана Клубының» күн тәртібінің негізгі құраушы мәселесі болып табылады.

Біз жұмысымыздың аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі әр мемлекеттің пікірін тыңдауға мүмкіндік беретін елдер арасындағы ашық диалогті құруға тырысамыз.

Айта кетсек, «Астана Клубының» көптеген отырыстары «Чатэм хаус» ережелеріне сәйкес өткізіледі, онда сарапшылардың пікірлері анонимді түрде жасырылады. Бұл қағида ашық және сенімді кəсіби əңгіме құруға көмектеседі.

Астана клубының бірінші кездесуі 2015 жылы 8-12 қарашада өтті, әрі «Еуразияның геоэкономикасы» тақырыбы талқыланды. Іс-шараға әлемнің 15 елінен (Ұлыбритания, Германия, Иран, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия және т.б.) зияткерлік және саяси элитаның 50-ге жуық жетекші өкілдері қатысты.

2016 жылдың 14-16 қарашасында өткен Клубтың екінші отырысында Еуразиялық кеңістіктегі алдағы өзгерістердің мүмкіндіктері мен кедергілері талқыланды. Әлемнің 21 елінен (Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Жапония және т.б.) зияткерлік және саяси элитаның өкілдері қатысты.

Клубтың үшінші отырысы 2017 жылдың 13-14 қарашасында өтті және «Үлкен Еуразия — 2027: Текетірес немесе әріптестік» ұранымен өтті, ол әлемнің 27 елінен келген қатысушыларды біріктірді. Олар – АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның беделді саяси қайраткерлері, дипломаттары, белгілі саясаткерлері, беделді ғалымдары мен ірі «ми орталықтарының» жетекші сарапшылары. Клубтың жұмысына алғаш рет жетекші саясаткерлер — бұрынғы мемлекет басшылары Абдулла Гүл (Түркия), Васлав Клаус (Чехия), Данило Тюрк (Словения) қатысты.

Тар заман

Тар заман — 12 бөлімнен тұратын кинотуынды. Қоюшы-режиссері –Мұрат Бидосов, сценарий авторы – Сержан Зәкірұлы.
Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолында ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өміріне құрылған. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Сәдуақас, Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғалардың көркем образдары бір туындыда көрініс табады. Басты кейіпкерлердің бірі – Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық кезеңі суреттеліп, оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихы тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы көркемдік шешімдермен өріледі.
Алашорданың 100 жылдығына орай түсірілген телесериалға театр артистері: Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай, Үсіпхан Сейтімбет және белгілі театр және кино артистері: Медғат Өмірәлиев, Кенен Ақүрпеков, Балтабай Сейтмамыт, Тұрсын Құралиев, Мәмбет Қожағалиев, Олжас Абай, Ұлан Болатбек, Жұлдызбек Жұманбай, Дархан Сүлейменов және т.б. түскен.
Кино желісін тамашалап отырып көзіңе еріксіз жас үйіріледі. Қандай текті ұлылар ұрпағы екенімізді тағы бір мәрте есімізге салғандай. Өздерінің құстың қанатындай қысқа ғұмырларында артына қалдырып үлгерген мұралары бүгінімізге дейін азығымыз болып келе жатыр десек асыра айтқанымыз емес. Кейде ойлайды екенсің сол кісілер пайғамбар жасына дейін өмір сүретін болса басқа халыққа жазар дүние қалмас еді-ау деп.
Бірақ, толық ашылмай тарихтың көлеңкелі тұсының толықтыруы болып тұрған жерлері де қаншама. Толық ашылмайды да ау сол жылдар.

1-бөлім: www.youtube.com/watch?v=fyu_OFXcFFc
2-бөлім: www.youtube.com/watch?v=7mYzAq_EG6M
3-бөлім: www.youtube.com/watch?v=n7ZNF7wPQWU
4-бөлім: www.youtube.com/watch?v=xvtEuN8LEzI
5-бөлім: www.youtube.com/watch?v=z_aggxm1b0M
6-бөлім: www.youtube.com/watch?v=tMXA21PMlg4
7-бөлім: www.youtube.com/watch?v=xHEAi27IeEU
8-бөлім: www.youtube.com/watch?v=qguUglAvwQc
9-бөлім: www.youtube.com/watch?v=RAfRJB7JT_E
10-бөлім: www.youtube.com/watch?v=sRxv7TDiPck
11-бөлім: www.youtube.com/watch?v=J8yc1kTZbns
12-бөлім: www.youtube.com/watch?v=mV1vYgtD46w

МӘМС: Елордалық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер 13 млрд теңгеден астам жарна аударды

Астана қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын міндетті төлемдердің сомасы бойынша Алматы қаласы және Қарағанды облысымен қатар көш бастап тұр.

Қыркүйек айында Астана қаласының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері 1 млрд теңгеден астам жарна аударды, ал 2017 жылдың шілде айынан бері аударылған жарнаның жалпы сомасы 13 млрд теңгеден асты. Жалпы республика бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 105 млрд теңге түсті, бұл соманың 92%-і жұмыс берушілерге тиесілі. Жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер Қорға 8,6 млрд теңге аударды. Міндетті медициналық сақтандырудың жинақталған қаржысы Ұлттық банкте сақталады. Ұлттық банкпен Қор сенімгерлік басқару туралы келісім бекіткен. 2020 жылдан бастап бұл қаражат МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Бұл уақытқа дейін «ӘМСҚ» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің ақысын төлейтін қаржы операторы міндетін атқарады.

«Жыл басынан бері «ӘМСҚ» Астана қаласы бойынша филиалы медициналық мекемелерге тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін 60,8 млрд теңге төледі. Астана қаласында біз 115 медициналық мекемелермен жалпы құны 84,6 млрд теңгені құрайтын келісімшарттар бекіттік», — дейді «ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Естеріңізге сала кетсек, әрбір азамат өзінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысушысы болатындығы туралы ақпаратты Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімі арқылы анықтамаға тапсырыс бере алады.

Мемлекеттік оркестрдің классикалық музыка кеші өтті

1 қазан — Халықаралық музыка күні. Бұл күні Мемлекеттік «Солистер академиясы» оркестрі «Солистер парады» сериясынан музыкалық қойылымдар ұсынды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 


Кеш қонақтары түрлі аспаптарда ойналған виртуозды классикалық туындыларды сүйсіне тыңдап шықты. Оркестрдің құрамында халықаралық бағдарламалар мен мемлекеттік сыйлықтың иегерлері классикалық әуендерді бағалаушыларға өнерлерін паш етті. Музыканттар өздерінің шеберліктерін оркестр артисі ретінде ғана емес, өздіктерінен солист бола алатындарын да көрсете білді. Дирижерлік пультті маэстро Михаил Киргхофф басқарды.


Концерт 27-ші Мемлекеттік камералық оркестрінің ашылу маусымына орай өткізілді. Оркестрді Қазақстан халық әртісі Айман Мұсаходжаева басқарады. Шара «Қазақстан» орталық концерт залының сахнасында өтті.

Астана «Салауатты қала» ғаламдық қозғалысына кіруге ынталы

Бұл ортаға кіру ел астанасын қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуге міндеттейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қоғамдық денсаулық сақтау бармасына сілтеме жасап.  


1 мен 4 қазан аралығында Солтүстік Ирландияда ( Белфаст қаласы) «Салауатты қала» ғаламдық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты халықаралық конференция өтіп жатыр. Бұл ауқымды шараға Париж, Мәскеу, Нью-Йорк, Стамбұл, Амстердам және басқа қалалардың мэрлері және саяси көшбасшылары қатысуда. Олардың қатарында Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да бар.  


Шара барысында ведомство басшысы Қамалжан Надыров Астана қаласы да «Салауатты қала» қозғалысына қосылуға ниетті екендігін жеткізді. Бұл ортаға кіру ел астанасын қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуге міндеттейді. Ол жарақаттануды, жол-көлік оқиғаларын төмендету, тұрғындардың салауатты әдеттерін қалыптастыру, зиянды шығарындылардың деңгейін төмендету, ауыз судың сапасын жақсартуға, сондай-ақ «жасыл технологияларды» дамыту.  Бір сөзбен айтқанда қаланың инфрақұрылымын барынша жайлы, ыңғайлы және қауіпсіз жасау.


«Салауатты қала» жаһандық қозғалысы қалалық билік алдында денсаулық мәселелерін, әлеуметтік, экономикалық және саяси дамытуды күн тәртібі қатарына қояды. «Салауатты қала» қозғалысы осы 30 жыл аралығында 100 қаланы және 30 ұлттық ұйымды өз қатарына біріктіре алды.


Бүкіл әлемде «Салауатты қала» қозғалысына мың муниципалдық құрылымдар кіреді, осындай сан түрлі ұйымдар оны ерекше мықты етеді. Мұндай конференциялар 5 жылда бір рет өтеді және әлемнің түрлі қала өкілдеріне бір-бірімен пікір, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.


Халықаралық іс-шараның алғашқы күні қоғамдық денсаулық сақтау бармасының басшысы Қ. Надыров сөз сөйлеп, біздің қаламызды таныстырды.  


Бұл жолы Белфасте (Ирландия) өтіп жатқан іс-шараның 4 күндік бағдарлама аясында жаһандық тәжірибені тарату үшін кең мүмкіндіктер көздейді. Пікірталастарға саясаткерлер, қалалардың жоғары басшылығы және техникалық сарапшылар қатысты.


Көмір сатып алуға әлеуметтік көмек кімдерге беріледі

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге және мүгедек балаларға жүргiзiледi, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi ( 19 240 теңге).


Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жекеменшiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.


Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде (15 қазаннан бастап 30 сәуірге дейін) Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына Достық көшесі, 13 «Нұрсая»-2 ЖК, телефон 55-68-22, 55-68-45, 55-68-34  мекенжайы бойынша өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:


1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


2) мекенжай анықтамасы;


3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;


4) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;


5) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;


6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.


7) банктік шот туралы мәлімет.


Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.


Айта кетейік, 2017 жылдың жылыту маусымы кезеңінде әлеуметтік көмекті 8573,3 теңге жалпы сомасында 422 өтініш беруші алды.


«Балалар жол-көлік оқиғасына қарсы» акциясы басталды

Акция 2-6 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Акцияның мақсаты – жолдарда болатын балалар жарақатына қоғамның назарын аудару, сондай-ақ балаларды жол қозғалысы ережесін сақтап жүруге үйрету.


Бүгін № 56 мектеп-лицейдің жас жол қозғалысы инспекторлары (ЖҚИ) Астана ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп «Балалар жол-көлік оқиғасына қарсы» атты ерекше акция өткізді. 


«Балалар көбіне өтуге болмайтын жерлерден жолды кесіп өтеді. Таңертең мектепке асығып кетіп бара жатып, жан жағына да қарамайды. Сол себепті, кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің қатысуымен болатын ЖКО жиі кездеседі. Осыған байланысты, біз «Жас инспекторлар қозғалысымен» бірге акция өткізуді ұйғардық. Бүгінде акцияға 7-ден астам мектеп қатысуда», — деді Астана ІІД ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы Айымгүл Валеева.


Шара барысында ЖИҚ отрядының оқушылары жадынамалар мен кітапшалар таратты, ол кітапшаларда көшеден қалай дұрыс өту керектігі, негізгі ЖЖЕ, ата-аналарға арналған жадынамалар қарапайым түсінікті тілде жазылған. Одан басқа, жас инспекторлар дыбыс ұлғайтқыш құрылғы арқылы жүргізушілерге арналған ЖЖЕ сақтау туралы ұрандарды дауыстап оқыды.


Айта кетейік, жыл басынан ҚР ӘжҚБ туралы заңының 593 бабын бұзған (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 4000-нан астам құқық бұзушылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Астанада жыл сайын шамамен 15 мектеп салынуы тиіс

2017 жылы Астанаға аймақтардан шамамен 80 мың адам көшіп келген, оның 17 мыңы балалар. Бұл әлеуметтік жүйеге және мектепке қосымша жүктеме түсіріп отыр. Осы мәселені шешу үшін Астанаға жыл сайын шамамен 15 мектеп салынуы тиіс, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Бұл мәселені 2015-2017 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасының «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағытын жүзеге асыру бойынша республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражатты мақсатты игеруге арналған «Нұр Отан» фракциясының жанындағы жиында талқылады.


Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, үш ауысымды мектептердің пайда болуы ол демографиялық және көші-қон мәселесіне байланысты.


«Қазақстандағы халық санының өсімі жыл сайын 230 мың адамды құрайды. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент және Алматы мен Түркістан облысындағы табиғи және көші-қон мәселесіне байланысты жыл сайын халық өсімі 40-50 мыңды құрауда. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылым осы шараларға үлгермеуде. Өйткені, елімізде жыл сайын республикалық бюджет есебінен 10 мектеп салыну керек, ал Астанада 15 мектеп», — деді ол.


Осы жерде ол инвесторларды мектеп салуға ынталандыру керек деді.


Үшжылдық бюджет шеңберінде жеке секторға білім беру объектілерінің құрылысы бойынша, студенттік жатақхана құрылыс жобасына ұқсас өтемақы төлемдері көзделеді.


«Қазір барлық аймақта мектеп салуға қызығушылығы бар бизнесмендер бар, біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», деді Б. Асылова.


Халық шеберлеріне құрмет көрсетілді

Өткен аптаның демалыс күндері ҚР Ұлттық музейінде республикалық Қазақстан қолөнершілерінің «Шебер-2018» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астанада жыл сайын Шебер байқауы өтіп тұрады, мақсаты – Қазақстанда қолөнер индустриясын дамыту, ұмыт болған халық қолөнерін қайта жаңғырту. Осы жылы байқауға 76 өтініш беріліп, 100-ден аса жұмыс ұсынылды. 27 шебер финалға өтті. Қолөнер туындысының көп бөлігін еліміздің әр аймағындағы шеберлер жасаған.


«Республикалық байқауға қатысу шеберлердің шығармашылығы мен туындысын дамытып, дәстүрлі мотивтің қатарына және қалыптасқан техника бойынша заманауи шешім мен жаңа қадам жасауға алып келеді. Шеберлердің арқасында біз негізгі мақсатымызға қол жеткіздік, ежелгі қолөнер түрін заманауи түрде дамытып, Қазақстандағы халық көркем қолөнерін қайта жаңғырттық», — деді ҚР қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова. 


Байқауға келіп түскен жұмыстарды өнертанушылар, суретшілер, бизнес өкілдерінен құралған сарапшылар комиссиясы бағалады. Әділқазылар құрамының арасында Германиядан келген халықаралық зергер Мартин Демпф те бар. Шеберлерге 7 номинация бойынша марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал ең басты марапат «Хас шебер – 2018» күміс медалін — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі, музыкалық аспаптар дайындау бойынша мектептің авторы Жолаушы Тұрдығұлов жеңіп алды. Ол оның 6-шы марапаты.


Сонымен қатар, басқа да жеңімпаздар Таиландта өтетін халықаралық World Ikat Textiles Symposium – 2018 фестиваліне қатысатын жолдама алды.


Астанада аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қыркүйек айында А. Кравцов көшесі үйлердің аулаларында жаңа балалар алаңдары, спорттық тренажерлар орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы бұрынғы Целинный шағын ауданында 5 аймақта көріктендірілу жүрді. Олар: А. Кравцова 3, 7, 7/1, Пушкина 1 және Пушкин 3/1 мекенжайында орналасқан үйлердің жанында. Балалар алаңы жасанды көгалдармен жабылған.

Айта кетейік, Астанада мыңнан астам аула ішілік аумақ бар. Осы жылы 400 аула абаттандырылды. Оның ішінде Алматы ауданында – 203, Байқоңыр ауданында – 73, Есіл ауданында -10, Сарыарқа ауданында — 100. Онда балалар алаңдары, тренажерлер, шағын сәулет нысандары пайда болды.