“Мінбер” қорының журналистерге арналған тренингтері өтті
24-25 маусым күндері Астанада Назарбаев университетінде еліміздің әр өңірлерінен келген журналистер үшін “Мінбер” журналистерді қолдау қоры тренингтер өткізіп, жаңа медиа технологияларын үйретті.

Әрі қарай








2011 жылдың 17 маусымда Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерейтойына орай көркемсурет көрмесінің ашылу салтанаты өткен еді. Көрмені ұйымдастырған Суретшілер Одағының ықпалымен құрылған «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы болатын.
Бүгін таңертең ағам, ағамның шәкірті және мен үшеуміз Жуалыға жол тарттық. Жолға шығуымызға себеп болған "Ұлы Дала ойындарының" финалын көру және ағам сол жерде арнау айтады екен. Сонымен не керек кетіп барамыз. Күйік асуынан аман-есен өттік. Б.Момышұлы ауылынан екі-үш шақырымнан соң солға жол шығады. Ойындар таудың етегінде
Көксандықты қоссақ қозасың. Шаршайсың, жүдейсің тозасың. Бұл айдан анық, күннен жарық дүние. Әңгіменің әлқиссасын, әріден емес, беріден бастайын. «Бері» — дегенім бүгінгі таңның айшығы. Ертеде түріктің сериалы шыққанда алғашында жатырқаушы едік. Кейін ет үйреніп, қантамырымызға сіңіп бойдағы арам қанымызға айналды. Тіпті ауылда түрік сериалдарының себебінен семіз сиырлар ұрланып, соңында сыйрағы сайдан табылып жатты. Бармақ тістеп, аһ ұрғандар болды.
Көптен бері баруды жоспарлап жүрген соң, бүгін «Көліктер-2» фильміне барып қайттық. Әлқисса: