"Әйел денсаулығы" газетінің ұйымдасқан қарақшылық тобы

"Әйел денсаулығы" газетінің сұмдық ұрлығы жайлы бұған дейін жазып, ол газетті сотқа да бердік. Жан-жақтан болған наразылықтарға қарамастан газеттің бесінші санында да ұрлықы мақалалар көптеп жарияланыпты.

Бұл газетте істейтін Гүлжан Жұмағазиева, Гүлжан Ескендірқызы, Салтанат Сарманова, С.Дастан, Б.Бақтыбаева сынды журналистсымақ адамдардың барлығы дерлік Интернет-ресурстардан мақала ұрлап, сол мақалаларды газет бетіне шығарғандары үшін жалақы алып отырады. Бас редакторын қызметкерлерінің ұрлығы қатты алаңдата қоймайтын сыңайлы. Бас редактордың телефон нөмірі: 87024138463 (қажет болып қалар авторларға)

Енді суреттер сөйлесін...
суреттерге бассаңыз, сол мақалалардың Интернеттегі түпнұсқаларына бара аласыздар
Әрі қарай

Админ Қарағандыда немесе "Шахтер" мен "Ақтөбе"

«Шахтер» мен «Ақтөбе» футбол командаларының арасындағы ойынды көру үшін Аршат біздің қалаға машина капотын тіреді. Алдын ала хабарласқанымызда «Ерлан Оспан да келеді» деген мәліметтер болғантын. Бірақ, аяқ асты мемлекеттік маңызы бар шаруалары шығып қалғандықтан ол кісі келе алмай қалыпты. Сонымен, админімізбен стадионда кездестік.Ойын өте қызықты өтті. Басынан аяғына дейін екі қақпашының артына вибрация ойнататындай моменттер жеткілікті болды.
Әрі қарай

Бір іскердің ескертуі

Шаблоннан көп нәрсе жоқ қой қазір. Тіпті ағылшынтілді бір ресурста… қызға жазатын хаттың шаблонын көргенмін! Иә, қыздың атын енгізсең — бітті: «О, менің… махаббатым!» деп басталатын өлең де жазып тастайтын )))
Ал енді түйіндеме, арыз жазудан бастап, бизнес-жоспарға дейін көшіріп алып
Әрі қарай

АЛА-ҚҰЛА КІТАБЫҢ...

Шын мәнінде кітап жасақтау және қаттау – үлкен өнер. Қазірде екі есе өнер: бұрынғыдай офсеттік алюминий табақтың шектеулі санының жетегінде кету жоқ, компьютерде кез-келген жерін күзеп-түзеп, қайта басуға болады. Мұндай мүмкіндік – кәнігі кітап басушылардың түсіне де кіріп көрмеген нәрсе, содан ба: жаңа баспа технологияларына ілесе алмаған байырғы полиграфиялық қызметкерлердің тұтастай толқыны жұмыссыз қалды.
Бірақ кейбір қазақтілді кітап шығарушылардың еріншектікпен ұласатын жаупкершіліксіздігіне жағаңды ұстайсың. Тағы да: «осы бізде-ақ барлығы жаман!» деген кезекті жылау емес, ақиқат осы. Авторлардың жылда екі кітаптан жазып тастай беретін күмәнді таланты өз алдына; ал енді безендіруге келетін болсақ...


«Анадан алып, мынаған салдым»
Әрі қарай

Қыркүйекте АИ-92 маркалы бензиннің литрі 102 теңге болады

Қыркүйек айында жанар-жағар май 12-14 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі еліміздің Мұнай және газ министрлігіндегі сенімді дерек көзіне сілтеме жасап хабарлады.
Дерек көзінің ақпарат агенттігіне хабарлауынша қымбаттау күз бойына жалғаспақ. Күздің аяғына дейін АИ-92 маркалы бензин литріне 120 теңгеге жетуі мүмкін.
Қазіргі кезде Қазақстанның жанармай бекеттерінде АИ-80, АИ-92 маркалы бензин тапшы. Ең ірі қала Алматының көпшілік жанармай бекеттері бұл маркалы бензинді тек талон арқылы сатуға көшті.
Түпнұсқа мұнда www.aorda.kz/?p=12205
Әрі қарай

Парақорлық этюдтері. Акт #13: СЭС-тің үкімі

Монах Бертольд Шварц атындағы химия институтының лаборанты тасы дір етіп, көті қарауытып кетеді: мынабір ұнтақта алюминий — нормадан 15 есе, тантал — 2 есеге, цирконий — 6 есеге, темір — жалпы ұнтақты өзін толайым темірден тұрады десе де
Әрі қарай

Парақорлық этюдтері. Акт #12: "Ет" операциясы

Бұл сонау Игрек ауданының Икс ет комбинатында орын алған оқиға деседі ел артындағы аңыз.
Ет комбинатының директорына ауатком төрағасы телефон шалады: «Осы жылы ет тапсырудың жоспарын орындамасаң — тігем нақ!».
Әрі қарай