Рахмет күні
Бүгін 11 қаңтар Халықаралық рахмет күні (International Thank You Day) екен. Бүгінгі күнді рахмет жинаумен өткізейік. Мен алғашқы рахметтерімді жинап жатырмын таңертеңнен бастап :)
Сіздерге де рахметтер жолдайын, осы сайтты қолдап, көркейтуге атсалысып жүргендеріңізге. Қатарымыз күннен күнге көбейіп келеді, қызық мақалалар, пікірлер де көбеюде. Блогшылар Құрылтайы да интернеттегі ресми алаң ретінде осы сайтты таңдап отыр.
Бәріңізге үлкен рахмет!
Құрметпен сайт админі Асау Бота
10x! деп жазады екен (тен кс) :)
Кейбіреулер "үлкен рахмет!" деуге «тілі келмей», «рахметище!» дейді білем.
Балабақшада кәлимасы оған келмейтін бүлдіршінді «Ыспасиба!» деп сөйлеттіріп жатыр :)
Бәрін айт та бірін айт, өзара сыйластық пен ырзалығымыз, мырзалығымыз кемімесін!!! Дабайдың бүкіл дабайлықтары, рахметтеніңдер! :)
Рахмет, барлық бастамалар сәтті болсын!
Аллаһым бәрімізге раһым етсін!
құлақ түре жүріңдер, түге
Негізі ол жерде гауhар дегендегі h жазылу керек еді.