ББҚҰКАҚОББ-ның ІІІ съезі


Блогкемп Блог құрылтай Ұйымдастыру комитетінің Астана қалалық орталық бас басқармасы кезекті бас қосуын
17.02.2012, жұма
Керуен штаб пәтерінің 3-ші қабатында
сағат 18.30 жасайтын болды.
Есігіміз жоқ ашық.
Әрі қарай

қуаныш+өкініш

новИчкам всегда везет
демекші сәрсенбінің сәті, сәуегей керекшілердің болжамы бүгін мені бір байытты)) бақытым мына жерден басталды.
кеше өмірімде бірінші рет футбол ставка қойдым. негізі мен жай ғана қалтамнан ақша шағрғаным болмаса экспресті ұсынған Kerekstavka мен admin болатын. ол мынадай:
Лион — АПОЭЛ П1 — 1.42
Рубин — Олимпиакос — тоталы аз(2,5)
Брага — Бешикташ П2 — 5.05
Байер Л — Барселона ф2(-1,5)
выплата: 26208 тг. Амиголарға рахметтен басқа айтатын нақметім жоқ)))

Алайда нәпсі құмармыз ғой, сол кезде қолымда 5 мың болды барлығын неге қоя салмадым деп, отырған орындығымның вибрациясы ойнайды.
Әрі қарай

14-ші ақпан.Мен.Келіншегім.

Бұл күнді сонааау артта қалған жас кезімнен аса тойлай қоймаушы едім.Дегенмен, бұл күннің менің өміріме тигізген әсері болды.Әсері дегеннен көрі өзгерістер енгізді десем де болады. ол кезде келісім-шарт бойынша әскери қызметтемін. Жезқазғандық бір жауынгер (шатаспасам) Спасск оқу-жаттығу алаңынан қашып кетті. Ресми және бейресми ақпараттар бойынша ол солдаттың Қарағандыдағы бір оқу орнында қызы барын және соны құттықтау үшін қашқанын білдік.Әр оқу орнына бөлінген біздер оны жарты күнге жеткізбей тауып алдық."Іс бітті,қу кетті" дегендей, осы мүмкіндікті пайдаланып бұрыннан бері телефон арқылы сөйлесіп жүрген, кездесіп көрмеген бір қызбен жолығып кетуді жөн санадым. Ақыры, кездестім де.Қазір ол қыз біздің үйде біреуге келін, біреуге жеңге, біреуге АНА болып отыр.
Әрі қарай

Екі данышпан

Есте жоқ ықылым заманда бір патшалықта екі данышпан өмір сүріпті деседі. Екеуін де "ғұлама" деп мойындағандарымен халық ақыл сұрауға бір данышпанға екіншісінен қарағанда көбірек баратын болса керек. Бұл әрине екінші данышпанға ұнамапты(осы жерде оның данышпан екеніне күмән туды).Бірінші данышпанға деген пасық ойын көпшіліктің көзінше жүзеге асырмақ болады. Аңдып жүріп, базар аралап жүрген сәтінде жолығып: «Уа, данышпан! Сені халық менен ақылды деп жүр ғой.соны тексерейін деп едім.Менің уысымда көбелек бар.Ақылды болсаң айта қойшы, көбелек тірі ме,әлде өлі ме?». Арам ойы«Егер тірі десе сығып өлтіре саламын,өлі десе алақанымды ашып қалғанда көбелек ұшып шығады, бұның абыройы айрандай төгілмей ме?» деп тұрған еді.Сол кезде данышпан «Бәрі өз қолыңда» деген екен.

Суреттегі данышпанның мысалға қатысы жоқ. Ол мына жақтан келді.
Әрі қарай

Қиял МАХАББАТ

Еркелеген үмітім үкіленген
Еркелесең ғажайып бір күйге енгем.
Елітіп бар еркімді алып қойдың
Виртуалдық сезім деген осы ма екен...?

Виртуалды ешқашан мойындамай
Жүруші едім бұл жерді ойыма алмай.
Үйленбеген жас баладай қобалжимын
Реалға жетпей жатып бұным қалай?

Сеземін реалда да кездесерміз
Жазбаймыз ол кезде біз сөйлесеміз.
Айтуға сөз жетпеген жағдайларда
«Басқаша тілдермен де» түсінісерміз.

Түсінерміз бір-бірімізді ымдасақ та
Бір үмітке бір үмітті жалғасақ та
Сеземін, сол себепті күтіп жүрмін
Кездесердей елде жоқ бір ғажапқа…

Сөкпеңдер, жүрегі дүк*дүк етіп жүрген жігіттің келісімімен қойдым.  
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Бесінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші және төртінші постта.

Қандықол жендеттер мен банда мүшелері.


Смит — мафияның «атқыш» жігіттерінің басшысы. Қылмыстық істе былай жазылған: Айтқанына көндіре алады, айлакер және мафия жауларына рақымсыз, өте дәл атады.
Әрі қарай

Q-pot Phone - қыздарға шоколад телефон

14 ақпан Махаббат күніне арнап, жапондық 2 компания бірігіп бір өнім шығарыпты. NTT Docomo деген телекоммуникация компаниясы және шоколад дизайнымен айналысатын Q-pot шоколадты телефон шығарыпты. Бір қарағанда шоколадтан аумайтын бұл телефонды әрине жеуге болмайды

Android 2.3. жүйесімен жұмыс істейтін бұл телефондар қазір 520 доллар бағамен сатылуда Жапонияда.
Әрі қарай

Кітап оқудан жалықпау

Көп адамда бір күнде есепсіз әріптер саны ажыралмай жұтыла береді екен. Қызық мақалалар, жұмысқа қатысты кәсіби әдебиет, қажетсіз флуд, өзін дамытуға арналған мәтіндер. Бірақ, соларды оқудан ешкім “ләззат” алмайтын сияқты. Кітап оқуды мақсат еткен адамдар осы күйге жетпей тұрып, неше түрлі әдебиетті талғамай жұта берсе керек. Дегенмен, ол саналы әрі ойлы, “ләззат сыйлайтын” оқу еді. Ал қазір кітап оқуға уақыт табу үшін тәуліктегі жиырма төрт сағаттың өзі аздық ететіндей. Бірнеше артық сағат қосылса, барлық көздеген кітабын оқып тастайтындай елестетеді. Бұл оқу жылдамдығы мен сапасын арттыруға арналған мақала емес. Керісінше, оқудың сиқырлы магиясын жоғалтып алмауды көздейді.

Блог - e_zhalgas: Кітап оқудан жалықпау

© фото

Бәрі бірнәрсеге тіреледі. Әркім кітап оқудан ләззат алуы тиіс. Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен.

Осыны оқыса, көмектесетін шығар.
Әрі қарай