"Қазақстанда" енді тек қазақша...

Кешелі бері "Қазақстан" арнасы телетаратылымды тұтастай қазақ тіліне көшірді. Елбасының пәрмені бар-ды. Кесім сол болды. Орыстілді сегментіндегілер жазда жұмыстан өз қалауларымен кетіп үлгерген.

"Қазақстан" ұлттық арнасында енді төл мәдениетіміздің өркен жаюына бұл жақсы ықылас деп білем. Бұдан шовинисттік пиғыл тіміскілеп жүргендер аз боп жатқан жоқ. Шарқ ұруда. Өткендегі Теміртаудағы мектептерге қатысты да лап ете қалды. Орыстілді бір депутат барып қайтқан ұқсайды,
Әрі қарай

Ақ шашты әжеден естіген бір өсиет

Бір қария:
— Балам үй сатып алғанда иесінен "өзің салдың ба? әлде "Әкең салды ма осы үйді ?" деп сұра,-дейді.
Баласы үй сатып алуға хабарландыру бойынша келеді, үй бағасы да дұрыс.Сосын иесінен сұрайды:
— Бұл үйді өзіңіз салдыңыз ба? жоқ Әкеңіз сады ма?,-деп.
— Әкем салған.
Келесі хабарландыру бойынша барса үйдің бағасы аса қымбат. Дәл сол сұрақты осы үйдің де иесіне қояды. Ол өзі салған екен.

Мораль: Әкенің еңбек терін балар бағалай бермейді…
Әрі қарай

Ең мағыналы Твиттер

  • KazNET
Твиттер қолдануды қойып кеткем. Себебі саясатшылардың құсықтары, типа қазақ рухты, патриот шалаорыстардың маразмдары, акциялары, «данышпандардың» ақылды сөздері, мен сияқты сілтеме лақтырушылардың сілтемелері, жеке хабарлама бар екенін біле тұра публик твиттер лақтыратындардың диалогтары… Обшым бұл құсықтан қаштым.
Әрі қарай

"Оққұм" қаласының орнына бардым

Осыдан екі күн бұрын ауыл жаққа бір күнге барып қайтқанбыз. Мейрамымен құтықтап, түгендеп дегендей. Қайтарда жолай «Оққұм» қаласының орнына соға кеттік. Қала төрт бұрышты етіп жасалған. Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты. Бостандық-Тегістік тас жолынан екі шақырым батысқа қарай орналасқан. Сарыбарақ ауылынан 15 шақырым қашықтықта. 7-12 ғасырға тиесілі. Толық зерттеу жүргізілмеген. Ең алғашқы зерттеген француз туристі, әйел адам. аты есімде емес. Кіре беріс қақпасы шығысқа қараған екен. Екі қабатты етіп қорған тұрғызылған. Бірінші қорғанның алдын ор қылып қазыпты. Сыртында үлкен төрт мұнара, ішінде үлкен бір мұнара болған секілді. Бірінші қорғаннан соң қарапайым қалық тұрған секілді. Ішкі қорғанда хандары тұруы мүмкін. Очм көрген адамға осылай әсер етеді. Бұл қала орнына бірінші рет келуім. Сол жерден құмыра сынықтарын тауып алдық.
Әрі қарай

Желтая пресс... не ғой жазба

Осыдан 3 күн бұрын Алматыда Сергей Лазарев, Батырхан Шүкенов, Тимати, Анна Семенович, Дима Билан, Филипп Киркоров, Николай Басков, Шахзода, Митя Фомин, Томас Nevergreen, Анна Семенович, Елка, Анита Цой, Анжелика Агурбаш пен «Градусы», «А Студио» топтары, біз жақтан, тарап кеткен «Дуэт L» қатысқан МузТВ-ның қып-қызыл кәнсерті болды. Сол күні келе сап, жазжіберем деп ойлаған едім, суретті көшіру мұң болып, бүгін сәті түсті.

Сонымен «сары» жаңалықтан бір порция.
Әрі қарай

О, Мейрамбек, тоғыз әріп бір арман!

Мына төмендегі өлеңдерді сүйіп тыңдаймын, өлеңнің атын білмесем де сөздерін осында ілуді жөн көрдім.
1-ші өлең
I Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа
Ғашық еттің еріксіз жылуыңа
Қос жанарым байланып қалды ме екен
Толқыған бұрымыңа
Әрі қарай

Gmail жүйесінде тегін SMS жолдау

Жеке поштам Gmail жүйесінде. Бүгін әкімгерлерінің опциялар қатарына тегін SMS жолдауды қосқанын байқадым. Сол бағанадғы мәзір ішінде «Send SMS» арқылы толық телефон нөмірін көрсетіп (+7701XXXXXXX) форматында жазып, байланыстағы адамның аты-жөнін көрсетіп жолдауға болады екен. Әзірше Kcell/Activ нөмірлеріне ғана жолданатын сияқты, Beeline нөміріне жолдағаным кетпеді. Тегін SMS саны шектеулі, бір эккаунттан 50 қысқа хабарлама жолдау мүмкіндігі қарастырылыпты. Сынап көріңіз!
Әрі қарай

Базына-2

Қасым Олжасқа базына
"Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман деген", "Қайта кірер есігіңді қатты жаппа" дегенді де білетін шығарсың.Қайтып келгендер жайлы бір-ақ жақсы мақалды білем "Қайтқан малда қайыр бар деген". Өрең биік болса ана жолы кетпес ең, немесе келмес едің.Өреңіздің жобасы аяғына өре салынған жылқының жобасында. "Ұсынған басты қылыш шаппас", «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген, кешірім сұраған жазбаңды көрмедік. Мында кеп тайраң-тайраң етесің. Ренжіме қатты кетсем, оқырмандар Сіздерде ренжімеңіздер. Бірақ, сайтты сыйлап үйренейік, сыйлатып үйретейік!
Әрі қарай