Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Жаңа маусымда Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тосын сый күтіп тұр. Биыл Париждегідей әткеншек, 7D-лифт, үлкен арқандар паркі, даладағы спорттық батут келушілерге жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сондай-ақ, паркте экологиялық хайуанаттар бағы ашылып, жануарлармен ойнау, оларды қоректендіру мүмкіндігі беріледі.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

— Жалпы, парк аумағында 16 аттракцион бар. Осы маусымда жаңаларын 1 маусымда ашу жоспарланған. Жазда балалар мен ересектер үшін Парижде Эйфель мұнарасында тұрған әлемдік стандарттағы әткеншекке ұқсас аттракцион іске қосылады. Одан басқа, кішкентай астаналықтарға арналған төрт көңілді және жарқын аттракцион жұмыс істейтін болады, — дейді Астаналық парк меңгерушісі Ғани Хасенов.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Балалар мен жастардың сүйікті аттракциондары — Space Gun, яғни, «диірмен», атақты «Зубр», «Қарақшылар кемесі» әткеншегі, үлкен жаңартылған тізбектік әткеншек. Әзірге, паркте белгілі «Американдық әткеншек» жоқ, оның орнына «Қырықбуын» тұр. Алты метрлік биіктікке шығуға болатын арқан көпшілік арасында кеңінен қолданыс тапты. Бұл жерде толық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, оған 5 жастан асқан балалар мен салмағы 120 кг дейінгі ересектер жіберіледі. Маршрут тренажер залындағы бір сағаттық жаттығумен тең, өйткені, бұлшық еттердің барлығы жұмыс істейді. Қазіргі кезде Қазақстандағы ең ірі арқан паркінің құрылысы жүргізіліп жатыр, ол 1 маусымға қарай ашылады.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

— Оның биіктігі 12 метр. Сақтандыру жүйесі бойынша адамға кез келген уақытта ұстауға болатын нәрселер жасалады. Бұл жүйе аяқталу үстінде. Ал ағаштардың белгілі бір орта құратынын айта кеткеніміз жөн, – дейді Ғани Хасенов.

Жаңашылдықтың бірі – далада орналасқан спорттық батут. Ол шатырдың ішінде тұрады және 10 жастан асқан адамдарға арналған. Сондай-ақ, саябақта ағаштан жасалған экологиялық хайуанаттар бағына арналған орын бөлінді.

Қысқа метражды фильмдерді ұнататындар үшін проекциясы бар 7D-лифт жасалды, оның көмегімен адамның еркін құлауы имитациясы жүзеге асырылады.

Әткеншектерді жаңа шағын гольф таксимен аралауға болады.

Ғани Хасеновтың атап өтуінше, парктегі аттракциондардың жағдайын 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан және өз ісіне адал механиктер қарайды.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Айта кетейік, паркте бұрынғыдай ретсіз сауда-саттық жүргізілейді және көріксіз павильондар жоқ.

— Биыл бәрі жаңаша. Дүңгіршектер алынып тасталды, қазіргі киоскілердің белгілі бір әдемі дизайны қарастырылған. Павильондардың эскиздерін кәсіпкерлердің өздері жасады, ал арнайы комиссия бекітті. Бұл мәселеге біз үлкен жауапкершілік таныттық, — дейді парк меңгерушісі.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк жаңа аттракциондармен толықты

Астаналық парк аумағы 17 гектарға жуық, ол бірнеше аймаққа бөлінген. Мұнда келушілер ұнататын аққулар қонатын тоған да бар. Қалалық жағажай шомылу маусымының басталуына дайындалып жатыр, қазіргі кезде жұмысшылар өзеннің түбін тазалап, қоршаған аумақты абаттандыруда. Ашық бассейндер аумағын жасау жоспарланған, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, ол жағажай маусымының ашылуына қарай толық аяқталмақ.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

Астанада жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 21 мамырда Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына («Рамстор» СҮ жанындағы көпір) дейін кейбір автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді.

№ 18 және 28 бағдарлы автобустар Тәуелсіздік даңғылы, Кравцов көшесі, Бараев көшесі, Ташенов көшесі, Орынбор көшесі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 70 автобус Уәлиханов к-сі, Бараев к-сі, Ташенов к-сі, Орынбор к-сі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 44 автобус: Тәуелсіздік даңғылы, Кравцов к-сі, Бараев к-сі, Ташенов к-сі, Орынбор к-сі, Сарайшық к-сі, Қабанбай батыр даңғылы, Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 100 бағдарлы автобус Республика даңғылы, Ташенов к-сі, Орынбор к-сі, Сарайшық к-сі, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 127 бағдарлы автобус Уәлиханов к-сі, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, Космонавтов к-сі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 52 бағдарлы автобус: Республика даңғылы, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 32 маршрут Абай даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Тұран даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 27 маршрут: Республика даңғылы, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Маршруты уақытша өзгеретін автобустарды біле жүріңіз

№ 103 автобус Уәлиханов к-сі, Бараев к-сі, Республика даңғылы, Кенесары к-сі, Тұран даңғылы, Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы көше-жол желісінде жөндеу жұмыстары аяқталған соң қалпына келтіріледі.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада жөнделіп жатқан жолдардың тізімі

Астана жаңалықтары: Астанада жөнделіп жатқан жолдардың тізімі
Астанада жол жабынын жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы толығымен және жартылай жабылады. Қала тұрғындарының өтініші бойынша жөнделіп жатқан жолдардың толық тізімін жұмыстардың аяқталу мерзімімен бірге ұсынамыз:

— Бөкейхан к-сі Кенесары к-сінен Ағыбай батыр к-сіне дейін, 15-22 мамыр;

— Қордай к-сі №14 көшеден соңғы аялдамаға дейін, 25-29 мамыр;

— Өзбекәлі Жәнібек к-сі Айнакөл к-сінен Қошқарбаев к-сіне дейін, 15-28 мамыр;

— Бөкейхан к-сі Абай даңғылынан Кенесары к-сіне дейін, 21 мамыр — 2 маусым;

— Қабанбай батыр даңғылы Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына дейін («Рамстор» дүкенінің жанындағы көпір) — 21 мамыр;

— 22 мамырға дейін Кенесары к-сінің Республика даңғылынан Иманбаева к-сіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Сонымен қатар:

— Бараев к-сі «Рамстор» СҮ жанындағы көпірден Ташенов көшесінің қиылысына дейін, 20 — 25 мамыр;

— 17 мамыр — 1 маусым аралығында Қошқарбаев к-сі Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл к-сіне дейін жартылай жабылады.

Қала жолдарында жөндеу жұмысарын жүргізуге байланысты жүргізушілерден жол бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзңрленді.
Әрі қарай

«Жас қанат» байқауы басталды

Астанада еліміздің басты музыкалық байқауларының бірі «Жас қанат» 25-рет өз шымылдығын ашты. Бейбітшілік және келісім сарайында ерекше музыкалық атмосфера орнап, қонақтар назарына әдемі декорациялар ұсынылды.

Байқау 2001 жылдан бері Астанада ұйымдастырылуда. Шараның ашылу салтанатына алғаш болып отандық эстрада жұлдыздары – бұрынғы байқаулардың жеңімпаздары Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Бақыт Шадаева, Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Доғалова, Маржан Арапбаева, сондай-ақ, конкурстың негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев келді. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев конкурсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Астана жаңалықтары: «Жас қанат» байқауы басталды

– Биыл «Жас қанатқа» 25 жыл болады. «Жас қанат» зор мүмкіндіктерге жол ашады – бұл болашақ жұлдыздар үшін мобильді, креативті, жеңіл алаң, аталған байқау тәуелсіздігіміздің құрдасы. Осы жылдар ішінде телекөрермендермен, ұйымдастырушылармен бірге «Жас қанат» дамып, өсіп келеді, – деді Ермек Аманшаев.

Астана жаңалықтары: «Жас қанат» байқауы басталды

Биыл байқауда Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларынан келген 14 қатысушы бағын сынайды. Үш орындаушы елорда намысын қорғайды.

Конкурсқа қатысушылар ән айту шеберліктерін, хореографиялық дайындығын және әдемі костюмдерін көрсетті. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері мен бұрынғы «Жас қанат» жеңімпаздарынан құрылған қазылар алқасы орындаушыларды сүйсіне тыңдады.

Айта кетейік, жас орындаушылардың «Жас қанат» байқауы 22 мамырға дейін өтеді. Бұл күні қазылар алқасы жеңімпаздың есімін жария етеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

"Арнайы өкілдер" телехикаясы

Блог - arailym_zhalauly: Арнайы өкілдер телехикаясы
«Арнайы өкілдер» — Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің жұмысы туралы баяндайтын туынды.

Детективті оқиғалар барысында бас кейіпкердің барлаушылық жоспарлары дәл келетін болжаушылық қасиеттері ашылады. Көрермендерге нағыз патриот адамның бейнесі көрсетіледі.

Құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштер қызметкерлерінің жағымды имидждік бейнесін қалыптастырып нығайтуға арналған туынды 8 бөлімнен тұрады.

Басты рөлдерде: Орынбасар Тазабеков, Ғазрет Ержанов, Сырым Қашқабаев, Болат Ұзақов.
Әрі қарай

«Күнбастардың» көңілді ұжымы!

«Күнбастар»! Иә, сіз жақсы көретін ең позитивті бағдарлама! «Күнбастардың» ұжымы әр шығарылым сайын көрерменге қызықты ақпарат пен көтеріңкі көңіл — күй сыйлау үшін аянбай еңбек етеді. Себебі, «Күнбастарда» ән де, би де, таңғажайып оқиғалар мен қызықты ақпарат та бар! Танымал жұлдыздар да біздің арнада!

Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!

Камера… Жүргізушілер орнында… Режиссер пәрмені… Түсірілім басталдыы!
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!
Телеэкраннан бағдарламаны көріп отырып оның оңай ғана жасала салған дүние деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Шын мәнінде бір бағдарламаны эфирге шығару үшін қаншама адамның тер төгетінін білесіз бе? Телеөнімнің көбісі командалық ұжымның тынымсыз еңбегінің арқасында дүниеге келеді.

«Барлығы көрермен үшін… » деген ұранды ұстанатын жоба басшысы — Салтанат Мүсілімқызы барлық жағдайды назардан тыс қалдырған емес…
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!

Түсірілімнің аса сабырлы, білікті режиссері — Тимур Омаров!
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!
Осы орайда, «Күнбастар» бағдарламасының журналистерін атап өтпеске болмас…

«Күнбастардың» әр қонағына жауапты – Нұртілек Риянбек!
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!

Өнер жұлдыздарымен селфилеткенді жақсы көретін, «Жұлдызбен селфи» айдарының жүргізушісі — Жұлдыз Рахмет!
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!

Әрқашан өмірі ғажап, «Өмір ғажап» айдарының жүргізушісі — Айғаным Алипова!
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!

Және ұжымның ең кішкентай журналисі – Назерке Өрқара!
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!

Жүргізушілердің эфирге мінсіз шығуын қадағалайтын мамандар мен қатар операторлар, бағдарлама администраторы, жалпы, осындай ұжымдық еңбектің арқасында «Күнбастар» көрерменге күнсайын жолтартады!
Блог - asaubota: «Күнбастардың» көңілді ұжымы!
Әрі қарай

Қайырымдылық, көмек көрсету

Жастарға жолдау

Қоғам тек ауқатты адамдардан тұрмайтыны әу бастан-ақ белгілі. Ішерге ас, киерге киіміміз бар біздің көмекке мұқтаж жандарды қаншалықты есімізге алып, я болмаса көмектесіп жүрміз?! Бір данышпанның: " Мемлекеттің болашағы — оның жастарының қазіргі келбеті" деген сөзі неге бізге ой тастамайды?! Тиын — тебенімізді бос уақыттарға, пайдасыз істерге жұмысауға әуестігіміз елімізді артқа тартуда. Демократиялық қоғам ретінде мемлекетке жалтақтауды қашан қояды екенбіз?! «Жылы жүрек, аялы алақан» бұл тек әрқайсымыз шын пейілімен бірігу арқылы жүзеге асады. Әр саусақ жекелей келгенде әлсіз екенін, жұмылған жұдырықтың күш беретінін ұмытпайық. Осыған орай Түркістан қаласында «Жомарт жан» жастар — қайырымдылық тобы құрылды. Жан — жақты ауқымымызды кеңейту үшін белсенді де жігерлі жастарды іздейміз. Тобымызда болу үшін табыс — қаражатыңыз емес, жанашырлық, яки кең жүректігіңіз жетеді. Жас кезіңді немен айналысып өткіздің деген жаратушының сұрағына қазірден жауап іздейік, сауапты іске асығайық.

«Жомарт жан» ЖҚТ редакторы Ибадолла Нұржан
Байланысу телефондары:
8 775 541 88 31
8 705 695 98 41
+7(775)150-95-33
+(771)389-54-95
Әрі қарай

Керек-Ринг 19/05/2016

19 мамыр күні Бирхофф мейрамханасында алғаш рет ойын онлайн режимде өтті. Сұрақтар командаларға арнайы сайт арқылы берілді, жауаптар сайт арқылы қабылданды. Алғаш рет сырттан, яғни Алматы қаласынан бір команда қатысты. Тартысты өткен ойында 9 ұпаймен «Бақсы» жеңімпаз атағын қорғап қалды. Алматылықтар 8 ұпаймен 2-орын, ал, астаналық жастардан құралған «Мафия» 6 ұпаймен 3-болды.

Аршат Оразов дайындаған сұрақтар:

1. Алыс сапарға құмды, шөлейт жерден аттанатын жолаушылар өздерімен бірге негізгі мақсаттарына қажет заттармен бірге қосымша балық аулау және акуладан қорғаныс құралдарын ала кетеді. Бұл құмды аймақ қай елде орналасқан?

2. Хельгасон атты жазушының бір романында ұлты хорват кейіпкер теледидар көріп отырып, «Балқан түбегіндегі мемлекет саны көп болғанда Хорватия жеңер еді» деп ойлайды. Хорватия нені жеңер еді бұл кейіпкердің пайымдауынша?

3. Бұл санатқа кіретін 42 елдің жер көлемі бойынша үлкені – Қазақстан. Халқы көбі – Эфиопия. Ең оңтүстікте орналасқаны – Лесото. Ал, ең солтүстікте орналасқан елді атаңыз?

4. 2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО экспонаттарымен ғана емес, келген қонақ санымен де есте қалды. Келушілердің 98% қытайлықтар еді. Бұлардың көбі шетел түгіл өз облысы, қала, профинция, ауылдарынан шығып көрмеген адамдар. «ЭКСПО көру — олар үшін ғарышқа ұшумен тең болды» деп жазады «Вокруг света» журналы. Мақала авторы Марк Завадский бұл адамдарды қандай неологизм сөзбен атады?

5. Францияда — Куру, Австралияда — Сумера, Жапонияда — Утиноура және Танегасима, Үндістанда — Шрихарикота. Ал, Қазақстанда ше?

6. Андрей Остальский атты жазушының айтуынша, ақша – әр нәрсенің нақты тең өлшемі. Сондай-ақ орыс тіліндегі «деньги» сөзі «теңге» сөзінен шыққан. Жазушының ойынша «теңге» сөзі қандай заттың баламасы?

7. Географиялық дүниетану сұрақтарымызды жалғастырайық. Қызық бір ерекшелік бар екен. Сол бойынша Азияда 3 мемлекет: Қазақстан, Түркия, Өзбекстан. Африкада төртеу: Гана, Нигерия, Эфиопия және астанасы Уагадугу деп аталатын бір ел. Ал, Еуропада тек бір ғана осындай мемлекет бар. Бұл елдің астанасын атаңыз?

8.Азияда орналасқан бір елдегі ауылдық жерде тұрған мына сатылы мінбер не үшін жасалған?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016
9. 1998 жылы түрік рокері Теоман тартылып қалған Арал теңізінің бұрынғы орнында бір әніне клип түсіреді. 2005 жылы бір біріне еш қатысы болмаса да танымал орыс әншісі Юлия Савичева да дәл сол жерде, дәл солай аталатын әніне клип түсіреді. Әндердің атын қазақшаға аударыңыз.

10. 193 мүшесі бар Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін елдердің бірі Науру 1968 жылы тәуелсіздігін жарияласа да бұл елде басқа елдердің бәрінде бар не жоқ?

Мерей Ермұханов дайындаған сұрақтар:

11. ХХ ғасырдың соңында қабылданған бұл бағдарламаны жергілікті халықтың бір бөлігі «Сегіз жарым» деп қалжыңдап атай бастады.

12. Индонезияда «Төрт те бір» ережесі деген ұғым бар. Жастар белгілі бір уақытта жол жиегінде тұрып, өздерін жолаушы ретінде ұсынады. Таксистер мен кәдімгі жүргізушілер оларды тегін алып кете береді, тіпті өздері де соған кіріптар. Оған не себеп?

13. Құрметті ойыншылар, суретке назар аударыңыздар. Сурет лауазымды арудың жеке заттарының ішінен табылған. Суреттегі адамды атаңыз.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016

14. Әзірбайжанның «Зиря» футбол клубы өз чемпионатының бітуіне бір тур қалғанда-ақ екінші орынды қамтамасыз етіп алды. Соған қарамастан, жергілікті футбол федерациясы оның Еуропа лигасына қатыса алмайтынын хабарлады. Клуб түрлі заңды жолдармен қатысуға әрекет етіп көргенімен, ережеден аттап кете алмады. Ал бәріне себеп – «Зиря» осыдан үш жыл бұрын… Сөйлемді екі сөзбен аяқтаңыз.

15. Жапондықтар біріншілерге шешім шығарудағы батылдық, өзіне әсіре сенімділік, екіншілерге тұйықтық, сенімділік, үшінші топқа – ақыл, намысқойлық, төртіншілерге – салиқалылық тән деп санайды. Төртеуін біріктіретін сөз тіркесін атаңыз.

16. Германия тұрғыны Хассо Хейденрейхтің коллекциясында 600-ден астам осы зат бар. Біреуі сағатқа, бірі – кішкентай скрипкаға, бірі қарындашқа, бірі өрт сөндіргішке ұқсайды. Мысалы, оның бір бөлшегінің өзінде 70 пайыз сирек кездесетін церий металы қолданылады. Америкалықтар оны белгілі бір мифологиялық мақұлықтың қалта нұсқасы деп атайды.

17. UNAVCO ғылыми консорциуымының деректері бойынша, ОЛ 2015 жылдың сәуірінде екі жарым сантиметрге кішірейген. Оны атаңыз.

18. Суреттегі азамат Жапониядағы кәдімгі супермаркетте сауда жасап тұр. Оның сатып алған нәрсесі не үшін қолданылады?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016

19. 2008 жылдың қысында Қырғызстанда ирандық Хаджи Фируз, Өзбекстандық Карбобо, Евроодақ өкілдері жиылған жиын болды. Қазақстанның атынан кім барды?

20. Бірінші байлық – денсаулық. Қазақтың осылай басталатын мақалы, Аман Базаевтың пікірінше, ОНЫҢ халықтық нұсқасы болып табылады. ОНЫҢ авторы 1908 жылы Бруклинде еврей иммигранттарының отбасында дүниеге келген. ОНЫ екі сөзбен атаңыз.
Әрі қарай

ЕНДІГІ КЕЗЕК ҚЫЗДАРЫМЫЗДА

Бүгін Астанада «БАРЫС АРЕНА» мұз сарайында бокстан әйелдер арасындағы ІХ әлем чемпионаты жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде РИО олимпиядасына үш салмақ дәрежесі бойынша(51,60,75) он екі жолдама сарапқа салынатын болады. Біздің құрама барлық он салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын болады. Әсірсе, Олимпияда ойындарына баратын салмақтағы қыздарымыз барын салуы тиіс. Қыздарымыз жарыс жолына ертеңнен бастап шығады. Әзірге қыздармыздың еншісінде бір жолдама бар, Дариға Шакимова 75 келіде Цяньаньда өткен іріктеу турнирінде күміс жүлдеге ие болға болатын. Әлі де болса екі салмақта олимпияда жолдамаларын алып, толық құрамда баруға мүмкіндік туып тұр. Айта кетейік, еліміздің ерлер құрамасы тұңғыш рет Олимпияда ойындарына барлық он салмақ дәрежесінде қатысады. Ендігі кезек қыздарымызға келген сияқты. Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 19-27 мамыр аралығында өтеді. Әлем чемпионатының барлық кездесулерін КAZSPORT арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Әрі қарай