Тұрғындарды енді шыбын-шіркей мезі етті

Петропавл қаласында шыбын-шіркей көбейіп кетті. Мамандардың айтуынша, бұған көктемгі су тасқыны әсер еткен. Әкімдік шыбын-шіркейден құтылу үшін бюджеттен 2016 жылы 4 миллион теңге жұмсаса, биыл 7 миллион 400 мың теңге бөлген. Ал тұрғындар дәрілеу жұмыстарынан нәтиже шығатынына сенбейді.
Әрі қарай

Қайта оқып баяғы посттарымды

Мен кейде былай армандайтынмын: мысалы, мен бір танымал әнші болып кеттім. Эллиот Смит сияқты. Сосын теледидарда не оқисыз деп тележүргізуші сұрап қалғанда, керекинфоны айтам да, бүкіл Қазақстан керекинфоны оқып бастайды. Сөйтіп елдің көзі ашылады, адамдар рухани дамиды, Сатыбалдыны бәрі білетін болады деп.

Керекинфо керемет жер. Сағындыртып барып оқып тұрам. Қызығушылықпен кезінде өзім де жазып көрдім аз-мұз нәрселерді.

Ескі жазбаларымды оқып отырып бүгін, осыдан 3-4 жыл бұрынғы өзімді көріп, езуіме күлкі, жүрегіме мұң орнады. Кей ойларым менің қазір өзгерген. Жазбаларға қарасаң, әлі бала болғанымды көремін.

Музыка өнердің шыңы екенін түсіндім, бұрын музыкаға бей-жай едім. Көп нәрсеге бақылаушы бола бастадым. Латын әліпбиі сынды хабарларға тіпті минут арнағым да келмейді, оқымаймын. Түсінікті онсыз да болашағымыз. Артымнан ерген іні-сіңлілеріме елден кетуді ұсынатын болдым. Өзімнің де сол ойдың мазалай беретіндігі қынжылтады. Бұрын жай ой еді 2 жыл бұрын, қазір нақты қадамдар жасап жатырмын сол бағытқа қарай.

Философия көмектеседі жалпы өмірді қабылдауға. Камю айтпақшы өмірде тек бір сұрақ бар. Сол сұрақ ғой діңкені құртатыны.

Уақыт өтіп жатыр. Қазір 26-дамын. Көзді ашып-жұмғанша 40, сосын 50 болады. Сосын ше? Қалай сонда? Эй, мен түсінбей қалдым! отырып аламын кей кезде. Фу, ештеңе емес екен го өмір деген. Бар, сосын жоқ. Бітті.

Не айтайын, барлықтарыңызға денсаулық пен жақсы өмір тілеймін. Керекифнолықтарды рухани достарым деп санаймын жүрегімде.

Сурет vokrug.tv сайтынан алынды.
Әрі қарай

Абылай ханның хаты

Блог - ken: Абылай ханның хаты

Хаттың суретін мына жерден алдым. Сол жерде мазмұны туралы да аздап айтылыпты. Бірақ хаттың түсінікті әріпке түсірілген мәтінін интернеттен таба алмадым.

Ханның хаты сол жазылған тілде қалай оқылатыны жөнінде қызыққандар болса, мінекей:

Блог - ken: Абылай ханның хаты
Әрі қарай

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезең жеңімпаздарын марапаттау концерті өтеді

Астана жаңалықтары: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезең жеңімпаздарын марапаттау концерті өтеді
26-мамыр күні сағат 15:00-де Астана концерт залында (Конгресс-Холл) «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезең жеңімпаздарын марапаттауға арналған концерт өтеді. Шараның мақсаты – отбасылық институтты нығайту, адамгершілік, рухани қасиеттерді және отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Салтанатты шарада Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына концертке кіру тегін. Байқау 3 кезең бойынша өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші– облыстық, үшінші кезең – республикалық.

Байқауға қатысушылардың өтінімдерін Астана қаласының әкімдігі 2017 жылдың 1-30 сәуір аралығында қабылдады. Аталған кезеңде Елордалық 61 отбасынан өтінім келіп түсті. Биыл игілікті шара осымен төртінші рет ұйымдастырылуда. Байқау Мемлекет басшысының 2013 жылғы 6-желтоқсандағы №250 қаулысына сай жыл сайын өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша жыл өткен сайын байқауға қатысуға ниеттілердің қатары артып келеді. 2014 жылы 44 өтінім келіп түссе, былтыр 51 өтінім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қорытындысы бойынша байқаудың қалалық кезеңін бірегей еңбек династиясын жалғастырып келе жатан Ахметовтер отбасы жеңіп алған болатын. Әулеттің 63 мүшесі теміржол көлігі саласында еңбек еткен. Отбасы мүшелерінің саладағы жалпы еңбек өтілі – 1200 жыл.

2014 жылы Елбасының қатысуымен өткен республикалық конкурс аясында барлық байқауға қатысушылар «Нива» маркалы автокөлігін иеленген болатын.

Ал 2015 жылы бірінші, екінші және үшінші орындарға екі отбасыдан ие болды. Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Жүгінісовтер мен Елеусіновтер отбасы бірінші орынды жеңіп алған болатын. Елеусіновтер отбасы бокстан ел намысын әлемдік ареналарда қорғап жүрсе, ал Жүгінісовтер жанұясының өмірі өнермен өрнектелген.

2016 жылы байқауға қатысушылардың саны 94-ке жетті. Олардың қатарында медбикелер, спортшылар, өнер адамары, қарапайым жұмыскерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да саланың өкілдері бар. Сыйлық қоры жыл сайын ерекшеленіп отырады. Былтыр демалыс шипажайларына жолдама берілді және қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.

Биыл байқауға түрлі саланың өкілдері бар 61 отбасы қатысуда. Ең үздіктері шығармашылық салтанат құрған ортада бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.
Әрі қарай

Жазда қайда демалған дұрыс?

Жаз келе барлығымыз көптен күткен демалыста әлдебір жаққа аттанып, жаңа әсерлер алып, күнге қыздырынып, суға шомылып, жыл бойына жететін күш-қуат жинап алуға тырысамыз. Біреу демалыс дегенді тек шетел асумен байланыстырса, басқалар өз еліміздің көркем табиғатына жететіні жоқ деп санайды.
«Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы осы демалыс тақырыбына арналмақ. Студияға жасы 80-нен асқан Лена Тоқсанбаева әже келеді. Ол зейнетке шыққан сәттен бастап, шетел аралауды бастаған. Немересі Айдын Тоқсанбаева екеуі Еуропада, Америкада, Азияның бірнеше елдерінде болған. 80-нен асқан әжей құрлықтан құрлыққа ұшақпен қиынсынбай жол жүреді. Одан бөлек, студияға демалыс үшін тек Түркия мен Мысырды таңдайтын Арай Дегенбаева мен Жұлдыз Дүйсенова келеді. Олар отбасымен ылғи 1 млн. теңгеге қыдырады екен. Ал 35 елде болған саяхатшы әрі журналист Роза Есенқұл керісінше 300 мың теңге ғана жұмсап, демалуға болады дейді. Өзі оның жолдарымен бөліседі. Бағдарламаға қатысатын профессор, медицина ғылымдарының докторы Оразбай Әбдіқадыров тек елде демалған дұрыс деп санайды. Ол көбіне шипажайда демалады екен. Студия қонағы ретінде шақырылған шипажай өкілдері мен тіс қаққан туристер қай жерде көп шығындалмай, жақсы демалуға болатынын айтып береді.
Алдағы демалысты қызықты еткіземін десеңіз, Еуразия бірінші арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасын сенбі күні сағат 21:00-де тамашалап, кәдеңізге жарайтын көптеген пайдалы мәлімет алыңыз.
Әрі қарай

Қазақстандық You tube жұлдызы!

Блог - nurbolkarataev: Қазақстандық You tube жұлдызы!
Бұл Қадірбек Назиров. Көпшілік Kadrin Jacson лақап атымен білетін, Қазақстанға танымал жас биші. Бұл жігіт көптеген танымал клиптермен өнер жұлдыздарына cover жасап жүрген cover биші, пародист. Қадірбекті алғаш рет You tube желісінен Майкл Джексонға пародия жасап, поп жұлдызға еліктеп жүргенін көріп байқағам. Кейіннен той думан, концерттік бағдарламаларда биімен көптің көңілінен шығып жүрді.
PSY Әлемді дүр сілкіндіріп аз уақытта танымал болған Gangnam Style клипінеде алғашқылардың бірі болып сover жасап, аз уақытта You tube видеохостингінде үлкен көрілім жинап үлгерді. Көпшілік видеоның тек сапасын жақсы камерамен түсіріп, кәсіби актерларды ойнатқанда деген секілді сынды ғана айтқанымен, жалпы клипке көңілі толатынын, жас биші Қадірбекке сәттілік тілеуші болды. Осы аз қателігін Қадірбекте келесі жолы қайталаған емес. PSY-дың кезекті танымал клипі Gentleman шыққан уақытта Қадірбекте осы клипке кезекті cover жасапта үлгерді. Осы жолы өткен қателікті қайталамай сапалы видеокамерамен және облыстық театрдың кәсіби актерларында клипке түсіріп өте жоғары деңгейде клипке пародия жасап шықты. Осы клиптер арқылы Республикаға танымалдығы арта түсті. Бірақ Қадірбекке танымалдық емес, ол өзінің биімен cover жасап, өзін жаңа қырынан байқап көргісі келді. Және сол мақсатқа жете білді.
Әлемге танымал тағы бір жұлдыз Bruno Mars-тың Uftown Funk клипіне cover жасап сол арқылы өз өнерінің биігіне шыға алды. Қадірбек Назиров ек шетелдік жұлдыздарға ғана емес, еліміздің танымал әншісі Қайрат Нұртасқада пародия жасап ерекше биімен көпшілік қошеметіне ие болды. Әншінің өзі де отандық бағдарламалардың бірінде Қадірбекке өз ризашылығын білдіріп оған қолдау көрсеткен. Кейіннен жастар арасында көптеген танымал әндердің клипіне пародия жасап одан әрі өз өнерін шыңдай түсті. Қадірбек пародия жасаған әр клипіне Атырау қаласының ең тамаша, ең танымал жерлерін түсіріп, өзін ғана емес, өзінің туған қаласында таныта түсті. Бұл біздің Атырау үшін үлкен жеңсі, әрі мақтаныш. Қадірбекке үлкен шығармашылық табыспен, өнер әлемінде тек биік белестерді бағындыра берсін демекпін.
Толығырақ,Қадірбектің ресми You tube каналынан көре аласыздар;
www.youtube.com/channel/UCuPM9ZmzGhl2KwQHHtE6g6g
www.youtube.com/watch?v=d82Jt8I2Cig
Әрі қарай

Мектеп қабырғасында алған бағалар болашақта адам өміріне әсер етедіме. Яғни, онша керемет оқымаған адам өте сәтті тұлғаға айнала алуына қанша пайыз сенесіз..

Пікір жазу бұрышына пікір қалдырыңыздар. Мектеп қабырғасында нешемен оқыдыңыздар?

Блог - akhmetova: Мектеп қабырғасында алған бағалар болашақта адам өміріне әсер етедіме. Яғни, онша керемет оқымаған адам өте сәтті тұлғаға айнала алуына қанша пайыз сенесіз..
Әрі қарай

Жәй ғана өмір

%)Өткен жола мен бір пост жариялаған едім. 54 рез қаралып,2 пікір калдырылыпты. Бірінші рет болғанннан кейін бе, айтеуір, мен үшін үлкен жетістік. Ешқашан осындай сайттарға жазба жазып көрмеппін. Жасым 30дың жартысында. Мүмкін тым жас шығармын, бірақ әр елеулі оқиға мені толғантады. Кей-кейде өз-өзімді ұқпай кетемін.
Блог - akhmetova: Жәй ғана өмір

Жәрәйды. Бүгін оқырмандарға 1 сұрақ қойғым келіп тұр. Өмір деген не? Өмірдің мәні неде? "Өмір-деген театр",- дегенге қаншалықты келісесіз?
Сұрақты неге койды дерсіз? Жәй әшейін.*lol*
Өмір кино дегенге келісем. Осыған байланысты Бек Жылқыбаевтың мына өлеңі ұнайды сіздерге ше?

Біз — актёрмыз, өмір — кино тым қысқа,
Кім саудагер? Кім суретші? Кім ұста?
Бəріміз де басты рольде ойнаймыз,
Бөлек емес, бір кадрда, бір тұста.

Қайта келіп, қайта түсу жоқ енді,
(Монтаждауға келмейді ғой өткенді).
Сценарийді өзің жазып тастадың,
Өзге емес, өзіңе айт өкпеңді.

Кейбір кино аяқталар басында,
Кейбір кино созылады ғасырға…
… Ең соңында бас актёрдың есімі
Жазылады бас əріппен тасында.

Біз — актёрмыз, өмір — кино тым қысқа…
Әрі қарай

Арал мәселесі халықаралық деңгейде талқыланады

Блог - asaubota: Арал мәселесі халықаралық деңгейде талқыланады

Мамырдың 30-31 күндері Аралдың тұрақты дамуына арналған халықаралық форум өтеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен Аралды құтқару Халықаралық қорының Қазақстандағы атқарушы директоры Болат Қабыкенұлының қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.

Форумға Орталық Азияның 5 мемлекеті мен басқа да халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Форумның мақсаты — Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілететін жобаларды нақтылап, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау.

Форумның бірінші күні баяндамалар тыңдалса, екінші күні делегаттар Арал теңізін тікұшақпен бағдарлап, теңіздің тынысымен танысады. Басқосу аясында бірнеше жобалардың таныстырылымы өтеді. Атап айтқанда, Қамбаш көлінде ғылыми-туристік орталық ашу, сондай-ақ, Аралдың шығыс бөлігіндегі теңіз ұлтанына ағаш отырғызып, жасыл белдеу жасау жəне үшінші жоба — киік популяциясын көбейтуге арналған питомникті іске қосу жобалары көпшілік назарына ұсынылады.
Әрі қарай

Таныстық.

Сәлеметсіздерме. Қалдарыңыз қалай? Хмм осылай бастасам жақсы сияқты. Бұл менің алғашқы жазбам. Сондықтн да болар не жазарымды білмей көп ойландым. kerekinfo.kz сайттын байқаусызда таптым. Ішіндегі мақалаларды оқып жатырмын. Ұнаған блогерлер де бар.Сонымен айтқым келгені әлгі… Қай қаладан боласыздар? Руларыңыз не? Менікі найман. Жалпы қойғым келген негізгі сұрағым мынау Араларыңызда мектеп оқушылары бар ма? Бар болса неше жастасыздар?
Іштеріңіз пысып кетті ме? Жә, мен тоқтатайын. Сау болыңыздар.%)
Әрі қарай