Жаңа сайт ашылды...

Блог - NurlybekZhanuzakov: Жаңа сайт ашылды...
Өз басым спортқа қызығушылығым керемет. Спорт сайтын ашып,өзімше тірлік қылғым келеді.

Спорт сайты

Мына жерден жаңа спорт сайтына кіріп, жаңалықтар ,қызықты мақалалар оқи аласыздар, көптеген болжам бәйгелер,қомақты сыйлықтар ойнатылады… АПЛ, испан ла лигасы,ҚПЛ-әр турына болжам бәйгелер… Бір өтініш, спротқа қызығатын жандарға осы сайттың барын айтсаңыздар, көп рахмет…

Спорт сайты
Әрі қарай

77777_000_abk дегенді банға, жазғандарын зынданға жіберуге лайық па?

Былай ғо, сұрыптау мен сұрыпталу деген түсінік әуелден бар, және болғаны, бола бергені дұрыс.
Сонымен, осы керекте 08 маусым 2013, 22:11-де тіркеліп, бүгінге дейін 8 тақырып пен 0 пікір жазған 77777_000_abk атты қолданушының жазбаларын зынданға, өзін банға жібереміз бе? Ақыры, жазбаларына пікір жазуға рұқсат бермейд, өзі де пікір қалдырып, ой бөліспейд екен, не дейсіз, оуу халайық, ішіп кетеміз бе, Жаңа жазбалар дегенге адамға ұқсап кіремін, ол жерде 77777_000_abk дегеннің төрт пресс-релиз жазбасы тұрады.
Админ, «Ауу» деп жіберсе…
Әрі қарай

Қасиетті Мекка мен Медина.

Қажылық парызын өтеу мұсылман армандарының бірі. Тәуелсіздігімізбен дініміз келгені белгілі. Қазір таңда ақшасы бар адам қажылық сапарын өтей алады. Тіпті орташа жалақысы бар адам да қажылыққа бара алады біздің елде. Себебі елімізге берілетін квота өзге елдерге қарағанда жеткілікті. Білуімше жыл сайын қазақстандықтардың қажылық сапарын өтеу үшін 5 мыңнан астам квота беріледі. Егер де малазиялықтар өмірінде бір рет болсын қажылыққа бару үшін біздің елдегідей бала-бақша тізіміне туа салысымен жазылғандай дүниеге келгеннен кезекке тұрса, қытайлық мұсылмандардың кейбірі өз кезегін 25 жыл күтеді екен. Біздің жұртшылық Алланың жазуымен Аллаға шүікр барамын десе, ақшасы болса баруына бар мүмкіндіктер қарастырылған. Қажылыққа барғандар жақсы біледі. Кей кездері қажылыққа барып тұрып, парызын өтей алмай елге қажы болмай келгендер бар. Ондай да көбінесе жұртшылық қажылық парызын өтеу тек Алланың қалауымен ғана таңдалған адамдар бара алады дейді. Десе де, бұл сапарды өтеген адамдардың өмірін екі кезеңге бөледі. Оның бірі қажылыққа дейінгі өмір де, қажылықтан кейінгі өмір. Қажылықтан кейінгі өмірдің жақсы жаққа бұрылуы ол парыздың қабыл болуының бірден бір дәлелі болса керек. Бірақ ол жайында кеңірек дін қызметкерлері айтып бере алады. Мен Қасиетті Рамазан айы мен Қадір түнінің қарсы алдында сіздерге қажылық сапарда түсірілген фотосуреттер көрсеткім келеді. Себебі Пайғамбарымыздың (с.а.с) табаны тиген, Қасиетті Қадірлі Мекке мен Медина қалаларында болған адамның сезімі мәңгілік есте қалады. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл ретте суреттер сөйлесін. Керек инфоның жамағаты ұстаған оразаларыңыз бен Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала сіздерге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Әумин!
Әрі қарай

Сары қорап

Павлодар қаласындағы көшелердің бойында көліктердің жылдамдығын өлшеп, артық кеткендерін түсіріп тұратын бақылау камераларының (сырты сары болғандықтан жұрт оны сары қорап дейді)
Әрі қарай