Жұлжыз жорамалға қаншалықты сенесіздер?

Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады дейді.Сол қаншалықты рас.Жұлдыз жорамалдардый айтуы бойынша бүгін-

♐МЕРГЕН
Бүгін Мергендер көптеген қиындықтарға тап болуы мүмкін. Қызғаныш пен көреалмаушылықтың әсерінен жасаған жұмысыңыз өз бағасына ие бола алмайды. Басыңызда туындаған мәселе біраз дүниенің шынайы түрін көруге өз үлесін қосады. Мерген үшін ең дұрыс шешім – өзі бастаған істің сапалығы мен тұрақтылығына сене білу.

♓БАЛЫҚТАР
Балықтардың қаржылық жағдайлары бұл күні біраз өзгерістерге душар болады. Табыстармен қатар көп шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Сол себепті шығынға ұшырау мүмкіндігін тудырмау үшін ақшаңызға ие болыңыз. Достарыңыздың әсерінен біраз қаржыдан айрыласыз. Ескі қарым-қатынастардың үзілуі мен жаңа таныстардың пайда болуы әсерінен өз құндылықтарыңыздың өзгеріп, басқа белестерді бағындыруыңыз мүмкін

♒СУҚҰЙҒЫШ
Суқұйғыштар үшін бүгінгі күннің сәтті, сәтсіз болуы өздеріне байланысты болмақ. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз қызғаныштың әсерінен әлсірейді. Сіз үшін дұрыс шешім – барлық мәселелер өз шешімін тапқанша сырттай бақылай тұру.

♑ТАУЕШКІ
Бүгін жұмысыңызға/оқуыңызға қосымша ретінде дизайнмен, автомобильмен, магиямен, бимен айналысқаныңыз жөн. Суға саяхат тәніңізге қуат, жаныңызға тыныштық береді. Бірақ сәттілікпен қатар сәтсіздіктің жүретінін ұмытпағаныңыз абзал. Жалқаулық пен бейтараптылықтан сақтаныңыз.

♏САРЫШАЯН
Бүгін орынсыз əзілге орын бермеңіз, кей адамдар оны дұрыс түсінбеуі мүмкін. Күніңіз сіздің жолыңызда көптеген мәселелердің туындауымен және оларды шешу арқылы табысқа жетуіңізбен ерекшеленеді.

♎ ТАРАЗЫ
Бүгін көптеген қиын проблемаларға тап болуыңыз мүмкін, бұл Таразыларды біраз ойға батырады. Жаныңызға жақын адамдардың көмегіңе жүгіңіз.Қаржы саласындағы адамдармен кездесуіңіз мүмкін. Үлкен сыйға ие болуыңыз мүмкін.

♍БИКЕШ
Бүгін махаббат жағдайына көп көңіл бөліңіз. Себебі, сезімталдығыңызды аңғарып, шын сүйе білетін жан сізге әлі кезікпеді. Жұмысыңызда/оқуда орнатылған тәртіптің бұзылуын сізден көрулері мүмкін. Туындаған мәселелерді бір өзіңіз шешуге талпынбаңыз. Бұл әрекетіңіз еш пайда әкелмейді.

♌АРЫСТАН
Бүгін сізде қаржылық мәселелер туындайды. Қаржыға байланысты барлық мәселелер сіздің қарамағыңызға көшуі мүмкін. Ақша мәселелерін шешу барысында сіз үлкен үлеске ие боласыз. Бұл аптадағы үлкен бір қуаныш – сапарға аттануға қаржылай мүмкіндік туындайды. Бірақ ақшалай есептеуден қателіктер жіберіп алмаңыз.

♋ШАЯН
Бүгін ішкі жан-дүниеңіз біраз өзгерістерге ұшырайды. Әдебиет, баспа, сауда, бизнес салаларында көптеген табыстарға жетуіңіз мүмкін. Сіздің ойларыңыз бен іс-қимылдарыңыз сезім мен ішкі түйсікке көбірек бағынатын болады. Бұл апта кәсіпкерлік пен қоғаммен байланыс жұмыстарымен айналысқаныңыз абзал. Сізді қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда алдына жан салмайтын адамға айналуыңыз мүмкін.

♊ ЕГІЗДЕР
Бүгін отбасыңыздағы мәселелер күрделене түседі. Үйіңізді өзгертуіңіз немесе отбасы мүшелерінің біреуімен қарым-қатынасыңызды үзуіңіз мүмкін. Эмоциялық ауыртпалықтардың әсерінен денсаулығыңыз бірталай нашарлауы мүмкін. Бүгін күн батқанша аяқталғанша маңызды шешім қабылдаудан сақтаныңыз.

♉ ТОРПАҚ
Бүгін бұрынғы ойларыңыздан арылып, жаңа белестерді бағындыруға аттануыңыз мүмкін. Сонымен қатар өзін-өзі тануыңыз бен шығармашылық бостандыққа талпынысыңыздың арқасында табысқа жетесіз. Қоршаған қоғамның сізге деген қарым-қатынастары өзгеріске ұшырайды. Алда күтпеген жайдайлардың орын алуы ғажап емес.

♈ ТОҚТЫ
Бүгін құпия қорқыныштарыңыз бен маза бермеген мәселелеріңіз ұлғая түседі. Дұрысы сүйенген сенім-тоқтамдарыңыз анықтығын жоғалтып, алдамшы дүниеге кезігесіз. Жалғандық, өкініш, сәтсіздікпен күресемін деген тілек-талпыныстарыңыз сынға түсуі мүмкін. Бірақ бұл күннің сіз үшін жақсы жақтары да бар. Өз шыдамдылығыңыз бен қайсарлығыңыздың арқасында сіз үшін шынайы қымбат дүниеге кезігесіз.
Әрі қарай

Астананың Қуыршақ театры әлемдік деңгейге шықты

Астананың Қуыршақ театры Барселона мен Парижде өткен Халықаралық қуыршақ карнавалының кездесулеріне қатысты. Әлемнің 54 мемлекетінен жиналған үздік театрлық ұжымдар өзара тәжірибе алмасып, өнердің осы түрін дамыту перспективаларын талқылады.

Шара барысында Астана қаласының Қуыршақ театрының директоры Тоғжан Хасанғалиева «Плaншетті қуыршақтар» тақырыбында баяндама жасады. Бұл сахна төсемінің үстінен «жүре» алатын қуыршақтың бір түрі, оны планшетті деп атайды. Қазіргі кезде планшетті қуыршақтар өнер әлемінде кеңінен танымал және әлемнің үздік әртістерімен пайдаланылады. Елордалық қуыршақ ойнатушы әртістер де оларды өз қойылымдарында кеңінен қолданылады және өз шеберліктерімен бөліседі.

Сонымен қатар, астаналық әртістер Халықаралық қуыршақ карнавалының шеберлік сыныптарында қазақтың ұлттық стилінде жасалған үстел планшетті қуыршақтарымен өнер көрсетті. Олар шетелдік әріптестерінің назарына «Қаңбақ шал» халық ертегісін ұсынды. Халықаралық қуыршақ карнавалының кездесулеріне қатысқан әлемнің үздік қуыршақ ойнатушы әртістері Астананың Қуыршақ театры әртістерінің шығармашылығы мен кәсіпқойлығын жоғары бағалады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11441
Әрі қарай

Қостанай облысының тауар өндірушілері елордаға 400 тоннаға жуық өнім әкелді

Қалалық алаңда Қостанай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шараға өңірдің 14 ауданы мен 3 қаласынан 74 кәсіпорын қатысуда. Жалпы облыстан елордаға 400 тоннаға жуық түрлі өнім әкелінді, соның ішінде, көкөніс, ет, сүт және нан өнімдері және т.б.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің бағасы базардағыдан орта есеппен 15-20% арзан. Елорда әкімі Әсет Исекешев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынылған тауарлардың сапасы мен әралуандылығына көз жеткізді.

— Біздің жәрмеңке қалалық алаңда өтіп жатыр, жақын маңда зейнеткерлер, бюджеттік сала қызметкерлері көп тұрады, олар бірнеше айға деп, өнімдерді артығымен сатып алуда. Өйткені біздің өнім сапалы әрі базар мен гипермаркеттерге қарағанда 15% арзан. Айта кетейін, біз жәрмеңкемен ғана шектелмейміз, азық-түлік өндірушілер мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімізді қалалық базарларға, гипермаркеттерге делдалсыз тікелей шығару үшін Астана қаласының әкімдігімен меморандумға қол қойылды, — деді Архимед Мұхамбетов.

Оның айтуынша, келесі аптада 10-15 ірі ауыл шаруашылық тауар өндірушімен азық-түлікті Астанаға тікелей жеткізу бойынша келісім жасалады.

Қостанай облысының әкімі өңірдің алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты жоспарларымен де бөлісті.

— Қостанай өңірі ЭКСПО көрмесіне азық-түлік жеткізіп қана қоймай, қонақтарды да қарсы алатын болады, біздің туристік маршруттарымыз жақсы, — деді Архи­мед Мұхамбетов.

Қостанай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бүгін және ертең – 15-16 қазанда өтеді.
Әрі қарай

Астанада дәстүрлі Махамбет оқулары өтеді

17 қазанда М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Махамбет — тарихи тұлға» атты Махамбет оқуларының қалалық байқауы өтеді.

Конкурс XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көшбасшысы, қазақтың ұлы ақыны Махамбет Өтемісовке арналған.

Махамбет оқуларының қалалық байқауына 8-17 жастағы 100 бала қатысады. Басты кезеңге 60 мектептің ішінен 24 мектептің оқушылары өтті.

Биыл «Махамбет — тарихи тұлға» қалалық байқауы «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын», «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациялары бойынша өтеді.

2003 жылы астаналық оқушылар сарайына батыр бабамыз Махамбеттің есімі берілді. Оқушылар сарайы 13 жылдан бері Махамбет оқуларын ұйымдастырып келеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11438
Әрі қарай

Елордада үздік сынып жетекшілері анықталды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Ең үздік сынып жетекшісі» жалпы мектепішілік конкурсы өтті. Байқауда 11 сынып жетекшісі бес номинацияда сайысқа түсті.

Бірінші кезеңде сынып жетекшілері «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында эссе жазып, сынып туралы жарнамалық кітапшаларын таныстырды.

Келесі номинацияда педагогтар ашық сынып сағаттарын өткізді. Бұл олардың оқушылармен өзара сыйластық қатынас құру, әрбір оқушыны тақырыпты талқылауға тарта білу қасиеттерін көруге мүмкіндік берді. Бағалау кезіндегі басты критерий сабақтың мазмұны, оны өткізу әдістері мен нысаны болды. Конкурс барысында қатысушылар «Сынып жетекшісінің өмірінен бір күн» бейнеролигінің авторы атанды. Бұдан басқа, сынып жетекшілері өз шығармашылық өнерлерін ортаға салды.

«Ең үздік сынып жетекшісі» байқауының Гран-приі мен «Ең үздік сынып жетекшісі» атағы Гулистан Уринбасароваға бұйырды.

Бірінші орынды Сымбат Омарова мен Айгүл Долапова өзара бөлісті. Аяулым Ахметбекова екінші, Роза Акиярова үшінші орында.

Қалған қатысушылар номинант атанып, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Конкурс оқушыларды тәрбиелеудің инновациялық әдістерін анықтау, кәсіби даму, шығармашыл сынып жетекшілеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11437
Әрі қарай

Алғашқы қар ғаламторда

Әдеттігідей таң кофе ішуден емес, ғаламтор ақтарудан басталады. Бүгін бір қызық жайт болды. Қоғамдық желілерде барлығы қар жауғандығы туралы суреттер салып жатыр, видеолар түсіріп жатыр. Бәрінің ойында интернетте осы жағдайды хабарлап қалу. Олай істемесе елдің басқа жағында жүрген адамдар далада қар жауып тұрғанын көрмей қалатын сияқты. Негізі, адамдар далаға шығады, далаға шықпаса терезе деген дүние бар. Басқалар да қардың жауғанын көріп тұр. Сондықтан ғаламторды жауған қармен толтырудың қажеті жоқ, онсыз да күн суық...!
Әрі қарай

Қай орынға отырасыз? (психологиялық тест)

Мәтінді оқымай тұрып, төмендегі суретке зер салыңыз. Жаныңызға жақын, отырғыңыз келетін орындықты таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес орындық сипаттамасын оқып, өзіңізді таныңыз.
Блог - AyzhanAmirbekova: Қай орынға отырасыз? (психологиялық тест)
1. «Кәсіпкер» орындығы. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.

2. «Рухани тәлімгер» отырғышы. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі ұсқыныңыз қандай жайдары болса, жаныңыз да сондай жомарт. Ешқашан сабырға келе алмайтын жанды да тыныштандыру сіздің ғана қолыңыздан келеді.

3. «Өнертапқыш» орындығы. Сіз қуатыңыз мол және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез келген істі байқап көргіңіз келеді. Алғаш көрген көзге іш пыстырарлық адам боп таныласыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ идеяларыңыз ешқашан ешкімді жалықтырған емес. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.

4. «Сыншы» орындығы. Сіз талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Мойындаңыз, мұндай ой тууына өзіңіздің үлесіңіз бар. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.

5. «Психолог» орындығы. Сіз барлығын білуге құмарсыз, талабыңыз таудай. Өмірге сұрағыңыз көп, барлығының жауабын табуға ұмтыласыз. Біреу сізге өмір жолын айтып беремін десе, басқаға бас бұрмай отырып, тәулік бойы тыңдауға әзірсіз. Бірінші көрген кісіге сабырлы да салмақты, қарапайым жан екен деген ой қалдырасыз. Бірақ, шын мәнісінде өте белсенді адамсыз. Барлығын санада сараптап, мида қорытасыз. Адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын меңгеруге құштарсыз.

6. «Саяхаттаушы» орындығы. Сіз тапқыр, жігерлі жансыз. Бір күн бойы пойыз не ұшақ терезесіне телміріп, әлемге көз тігіп отырудан бас тартпайсыз. Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бұрын соңды көрмеген жер, жаңа таныстар, таңсық нәрселер сізді шабыттандырады. Бейтанысқа беймаза жан боп таныласыз. Шынында да, өміріңізде сәл тыныштық орнауы үшін, өзіңізді қолға алыңыз. Ғұмырыңызды саяхатқа арнағыңыз келеді. Сапарға шықпаған кезіңізде, үнемі алыс шетелді елестетіп, қиял құшағында жүресіз.

7. «Романтик» орындығы. Сіз шығармашылық адамысыз әрі арманшылсыз. 24 сағат бойы ой үстінде отыра аласыз. Қиялыңыз ұшқыр, ойыңыз әрдайым әлемді шарлап жүреді. Сапар соңында қадамыңыз басталған жерден табылмайсыз. Бір көрген жан көп қырлы екеніңізді байқайды. Айналаңыздағы әлемді қаншалықты ұмытып кететін болсаңыз, ойыңыздан да соншалықты адасасыз. Санаңызда әрқашан адам ойына келмеген жақсы нәрселер өмір сүреді, тек соны жазып не есте сақтап алатын зейін жетіспейді.

8. «Ғалым» орындығы. Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні-түні қиын да күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде, өте әуесқой кісісіз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.

9. «Философ» орындығы. Сіз кірпияз, бірақ көңілді адамсыз. Күні бойы бір орында отыра аласыз. Сөйте тұра, ішіңіз пыспайды, өзгелердің де ішін пыстырмайсыз. Сіз үшін әлем – алып ойын-сауық. Дүние жүзінде әр күні әр түрлі қызық жайт орын алады ғой. Бірінші рет көрген кісіге таңғажайып боп көрінесіз. Бағыңызға орай, көпшілігі сіздің біртүрлі қылықтарыңызды қызықты деп қабылдайды. Өмірге өзгеше көзқарасыңызды үнемі танытып жүресіз.
Әрі қарай

14 қазанда Астанада коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру бойынша кезекті сауда өтеді

Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасы коммуналдық меншік нысандарын сату бойынша аукцион өткізілетінін хабарлайды. Бұған дейін алдағы сауда туралы хабарландыру www.gosreestr.kz веб-порталында (2016 жылғы 29 қыркүйекте) жарияланған болатын.

Сауда-саттық ертең, 14 қазанда сағ. 10.00-17.00 аралығында өтеді.

Аукционға мыналар шығарылады:

1. Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Көңілді тапқырлар театры» МКҚК. Бастапқы бағасы – 8 275 000 теңге. Кепілді жарна сомасы бастапқы бағаның 15%;

2. Елорда әкімдігінің 25,9% көлеміндегі «Ақмола Диірмен» ЖШС қатысу үлесі. Бастапқы бағасы — 76 045 000 теңге. Кепілді жарна сомасы бағаның 15%.

3. Астана қаласы әкімдігінің «Астана» су полосу спорт клубы» МКҚК. Бастапқы бағасы – 39 851 000 теңге. Кепілді салым сомасы бағаның 15%.

Саудаға ЭСҚ-ңыз болса, тиісті кепілді жарна төлеп, www.gosreestr.kz интернет-ресурсы арқылы да қатысуға болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11436
Әрі қарай

Қайта оралу.

Сәлем Әлем! Мен бүгін таңғажайыптың арқасында блогымды қайта аштым.Алда қызықты тақырыпта ой-толғаулар болатынына сенемін.
Әрі қарай

Қазақ балалары да робот жасай алады

Астана жаңалықтары: Қазақ балалары да робот жасай алады

Таяу күндері Астанадағы Халықаралық мектепте робототехникадан республикалық Олимпиада өтті. Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе ұйымдастырған шараға еліміздің жалпы білім беретін ордалар мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің аймақтық жарыс кезеңдерінің 184 жеңімпаз оқушысы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуларынша, шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ғылым мен техниканың өзекті салаларына назарларын аудару, заманауи ғылыми-техникалық бағытта шығармашылықтарын дамыту, білім беру процесінде робототехниканың оқу бағдарламаларын табысты жүзеге асыру.

Айта кетейік, жарыс робототехниканың халықаралық Олимпиадасының (Word Robot Olympiad – WRO) ережелеріне сәйкес өткізілді. Жүлделі орындарға ие болған командалар серіктес Microsoft, Lego, Dr. WEB компанияларынан бағалы сыйлықтар алды. Енді республикалық сайыс жеңімпаздары қараша айында Делиде (Үндістан) өтетін халықаралық Олимпиадада ел намысын қорғайтын болады.

Бұл олимпиаданың 12 жылдық тарихы бар. 2004 жылдан бүгінге дейін әлемнің 50-ден астам елінде өткізілген білім жарысына 20 мыңнан астам команда қатысыпты. Ал елімізде өткізілген жарыстарға 2014 жылы 100 команда, 2015 жылы 115 команда атсалысқан.

Астана жаңалықтары: Қазақ балалары да робот жасай алады
Әр елде Олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізумен ұлттық ұйымдастырушылар айналысады. Word Robot Olympiad шешімімен Қазақстандағы ұлттық ұйымдастырушы болып «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бекітілген. Бүгінде НЗМ жалпы білім беретін мектептерге робототехниканы енгізу үшін 80 жаттықтырушыны даярлап, еліміздің 2500 мұғаліміне робот жасаудың қыр-сырын үйретуді қолға алды. Еліміздегі кей мектептерде робототехника үйірмелері ашылып, оқушылар робототехника саласымен жете танысуы басталып та кеткен. Демек, мектеп қабырғасында жүріп, робот жасауды меңгерген шәкірттердің алдында ғылыммен айналысу мүмкіндіктерінің ашылары сөзсіз.

Еске сала кетсек, «Робототехника» – математика, физика, информатика, технология, инженерия және тағы басқа да пән негіздерін бірлестіретін пәнаралық элективті курс. Бұл курс логикалық ойлауға, әр оқушының дербес негізде техникалық өнім моделін құрастыру дағдыларын дамытуға, оқушыларға жаңа үлгідегі 21 ғасырдың техника мен технологияларымен танысуларына мүмкіндік береді. Келесі жылғы Олимпиаданы EXPO-2017 көрме базасында өткізу жоспарланып отыр.
Астана жаңалықтары: Қазақ балалары да робот жасай алады
«Біз үш жыл қатарынан Олимпиада өткізіп жатырмыз. Бұл шара тұңғыш рет Қазақстанда 2014 жылы ұйымдастырылды. 11 қыркүйекте өңірлік кезеңдер өткізілді. Онда робототехника саласы бойынша үздік оқушылар іріктеліп алынды. Республикалық сайыста қатысушылар жас бойынша 8 санатқа бөлінді. Олардың жасы 9-дан 25 жасқа дейін», – дейді Олимпиаданың бас қазысы Азамат Биданов.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын Олимпиаданың тақырыбы өзгеріп отырады. Биылғы жылдың тақырыбы – қалдықпен күресу. Қатысушылардың барлық жұмысы осы салаға арналады. Мәселен, қалдықтарды реттеу мен өңдеу жөнінде жұмыстар ұсынылатын көрінеді.

Астана жаңалықтары: Қазақ балалары да робот жасай алады
Рас, Қазақстан үшін робототехника өте жас сала. Мысалы, Жапония, АҚШ, Германия сияқты робототехника саласындағы жетік елдер сондай биік дәрежедегі өндіріске ондаған жыл бойы тынымсыз еңбектеніп жетті. Қазіргі кезде бұл елдерде робототехника саласы қарқынды дамып келеді және Қазақстаннан робототехника бойынша 10-20 жылға озып отыр. Германияның Kuka AG, Жапонияның Kawasaki Robotics индустриалды роботтарды шығаратын компаниялары соған мысал.
Жас мемлекетіміз үшін бұл кемшілік саналмасы белгілі. Қай салада болмасын талай межені бағындыруға талпынған еліміз робототехника саласын да жете меңгеріп, келешекте қазақ балалары арасынан да мықты ғалымдар шығып жатса, таңғалуға болмайды. Өйткені, Білім және ғылым министрлігінің ерекше көңіл бөлуінің арқасында бүгінде оқушыларымыз біршама белесті бағындырып та үлгерді.

Ендеше, бұл – адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыт жақындап келе жатыр деген сөз.

Айша БЕКҚЫЗЫ
Әрі қарай