Алматылық блогерлермен кездесу

Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды.
Әрі қарай

Мұрат ӨНАЛ: Қазақстан ұлттық құрамасында ойнағым келеді

Мұрат Өнал – Еуропа алаң­да­рында ойнап жүрген жалғыз қазақ фут­бол­шысы. Түркияда туып-өсіп, Еуропаға көшкен қандасымыздың ба­ласы. 6 жа­сынан бері футболмен айна­лы­сады. Қазір Голландияның бірінші лига­сын­дағы «Волендам» ко­ман­дасының ша­буылшысы. Жа­сы 24-те. Голлан­дия­ның 14,16,17 жас сана­тын­дағы ұлт­тық құрама­ла­рын­да ойнаған. Бүгінге дейін Голландия және Бельгияның «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» коман­да­ларында өнер көр­сеткен. Арманы – Қазақ елінің ұлт­тық құрамасында ойнау.
Әрі қарай

"ҚазСат-2" қазақстандық жасанды жерсерігі ұшырылды

2009 жылы ұшырылуы тиіс "ҚазСат-2" қазақстандық жасанды жер-серік бүгін ұшырылды. Ресейдің «Протон-М» зымыран-тасығышымен көкке көтерілген қазақстандық жер-серікті «Бриз-М» үдету блогы геостационарлық орбитаға (экуатордан 35 790 км биіктікте) дейін жеткізеді.

"ҚазСат-2" жасанды жерсерігінің игілігін халық көрсін, ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз.

Міне, мынау "ҚазСат-2"-нің өзі
Әрі қарай

Жол ашу

Көп жағдайларда жолым болмай жүргендей сезініп жүрмін. Соған қарап, ойлаймын да біреулердің көзі көп тиді ме екен деп… Ойланып, жол аштырсам ба деген ойға келдім. Жол аштырудың қандай жолдары бар екен?
Әрі қарай

Еуропа Лигасының 3-ші раунд жеребесі өтті



Жаңа ғана Еуропа Лигасының келесі раундының жеребесі өтті. Егер осы раундтан біздің командалар аман өтсе, келесі раундтағы қарсыластары мына командалар:

Алания (Ресей) — Ақтөбе
Карпаты (Украина) — Шахтер
Ертіс — Ренн (Франция)
Әрі қарай

Бір орман ертегісі



Аю сиықсыз, маймақ және лас жануар еді. Бірақ, ол сияқты қайырымды ешкім жоқ еді орманда. Бірақ аңдар оны тек түріне қарап бағалаушы еді. Бұл Аюға ұнамайтын, сондықтан ол оларды ұстап алып, аяқтарымен қаттылап тепкілеуші еді. Сондықтан аңдар оны жақсы көрмейтін. Қайырымды болса да. Және көңілді болса да. Ол қызық әзілдер айтушы еді. Сол үшін де аңдар оны ұнатпаушы еді. Ұратын еді оны. Иә, өмірде қайырымды және көңілді болып жүру қиын нәрсе.

Қасқыр да сиықсыз және лас еді. Және ол сондай жауыз және мейірімсіз еді. Бірақ, аңдар оны жек көрмеуші еді және оны ұрмаушы еді. Себебі Қасқыр балалық шағында өлген еді. Өйткені, Аю Қасқырдан бұрын өмірге келген еді. Иә, Жақсылықтың Жамандықты жеңгені қашан да жақсы.
Әрі қарай

urimji




eki kunning aldinda urimjige pasportha dizimdelwge bargan edim, sodan halaning kornisi,
hazir hazahstanga xigatin halaih kunine 200 pasport axadi eken, halgani xiret nomeri arhili xiret kutedi, sodan osilay eseptegende, men 11 kuni bardim mening xiretim 11 ayga bardi, solay bola tursada xirettegi adam sani yin tiresedi, tangerteng sagat 4 terde is basharma ornining esigine kelsek, onda bizden burin 5-6 adam kelip bolipti, baride erterek xiret alw uxin ,erterek angsagan ata mekenderine jetw uxin hoy. sodan adamdar birtindep jynala berdi… jynala berdi…
Әрі қарай

Мәсімов "масяняның" кім екенін білетінін айтты...

Конференция барысында түртіліп алынғандар:

Хиджап жайлы. Саяси реңкі басым боп жатыр дейді. Францияның мысалын келтірді.

Теміртаудағы мектептің қазақ тіліне көшірілуі жайлы сұрақ. Орыстілді журналис (Киселев) «хлықтың жанайқайын» жеткізді, қазақша қылмауын сұранып жатыр дейді жұрт.

МӘСІМОВ: «БАРЛЫҚ ҚАЗАҚТАР ҮШІН ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ ШАРТ!»

Мәсімов "… бірақ орыс тілін ұмытпауымыз керек. Біз негізі бүкіл әлем мәдениетін орыс тілінің дәнекерлігімен үйрендік".
Әрі қарай