Астанада «Таза аула, таза кіреберіс» акциясы өтті

Астанада «Таза аула, таза кіреберіс» науқаны өтті. Акцияны қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған. Осылайша, елордалық студенттер үйлер мен аулаларды абаттандырып, ағаш көшеттерін отырғызып шықты. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің кіреберістерін тазалауға да белсене кірісті. Балалар алаңдарын көріктендіріп, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бұдан былай да «Жасыл ел» жасақтары мен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдарының белсенділері тазалық акцияларын тұрақты түрде өткізбек.

Әрі қарай

Тіл мен мәдениетті дәріптейтін «Жарқын болашақ» фестивалі мәреге жетті

Астанада тіл мен мәдениетті дәріптейтін «Жарқын болашақ» фестивалі мәресіне жетті. Екі айға созылған байқауда 5 мыңға жуық оқушы бақ сынаған. Биыл фестивальдің ауқымы кеңейді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 елден дарынды өрендер шақыртылған.

«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Онда 7-11 сынып оқушылары арасында тіл мен мәдениетке негізделген 5 аталым бойынша үздіктер анықталады. Бұл жолғы іріктеулер Алматы мен Атырауда өтті. Ал елордада қорытындысы жарияланды. Биыл 45 жеңімпазға Сүлеймен Демирел атындағы университетке оқу гранты бөлініп отыр.

Әрі қарай

Астанада күйші Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына орай лекция-концерт өтті

Астана жаңалықтары: Астанада күйші Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына орай лекция-концерт өттіҰлттық музейде Дина Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына арналған күйші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айтолқын Тоқтағанның «Бұлбұл» атты лекция-концерті өтті.

Музейдің ақпараттық-имидждік қызметінің хабарлауынша, шараның ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай күй анасы Дина Нұрпейісованың шығармашылығы туралы айта келе, оның ізін жалғап келе жатқан Айтолқын Тоқтаған секілді жастардың өнер жолындағы талпыныстарына сәттілік тіледі.

«Дина — кешегі халық сазгерлерінің шығармаларын бізге дейін жеткізген шебер орындаушы. Құрманғазының шәкірті. Қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған тұлға. 8-9 жасынан бастап орындалуы қиын күйлерді меңгеріп алған. Мінеки, біздің өнер жолында жүрген талантты Айтолқындай жастарымыз осы анамыздан қалған асыл мұраны жалғастырушы ұрпақ. Сондықтан да жас өнерпаздарға сәттілік тілей отырып, шығармашылық шабыттарыңыздың шарықтай беруіне шын жүректен тілектеспін», — деді Д.Мыңбай.

Шара аясында Айтолқын Тоқтаған Динаның «Көгентүп», «Жаңа бозшолақ», «Он алтыншы жыл», «Бұлбұл» т.б. күйлерін нақышына келтіріп орындаумен қатар, олардың шығу тарихына да тоқталып отырды. Бұдан бөлек, залға жиналған қонақтар Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Байжігіт, Сүгір, Сейтек сынды бірқатар халық композиторларының туындыларын тыңдады.

Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері, әнші Ерлан Рысқали әннен шашу шашып, өнер сүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, іс-шараны Ұлттық музей жанынан құрылған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мен насихаттауға арналған «Дәстүрлі музыкалық мұра» бағдарламасы аясында өтті.

inform.kz/kaz/article/2898694
Әрі қарай

Астана тәртіп сақшыларының патрульдік қайығы Есіл өзенінде қызмет етеді

Астана жаңалықтары: Астана тәртіп сақшыларының патрульдік қайығы Есіл өзенінде қызмет етеді

ҚазАқпарат — Астана акваторийіндегі Есіл өзенінде полиция Қазақстанда шығарылған «Kazboat-47» патрульдік қайығымен тәртіп күзетеді.

Астана қалалық ІІД-нің басшысы, полицияның генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуынша, «Kazboat-47» қайығымен елордалық полицейлер бақылау жүргізеді. Олардың міндетіне Астана акваторийінің Есіл өзенінде тәртіпті күзету, жедел-іздеу, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу кіреді. Кеме судағы полиция пункті болып есептеледі.

Полиция жасағының құрамына Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің арнайы дайындықтан өткен екі қызметкері және бір кеме жүргізушісі кіреді. Патрульдеу уақыты — күн сайын сағат 14:00-ден бастап, 21:00-ге дейін.
Полицияның кемесі дабыл, жылжымалы радио құрылғы және барлық қажетті арнайы құралдармен, сондай-ақ құтқару күртелерімен, өрт сөндіргіш құралдар және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдишамен жабдықталған.

inform.kz/kaz/article/2898916
Әрі қарай

Өзара серіктестік келісіміне қол қойылды

«ЭКСПО» көрме кешені төңірегіндегі жымысқы әрекеттер енді қатаң бақыланады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы арасында серіктестік келісімі мақұлданды. Тараптар көрме құрылысындағы ашықтық принципін қамтамасыз етуге келісті. Құжатқа ұлттық компания басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен ұлттық бюроның төрағасы Қайрат Қожамжаров қол қойды.


astanatv.kz/news/show/id/47416.html
Әрі қарай

Астанада ардагерлердің 7-ші съезі өтті

Астаналық ардагерлерге Жеңіс күніне орай бір миллион теңгеден сыйақы беріледі. Елордада өткен республика ардагерлерінің 7-ші съезінде бұл туралы шаһардағы ардагерлер кеңесінің басшысы айтты.

Жиынға өңірлерден 100-ден астам делегат қатысты. Съезд бес жылда бір өтеді. Бүгінгі отырыста атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар пысықталды. Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер кеңесі 20-дан астам шара өткізгені белгілі. Бүгін елімізде 3 миллионға жуық майдангер бар. Олардың 172-сі Астанада тұрады.


astanatv.kz/news/show/id/47483.html
Әрі қарай

Солтүстік аймақтағы қызыл судан зардап шеккендерге Астанадан «Қайырымдылық керуені» жөнелтілді

Қостанай облысындағы Суриков аулындағы тұрғындарға қайырымдылық қордан 1 млн теңгеден өтемақы үлестірілетін болды. Ал 20 отбасыға әкімдік үй бермек. Солтүстік Қазақстандағы Заречный ауылында орталыққа қатынайтын қос жол әлі жабық. Есепке қарағанда, өңірде қызыл судан 400-ге жуық үйге зақым келген.

Бүгін Астанадан 14 тоннаға жуық азық-түлік пен тұрмыстық заттар, киім-кешек тиелген қайырымдылық керуені теріскейдегі жұрт үшін жолға шықты.


astanatv.kz/news/show/id/47645.html
Әрі қарай

Президент ЭКСПО көрмесіне дейін Астанадағы қордаланған мәселелерді шешуді тапсырды

ЭКСПО көрмесі кезінде 3 ай бойы өтетін мәдени бағдарламаны Қазақстан өз күшімен өткізеді. Президенттің төрағалығымен Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған кеңес өтті. «Қалада кептелістер қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін» деген Елбасы мәселені шешуді тапсырды. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесін жылдам енгізу қажет деді. Президент сондай-ақ жауын-шашыннан соң Астана көшелерінің айдын көлге айналатынын айтып, мұндай келеңсіздіктерді түбегейлі жоюды тапсырды.


astanatv.kz/news/show/id/47682.html
Әрі қарай

Астанада 5 күнге жалғасқан республикалық діни-ақпараттық насихат шарасы басталды

«Зайырлы қоғамдағы діннің рөлі мен орны». Астанада осындай тақырыппен 5 күнге жалғасқан республикалық ақпараттық насихат шарасы жүргізіліп жатыр. Оған Астана қаласының әкімдігі тікелей бастама болған. Насихат тобының құрамында білікті дінтанушылар, ғалымдар, психологтар, теологтар және қоғам қайраткерлері бар. Тағылымдық мәні зор кездесудің алды «Абу Даби Плаза» құрылыс алаңындағы 3 мың қызметкерге ұйымдастырылды. Мұнда мамандар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын жиналғандарға түсіндіріп, жаһандық қауіптің бірі — лаңкестік жайында кеңінен сөз қозғады.


astanatv.kz/news/show/id/47681.html
Әрі қарай

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар басталып та кетті. Бүгін Астанада «Ұлттық медициналық холдингтің» ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының «Ұлы Дала елі» деп аталатын партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты — Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың мәдени-рухани құндылықтарын нығайту. Сондай-ақ, халықтың бірлігін қалыптастыру арқылы отансүйгіштікті күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді сақтау болып табылады. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы депутаттары мен ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері қатысты. Жиналғандар медицина қызметкерлерінен құралған өнерпаздардың орындауындағы концертті тамашалады.


astanatv.kz/news/show/id/47765.html
Әрі қарай