Əлішер өзінің əртістік мансабын Алматыдағы базарда бастаған болатын. Арзан кафеде күніне 300 теңгеге əн айтқан, ал бүгін ол бүкіл Қазақстан бойынша турне өткізіп, өзінің концерттеріне толық зал жинайды. Кəрімовтың айтуы бойынша, ол əнші болу үшін туылған. Ол ешқашан өзін басқа мамандық иесі боламын деп ойламаған. Өзінің арман жолында жас əртіс қаншама қиындықтарды бастан кешірді. Бірнеше рет сүрінсе де, қазақ эстрадасындағы өз орны үшін аяққа тұруға тырысқан. Балалық шағында қандай бала болды, нені арман етті, құлаған шақтары мен аяққа тұрған кездері жайында, болашақтағы жоспарлары туралы əнші Майя Бекбаевамен «iD TV-мен Моя История» атты бағдарламада айтып өтеді.
Майя Бекбаева: «Біз өте ұзақ уақыт бойы келісімге келуге тырыстық. Оның уақыты өте тығыз еді, көптеген кездесулері бар болатын. Мұның барлығына қарамастан, біз онымен шынайы сұхбат жүргізе алдық».
Ол өзінің бала кезінен бастап əн шырқаған. Қайда жүрсе де барлық əндерді қайталай орындап, əртістерді пародиялаған. Əрқашан сахнада əн шырқауды жəне танымал болуды қалаған.
Ол əрдайым танымал болғысы келді жəне енді оның жанкүйерлері Wikipedia сайтынан да ол жайында мәлімет ала алады.
«Менімен жасты балалар асық ойнап, жүгіріп, секіріп жүргендерінде, мен музыкамен көп айналысқан болатынмын. Сол кездің өзінде менің болашақ мамандығым — менің нантабарым жəне болашақта айналысқым келетін ісім екенін ұғындым», — дейді Əлішер.
«Super Star» жобасынан кейін Әлішерде шығармашылық тыныштық орнады. Продюсерлерден ешқандай ұсыныстар болмады. Уақыт өте келе ол ендігі кезден бастап байланыстарға ие болып, әндерді жазып, өзі де қимылдауы керек екенін түсінеді. Әлішердің мойындауы бойынша ол екі жыл бойы ұсақ іс-шараларда бірнеше жүз доллар үшін ғана жұмыс жасаған екен. Тіпті, үш жүз теңгеге ән шырқаған кездері де болған көрінеді. Суық күні алаңда ән айтып, оның дауысының байланыс жолдарының үзілуіне әкеліп соғады. Ол өзінің педагогы, содан соң оның Астанадағы алғаш концертінің барлық билеттерін сатып алған әкесінің сыныптас досының арқасында «Келемін саған» әніне бейнебаян түсіре алатындай қаражат жинайды.
Өзінің сұхбатында жүргізуші 2014 жылы Юрмалада Әлішердің ән шырқап, содан соң көрермендер тарапынан желіде оның шығармашылығына көптеген сын болуы жайында сөз қозғады.Әртісті репертуарының өзгерісі мен конкурстағы жеңілісі қатты күйзеліске ұшыратты. Әлішердің айтуы бойынша, өмірінің бұл кезі үлкен сынақ болған екен. Оның сол кездегі уайымы конкурстағы оныншы орын емес, репертуары мен оның сырт келбеті болды. Әртістің ойынша, уақыт өте келе алған орны мен бағасы ұмытылып кетеді, алайда орындаған әні мәңгілік есте қалып қояды. «Әртіс рөлге кіре ала білуі керек, репетиция жасауы қажет, ал ән болса, сіңе алуға тиісті. Егер де мен басында ойластырғандай орындай алғанымда, онда, әрине, қорытынды бұндай болмас еді. Маған толықтай өзімді көрсетуге мүмкіндік берілмеді. Ал репертуардың бірнеше күн қалғанда өзгеруі тіпті қиын дүние болды»,- деп еске алады Әлішер.
Өзінің сұхбатында танымал қазақстандық әртіс жеке өмірі жайлы болашақтағы жоспарларымен бөліседі. Оның айтуынша, жақында ол Астанаға көшкелі жатыр. «Астананың климаты маған ұнайды. Және де сол жақта менің сүйіктім тұрады, сондықтан оған және де болып жатқан барлық жағдайларға жақын болу үшін сонда кеткелі жатырмын».
Сонымен қатар, Əлішер өзінің жеке сайтын ұсынады: www.alisherkarimov.com
«Эйр Астана» әуекомпаниясы алдағы уақытта 11 ұшақ сатып алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
Оның айтуынша, отандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы әуекемелері паркін кеңейтуді көздеп отыр.
«Қазіргі кезде компанияда 30 ұшақ бар. Олардың әрқайсысы 6-7 жыл көлемінде жүрген. Енді 2020 жылға дейін Airbus A320 үлгісіндегі 11 әуе кемесін, ал 2019 жылға дейін ұзақ магистральді екі Боинг 787 ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр», — дейді Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, 5 халықаралық қаржы орталықтарына, яғни Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонконг, Сеул қалалары бойынша Астанадан тікелей ұшулар орындалуда. Сонымен қатар Вена, Париж, Абу-Даби, Бейжің, Ыстамбул, Үрімші, Бангкок, Шарджа, Минск, Мәскеу, Баку, Ташкент, Киев, Бішкек, Тбилиси сынды астаналарға да апаратын бағыттар да ашылған. Жаңа бағыттар ашу бойынша жұмыстар әлі де жалғасын табады. Мәселен, 2019 жылға қарай Токио, Сингапур, Шанхай бағытында, 2020 жылы Нью-Йоркпен тікелей байланыстыратын әуе жолын салу жоспарланған.
Айта кеткен жөн, «Эйр Астана» әуе тасымалдаушы компаниясын ірі халықаралық оператор ретінде дамыту «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 67-қадамында айтылған. Оған сәйкес, «Эйр Астананы» халықаралық бағыттарға ыңғайластырып, әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашу көзделген.
«Халықаралық әуе тасымалы нарығын кезең-кезеңмен ырықтандыру мақсатында 2017 жылы Астана қаласы әуежайында «Ашық аспан» пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Оның аясында Прага, Хальсинки, Вена, Варшава, Будапешт және тағы басқа қалаларға қосымша 8 жаңа бағыт ашу ойластырылған», — деді министр.
Баяндама барысында министр Қазақстан әуе қатынастары жүйесінің ИКАО талаптарына сәйкестігі мәселесіне де тоқталып өтті.
«Ағымдағы жылдың басында ИКАО сенімділікті арттыру миссиясын жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстанда ИКАО стандарттары мен Тәжірибелік кеңестерін ел іргесінде енгізу тиімділігі 65%-дан 74%-ға артты», — деді Жеңіс Қасымбек. Осы орайда орташа әлемдік көрсеткіш 63% екенін еске сала кеткен жөн.
Айта кетейік, Air Astana — Қазақстан Республикасының басты әуе компаниясы. Компанияның негізгі акционерлері –«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ мен Британдық BAE Systems, оның 51% «Самұрық-Қазына», ал 49% BAE еншісінде. Компания 64 ішкі және халықаралық рейсті Алматы негізгі хабынан және Астана екінші хабынан орындайды.
Материал «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» іске асыру бойынша азаматтарды ақпараттандыруды арттыру мақсатында Интернет-қоғамдастығының әлеуетін тарта отырып іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» проектісі аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша дайындалды
Қазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттер ішінде жолаушылар тасымалы жағынан екінші орын алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
«Азаматтық авиация саласында соңғы бес жылда негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсімін байқауға болады. Қазақстан әуе компаниялары тасымалдайтын жолаушылар саны 44%-ға, яғни, 4,1 млн-нан 5,9 млн адамға артты. Қазақстан әуежайларының қызметіне жүгінетін жолаушылар саны да соңғы жылдарда тұрақты түрде өсіп келеді, орта есеппен 9%-ға», — деді министр Жеңіс Қасымбек.
Осы орайда министр Қазақстан ТМД елдері ішінде жолаушы тасымалы жағынан екінші орын алатынын айтып өтті. Ал 2015 жылы Астана (10-орын) мен Алматы әуежайлары (6-орын) жолаушыға қызмет көрсету саны жағынан ТМД-ға мүше елдер арасында үздік он халықаралық әуежай тізіміне енді.
Айта кету керек, бұл жұмыстардың бәрі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 68-қадамында қамтылған болатын. Атап айтқанда, Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін әуе тасымалын мемлекеттік реттеу қажеттігі айтылған. Яғни азаматтық авиация қызметін британ және ЕО үлгісіне негіздеп құру жоспарланып отыр.
Бұл тұрғыда, азаматтық авиацияны дамыту мақсатында бірқатар қызу жұмыстар тындырылды. Мәселен, министрдің есебіне құлақ ассақ, елімізде жұмыс істеп тұрған 20 әуежайдың 14-і және 10 жолаушы терминалы күрделі жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін Петропавл қаласындағы әуежай терминалына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
«Қазіргі уақытта отандық әуе компаниялары Қазақстан территориясы арқылы жылына 250 мың жолаушы тасымалдаған. Бұл дегеніңіз күн сайын 900 транзиттік жолаушы тасымалданады деген сөз. Бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсіп, 2010 жылдан бері 10 есеге артты. Жаңа рейстерді ашу арқылы 250 халықаралық бағытқа жол ашылды», — деді Ж.Қасымбек.
Оның айтуынша, енді Астана әуежайының инфрақұрылымын жетілдіріп, Алматы маңынан хаб құру тапсырмасын жүзеге асыру, сонымен қатар халықаралық маршруттар мен қазақстандық әуе компанияларын дамыту арқылы 2020 жылға қарай транзиттік жолаушы ағынын үш есеге арттыруға мүмкіндік туады.
Осы тұрғыда Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай мен Үндістаннан шығатын жолаушылар ағыны Қазақстан үшін ең тиімді транзиттік бағыттар болып табылады. Мысалға, Қытайдан сыртқа шығатын туристер саны орта есеппен жылына 110 млн адамды құрайды. Осы туристердің 1 пайызын Қазақстан арқылы тасымалдағанның өзінде, транзиттік жолаушылар ағыны елімізде 1,1 млн адамға артады.
Сұхбат Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша дайындалды.
Соңғы күндері көп естіп кеткен «Сыбайлас жемқорлық» сезі көп ойландырып жүр. Расымен, онымен күрес қаншалықты деңгейде жасалуда? Мемлекет өзіндік шараларын, азаматтық қоғам өз жобаларын жүзеге асырып, әлек болуда. Алайда ол нәтижесін беруде ме? Қызығы біздің қоғам ол әрекеттерді өзі сезіне отырып жасайды. Қарапайым кезекте тұрғанда тізімің ілгері жылжып, оң нәтиже алу үшін 2-3 мың ұстатарымыз бар. Осындай жағдайларды жасай отырып, өзгелерді түзеп, сынауымыз тағы бар. Енді қызық сауал. Қанша әрекет пен алдын алу шаралары жасалғаны мен олар орындалып жатыр ма? Нәтиже бар ма? Немесе онымен қалай күресуге болады? Осы сынды сауалдарға көпшілік пікір білдірсе нұр үстіне нұр болушы еді. Жемқорлық туралы сіздің ой бізге маңызды…
Қазан айының соңғы күнінде Әлмұратов Бақыт ағайыммен сұхбаттасқан едім.Сұхбат «Тәуелсіздікке 25жыл»тақырыбы аясында көрініс тапты: -Аға, 25жыл ішінде орын алған өзгерістердің айтулы, елеулісі деп нендей өзгерісті айтар едіңіз? -Меніңше ең елеулі ол ұлттық сананың оянып,ұлғайғаны.Жалпы қазір кемшік іздеушілер көп.Айтқым келгені өзге елдермен ел жағдайын салыстырар болсақ, әлдеқайда көш ілгері келе жатқанымызды аңғарар едік Қарапайым Халыққа қызмет көрсету орталығы сынды дүниені алайық.Бізде барлығы дайын, бар…Енді алпауыт Ресейді қараңыз, онда мұндай сынды қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасамайды екен.(Ағам өзге де бірнеше шет елдерді мысалға келтіре және біршама жетістіктерді айта кетті) -Өзіңіз атап өткен жетістіктер аясында жастардың үлесі қаншалықты деп ойлайсыз? -Әрине, жастар үлесі өте зор! Жастар- алға сүйреуші күш! Осы бір тұста айта кетейін, жастар арасында сауалнама жүргізгенде «Сізді саясат қаншалықты қызықтырады?»деген сауалға 52,8%-қызықтырады десе,12%-ы жауап беруге қиналып,қалған пайызы қызықпайтындықтарын білдірген екен.»Қай сала маңызды»сауалына:14%--ы бизнес, кәсіпкерлік,21%-ы мансап,қызметте жоғары өрлеу десе, 10,9%-ы саясат,қоғамдық жұмыс, волонтёрлық деп, 9,4%-ы білім беру жүйесі, спорт деп ой білдірген.Алайда ең алаңдатарлық жауап небәрі 2,8%-ы ғана отбасы деп жауап берген екен.Қазір қоғамның 30%-ын жастар құрайды.-деп өз ойын білдірді. -Қазіргі таңда өзіңіз білім саласында жұмыс атқарып жүрсіз аға.Осы орайда білім саласында орын алған өзгерістер жайлы қандай ой айтар едіңіз? -Бізге реформадан көрі модернизациялау жүргізу керек секілді.Енді барша өзгерістерге келісемін деп айта алмас едім.Мысалға ,12жылдық беру сынды дүниелер дұрыс-ақ, алайда,1сыныптан бастап жаппай ағылшын тілін оқыту дегенге қарсымын.Бала 5-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгерсе де кеш қалмайды.Үш тұғырлы тіл өте керемет дүние бірақ меніңше, бала қай тілде білім алу керектігін өзі таңдаса…(Осы тұста ағамыз орын алатын біршама қиыншылықтарды айта өтті). Мысалға, Түркияны алсақ. Бұл мемлекет жаппай ағылшын оқытқызбайақ ,өз тілдерінде білім беріп,қазіргі таңда дамыған 20елдің қатарында!(17орында),-деп өз сөзін аяқтады.
#Тәуелсіздікке25жыл
ХХІ ғасырдың модасына айналған «Чокер» жайлы тақырыпты қозғасам, қалай қарайсыздар? Жалпы, чокер дегеніміз не? Уикипедия браттын айтуынша: Чокер — тамақты жауып тұратын алқа. Алғаш рет б.з.б. ІІ ғасырда пайда болды. Сол кезде оны Майя тайпасы мен үндістер қолданатын. Одан кейін гректер мен римдіктердің келіншектері тақты. Сәндік үшін емес белгілі бір тайпаның мүшесі немесе мойынды қорғау мақсатта ғана.
ХVI ғасырда Испанияда чокерді түнгі көбелектер тағатын. Яғни, қара түсті, резинкалардан өрілгендерін ермек қылған. Сол кезде «бұрыс» жолға түскен қыздар қаптап кеткен. Ер адамдарға да бірден қандай бойжеткенмен сөйлесіп тұрғаны белгілі болды. Ал, Англияда жағдай мүлдем басқаша еді. Себебі, лауазымды әйелдер мойындарын ұзарту мақсатында моншақтардан жасалған чокерлерге құмарлығы артты. Сөйтіп, сөйтіп трентке енді. Жалпы, «ерекше» алқаның шығу тарихы осылай.
Бүгінде талай қыздарымыз модадан қалыс қалмай, әп-әдемі боп жүр ғой.)(( Жарасатына бар, жараспайтыны да бар.Бірақ қалай дегенменде әр нәрсенің шығу тарихын білген жөн.
Астанада қарашаның 4-6 аралығында оңтүстік астананың Мәдениет күндері өтеді. 5 қарашада «Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» мультимедиялық көрмесі және қала тарихы мұражайының қорынан экспонаттар ұсынылатын фотокөрме ашылады.
Көрме экспозициясы Жетісу мен Алматының сол уақыттан бүгінгі күнге дейінгі кезеңі бейнеленген бірегей тарихи фотосуреттерден құралған. Сондай-ақ, келушілерге қала ішімен 3D-тур ұсынылады, онда мегаполистің ең танымал мәдени нысандары енгізілген. Көрме 2016 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.
5 және 6 қарашада Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклі және мерекелік «Куклы шоу» спектаклі қойылады. Шараны ұйымдастырушы — Алматы қ. Мәдениет және мұрағаттар басқармасының Мемлекеттік қуыршақ театры. Сондай-ақ, театр фойесінде екі күн бойы қуыршақтар көрмесі өтетін болады.
5 қарашада сағат 15.00-де Ұлттық кітапханада жас ақындар Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжанов елорда жастарымен кездеседі.
Шаралар бағдарламасы 5 қарашада 18:00-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты гала-концертпен аяқталады. Концерттік бағдарламада Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді.
2016 жылғы 1 қарашада Астана қаласының теміржол вокзалында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы бастау алады.
Акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеңестер беріледі.