Гераклдың ерліктері. Бірінші ерлік: Немея арыстаны.

Геракл Эврисфей патшаның бірінші тапсырмасын аса ұзақ күте қойған жоқ. Ол батырға Немея арыстанын өлтіруді тапсырды. Тифон мен Ехиднаның зұлым ұрпағы болып табылатын бұл арыстанның тұрқы алып және сол көне уақыттарда Еуропаның оңтүстігінде өмір сүрген өзге арыстандардан әлдеқайда күшті әрі ірі болатын. Жыртқыш Немея қаласының маңында болатын, ал оны бұл маңға кемпірқосақ құдайы Ирида жеткізген еді. Ол төңірегіндегінің бәрін жалмады; арыстанның сай-саланы басына көтеріп ақырған дауысынанан-ақ тірі жанның бәрі қашатын. Бірақ ержүрек Геракл осы бір қатерлі сапарға қорықпай аттанды.

Ал, ағайын, Dabai.kz жобасына келіп қалдық! Алғашқы жазбам ретінде блогымда «байқаусыз» аты-жөні аталып кеткен ағамызға тоқтала кетсем деймін. Таак, туған жылы 1976, туған жері… тууф, не айтып кеттім, Ерлан Қаринді барлықтарыңыз білерсіз деген ойдамын. Иә, ресми лауазымы — бас партиядағы жауапты хатшы, дегенмен тұла бойы қазақ деп тұрған, нағыз ұлтжанды (ұлтшыл) азамат екенін қайталап айту керек емес шығар. Сол көкеміз Жаңа жылдан кейін «жастардың атынан биылға қандай ұсыныстарың бар, қаржы жағынан көмектесіп көрейін» дегені бар ма? Әрине, көптен көкейде жүрген блогшылар басқосуы туралы айта бастап едім, бірден қолдай кетті. Бұл жерде Ерлан Қариннің қазақы блогосфераның тынысын байқап, біраз блогты (қандай екені құпия :-)) мұқият оқып жүргенін ескертейік.

Қазекем даңғазаланып түпкі идеологиясы христиандардың Рождествосына барып тірелетін «жаңа жылды» да өткізіп тастады. Әрине, әлемдік үрдіс бойынша өткен 2010 жылдың қорытындыларын шығарған дұрыс.




