Kerekinfo.kz блог-платформасының жұмысы аяқталды

17 жылдық КерекИнфо серуенінің соңына жеткен сияқтымыз, достар. 2003 жылдан бері 2 ұрпақ өткен осы бір қызық кезеңнің де әлбетте соңы бар. Сол күн бүгін болар?

2003 жылы форум ретінде бастадық, кейін қазіргі блог-платформа форматына өтіп, екінші деміміз ашылды. Осы уақыт аралығында үлкен бір нетворк жасалды, жаңа таныстықтар, достықтар құрылды, тіпті бір бірін тауып үйленгендер болды. Одан бөлек қазақ интернетінде бір стиль қалыптастырдық, медиа сауаттылық артты, пост пен комент жазу мәдениетін үйрендік, түрлі іс-шаралар өткіздік. Жалпы қазақ интернетінде бір із тастағанымыз анық деп ойлаймын. Сол жылдардың медиа мектебі болған да шығар Керекинфо?

Түрлі қиындықтар да болды. Домен және хостингке ақша төлей алмаған кездерім болды, ондай кезде қолданушылардың өздері көмектескенін ұмытпаймын. Жұмыссыз кезімде онлайн болуым үшін интернет картама ақша салған достар да бар. Сайт бір жылдары жабылып қалған кезде доменін алып қойып, ешкімге бермей сақтап отырған да досым бар. Моралды және материалды барлық қолдауларыңды сездім, достар. Бұл сайтты үнемі бірге алып жүрдік, бірге көтердік. Талай идеяларды да бірге жүзеге асырдық. Оффлайнда түрлі кездесулер өткіздік, Блог-Құрылтай, Интернет форум сияқты іс-шаралардың өтуіне мұрындық болдық, интеллектуал ойындар да өткіздік. Достық шеңберіміз өте кең болды. Қай қалаға барсақ та құшақ жайып қарсы алатын досымыз бар екенін білетінбіз. Арамыздан қаншама медиа-тұлға шықты? КерекИнфо сол жағынан мықты бір ысылу мектебі және тәжірибе алаңы болды.

Әлбетте түрлі кикілжің, келіспеушілік, түсініспеушіліктер де болды. Бір отбасы болғасын, ондай нәрселер де болады әрине. Бірақ достық қарым-қатынас ешқашан үзілген емес, КерекИнфодағы белсенділік төмендеген кезеңде де. Бұл солай жалғаса беретініне сенімдімін.

Басында форум, кейін блог-платформа болдық. Яғни заманның трендіне еріп отырдық. Кейін әлеуметтік желі қарқын ала бастаған кезде блоггинг белсенділігі де бәсеңдей бастады. Ал соңғы 4-5 жылда тіпті басылды. Блоггинг бітті бізде. Блогосфера қалмады. Блогер деп басқа адамдар атала бастады.

Қазіргі КерекИнфо да блоггингтен гөрі жаңалықтар сайтына айналып кеткенін өкінішпен мойындаймын. Жаңалықтар мен есеп посттар сайтына айналды. Сондықтан осы жерден тоқтағанымыз жөн деп шештім. Бұдан әрі өзім де, өзге де былғамасын. Керекинфо блоггинг мұрағаты ретінде қала береді. Қалаған уақытыңызда бұрынғы жазбаларды іздеп таба аласыз. Тек жаңа жазбалар жазылмайтын болады. Бір өтінерім: бұрынғы посттарыңызды өшірмесеңіздер екен, әр посттың өзі тарих, әр қайсысының асты толған пікір. Сол сиқырды жоймайық. Кейде сағынышпен келіп, оқып кететін боламыз.

Барлық керекші қауымға алғыс айтамын. Біз бірге көтердік осы сайтты. Бәріміз осы тарихтың бөлшегіміз. Рахмет бәріңізге!

Зор құрметпен, админдерің Аршат Ораз

Түркияда демалу туралы 8 нәрсе

Түркия — жазғы демалыс үшін идеал жер. Әсіресе Жерорта теңізіндегі курорттары отбасылық демалыс үшін баға және сапа жағынан қолайлы.

Демалысқа шықпастан бұрын кей нәрселерге алдын ала дайындалып, ақпараттанған жөн.

Қалай барамыз?
Ең алдымен туристік агенттікті дұрыс таңдау қажет. Тур операторымен, чартерлермен, қонақүйдегі орынмен мәселелер туындамауы үшін күмәнді агенттерден гөрі сәл қымбат болса да, үлкен офисі, бірнеше филиалы бар ірі фирманы таңдаған жөн. Олардың тур қызметіне ұшақ билеті, отельге дейін және кейінгі трансфер, медициналық сақтандыру, отельдегі демалыс (түнеу, тамақ, басқа да тегін қызметтер) кіреді.
Егер өзім барамын десеңіз, арзан ұшақ іздейсіз, әуежайдан таксиге мінесіз, қонақүйлерден бос орын іздейсіз. Бәрібір шығын болады.

Қалай таңдаймыз?
Алдымен баратын адам санына қарап бюджетіңізді нақтылаңыз. Сол ақшаға қарай туристік агенттіктің сайтынан өз бетіңізбен іздеп көріңіз немесе офистеріне барып, бірге қараңыз. Егер балалармен баратын болсаңыз отельдің 1-линияда болғаны дұрыс. Ол теңіз жағасында деген сөз. Егер жолдың арғы бетіндегі отельді таңдасаңыз, бағасы арзан боулы мүмкін, бірақ теңізге тунель немесе басқа жол арқылы барасыз. Ал 1-линиядағылар бірден теңізге шығады және пляжға жақын отель барынан сусын, ішімдік ала алады.
Түркияда тамақ қымбат. Сондықтан AI (All Inclusive) алған дұрыс. Бұған 24 сағат ішімдік-сусын және 5 мезгіл тамақ кіреді.
Күндіз күн ыстық болатын болғандықтан, теңізге түспей адамдар көбіне бассейн маңын паналайды. Сондықтан егер отель 1-линияда болмаса, бассейні болуын қараңыз.

Не апару керек?
Демалысқа аса ауыр сөмкемен шықпаған дұрыс. Сондықтан фен, шампунь, сабын, сүлгі сияқты заттарды алмасаңыз да болады. оның бәрі онсыз да бар. Күннен қорғану кремін алу керек. Суға түсетін киімдерді де ала шыққан дұрыс. Түркияда бұның бәрі қымбат. Темекі шегетін болсаңыз, 1 блок ала кеткен дұрыс. Темекі де қымбат екенін айта кеткен жөн. Гигиеналық құралдар, презерватив, балалардың жөргектерін де алған дұрыс.

Тіл білу керек пе?
Түркияда туризм саласында қызмет ететіндердің көпшілігі ағылшын тілін біледі және орыс тілін де үйреніп болған. Сондықтан еш жерде қиналмайсыз. Ал күнделікті жиі қолданатын сөздерді алдын ала үйреніп алсаңыз, жергілікті халық бұны бағалайды, құрметпен қарайтын болады ;)

Теңізден бөлек не бар?
1 аптаға келетін болсаңыз, күні бойы отельде жатып алмайтын боларсыз? Экшн керек болса су спорт түрлері бар. Мысалы гидроцикл, су парашюті, дайвинг, рафтинг сияқты. Одан бөлек яхта турларына шығуға болады. Тауға-тасқа, өзен-көлге, балық аулауға, пикникке, тарихи орындарға экскурсияларға шығуға болады. Шоппинг жасау үшін кешкі астан кейін күн батқанда шығасыз. Нағыз сауда кешке басталады. Көшеде түрлі экскурсия да сатып алуыңызға болады. Ертеңіне өздері келіп алып кетеді, әкеліп тастайды.

Не ішеміз, не жейміз?
Отельде бәрі тегін, бірақ бәрі сапалы емес әлбетте. Тегін болғандықтан көп нәрсенің арзанын алады. Бірақ мақсат тамақ жеу емес, демалу екенін ескерсек бұл кемшілікке көз жұмуға болады. Күн ыстықта түрік сырасы жақсы, кешкі уақытта түрік ракысының дәмін көріңіз. Шәйдің түрі көп болғанымен, нағыз қара түрік шәйімен түрік тәттілері жақсы кетеді. Лахмаджун, пиде, гөзлеме сияқты ұлттық тағамдарын түрік айранымен жеген дұрыс. Жалпы жергілікті сусындарды рекомендеймін. Бірден айта кетейін: виски мен шараптары нашар. Көшеден міндетті түрде апельсин шырынын ішіңіз. 1 долларға 3 апельсиннен 1 стакан сок шығарып береді.

Естелікке не аламыз?
Соңғы жылдары Түркиядағы экономикалық кризис және салықтардың өсуіне байланысты көп нәрсе қымбат. Киім-кешек қымбат және сапасыз. Сондықтан естелікке сувенир магниттер, көз-моншақтар, әмияндар алуға болады. Достарыңызға сыйлыққа рахат-лукум тәттілерін алсаңыз болады. Олар өте дәмді және арзан. Тері немесе басқа киім алу үшін Истанбулға барған дұрыс. Антальяда бірнеше есе қымбат.

Қанша кетеді?
Егер «ыстық тур» күтпей, алдын ала жоспарлайтын болсаңыз, адам басына 250-350 мың теңге болады жақсы демалыс құны. Бұған әлбетте бәрі кіреді. Одан бөлек қыдыруға, сувенирлерге 100 мыңдай қиясыз. Бірақ әрине 1 жылдық энергия алуыңызға жетеді мұндай демалыс. Сондықтан шама шарқыңызша бюджетіңізді есептейсіз.


#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына 1200 адам қатысты

Қоянды су қоймасын қоқыстан тазартуды мақсат еткен «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Акцияға 1200 адам қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасын тазалады. Жалпы көпшілікпен бірге қоқыс жинауға Үкімет мүшелері, елорда мен Ақмола облысының әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпус, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, студенттер мен волонтерлер атсалысты.



#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына атсалысқан Премьер-Министр Қоянды су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына қолғабыс жасады. Үкімет басшысы барлық облыс басшыларын министр Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасын жалғастыруға шақырды.

«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», — деді Асқар Мамин.

Еске сала кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа бастама көтеріп, елорда маңындағы демалыс орындарын бірге тазалауға шақырған болатын.

Түркітілдес мемлекет жастары Жайдарманда бас қосты

Жайдарман – қазақ елінің ғана емес, әлемнің түркі тілдес мемлекет жастарының басын қосатын жоба. Осы мақсатты негізге алып, “Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы” ММ мен “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігі фестиваль ұйымдастырды. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, көршілес мемлекеттің жайдарманшыларын қонақ ететін бұл жобаға қатысушылар саны да артып келеді.

Үш күнге созылған халықаралық жайдарман фестивалі арнайы бағдарламалық жоспар негізінде жүзеге асты. Фестивалдің алғашқы күні шет елдің жастары мен қазақстандық топтарды табыстыру мақсатында ашылу салтанаты өтті. Жастар сарайының төрінде белгілі жайдарманшылардың жүргізуімен концерттік бағдарлама қойылды. Сондай-ақ, фестивалдің екінші күні шетелдік қатысушылар үшін Нұр-Сұлтан қаласына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Қала ішінде орналасқан зәулім ғимараттар мен мұражайларды, «Бәйтерек» пен «ЭКСПО» кешендерін және театрларды аралатты. Шара барысында қонақтарға қазақ елінің тарихы баяндалып, салт-дәстүрлері жайлы мәліметтер айтылды.

Фестивалдің үшінші күні қатысушы түркі тілдес мемлекеттерден келген командалар мен қазақстандық топтар арасында жайдарман сайысы ұйымдастырылды. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен додаға барлығы 10 команда қатысты. Оның 6 шетелдік, 4 қазақстандық топ. Олар:
1. «Қазақстан халқы ассамблеясының құрамасы» Нұр-Сұлтан қаласы
2. «Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы»
3. «Біз қазақпыз» Екібастұз қаласы
4. «Қарақалпақстан құрамасы» Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы
5. «Башқұртстан құрамасы» РФ Уфа қаласы
6. «Ноғай құрамасы — Алтын орда» РФ Ноғай ауданы
7. Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті «Бүгін.kz» Шымкент қаласы
8. «Татарстан құрамасы» РФ Қазан қаласы
9. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы
10. «Позитифф» Қырғызстан Республикасы Бішкек

Өнер көрсеткен командаларға қазылар тиісті ұпай сандарын үлестіріп, жеңімпаздарды анықтады. Сайыс нәтижесі:
150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған III орын иегерлері:
— «Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы»
— «Қарақалпақстан құрамасы» Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы
— «Башқұртстан құрамасы» РФ Уфа қаласы
300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған II орын иегерлері:
— «Позитифф» Қырғызстан Республикасы Бішкек
— «Бүгін.kz» Шымкент қаласы
1 миллион мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған I орын иегерлері:
— «Ноғай құрамасы — Алтын орда» РФ Ноғай ауданы
«Үздік ойыншы» аталымына «Татарстан құрамасының» ойыншысы – Наиль Салаxов лайық деп танылды.

ТЕСТ: Түстерді қаншалықты ажырата аласыз?

Адамдардың тек төрттен бірі ғана түстердің толық спектрін ажырата алады екен. Қалғандары тек өңі өзгерген түрінде көреді. Мына қарапайым тест арқылы түстерді қаншалықты айыра алатыныңызды тексеріңіз.

Неліктен бұлай екенін білесіз бе? Түстерді ажырату қабілеті көздің ішкі тор қабығындағы фоторецептор жасушалардың мөлшеріне байланысты екен.

(К)өзіңіздің түс ажырату деңгейіңізді төмендегі сурет арқылы тексеріп көріңіз. Суретке мұқият қарап, қанша түс барын және сол түске ұқсас жолақтарды санаңыз. Яғни жалпы қанша жолақ көресіз, соларды санаңыз.



Сонымен неше жолақ санадыңыз?

1. 20 жолақтан аз. Демек көзіңізде екі түрлі жарықсезгіш жасушалы тор қабығы бар деген сөз. Адамдардың 25%-ы дәл осындай дихромат болып саналады. Иттер де солай, олар көп түстерді ажырата алмайды.

2. 20-дан 32-ге дейін. Бұл санаттағылар трихромат деп аталады. Көздің жарықсезгіштігі 3 түрлі. Сіз тек барлық түстерді ғана емес, олардың түрлі реңктерін де көре аласыз. Адамзаттың 50 пайызы осындай.

3. 32-ден 39-ға дейін. Түстердің барлығын ең жоғары сапада көре алатындарды, түрлі реңктерін анық көретіндерді тетрахроматтар деп атайды. Мұндай қабілет араларда да болады.

4. Егер 39-дан көп санасаңыз — қайтадан тексеріңіз. Өйткені суретте барлығы 39 жолақ бейнеленген. Және бұны монитордан көру тіпті қиын.

Тест ұнаса, сілтемесін достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Шығармашылықты жеке бастың "еркелігінен" айыра аламыз ба?

Негізі бұл мақаламды қазақ тілді сайттардың бірінде жариялап едім, редакция саясатына сай келмейді деп алып тастапты. Еркін блог саясатынан айналдым, еш шектеу, жалтақтығы жоқ.



HBO арнасынан көрсетілген «Leaving Neverland» документалды фильмінің көрсетілімінен соң Майкл Джексонның Ұлттық футбол музейінің алдында бес жыл бұрын орнатылған статуясы демонтаждалды. Көптеген радиостанциялар «поп музыка королінің» әндерін ротациядан алып тастады. «Симпсондар» сериалының 1991 жылғы шығарылымынан Джексонның дауысы өшіріліп тастады. Осы пәрменмен Майкл Джексонның әндері барлық беделді музыка каталогтарынан алынып, кейін ортаңқол сайттарда, ескі DVD CD дискілерде ғана қалуы мүмкін деген болжамдар да бар. Бәріне себепкер болған режиссер Ден Ридтің «Leaving Neverland» фильмі. Картинада хореограф Уэйд Робсон мен программист Джеймс Сейфчак бала күндерінде әйгілі музыканттан сексуалды сипаттағы зорлық көргенін тәптіштеп айтады.
Бұл туралы BBC «Майкл Джексон ұлы артис әрі педофил ме? Бізге осы оймен өмір сүруге тура келеді» деген тақырыпта мақала жариялады. Ал Guardian тілшісі «төрт сағаттық документалды фильмнің үшінші минутында-ақ Майкл Джексон мұрасы ендігәрі бұрынғыдай болып қалмайды» деп жазады. Майкл Джексон абыройы төгілген жұлдыздардың біріншісі де, соңғысы да емес. Британиялық поп-рок орындаушысы Гари Глиттер 1972-74 жылдары музыкалық чарттардың олимпінен түспеген. Қылмыстық хорникаларға да оның есімі біраз уақыт арқау болды. Тергеу әншінің бірнеше рет кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды зорлағанын анықтады. Бұл жағдай оның әншілік карьерасын аяқтауына себепші болды. Педофилияға қатысты айып танымал актер Кевин Спейсиге де тағылды. Қазір АҚШ соты 18 жасар жасөспірімге сексуалды сипаттағы әлімжеттік ету фактісі бойынша істі қарауда. Егер Спейсидің кінәсі анықталса, ол 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кевин Спейси осыған дейін де мұндай дауға ілігіп жүрді. 2017 жылы актер Энтони Рэпп 30 жыл бұрын Спейсидің зорлық жасамақ болғанын айтқан еді. Ол кезде Спейси мұндай жағдайдың есінде жоқ екенін жазып, сонда да Рэпптен кешірім сұраған. Кейін ол өзінің гомосексуалды жыныстық бейімділігін жария етті. Көп ұзамай өзге де бірнеше адам Спейсиден зорлық көргенін айтты. Ал «Карта үйшігі» фильмінің басты рөлін ойнаған актермен Netflix компаниясы барлық байланысын үзді. Сонымен қатар екі рет «Оскар» премиясының лауреаты атанған Кевин Спейсиге «Эмми» премиясын тартудан бас тартты. Ал "Әлемнің барлық ақшасы" фильмінен Спейси ойнаған эпизодтар алынып тасталып, фильм басқа актермен қайта түсірілді.



Бұрынғы қылмыстары үшін қоғамның теріс пікіріне ие болғандардың қатарында әйгілі модельер Коко Шанель де бар. 2011 жылы Хел Воганның «Жаумен төсекте: Коко Шанельдің құпия соғысы» кітабы жарыққа шықты. Мұнда нацистермен қызметтестігі мен оншақты құпия операциялар туралы айтылады. Олардың арасында Черчилльді ағылшын-герман келіссөздеріне көндіруге қатысты «Модельхаут» (немісшеден аудармасы — Сәнді шляпа) операциясы бар. Ал 2016 жылы неміс архивтерінен табылған құжаттар Шанельдің нацистер агенті болғанын дәлелдеді. Мадмуазель Коко гитлершілер арқылы өзінің бәсекелестері еврей ағайындылар Вертхаймерлер бизнесінің қомақты бөлігін тартып алған екен. Нацистермен байланыста болған жалғыз Шанель ғана емес, Hugo Boss сәнді киімдер үйінің негізін қалаған Метцинген Хьюго Фердинанд Босс та гитлершілердің қоңыр көйлегін тігу арқылы өз бизнесін өрге домалатты. Бұл мәмілеге қол жеткізу үшін Хьюго Босс НСДАП қатарына енуге мәжбүр болды. Кейінірек модельер өз бизнесін сақтап қалу үшін ғана мұндай қадамға барғанын айтып ақталды. Алайда Роман Кестердің «Hugo Boss, 1924–1945» кітабында соғыс жылдары Hugo Boss фабрикасында 140 поляк және 40 француз тұтқыны адам төзгісіз ауыр жағдайларда жұмыс жасағаны баяндалады. Айтпақшы, бұл кітапты тарихшы «Hugo Boss» компаниясының тапсырысы бойынша жазған болатын. Компания өкілдері кітапты еш цензурасыз, автордың қолжазбасы негізінде басып шықты. Сонымен қоса компания Хьюго Фердинанд Босс басқарған фабрикада тағдыры тәлкекке ұшыраған жүздеген адамдардан, олардың ұрпақтарынан кешірім сұрады.
Нацистік көзқарастары үшін сынға ұшырағандардың арасында IKEA жиһаз дүкендері желісінің негізін қалаған Ингвар Кампрад та бар. Алғаш рет бұл туралы журналистер 1990 жылдардың басында жазған еді. Сол кезде антигуманистік көзқарастары үшін айыпталған бизнесмен фюрердің «жасөспірімдік жүгенсіздігіне» сүйсінгенін және нацистерден гөрі, фашистерге жылы қарайтынын айтты.
Esquire Kazakhstan бас редакторы Гүлнар Бажкенова өзінің телеграм каналында Майкл Джексонға қатысты скандал туралы былай деп жазады:
«Мен Джексон музыкасын жеке дара тыңдауды әзірше елестете аламын, алайда көпшілік орындарда әнші әуендерін пайдалануды ұмыту керек шығар. Қай Есі сау фигурист әлем чемпионатында Майкл әндеріне билейді? Қай дизайнер 2019-2020 жылдар сән апталығында өз коллекциясын оның миксімен көрсетеді? Қай режиссер оның саундтрегін пайдаланады? Автордың жеке өмірін оның шығармашылығынан бөліп қарау керек пе? Бұл сұрақ соны емес әрі риторикалық деуге болады. Жауабы жоқ, егер сіз бөліп қарай алсаңыз қанекей».
Қазақстандық жұлдыздар арасында аяғын шалыс басқандар бар ма? Біздің қоғам оған қалай қарады? Кешіре алды ма, шығармашылықты жеке өмірден бөліп қарай алды ма?
2009 жылы «Время» газетінде «Тука» атымен танымал артист Нұржан Төлендиновтың қыз зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған. Бұл іс жайлы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек газет редакциясына растап ресми мәлімдеме берді. Алайда тергеу амалдарының нәтижесі туралы толыққанды ақпарат болмай, оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.


Танымал әнші Қайрат Түнтеков 2012 жылы ірі жол көлік апатын жасады. Әнші соққан көлік иесі ауыр жарақаттармен емханаға жеткізілген еді. Сот Қайрат Түнтековты көлік айдау құқынан 2 жыл 9 айға айыру, 40 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған болатын. 2015 жылы бұқаралық ақпарат құралдары осы оқиғаны тағы да еске салды. Себеп — әнші үш жыл бойы жол көлік апатына қатысты қарызын төлемеген. Көлігі соғылып, өзі жарақат алған қыздың амалы қалмай сотқа жүгінуіне тура келген. Отандық баспасөз беттерінде Қайрат Түнтековке іздеу салынғаны туралы жазылғанда өнердегі әріптестері қарыздың сомасын жиналып төлемек болған еді.
Сотты болған емес, сотқа арызданған Бақыт Сәрсекбаевты да көпшілік қабылдай алмай жүрді. Ол бұрынғы бапкерімен үй үшін араздасса, бұрынғы әйелін машина дөңгелегі үшін сотқа бермек болған. Қоғам арасында чемпионның бұл әрекеті түсінбестік тудырды.
Сот демекші, қылмысы құрықталған тағы бір өнер қайраткеріміз — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры, актер Ерлан Біләл парақорлық бойынша істі болған. Былтыр қаңтар айында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин жергілікті БАҚ-қа Ерлан Біләлдің Алматыда «театр базасын жаңа жыл кезінде балаларға арналған қойылым өткізуге жалға бергені үшін заңды тұлғадан бір жарым миллион теңге пара алу үстінде» ұсталғанын мәлімдеді. Парақорлық фактісі расталып, сот 52,5 миллион теңге айыппұл төлеу туралы шешім шығарды. Facebook желісінде актердің жұбайы Майгүл Біләлова күйеуімен бірге түскен суретін жариялап, "Әлеуметтік желіде алып-қашпа сөздер мен Ерланды қаралап жатқан түрлі пікірлер көп. Дегенмен, Ерланның жағдайын сұрап, қолдау білдіріп жатқандарға рахметімді айтқым келеді. Ер адамның басына не келіп, не кетпейді? Бұл да бір Алланың сынағы болар… " деп жазған болатын. Қазіргі уақытта Ерлан Біләл дәл сол театрда қызмет етуде, айыппұлын әлі төлеп жүр.
Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің шалыс басқан қадамдары аз емес, бірі шовинистік көзқарастарын ашық жария етсе, бірі қонақүй қызметшісін балағаттап, енді бірі сахна төрінен ақсақалды ренжіткен. Абырой болғанда жұлдыздардың ашуы жылдам басылып, кешіріп сұрауға дайын тұрады. Ал әлеуметтік желіде түтіп жеуге дайын отырған ызалы жұрттың реніші «шайы орамал» кепкенше. Бәлкім қазақстандық қоғам өнер мен жеке бастың кемшіндерін бөліп қарай алатын шығар… Әлде бұл да бір сынақ па?

БАРЫМЫЗ ДА, БАҒЫМЫЗ ДА – ТӘУЕЛСІЗДІК

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Egemen Qazaqstan және Aıqyn газеттеріне арнайы сұхбат берді


Дархан Қыдырәлі: Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің Президент лауазымындағы алғашқы сапарыңыз киелі Түркістаннан бас­талды. Біз де сұхбатымызды осы игі­лікті сапар жайынан бастағымыз келіп отыр…
– Иә, мен үшін бұл елеулі, маңызды сапар болды. Түркістан – қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түр­кістан – сан ғасырлық адамзат шежіре­сінің куәгері және өркениет жауһары.
Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қа­былдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер.
Меніңше, мұның бірінші себебі – халқымыз үшін аса қастерлі саналатын мекенге тәу ету және ата-баба аруа­ғына, аманатына деген құрмет болса, екінші себебі – Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәс­түрге, эволюциялық даму сабақтас­тығына деген адалдықта жатыр. Мұндай сакральды ұғым-түсінік пен дәстүрге адалдық тек өркениетті, өсіп-жетілген ұлттың ғана қолынан келеді деп ойлаймын.
Соның біздің заманымыздағы жарқын бір көрінісі – Елбасымыздың Түркістан облысын құрғаны. Өңірге киелі мекеннің атын бере отырып, Тұңғыш Президент та­рихи әділеттілікті қалпына келтірді, мем­лекеттің іргесін мығымдап, жалпыұлттық сәйкестік пен береке-бірлігімізді еселеп нығайтты.
Ендігі жерде мемлекет Жібек жолы бойында жатқан Түркістан қаласын, өңірін жаңартып-жаңғыртуды уақыт оздырмай қолға алуы керек. Өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, туристік саланы жандандыру, өндірісті өркен­дету – осының бәрі хал­қымыздың әл-ауқатының барынша жақсаруына негіз болады.
Оның үстіне, оңтүстік өңір – еліміздегі тұрғындар саны ең көп аймақ. Осы өңірді ұлтымыздың «демографиялық алтын діңгегі» десек те жарасады. Ал адам капиталы біз сияқты жері кең, елі шағын мемлекет үшін аса өзекті фактор екені айтпаса да түсінікті.
Сапар барысында мен облыстың даму жоспарымен, жалпы жағдайымен мұқият таныстым. Алда атқарылатын шаруа бастан асады. Ол шаруалардың барлығын асықпай-аптықпай, жүйелі, кешенді түрде атқаруы­мыз өте маңызды.
Дархан Қыдырәлі: Рұқсат болса, ал­ғашқы сұрақты жалғастыра кетсем. Сіз осы сапа­рыңызда қасиетті орын­дарға тағзым етіп, жұртшылыққа өзіңіздің ең басты ұста­ным­дарыңызды да жеткіздіңіз. Сол ұстанымдарды тар­қатып айтып берсеңіз.
– Менің Түркістан облысына сапарым халқымыздың ұлық мейрамы Наурызбен тұспа-тұс келді. Ұлыстың ұлы күні қар­саңын­да әлем жұрт­шылығы Қазақстандағы аса жауапты, тарихи оқиғаның куәсі болды.
Қазақ мемлекеттігінің негізін қа­лаушы ұлы тұлға, Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз ер­кімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Бұл тағдырлы шешім жа­һандық деңгейде, тарихи ауқымда танылған саяси қайраткердің кемең­герлігі мен парасаттылығын әлемге тағы да танытты, мойындатты.
Ұлт көшбасшысы іс жүзінде тәуел­сіз елдегі саяси басқару мен сабақ­тастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді.
Менің де Президент ретіндегі не­гізгі ұстанымым мен өмірлік көз­қарасым осы бағыттан ауыт­қымайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, елдің өркендеу кепілдігі мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығында және оған деген құрмет пен адалдықта жатыр. Онсыз ешқашан тұрақтылық та, даму да болмайды.
Екінші ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтып алумен бірдей.
Әділеттілік салтанат құрмаған қоғамда тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділет­сіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айт­қандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ.
Үшінші ұстанымым – тек алға басу, даму жолымен жүру.
Өздеріңіз білесіздер, біз өмір сүріп отырған дәуірдің табиғаты мың құбылмалы. Жаһандық бәсекелестік жағдайында мүддемізді қорғауға, мақсатымызға жетуге ұмтылмасақ, жедел алға баспасақ көп нәрседен ұтыларымыз анық.
Мына дәуір еркелікті, жалқаулық пен масылдықты, немқұрайлықты көтер­мейді. Төртінші өнеркәсіптік рево­лю­ция ке­зеңінде, жоғары технологиялық, цифрлық кеңістікте жаһандық дамудан он жыл артта қалсақ, жүз жыл оның орнын тол­тыра алмайтынымызды естен шығармайық.
Елбасының дана шешімінің арқа­сында билік сабақтастығы ешбір дүрбелеңсіз, шиеленіссіз жүзеге асты. Бұл болашақ үшін, мемлекеттің тұрақ­тылығы мен ұдайы дамуы үшін жасал­ған бірегей қадам екенін ұмыт­пауымыз керек. Біздің ендігі міндетіміз – осы жолдан, осы бағыттан ауытқымай, тек алға басу, өсу, өркендеу. Кері кетсек, тарих та, болашақ ұрпақ та бізді кешірмейді.
Нұртөре Жүсіп: Халықаралық сарап­шылар билік тізгінінің бейбіт жағдайда берілуін Орталық Азия тарихында бұрын-соңды болмаған ғаламат тарихи оқиға деп жазып жа­тыр. Кейбір сарапшылар келе­шек­те екіұдайылық орын ала ма деп қауіп­тенетін секілді. Бұл жөнінде не айтасыз?
– Нұрсұлтан Назарбаев Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жаңа мемлекеттілік жасаудың барлық тауқыметін басынан өткерді. Қиын­дыққа толы осы жолда толағай табыстарға қол жеткізді. Қазақ елін төрткүл дүниеге әйгілеп, барша әлемге мойындата білді. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі өсіп-өркендеуі, ертеңгі даму келешегі Назарбаев есімімен тығыз байланысты.
Түрлі сәуегейлік жасаушылар бұрын да болған, қазір де, кейін де бола береді. Ең бастысы, біз биліктің ауысуын тұрақты жағдайда өткізе білдік. Тағы да қайталап айтамын, бұл ең алдымен, Елбасының парасаттылы­ғы мен көрегендігін және халқымыздың даналығын көрсетеді. Біз әлемге өркениетті ел екендігімізді, жұрты­мыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін дәлелдедік. Кейбір мемлекет­тердегідей алаңға шығып, шу көтерген жоқпыз. Бәрі заң шеңберінде өтті. Және мен де осы бағыттан ешқашан таймаймын және ешқандай «екіұдайы­лыққа» жол бермеймін.
Дархан Қыдырәлі: Сіз күні кеше облыс әкім­дерімен өткен кеңесте әкімдерге халық­қа жақын болуды, жұртты мазалаған мәсе­леге жедел жауап қайыруды тапсыр­дыңыз. Жалпы, елді бір ғимаратқа жинап, алдын ала сұрақтар дайындатып, есеп беру деген фор­матты да өзгертетін уақыт келген жоқ па?
– Әкімдердің есеп беру форма­тының ескіргені, баяндамаларының жадағай цифрларға құрылатыны, шын мәнінде, халықты жалықтырды және жұртшылықтың сеніміне селкеу түсіреді деп ойлаймын.
Байқасаңыздар, біздің кейбір шенеу­ніктерімізге жетпей жататыны – қара­пайымдылық, адами қарым-қатынастар. «Әкім бол – халқыңа жақын бол» деп халық бекер айтпайды. Оларға осы сөз бойтұмар болуы тиіс.
Ал біздің шенеуніктер халықпен ка­бинетінің немесе қызметтік көлігінің тере­зесінен ғана араласқанды қош көретіндей.
Әкімдерді жинаған кеңесте мен бұл әдетті тыюды қатаң ескерттім. Ха­лықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс жасау маңызды. Бұл үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу, жүргізіліп отырған саясатты жеріне жеткізе түсіндіру де өте қажет нәрсе.
Халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникациялық құралдарды пайдалана білген жөн. Сонымен бірге, кері байланыс ор­натудың пайдасы зор. Өкінішке қарай халықпен төте байланыс барлық жерде бірдей емес, байланыс орталықтары еліміздегі 17 әкімдіктің тек төртеуінде, ал мобильді халықтық бақылау 7 өңірде ғана бар. Мұндай жағдайда атқарушы билік елдің мұң-мұқтажына дер кезінде жауап қата алмайды. Осы уақытқа дейінгі оңтайлы реформа­лардың бәрі жергілікті жерлерге келіп тіреледі. Егер халықпен қоян-қолтық жұмыс атқаратын болса, әкімдіктер көптеген өзекті мәселені тиісті дең­гейде тез шеше алады. Бұл аза­мат­тардың билік институтына деген сенімін арттырады. Өңір әкімдері халықпен есептік кездесулерде ғана емес, тұрақты негізде кездесіп, барлық елдімекенді аралауға тиіс.
Әрбір шенеунік жүргізіліп жатқан реформалардың, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың мән-мақсатын халыққа нақты әрі ұғынықты жеткізе білуі тиіс. Шенеуніктердің бір осалдығы – халықпен қалай сөйлесу қажеттігін білмеуі.
Сондықтан мен Мемлекеттік басқару академиясының базасында арнаулы курстар ашып, оларға халықпен белсенді қарым-қатынас жасайтын шенеуніктерді жіберу керек деп ұйғардым. Әкімдерге халықпен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуді, ашық және шұғыл әрекет етуді тапсырдым. Бұл аудандардан бастап об­лысқа дейінгі барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты. Олардың халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы, жағдайды толыққанды білуі, мәселені жедел шешуі – басты міндет.
Нұртөре Жүсіп: Сіз өз қызметіңізде Елба­сының стратегиялық бағыт-бағ­дарын жал­ғастырудың маңызды екенін қадап айтып, осы тұрғыда жемқор­лықпен күрес, әділет­тілік туралы жиі айтып жүрсіз. Бұл – қоғам үшін аса қажет құндылықтар. Әсіресе, бү­гінгі таңда. Ал осы құндылықтар енді мем­лекеттік саясатта қалай көрініс таппақ?
– Қоғамдық құндылықтар – сан ғасырлар бойы халықтың санасында пісіп-жетілетін ізгілік категориялары, моральдық іргетас. Ізгі құндылық­тар – қоғамның иммунитеті.
Алайда, әр заманның, әр қоғамның өне бойына батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерттер болады. Жемқорлық – сол қоғамдық санаға сына қағатын қасірет. Бүгінде жем­қорлық қоғамдық өмірдің көптеген тұстарын жайлағаны жасырын емес.
Иә, Үкімет өз тарапынан заң аясында күресіп жатыр. Бұл аздық етеді. Егер әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жемқорлықты жеңу үшін тек қатаң жаза ғана емес, жан-жақты кешенді іс-әрекеттер қажет. Жем­қорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс.
Жақында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға­сына осы бағытта нақты тапсырмалар бердім.
Ұлы гуманист Махатма Гандидің «Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер» деген әйгілі нақылы бар ғой. Ең бастысы, қоғамдық пікірге, әр адамның санасына осы кеселге үзілді-кесілді қарсы тұратындай күш пен сенімді сіңірмесек, түпкілікті өзгеріс жасамасақ, барлық әрекетіміз нәтижесіз күреске айналуы мүмкін.
Жалпы, әділеттілік – қоғамды өр­кениетке жетелейтін, оның бет-бейнесін айқындайтын басты құн­дылық. Ол жоғалған сәтте азаматтар арасында наразылық туындайды. Бұл құндылық алдымен мемлекеттік саясатта көрініс табуы керек деп санаймын. Нақтырақ айтсақ, заң алдында барлық азамат тең құқылы болуы тиіс. Қылмыс жасаған азаматтар лауазымына қарамай заң шеңберінде жазалануы шарт.
Әсіресе, жастардың лайықты білім алуына, алаңсыз жұмыс істеуіне теңдей мүмкіндік берілуі қажет. Ауыл мен қа­ладағы жас азамат үшін де, лауазымды, ауқатты немесе қарапайым шаруа отбасының баласы үшін де әлеуметтік лифттің есігі кедергісіз ашық болуы керек. Айналып келгенде, әлеуметтік теңдік дегеніміз – осы. Біз осыған қол жеткізуге тиіспіз.
Мемлекеттік қызметке тағайындау барысында меритократия принципін ұстанған жөн. Азаматтарды тек бі­ліміне, қабілетіне қарай тағайындау талабы қағаз бетінде қалмай, іс жүзінде орындалуы қажет.
Дархан Қыдырәлі: Nur Otan партиясының XVIII съезінде ай­тылған «Әлеуметтік қамқорлық» жобасын жалғастыру үшін сіз бірқатар бастаманы белгіленген уақытынан бұрын орындауға тапсырма бердіңіз. Осы орайда, бюд­жет шығыстарын қайта қарап, мақсатсыз қаржы жұмсауды доғару керектігін айттыңыз. Жалпы, бюджет саясатындағы Қазақстанның басымдықтары қандай болмақ?
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бастамашы болған әлеуметтік бастамалар жалғаса береді. Оны жүзеге асыруға қажетті қаржы қа­растырылды, тиісті шаралар легі айқындалды. Осыған дейін айтқа­нымдай, мен бірқатар бастама­лар­ды межеленген мерзімінен ертерек қолға алуға тапсырма бердім.
Бюджет саясатында алдымызға қойылған нақты мақсаттар, жос­парлар бар. Мәселен, мұнай кіріс­теріне тәуелділікті азайтуға, ұлттық қордың активтерін тұрақтандыруға және оны сақтау ісіне басымдық бе­ріледі. Бұл орайда тиісті лауа­зым­ды тұлғаларға нақты тапсыр­малар жүктедім.
Бюджет қаржысы экономика­лық жағынан маңызды әрі табыс әкелетін салаларға жұмсалуы керек. Барлық шешімдер алдын ала жан-жақты зерттеліп, эко­но­микалық прагматизм тұрғысында қабылданғаны жөн. Бұл қаражат­тың тиімді жұмсалуына әсер етеді. Бюджет тапшы кезеңде қыруар қаржының игерілмей қалуына жол берілмеуі керек.
Өздеріңіз білесіздер, еліміздегі бірқатар даму бағдарламаларының табысты жүзеге асуына Ұлттық қор ерекше ықпал етті. Бюджетке ке­піл­дендірілген және мақсатты транс­ферттерге Ұлттық қордан өте көп қаржы жұмсалды. Ендігі ке­зек­те трансферттер көлемін бір­тіндеп азайтқан жөн. Қор қара­жа­тын ин­вестициялау құрылымын жақсарту саясаты сауатты жүргі­зілуі керек. Ұлттық қордың игілігін көру – болашақ ұрпақтың еншісінде.
Дархан Қыдырәлі: Әлеуметтік блокқа республикалық бюджеттің 45 пайыз үлесі жұмсалады. Бұл қаражат салыстырмалы түрде аз емес. Әлеуметтік саясатты же­тіл­діруге және оңтайландыруға қатысты көзқарасыңызды білсек деп едік. Жалпы, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қатысты не айтасыз?
– Халықтың әлеуметтік жағ­дайын, тұрмыс сапасын жақсарту ешқашан күн тәртібінен түспейді. Біз тіпті экономикалық жағдай қазіргіден әлдеқайда қиын кезеңде де еліміздегі әлеуметтік ахуалға ерекше көңіл бөлдік қой.
Мысалы, көпбалалы аналар­дың жағдайы жалпы әлеуметтік саланың барометрі болып табы­ла­ды. Дені сау анадан дені сау ұрпақ туады. Сапалы медициналық кө­мек, лайықты білім алған баладан отаншыл, мықты азамат шығады. Яғни, адами капиталды дамыту аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартумен тікелей байланысты. Аналарымыз отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы екенін ұмытпауымыз керек.
Алдағы уақытта әлеуметтік салаға 2 триллион теңгеден астам қаржы жұмсалатынын білесіздер. Аз қамтылған көпбалалы отба­сыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер» бағдарла­ма­сы аясында 40 мыңнан астам жал­дамалы пәтер салынады. Өңірлерге жасаған сапарымда мен облыс­тардағы баспана құрылысының жүргізілу барысын жіті қадаға­лай­тын боламын. Еңбекақыны өсіру, денсаулық сақтау саласын ілгері­лету, демографияны дамыту, өңір­лердегі инфрақұрылымдарды жақ­сарту сияқты жұмыстардың бә­рі жоспарлы түрде іске асырыла бе­реді. Бұл – бұлжымайтын жоспар.
Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан сая­саттандыруға болмайды. Шетел­дегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Ата­ме­кенге қайтару ісі ешқашан на­зар­дан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан­дастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз.
Елбасы әлеуметтік әділетті мемлекет құру бағытында орасан зор жұмыс атқарды. Биылғы Жастар жылының ашылуы және Nur Otan партиясының ХVIII съе­зінде берген бес әлеуметтік бас­тамасы мен тапсырмалары кешенді жүзеге асырылатын болады. Мен бюджет саласының төмен жалақы алатын қызмет­керлерінің еңбек­ақы­ларын бір ай бұрын – 1 мау­сымнан бастап өсіруді тапсырдым. Аталған шара миллионнан астам қызметкердің өміріне оң ықпал ететін болады.
Азаматтарды бірінші кезекте не толғандырады? Әрине, баспана мәселесі. Осыған байланысты әлеуметтік жағдайы төмен аза­мат­тар үшін 40 мыңнан астам жал­дамалы пәтер бөлу қарастырылып отыр. Әкімдер бұл іске биылғы мамырдан бастап кіріседі. Біз алдымен әр қазақстандықтың тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаймыз. Сондықтан халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық сипат­тағы мәселелерге назар аудару қажет. Бұл – тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығы саласын­дағы, яғни жылумен және сумен қамта­масыз ету, кәріз жүйесі, сон­дай-ақ жолдар, газдандыру мә­селелері, экология және қауіп­сіздік түйт­кіл­де­рі. «Құтты мекен» және «Ауыл – ел бесігі» жобалары осы міндеттерді орындауға ба­ғыт­талған. Бұл жобаларды жүзеге асы­ру үшін алдағы үш жылға трил­лионнан астам теңге қарас­тырылып отыр.
Алайда Үкімет пен әкімдер бюджет қаржысы түпсіз құдық еместігін ұғынуы тиіс. Бөлінген қаржы нақты экономикаға жедел жетуін қамтамасыз ету қажет. Осы орайда, аталған жобаларға отандық өндірушілердің барынша мол тар­тылуын бақылауға алуды тапсыр­дым. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар өңірлердің эконо­микасын ынталандыруға мүм­кіндік береді. Бұдан бөлек, өңірлер мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысуы қажет. Бүгінде әкімдіктер әлеу­меттік көмектің оннан астам түрін көрсетеді. Олардың ішінде жәр­демақы төлеу, баспанамен қам­тамасыз ету, жол жүру жеңілдіктері, тегін тамақ беру және басқалары бар. Алайда тұтастай алғанда, өңірлерде әлеуметтік қолдау ша­ра­ларына 5,3 процентке жуық қаржы бөлінеді. Әлеуметтік төлемдердің айтарлықтай бөлігі республикалық деңгейде жүзеге асырылады. Қол­даныстағы бюджет теңдестіріл­меген және қайта форматтауды талап етеді. Бюджеттің толығу көз­деріне жан-жақты сараптама жүргізілмейді. Екіншіден, бюд­жеттің «өндіріссіз шығындары» бар. Көптеген қажетсіз, жөнсіз шығынға жол беріледі.
Сонымен қатар халықтың нақты табыс табуына қатысты мәселелерді тек бюджеттік шы­ғындар есебінен шешу мүмкін емес екенін де түпкілікті түсінгеніміз жөн. Бюджетке қатысты көзқа­ра­сымызды түбегейлі өзгертуге тиіс­піз. Мысалы, жергілікті әкімдер көлікті, жиһазды аса қымбатқа сатып алады. Оған қоса жергілікті атқару органдары түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге құмар. Осындай шығындарды тоқтатып, жергілікті бюджет қаржысын әлеуметтік іс-шараларға жұмсау керек. Жалпы, ысырапшылдыққа тосқауыл қою қажет, сондай-ақ бюджеттің жымқырылуын мүлдем жою керек.
Масылдық пиғылға да жол бер­меуіміз керек. Азаматтарымыз үшін ең ұтымды әлеуметтік қор­ғау – бұл өз бизнесін жүргізуге мүмкіндігінің болуы немесе білікті еңбегі үшін лайықты еңбекақы алуы.
Нұртөре Жүсіп: Жастар жы­лына байланысты Үкімет жас от­басыларды қолдау жөнінде бір­неше шара дайындап отыр. Өзіңіз былтыр Твиттер арқылы «тағы қаптаған форумдар, имидждік жобаларды ұйымдас­ты­руға жол бермейік» деп пікір біл­дірдіңіз. Жалпы, жастарды қолдау қай тұрғыда жүргенін қалайсыз?
– Тұңғыш Президент – Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар туралы пікі­рімді жоғарыда да айттым, жас ұрпақты қолдап, қорғау – бола­шақты қорғау.
Биыл «Жастар – ел тірегі» ар­наулы әлеуметтік жобасы іске қо­сылды. Заңнамаға өзгерістер енгі­зу, бюджеттен қаражат бөлу, инф­ра­­құрылымды дамыту биыл – Жастар жылында шешілуі керек.
Жастар жылы барысында жұмыспен қамту, баспанамен қамту, білім беру, өмірге бейімдеу, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жас ғалымдарды қолдау шаралары жалғаса береді.
Елбасының пәрменімен дү­ниеге келген «Болашақ» бағдар­ламасы ширек ғасыр уақытта ел жастарына әлемнің үздік оқу орындарының есігін ашып берді. Мемлекет оқимын, тоқимын деп талпынған жас азаматтар үшін барлық жағдайды жасап отыр.
Осы сұхбатты пайдаланып, орта білім беру саласында үштіл­ділік бағдарламасын жүзеге асы­рудың да маңызы зор екенін айтқым келеді. Ең алдымен, қазақ тілін және орыс тілін оқыту жүзеге асырылуы тиіс. Біздің балаларымыз үшін мұның мәні зор. Содан кейін ағылшын тілін үйретуге болады. Осылайша, болашаққа ашық көзбен қарайтын жаңа ұрпақты тәрбиелейміз.
Жастар саясатында, жастар тәр­биесінде науқаншылдыққа, тиімділігі төмен шараларды ұйым­дастыруға жол бермеу керек. Сон­дықтан кез келген шараны ғылыми негізге сүйеніп, жүйелі түрде жү­зеге асырғанымыз жөн. Жастардың алға қойған мақсат-мүдделерін білу үшін науқаншылдық емес, нақты зерттеулер қажет. Жүйелі әрі кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы жастардың мұң-мұқта­жын, мақсат-мүдделерін анықтап, жастар саясатын сол қажетті­лік­терге жауап беретін деңгейде ұйым­дастыру маңызды. Біз жас­тарға білім беруді алдыңғы қатарға қоямыз. Тек білім ғана емес, отансүйгіштік рухта тәрибелеу ісін де басты назарда ұстау керек.
Дархан Қыдырәлі: Президент ауысқанда Үкіметтің де өзгеру ықтималдығы жоғары. Қазіргі Үкімет осы құрамда қала ма әлде қандай да бір кадрлық өзгерістер бола ма? Жалпы, маман таңдауда қандай қағидат ұстанасыз?
– Президент ауысқанда Үкі­меттің қоса ауысуы міндетті емес. Үкімет жақында ғана жасақталғаны белгілі. Қазір көптеген қауырт жұмыс бар. Министрлерге нақты тапсырмалар берілді. Съезд тап­сыр­маларын орындау, көктемгі тас­қын қаупінің алдын алу, егіс науқаны сияқты маңызды маусым­­дық міндеттер тұр. Сондықтан қазіргі кезде Үкіметті ауыстырудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын. Ал жекелеген Үкімет мүшелерінің қызметі олардың атқарған нақты жұмыстарына қарай бағаланатын болады.
Дархан Қыдырәлі: Ел өзінің жа­ңа басшысын тек газет, теледидар, сайт арқылы ғана емес, тікелей көрсек, білсек, сұрақ қойсақ дейді. Осы орайда облыстарға, өңірлерге қаншалықты жиі шығасыз және алда қай аймақтарға баруды жоспарлап отырсыз?
– Мен ешқашан бұқарадан алыс болған емеспін. Өздеріңізге мәлім, біраз жылдан бері Твиттер желісі арқылы ойларымды бөлісіп келемін. Сенат төрағасы қызметін атқарған кезімде де ел ішіне шы­ғатынмын. Сондықтан өңірлерге шығып, елдің тыныс-тіршілігімен танысу жоспарда тұр.
Нұртөре Жүсіп: Тұңғыш Прези­дентіміздің «Алдымен – экономика, сосын – саясат» деген ұстанымы өзгермейді дейсіз ғой?
– Дәл солай. Нұрсұлтан На­зар­баев – әлемдік тарихқа аса көр­некті реформатор ретінде енді. Әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымыз – Елбасының жүргізген сарабдал саясатының жемісі. Сондықтан шетелдік сарапшылар бұл рефор­маларды «Қазақстан жолы» не­месе «Дамудың қазақстандық үлгісі» деп атайды. Қазір біздің еліміз – Орталық Азия өңіріндегі бірден-бір жетекші мемлекет. Даму жағы­нан посткеңестік елдер арасында алғашқылардың қата­рындамыз.
Ұдайы экономикалық өсім болмаса, осы дәрежеге жетуіміз екіталай еді. Инвестиция, экспорт және индустрияландыру – эконо­микалық өсімді қамтамасыз етіп, оны әртараптандыруға қол жет­кізудің шешуші факторлары. Қа­зіргі заманның қарқыны өте жыл­дам. Мемлекет пен бизнестің, сон­дай-ақ орталық пен өңірлердің жұ­мыстарын үйлесімді түрде жүр­гізуіміз керек. Бүгінде Қазақстан шетел инвестициясын тарту үшін қолайлы ахуал орнықтырды. Инвес­тиция өз-өзінен келе сал­майды. Біз, бірінші кезекте, әлеуетті инвесторларға жағдай жасауымыз қажет. Әсіресе, шетел инвесторларына жер телімдерін бөлу, олардың инженерлік және электр желілеріне қосылуы, түрлі рұқсаттар алуына қатысты айтар­лықтай тосқауылдар бар. Мәселені жедел шешудің орнына бюро­кратияға жол беріліп отыр. Соның салдарынан бірқатар облыста әкімшілік кедергілер мен жасанды шектеулер іскерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік бермей отыр. Сол себептен әлеуетті инвестордың салы суға кетіп, ол басқа елді таң­дауға мәжбүр болады. Бұл жағдай тек шетелдік қана емес, отандық инвесторларға да қатысты. Үкі­метке және әкімдерге осы проб­леманы жедел шешу мәселесін қарастыру жөнінде тапсырма бердім. Инвестиция салуға кедергі келтіретін кез келген тиісті лауа­зымды тұлғаның жеке жауапкер­шілігі қаралуы қажет. Биыл Тіке­лей инвестициялар қоры құрылды. Елбасының шешімімен Ұлттық қордан 370 миллиард теңге көле­мінде қаржы бөлінді. Қор жұмысын тиімді жүргізетін болса, осы жылдың ішінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Елімізге тартылған инвести­циялар мен шикізаттық емес экспорттың көлемі министрлер мен әкімдердің қызметін бағалау ісінде шешуші көрсеткіш болады.
Нұртөре Жүсіп: Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері әлемдік деңгейде көпвекторлы саясат жүргізді. Өзіңіз екі рет Сыртқы істер министрі ретінде осы саясатты жүзеге асырдыңыз. Бүгінгі халықаралық аренадағы ахуал күрделі. Алдағы уақытта еліміздің сыртқы саясатында қандай бағыт ұстанбақсыз?
– Көпвекторлы саясат – Қазақстанның географиялық орналасуынан, геоэкономи­ка­сы­нан туындайды. Бұл – ұзақмерзімді стратегиялық бағыт. Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасы осы жолды ұстанды. Бұл стратегияның нәтижесінде мемлекетаралық қақ­тығыстардан, аймақтық теке­ті­рестерден алыс болдық. Әлем бізді бітімгер мемлекет ретінде таныды. Бітімгерлік миссиясы бүгінде елі­міздің сыртқы саясатының ба­сымдығына айналды. Қазақстанды Азиядағы бейбітшілік платфор­масы деп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан өзінің сыртқы сая­сатында Ресей, Қытай, Еуропа, АҚШ, Орталық Азия, Ислам әлемі елдерімен ынтымақтастыққа баса мән береді. Оған қоса, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында біршама интеграциялық үдерістерге баста­машы болды. Бұл бағытта дәстүр сабақтастығы сақталады, саяса­тымыз өзгермейді. Көпвекторлы стратегия алдағы уақытта да Қа­зақ­стан дипломатиясының басым бағыты болып қала береді.
Дархан Қыдырәлі: Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Бас хатшысы бол­ған Пан Ги Мун кезінде сіз туралы «Бұл қызметте ұзақ отырмай, еліңізге аса жауапты қызметке оралатыныңыз белгілі» деп жазған екен. Әлемдік деңгейдегі саясат­кердің бұл болжамын көріпкелдік деуге бола ма?
– БҰҰ-ның Женевадағы кең­сесін басқару – менің диплома­тиялық жұмыс тәжірибемдегі елеулі сәттердің бірі. Бұл – әлемдік проблемалар көтерілетін әрі шешімін табатын БҰҰ маңызды өкілдігі. Әрине, сол кездегі Бас хатшы Пан Ги Мунмен бірге жұмыс істеп, онымен тұрақты байланыста болу құрметіне ие болдым. Ол кі­сінің бұл сөзі тек маған ғана емес, бүкіл Қазақстан диплома­тиясына берілген жоғары баға деп есеп­теймін. Себебі, бұл саладағы ма­ман­дарымыздың бәрі – әлемдік деңгейдегі кәсіби дипломаттар. Был­тыр еліміздің БҰҰ-ның Қа­уіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мү­шелігіне сайлануы және әлемнің жүз­ден аса елдерімен бейбіт бай­ла­ныс орнатуы осының айқын дәлелі.
Дархан Қыдырәлі: Сіз қашанда қазақ руханияты мен ұлт мәде­ние­тіне жанашырлық танытып жү­ресіз. Қоғамда қазақ тілін дамы­туға ерекше мән беріп келесіз. Ел­басы 2020 жылға қарай елдегі бар­лық мектеп оқушыларының 90 па­йызы мемлекеттік тілді меңгереді деп айтқан еді. Жалпы, мемле­кет­тік тілді дамыту үшін қандай ша­ралар атқарылу керек деп ойлайсыз? Қазақ тілінің дамуына көңіліңіз тола ма?
– Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі.
Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байла­ныс­тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдір­шіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет.
Біз мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеру бағытындағы жұ­мыс­тарды үздіксіз жалғастыра береміз.
Нұртөре Жүсіп: Латын гра­фикасына көшу жөнінде бірқатар шаралар атқарылды, емле-ереже қабылданды. Ендігі қадам қалай болмақ?
– Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес. Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр.
Көрші мемлекеттердің көп­шілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғы­рудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Осыған орай, Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы жарлығы шықты. Елімізде қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиін пайдалана бастаған құ­рылымдар бар. «Егемен Қазақ­стан» газетінің де бір беті осы әліп­бимен жарық көріп жатыр ғой.
Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі.
Нұртөре Жүсіп: Ұлт ұстазы Абай Құнанбайұлы ХІХ ғасырдағы қазақтың мінез-қалыбын барынша өткір сынға алып еді. ХХІ ғасырдағы кердең мінезге нені жатқызар едіңіз?
– Даңғазалық, ысырапшыл­дық. Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет. Осы туралы бұрынырақта, әлеу­мет­тік желіде пікірімді де жаздым.
Ұлы Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – за­лымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүние­ден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды» дейді. Бізге надан­дықтан құтылу қажет.
Тәуелсіздік жылдарында мем­лекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастары­мыздың тұтас бір буыны қалып­тасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ой­шыл, қанағатшыл, рақымшыл бол­са – онда біздің еліміздің бо­лашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!
– Уақыт тауып, әңгімелескеніңіз үшін көп рақмет!

Сұхбаттасқандар
Н.Жүсіп,
Д.Қыдырәлі

ЗОРЛЫҚСЫЗ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУДІҢ 198 ӘДІСІ

Джин Шарптың «Зорлықсыз наразылық білдірудің 198 әдісі» кітабы («198 METHODS OF NON VIOLENT ACTION» from The Politics of Nonviolent Action by Gene Sharp) бойынша

Демократия мен әділет үшін күресетін адамдардың көбісі зорлықсыз әрекеттер спектрінің қандай кең екенін біле бермейді. Салиқалы стратегия, зорлықсыз күреске ұмтылу, әдістерді мұқият зерттеу сізді мұратыңызға жеткізуі мүмкін. Джин Шарп 1973 жылы жарыққа шыққан «Зорлықсыз әрекет саясаты еңбегінде (3-томдық) тарихи мысалдарды келтіре отырып, зорлықсыз қарсы тұру, күресудің 198 әдісін жинақтады. Назарларыңызға осы еңбекте айтылған әдістердің жиынтығын ұсынамыз. Олардың барлығын түгел қолдануға келеді деуге болмайды. Дегенмен егер іште наразылығыңыз болса оны білдірудің ұтымды әдстері де бар.

Заңсыз әрекеттерсіз, қоқан-лоққысыз, зорлық-зомбылықсыз күрес жүргізетін адамдардың „бейбіт қарулары“:

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕЛЕР
1. Көпшілік алдында сөз сөйлеу
2. Қарсылық немесе қолдау хаттары.
3. Ұйымдар мен мекемелер атынан декларациялар
4. Танымал адамдар қол қойған хаттар
5. Келіспеу және жазғыруды білдіретін декларациялар
6. Топтық немесе бұқаралық петициялар
Бұқарамен коммуникация
7. Лозунгтер, карикатуралар мен символдар
8. Плакаттар, көрнекі құралдар
9. Үндеухаттар, памфлеттер мен кітаптар
10. Газеттер, журналдар, сайттар
11. Аудиожазбалар, радио, ТВ
12. Әуедегі (ұшақпен) және жердегі (таспен қаланған, өсімдіктер өсірілген) жазбалар
Топтық акциялар
13. Депутациялар
14. Сатиралық марапаттар
15. Топтық лобби
16. Пикеттеу
17. Жалған-сайлаулар
Символикалық және қоғамдық акциялар
18. Жалауларды ілу, символикалық түсті заттарды пайдалану
19. Символдарды тағу, киіп жүру
20. Дұға-тілектер
21. Символикалық нысандарды табыстау
22. Қарсылық білдіру ретінде шешіну
23. Өз меншігін жою
24. Символикалық түрде от жағу (факел, фонарь, шамдар)
25. Портреттерді шығару
26. Протестті білдур ретінде сурет салу
27. Көшенің жаңа атаулары мен белгілерін орнату
28.Символикалық дыбыстар шығару
29. Жерді символикалық түрде иемдену
30. Дөрекі ишаралар
Жекелеген адамдарға қысым жасау
31. Ресми тұлғалардың ізінен қалмау
32. Ресми тұлғаларды әжуалау
33. Әскерилермен ағайындасу
34. Қырағылық (»кезекшіліктер")
Театр және музыка
35.Юморлық пародиялар
36. Пьесалар мен музыкалық қойылымдар қою
37. Ән шырқау
Процессиялар
38. Марштар
39. Парадтар
40. Діни процессиялар
41. Қажылық
42. Автоколонналар
Қайтыс болғандарды еске алу
43. Саяси траур
44. Символикалық жерлеу рәсімдері
45. Демонстративті жерлеу рәсімдері
46. Бейіттерге зиярат ету
Қоғамдық жиналыстар
47. Протест не қолдау жиналыстары
48. Протест білдіру митингілері
49. Протесттің құпия митингілері
50. Семинарлар
Кету және бас тарту
51. Демонстративті түрде кету
52. Үнсіздік
53. Сый-құрметтен бас тарту
54. Теріс айналу (арқасымен қарау)
Әлеуметтік серіктестіктен бас тарту әдістері/ жекелеген адамдардың остракизмі
55. Әлеуметтік бойкот
56. Таңдамалы әлеуметтік бойкот
57. Жұбайлық міндетін атқарудан бас тарту («Лисистрат бойынша»)
58. Араласу, сөйлесуден бас тарту
59. Діни қызметті доғару
Қоғамдық маңызды оқиғалар, әдет-ғұрыптар, жұмыстардан бас тарту
60. Әлеуметтік және спорттық қызметті доғару
61. Қоғамдық оқиғаларға бойкот жасау
62. Студентік ереуілдер
63. Қоғамдық бағынбаулар
64. Қоғамдық ұйымдардағы мүшеліктен шығу
Әлеуметтік жүйеден бас тарту
65. Үйден шығудан бас тарту
66. Қызметтестіктен толығымен бас тарту
67. Жұмысшылардың қашуы
68. Уақытша баспаналарды паналау
69. Тұрғылықты орыннан ұжымдық түрде үдере көшу
70. Қарсылық ретінде эмиграция («хиджрат»)
Экономикалық бойкоттар/ Тұтынушылар акциясы
71. Тұтынушылар бойкоты
72. Бойкот жарияланған тауарлардан бас тарту
73. Аскетизм саясаты
74. Жалгерлік (арендалық) ақыны төлеуден бас тарту
75. Жалға беруден бас тарту
76. Жалпыұлттық тұтынушылық бойкот
77. Халықаралық тұтынушылық бойкот
Жұмысшылар мен өндірушілердің акциялары
78. Жұмысшылар бойкоты
79. Өндірушілер бойкоты
Делдалдар акциялары
80. Жеткізушілер мен делдалдарға бойкот жариялау
Меншік иелері мен басқарушыларының акциялары
81. Саудагерлерге бойкот жариялау
82. Меншікті жалға беруден немесе сатудан бас тарту
83. Локаут (өндіріс иесінің өндірісті тоқтатуы)
84. Өнеркәсіптік көмек беруден бас тарту
85. Саудагерлердің жалпы ереуілі
Қаржылық ресурстарды ұстаушылардың акциялары
86. Банк салымдарын шешіп алу
87. Гонорарларды, төлемдерді, үстеме қаражатты төлеуден бас тарту
88. Қарыздар мен проценттерді төлеуден бас тарту
89. Қорлар мен кредиттер шарттарын қатаңдату
90. Салық төлеуден бас тарту
91. Жалақы алудан бас тарту
Үкімет әрекеттері
92. Ішкі эмбарго
93. Саудагерлердің "қара тізімі"
94. Жеткзушілердің халықаралық эмбаргосы
95. Сатып алушылардың халықаралық эмбаргосы
96. Халықаралық сауда эмбаргосы
Экономикалық қызметтестіктен бас тарту: ереуілге шығу/Символикалық ереуілге шығу
97. Қарсылық ереуілдері
98. Тайып тұру («лездік ереуілдер»)
Ауылшаруашылық ереуілдер
99. Шаруалардың ереуілдері
100. Ауылшаруашылығы жұмысшыларының ереуілдері
Ерекше топтардың ереуілдері
101. Мәжбүрлі еңбектен бас тарту
102. Түрмедегілердің ереуілі
103. Қолөнер шеберлерінің ереуілі
104. Кәсіби ереуілдер
Қарапайым өнеркәсіптік ереуілдер
105. Истеблишмент ереуілдері
106. Өнеркәсіптік ереуілдер
107. Ынтымақтастық ереуілдері
Шектеулі ереуілдер
108. Ішінара ереуілдер
109. «Бамперлік» (таңдамалы, кезекті) ереуіл
110. Жұмыс қарқынын төмендету
111. "Қатаң нұсқаулық бойынша" жұмыс жасау
112. «Ауыру себебі бойынша» жұмысқа шықпау
113. Қызметтен кету арқылы ереуіл
114. Шектеулі ереуіл
115. Іріктемелі ереуіл
Көп салалы ереуіл
116. Жан-жаққа таралатын ереуіл
117. Бұқаралық ереуіл
Ереуілдер мен кәсіпорындардың экономикалық жабылуы
118. Жұмыс пен сауданы тоқтату («хартал»)
119. Бүкіл экономикалық қызметті тоқтату
Саяси қызметтестіктен бас тарту/ билікті қолдаудан бас тарту
120. Билік лояльдығын қабылдамау
121. қоғамдық қолдау білдіруден бас тарту
122. Қарсылыққа үндейтін әдебиет, сөздер
Азаматтардың үкіметпен қызметтесуінен бас тартуы
123. Заң шығару органдарына бойкот жариялау
124. Сайлауға бойкот жариялау
125. Мемлекеттік лауазымдарды атқарудан, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуден бас тарту
126. Мемлекеттік мекеме, агенттіктер мен өзге органдарға бойкот жариялау
127. Мемлекеттік білім беру мекемелерінен кету
128. Мемлекет қолдау білдіріп отырған мекемелерге бойкот жариялау
129. Тәртіпке келтіруге көмек беруден бас тарту
130. Меншік құқын білдіретін белгілер және көше белгілерін алып тастау
131. Ресми тұлғаларды тағайындауларды мойындаудан бас тарту
132. Жұмыс істейтін институттарды таратудан бас тарту
Азаматтық мойынсұну альтернативасы
133. Сылбыр және еріксіз бағыну
134. Тікелей қадағалау болмаған кездерде бағынбау
135. Халықтық бағынбау
136. Маскаланған бағынбау
137. Жиналысты не митингті тарату бұйрығына бағынбау
138. Отырып ереуіл жасау
139. Армия және депортациядан бас тарту
140. Жасырну, қашу және жалған құжаттар жасау
141. "Әділетсіз" заңдарға азаматтық бағынбау
Үкіметтік қызметкерлердің акциясы
142. Үкімет өкілдеріне көмек беруден таңдамалы түрде бас тарту
143. Командалар мен ақпаратты таратуды блоктау
144. Мекемелер жұмысына кедергі жасау және кешеуілдету
145. Әкімшілік қызметтестіктен жалпы бас тарту
146. Сотпен қызметтестік етуден бас тарту
147. Жұмысты әдейі тиімсіз жасау және атқарушы органдармен қызметтесуден таңдамалы түрде бас тарту
148. Бүлік
Үкіметтің ішкі акциялары
149. Өтірік-шынды әрекеттер, ұстап әкету
150. Ұсақ мемлекеттік органдармен қызметтестіктен бас тарту
Үкіметтің халықаралық акциялары
151. Дипломатиялық және өзге өкілдіктердегі өзгерістер
152. Дипломатиялық шараларды кешіктіру және өткізбеу
153. Дипломатиялық танудан бас тарту
154. Дипломатиялық қатынастарды нашарлату
155. Халықаралық ұйымдардан шығу
156. Халықаралық ұйымдарға мүшеліктен бас тарту
157. Халықаралық ұйымдардан шығарып тастау
Зорлықсыз әрекет әдістері/психологиялық әрекет ету
158. Өзін табиғи апатқа тастау (өртеу, суға кету және т.б.)
159. Аштық жариялау
а) моралдық қысымға аштық жариялау
б) аштық жариялап ереуілге шығу
в) «Сатьяграха» сияқты аштық жариялау
160. «Кері» сот
161. Оппонентті зорлықсыз психикалық қажыту
Физикалық әрекет
162. Тапжылмай отыру
163. Тұру
164. Көліктен шықпау
165. Нәсілдік сегрегация кезінде сегрегацияланған жағажайларды пайдалану
166. Бір орында әрлі-берлі жүру
167. Сегрегацияланған шіркеулерде дұға оқу
168. Меншікті табыстау талабымен зорлықсыз марштар
169. Оппонент қадағалайтын аймақтарға зорлықсыз ұшып келу
170. Тыйым салынған аймақтарға зорлықсыз кіру (сызықтан өту)
171. Зорлыққа немесе оппоненттің өзге әрекеттеріне өз денең арқылы зорлықсыз қарсы тұру (психологиялық әсер)
172. Өз денеңмен зорлықсыз блоктау/қалқандау (физикалық әрекет)
173. Зорлықсыз оккупация
Әлеуметтік әрекет ету
174. Жаңа әлеуметтік тәртіптер орнату
175. Ғимарат ішін босату
176. Жолдарды бөгеу
177. Ұзақ сөз сөйлеу
178. Көшеде өз бетіңізбен қойылым жасау
179. Альтернативты әлеуметтік институттар
180. Альтернативті коммуникация жүйелері
Экономикалық әрекет
181. Кері ереуіл
182. Жұмыс аяқталған соң жұмыстан шықпау
183. Жерді зорлықсыз иемденіп алу
184. Блокада орындаудан бас тарту
185. Жалған ақшаны саяси мотивпен жасау
186. Стратегиялық маңызды тауарларды әдейі жаппай сатып алу
187. Құнды заттарды алып алу
188. Демпинг
189. Фирмаларға, мекемелерге іріктеп патронаж жасау
190. Альтернативті нарықтар құру
191. Альтернативті көлік жүйелерін қалыптастыру
192. Альтернативті экономикалық институтттар
Саяси әрекет ету
193. Әкімшілік жүйені асыра жұмыс жасатқызу
194. Құпия агенттерді әшкерелеу
195. Түрмеге қамалуға тырысу
196. «Бейтарап заңдарға» азаматтық мойынсұнбау
197. Қызметтестіксіз жұмыс істеу
198. Қос суверенитет және параллель үкімет құру

Микрогрин дегеніміз не?

суреттің алынған жері
Микрогриндерді тамаққа қосу — бұл қазіргі заманғы аспаздық жаңа үрдіс болып кетті.
Бұл сөзді аспаздық рецепт және мейрамханалар мәзірінде жиі кездестіруге болады. Микрогринді-салаттар, сорпалар, десерт-тер және басқа да көптеген тағамдарға түс пен текстураны қосатын шағын, жас-жасыл өскіншелер. Микрогринді өндірілген дәндермен шатастырмау керек, себебі оларға қарағанда микрогрин гормондар-цикотиндер синтездейді. Бұл жасушалардың бө-лінуіне жауап беретін гормондардың класы. Сонымен қатар, микрогринде табиғи өсу стимуляторы болып табылатын ауксин бар. Оларды шатастырудың қажеті жоқ. Өйткені микрогринді өсіру кезінде азотты, калийлі немесе фосфорлы тыңайтқыштармен ты-ңайтылған топырақтың қалың қабатының қажеті жоқ. Себебі, микрогриннің өсуі үшін барлық қажетті заттар ұрықтың өзінде бар, тек су мен көмірқышқыл газы қажет. Микрогриндер негізінен стандартты көкөністер мен шөптердің көшеттері. Қырыққа-бат, сәбіз, балдыркөк, мангольд, салат, шпинат, рукколу, амарант, қырыққабат, қызылша. Әсіресе, шөптердің микрогрин-дерінде олардың тәбет ашарлық хош иістері мен дәмі бар. Шөптерден микрогрин ретінде: ақжелкен, аскөк, райхан, кориандр өсіріледі. Микрогриндер ретінде тіпті жеуге жарамды гүлдерді қолданады: күнбағыс, настурция, анютаның көзі, қарақұмық, беде және т.б. Оларды әртүрлі мейрамханалардың тұсаукесерлері мен тағамдарында жиі кездестіреміз, ең қызығы оларды үй жағдайында да оңай өсіруге болады.

Терри Лин қытай әншісі туралы не білеміз ?



Терри Лин (қытай: 林志炫; pinyin: Lín Zhõxuán, 1966 жылы 6 шілдеде дүниеге келген) — тайвань әншісі. «Үздік мандарин» номинациясы бойынша ол «Алтын мелодия» сыйлығына 5 рет ұсынылды. Оның кішкентай денесіне қарамастан, оның бойындағы дауысы және фальцетаны әнге араластыру үшін түрлі диапазонда түрлі резонансты қолданатын айқын және талғампаз андрогенді дауысымен танымал. Оның дауысында 3 октаваның диапазоны бар, бірақ оның жаңадан шығарылған аспаптық музыкасы арқылы витас орындайтын опера әнін орындағанда тағы 1 Октаваға ұзартты. Ол күніне дайындықты 4-тен артық (оның ішінде орындау) жасамайтынын мәлімдеді. Кейінірек ол өзінің альбомын «One Take and One Take» атты альбомын жаза отырып алғашқы тайвандық әнші болды.

Өмірі және мансабы

Терри Линь Тайваньның Килунг қаласында дүниеге келген және от басындағы 3 баланың үлкені. 1991 жылы "Ukulele с Ли Чи университетте оқи бастаған, 1992 жылы Тайваньда және Гонконгта «Кешірім» деп аталатын 4 қытай тіліндегі (Мандарин тілі) альбомы, 2 ағылшын тілінде альбом шығарды. Альбомдар жинағы 1996 жылы таратылды. Ол шахтадағы электрик ретінде жұмыс істеді, бірақ оның әріптес досы жұмыс кезінде апаттық жағыдайдан қаза тапқаннан соң әкесінің отбасылық баспа компаниясында жұмыс істеуге барды. Ол әлі сол жерде қызмет етеді. 1999 жылы ол анасының жағыдайына байланысты музыкалық индустриядан кетуге мәжбүр болып демалыс алады. Бірақ демалыстан 9 ай өткенде, анасы қайтыс болады. Одан кейін баспа ғимаратынан өрт шығып баспа қайта қалпына келтірілді.

1995 жылы Терри Лин өзі жалғыз болды және Sony Music компаниясымен келісім шартқа қол қойып, 1997 жылы өз агенттігін құрды. 2018 жылы Мо Дао Су Шидің «Өткен өмірдің масаңдық арманы» атты әнін орындады.

Димаш Құдайбергенмен байланысы


Терри Лин қытай еліндегі «Singer» байқауынан соң Димашпен жақсы байланыста және дос. Ол уақыт өміріндегі маңызды кезең болып табылады, сондықтан ол сол кезеңге әліде қайта-қайта оралғысы келетінін мойындайды.
Димашпен алғашқы таныстықтан кейін Терри Лин Димашқа жақсы баға берді. Димашқа берген бағасы: «Димашта сымбаттылық, керемет дауыс және кәсіби орындау шеберлігі бар» екенін айтты. Димаш өз кезегінде құрметіне ризашылық танытып Терри Линді өнердегі "әкем" деп қабылдады. Терри бұл атақты мақтан тұтады.

Біз Терри Лин-ге шығармашылық табысқа жетуін және үздіксіз шабыт тілейміз!

en.wikipedia.org/wiki/Terry_Lin, dimash-dostar.com/blog/terry-lin
Admin, mazmunda qateler bolsa keshirim suraimyn,tuzep jiberersiz.