Елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады
Биыл елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады. Сәйкесінше құжатқа бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың Катар мемлекетіне ресми сапары аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен Катар Инвестициялық қорының бас директоры Халифа Жассим әл Кувари қол қойды.
Әрі қарай

Біріккен Ұлттар Ұйымының жетпіс жылдығына орай өткізілген «Әлемді БҰҰ-ның көгілдір түсіне боя» атты жаһандық акция аясында Астанадағы «Бәйтерек» монументі осы науқанға қосылды. Бұл тұрғыда елорданың символы ұйым мерекесіне орай БҰҰ-ның туы түстес көгілдір жарықтармен түрленді.