Ұятсыз педиатр немесе өмірде жоқ адам былайша мақала жазады
«Ана мен бала» сайтында жарияланған "Итарбаның (ходунок) пайдасы мен зияны" атты мақаланы ұрлап, «Балбөбек-ай» журналында ұрлап басушылар мақаланы аздап өзгертіп, көптеген сөйлемдерін сол қалпында жариялаған. Онысын қойшы… ұрлаған мақалаларының астына қайдан алынғаны белгісіз бір педиатрдың аты-жөнін жазып қойыпты. Сонда оны жазған адам мен оны сайтымызға шығарған біз ақымақ екенбіз, ал дайын мақалаға иелік етіп, өмірде бар-жоғы белгісіз бір адамның атын жазып қойған журналистсымақтар ақылды екен.
Зако, өткендегі сотқа шағым не болды? Нәтиже бар ма?
(аа жауап посты енді көрдім)
Аңшыларға қатысты сөзді біздің «дұрыс» журиктер футболшыларға да қатыстырып айта береді. Атам қазақ қашан футбол ойнап еді?
жасыңның гидросфераға еш қатысы болмағаны ғой.
Бүгін осы журналдың редакциясына оқырман ретінде телефон соғып, «Журналдарыңыз дүңгіршектерден көрінбей қалды ғой» деп едім, арғы жақтын «Жақында, сәуір айынан бастап қайта шығады» дейді. О, шшш, Жығылған күреске тоймайды деуші еді. Енді мақала ұрлайтындар неге тоймай қалды екен? Олар әлі сазайларын алмады. Оңайлықпен құтылмайтындарын ескерткен едім. Кейін хабарсыз кеткеніме «Бәрі бітті» деп ойласа керек. Көрерміз.