Күшті ішімдіктерге қалайсыз?

Жарығы сөніп қалған «Супермаркет», «Мейрамханалар» сізді іздеп жүре ме, әлде сіз оларды іздеп жүресіз бе? © АКҮ

Осыдан 1 айдай бұрын келіншек екеуміз үйге анау-мынау, кәмпит-сәмпит алайық деп Астанадағы Green супермаркетіне барғанбыз. келіншек сөрелерді ақтарып жүргенде мына жазуды байқап қалдым. Опшым алкогольды сусындар бөлімінің атын орысшасы «Крепкие напитки» дегенді «Күшті ішімдіктер» деп атапты.
Уоот, алда ЖЖ келе жатыр, ертеңіне Сатекеңнің мерейлі тойы, 4 күн демалыс, күшті ішімдіктерден ала отырыңдар керекшілер…

Әрі қарай

Жарнама

Жаңа мына жердегі әріптестерім бір сілтеме жіберіп еді. Ұнады. Сіздермен бөліссем деймін.

Әрбір 60 секунд сайын бір түр жойылып кетеді. Әр сәт қымбат.


Әрі қарай

Қауіпсіздік үшін IP адресті өзгерту!

1. Елімізде шектелген сайттарды аша аласыз.
2. Өзіңіздің мекен-жайыңызды жасыра аласыз. Кез келген уақытта.
3. Басқа елдің атынан сол елдің мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Видео көру. Тегін өлең түсіру.т.б
Түсіру үшін төмендегі сілтемені пайдалана аласыз.
depositfiles.com/files/0jnnj9lna
Түсіріп болған соң HideIPPrivacy-2.4.6.8.Setup.exe жұмсақ бөлшегін орнатыңыз.
Орнатып болған соң программаны жауып қойып тұрып Patch.exe жұмсақ бөлшегін орнатыңыз.
Ескерту: Егер сіздің компютеріңіздегі программа Windows 7, Windows Vista болса, Patch.exe жұмсақ бөлшегін орнатып жатқан кезде Can not find the file деп шығады. Сол кезде сіз OK ді басып,
C:\Program Files\HideIPPrivacy\HideIPPrivacy.exe ні тауып берсеңіз болды.
Әрі қарай

Ғазиз Байтасов – Халық қаһарманы. Бұл қандай атақ өзі?

Тараздағы теракты кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа осыдан бірнеше күн бұрын «Халық қаһарманы» атағының берілгенін білетін боларсыздар. Артында қалған туған-туыстары мен отбасындағыларға демеу болар.

Халықтың қаһарманын қаһарман деп санай бермейтіндер бар екенін былтыр Тоқтар Әубәкіровты өзінің есімі берілген көшеден қуғанда көрдік.

«Халық қаһарманы» атағын анау-мынау адамдардың еріккеннен ала бермейтіні бар. Өткенде президентті осы атаққа ұсынды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы ол ұсынысты қолдамады. Айтайын дегенім, елбасының ол атаққа лайық немесе лайықты емес дегенде емес.
Әрі қарай

Қазақстанда интернеттегі заңсыз контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды

Қазақстанда заңдарды бұзатын интернет-контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды.

Қоғамдық ұйымның күшімен “Safekaznet.kz” ресурсын құра отырып, біз заңсыз контентке қарсы күресу тұрғысынан нақты қадам жасаудамыз.

Біз Қазақстанда ғана емес, шетелдерде көптеген интернет ресурс иелерімен белсенді жұмыс жүргізудеміз”, — деп “Қазақстанның интернет қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Владимир Төреханов бүгін Алматыда “Қазақстан қауіпсіз интернет- кеңістігі: қоғам мен бизнес міндеттері” атты “дөңгелек үстел” отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, шұғыл желі мамандары балалар порнографиясын қамтитын, терроризм мен экстремизмді, есірткіні, қылмысты насихаттайтын сайттар туралы мәліметтер мен өзге интернет қауіптерге қарсы әрекет етпек.

Бүгінгі таңда “шұғыл желі” сайтына төрт мәлімет келіп түскен. Олардың бірінде шетелдік интернет ресурс атына шағым түскен.

kaz.gazeta.kz/art.asp
Әрі қарай

Марқұм пионерлер ұйымы қайта оралды.

Бүгін яғыни 3-желтоқсан республика бойынша 20 мың, біздің облыс бойынша 2 мың, ал біздің аудан бойынша 60 бала «Жас ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымына мүшелікке қабылданды, бұл ұйымның 2-толқын қабылдануы, 1-толқынды Елбасының өзі қыркүйек айында Астана қаласындағы мектептердің бірінде қабылдаған еді.

Араларыңызда кезінде пионер болғандар білетін шығар, кезінде (Кеңес үкіметі тұсында) мектептерде осындай ұйым болған, ол кезде партия біреу, сол партияға балалрды қаршадайынан дайындау еді негізгі мақсаттың бірі, бастауыш сыныпта пионер боласың, орта метепте коммунистік жастар одағына мүше боласың, жұмысқа шыққанда партия мүшелігіне қабылданасың дегендей, демек осындай бір ғана партияның ізбасарларын дайындайтын ұйым бізгеде керек болғаны ғой қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Менің жастық шағымның әндері)))

Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Кеңес Дүйсекеевтің "Қарағым-ай" әні. Бұл ән мен тоғыз оқып жүргенде шықты-ау деймін. Сәке Қалымов айтты, бірақ Нұрлан Өнербаевтың орындауында маған көбірек ұнайтын.



Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Мұрат Құсайыновтың «Сұлулық» әні. Жақсы көрем осы әнді. Автор өзі де орындайды, бірақ таба алмадым.



Тағы да Нұрлан Өнербаев. «Мен сені сағыныппын». Авторын білмейм. Бірақ осы әнді естісем, жүрегім елжіреп, көзіме жас үйіріліп, қыз күнім есіме түсіп кетеді)))

Әрі қарай