Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]

Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]

Малика Фавр (Malika Favre) — Лондонда тұратын француз суретшісі. Минималистік бағытты ұстанатын дизайнер, иллюстратор. Суреттері қанық түстерге толы, артық ештеңесі жоқ, нүктелер, сызықтар, бір бірімен әдемі үйлесіп жалғаксқан түстер. Малика көптеген косметика брендтеріне және әйел журналдарына сурет салады. Өз жұмыстарын жеке сайтында жариялап тұрады, кей біреулерін сатып алуға да болады. Ал Камасутра позаларын әріптер арқылы өзіндік әліппе жасауы — танымал еңбектерінің бірі.

www.thekamasutra.co/a-z
Әрі қарай

Өзбекше ән

Фейсбукте қазақтарға ұнап жатыр екен. Сөзін жазып қоюды жөн санадым.

Ғазизім

Әтіргүлдер (раушан гүлдер) ашты шырай
Қара! Күшку (зәулім үй мен) биллур (хрусталь) сарай
Жұлдыздар ішінде тәнһа (дара) ай
Ғазизімсің менің, менің ғазизім

Ләйлі жүзі маған маған бекер
Мәжнүн сөзі маған маған бекер
Шырын сөзі маған маған бекер
Фархад көзі маған маған бекер

Жұлдыздар ішінде тәнһа (дара) ай
Ғазизімсің менің, менің ғазизім

Мен шаһзада, күлме күлме, қара
Көзім саған көзгү (айна) маған қара
Періштелер ішінде сен ягонам (жалғызым)
Періштемсің менің, менің періштем

Шаһзадалар ішінде сен жалғызым
Шаһзадамсың менің, менің шаһзадам
Әрі қарай

Өмірдің мәні неде екен?

Өмірдің мәні — қарапайым адам бола білуде, әрбір сәттен ләззат алуда, талпыныс жасауда, әрбір нәрсенің байыбына жетіп қастерлеуде. Бұл негізінде мынадай деп қадап, пішіп, кесіп, қатып қалатын нәрсе емес. Әр адам үшін әр түрлі.
Кейде өзімді түкке тұрғысыз жаны бар тіршілік иесі секілді сезінемін, қарадай көңіл-күйім құлазып, басым ауған жаққа кетіп қалғым келеді. Бой сергіту үшін көшеге шығам: мүгедектер арбасына таңылған жандарды, өмір басқа салғандықтан жол шетінде қайыр сұрап отырған әйелдер мен бала-шағаларды, ішкілікке салынып кетіп отбасынан кетіп көшеге беттері көнектей боп көгеріп жүрген кей жандарды көргенде мен АЛЛАһқа жалбарынып асылық-пендешілік ойларым үшін шын жүректен кешірім тілеймін, менікі ессіздік, тіпті еркелік екенін түсініп ұяламын. Менен мың есе жағдайы төмен, мұқтаждық көріп жатқан жандар бар. Өкініштісі, анда-санда қалтамдағы бес-он тиыныммен көмектескенім болмаса (оны бұлдап тұрғаным жоқ), қоғамды жақсарту үшін, ел мен жұртқа пайдалы заттар істегенім қайда? Мен еңсемді түсіретіндей қиямет-қайым жоқ, он екі мүшем иншаллаһ аман-сау, өмірден баз кешкенім орынсыз, күресу, күресу, тек қана күресу тұр алдымда.
Әрі қарай

Астанада халықтың әлсіз топтарына қатты отын алуда көмек көрсетіледі

Елорданың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратына сәйкес, пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын жасы бойынша зейнеткерлер, мүмкіндіктері шектеулі ересектер және балалар отынды сатып алуда көмек ала алады.

Маңызды талап аталған адамдар санаты тұрғын үйдің меншік иесі және басқа тұрғын үйі болмауға тиіс, сондай-ақ, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен немесе 81 318 теңгеден аспауға тиіс. Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептiк көрсеткiш (16 968 теңге) көлемінде төленеді. Егер қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына Иманбаева көшесі, 16 мекен-жайы бойынша жүгіну қажет.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11481
Әрі қарай

Алдағы бес жылда Астанада сумен жабдықтау және су бұру тарифтері қымбаттамайды

Алдағы бес жылда елордада сумен жабдықтау және су бұру тарифтері қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін «Астана Су Арнасы» ҚМК нысандарына пресс-тур кезінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері мәлім етті.

«Астана Су Арнасы» АҚ үшін тарифтер 2016 жылдың 1 қаңтарында бекітілді. 2017 жылдың 1 мамырынан бастап пайдаланылған су тарифі 86,87 теңгені, және сумен жабдықтау қызметтеріне 94,25 теңгені құрайды. Алдағы бес жылда бұл тариф бекітілген бағалар деңгейінде сақталуға тиіс», — деп атап көрсетті монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Нұрлан Айтбаев.

2016 жылдың 1 мамырынан бастап елорда тұрғындарына қызметтерге тафритерді төмендету арқылы өтемақы төленеді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті өкілдерінің айтуынша, өтемақы тариф жалпы сомасы 205 млн теңге болатын 2015 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламада қарастырылған шаралардың орындалмауы үшін қарастырылған.

2016 жылдың 9 айында «Астана Су Арнасы» ҚМК инвестициялық шараларды орындау көлемі 837 млн. теңгені құрады. Қаржы станцияларда есептегіш құралдары бар автоматтандырылған жылу тораптарын орнатуға, тозығы жеткен сорғы жабдықтарын ауыстыруға, 2,8 км кәріз желілерін қайта жөндеуге және тағы да басқа жұмыстарға бағытталған.

Мамандардың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына дейін 413 млн теңге соманың кешенді шараларын іске асыру көзделген, соның ішінде, суды коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізудің бірінші кезеңі, және 2017-2020 жж. сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жөндеу үшін ЖІЖ әзірлеу және түзету жоспарланған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11486
Әрі қарай

Тәуелсіздікке тарту.

Тәуелсіздікке тарту.
Қазақ театр өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы академиялық драма театры өзінің кезекті маусымының шымылдығын ашты. 91-ші маусымның алғашқы премерасы – 1991 жылы тәуелсіздігін алған еліміздің 25 жылдық мерейтойына арналған «Ақтастағы Ахико» қойылымы. Қоюшы-режиссер –Асхат Маемиров.
Мадина Омарованың аталмыш шығармасы театр сахнасында алғаш рет сахналанбақ. «Ақтастағы Ахико» драмасының негізгі желісі – Кеңес үкіметі кезіндегі қуғын-сүргін құрбандарының қилы тағдыры. Зұлмат заманда «халық жауы» деп танылып, жазасыз атылғандар мен елден жыраққа жер аударылғандар қаншама?! Солардың бірі — сонау Жапониядан Қазақстандағы Карлагка жер аударылған бала Ахико.Шығармада Ахиконың тағдыры сөз етіледі. Ахикомен бірге бір лагерьде Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллиннің әкесі Сейфолла Оспанов жазықсыз жазаларын өтеді. Ахметтің соңғы аманатына қиянат жасамаған Ахико босап шығып, тарихи отанына оралғанымен, Қазақстанға кері қайтады. Ендігі өмірін қазақ елінде өткізуді дұрыс деп санайды. Бүгінде сол бала Ахико 85 жасқа келді. Ол әлі күнге дейін өзіне қамқорлық жасап, қиын кезде қолтығынан демеген қазақ халқына ризашылығын білдіреді.
«Ақтастағы Ахико» – театр сахнасындағы алғаш рет көзі тірі қуғын-сүргін құрбанына арналған қойылым. 91-ші маусымның алғашқы премьерасы 22-23 қазан күндері сахналанады.
Жапон жігітінің қазақ даласына деген шексіз махаббаты мен ел алдындағы борышына деген адалдығының куәсі болғыңыз келеме? Ендеше, жаңа маусымда жаңа премьерада жолыққанша!
Әрі қарай

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен Қарағанды облысының дін басқармасымен «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Рухани келісім күні аясында ұйымдастырылған.
Жиынға Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, дін және этномәдени бірлестіктер көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел мақсаты – Қазақстан Республикасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған көкейкесті мәселелерді қарау.

Алғы сөзінде облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің табысты дамуының іргетасы бейтшілік пен келісімнің арқасында екендігін атап өтті.

— Тәуелсіздіктің 25 жылдық тарихында елімізде барлық ұлттар мен ұлыстардың ана тілінде сөйлеуіне, өз әдет ғұрыптары мен дәстүрін сақтап, өз дінін ұстануына барлық жағдайлар жасалған, — деді қуанышпен Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Конфессиялар жетекшілері мемлекеттік органдар тарпынан діни экстремизмның алдын алу бағытындағы ауқымды істерге оң баға беріп, аталған жұмысты әрі қарай жалғастыру жөніндегі ұсыныстарын айтты.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын қорытындылай келіп, оның қатысушылары халыққа арналған Еліміздегі демократиялық қағидаларға негізделген барлық қоғам мүшелерінің құқықтарын, діни сеніміне құрметпен қарау, ұлтаралық және діни бірлестіктер арасындағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға және халықты бейбітшілік пен келісімді нығайту арқылы діни экстремистік және террористік актілерге жол бермеуге шақырып, туралы қарар қабылдады.