Жаңа функция: Бөлме



Жаңа функция қосылды. Бөлме деп аталады. Facebook, Вконтактелерде бар ғой Wall, Стена дегендер соның бір нұсқасы. Қабырға, жар дегеннен гөрі Бөлме деп атауды жөн көрдім.

Әр қолданушының профиль бетінде бөлмесі болады. Сол бөлмеге барып, туған күнімен немесе басқа қуанышымен құттықтауға болады. Басқа да жазу немесе фото қосуға болады, оған пікірлер жазуға болады.

Бөлмедегі жазулар тікелей эфирге де шығады.

Оффтоп, флуд азаяды деп ойлаймын осы функция арқылы. Біреуге қоятын сұрағыңыз болса да Бөлмесіне барып қоюға болады.

Бірге тест жасайық, қате жерлерін түзетуге тырысайын.
Әрі қарай

Линза туралы бірер сөз


Маған көзілдіріктен гөрі линза таққан ыңғайлы. Линзамен «дос» болғаныма 6 жылдан асыпты, бастапқыда 3 айлықты алатынмын, қазір бір айлыққа ауыстырдым.
Кез келген нәрсенің артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны сияқты линзаның да өзіндік ерекшеліктері бар.
Әрі қарай

Отбасын құрудағы мақсатың?

Семья тек секс пен махаббат үшін емес, ежелгі әлемде тірі қалу үшін қажет еді. Бала өсіріп,сырттан төнген жыртқыштардан, басқа еркектерден қорғану үшін, әйел қауқары жететін мықты еркекті іздейтін. Еркек терімшілік, тамақ пісірумен, бала бағумен басы қатпай билікке, территорияға, тамаққа таласу үшін әйелді жанында ұстайтын. Бүгінде кебір елдерде әйелдер еркектермен тең, тіпті олардан да көбірек ақша тауып, ешкімге бағынышты болмайтын замандар келе жатыр.
Әрі қарай

Оқысаңыз, балалар...

Шетелде білім алсам деген жандардың назарына төмендегі ақпаратты ұсынсам деймін. Болашақтан өзге де стипендиялар бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Әрі қарай

Бейсенбі Керекинфода "Археология" күні



Әр бейсенбі сайын бұрын жазылып кеткен тақырыптарды шолып шығып, пікір жазып Тікелей эфирге шығарайық. Қазір 5000-ға жақын мақала жазылды. Жаңа қолданушылар олардың көбісін көрмей қалулары мүмкін. Сондықтан осындай шара ұсынамын.

P.S әрине бұл әрекетті басқа күндер де істеуге болады. Тек бейсенбі күндері көп адам қатысса екен деймін.
Әрі қарай

Рубик кубигі


Алдындағы Админ Рубик кубигін жинау туралы посттан кейін осыны үйренуге кірісіп едім. ШАтыса-шатыса ақыры үйрендім. Бірақ 9 минуттай болды.
Әрі қарай

Алматыда журналистер мен блогерларға арналған Media Open Air өтеді.



Алматылық блогшылар мен журналистерге арналған хабарландыру оқып, өздеріңмен бөлісуді жөн көрдім.

Осы сенбі күні, яғни қыркүйектің 24-інде масс-медиа мен бизнес өкілдеріне арналған ойын-сауық шарасы өтеді. Шара Media Open Air'11 дейтін жаңа ақпараттық маусымның басталуына орай ұйымдастырылып отыр дейді. Басы-қасында жүргендер «Ренессанс» PR-агенттігі екен.
Әрі қарай

Орталық Азиядағы 10 ықпалды әйел

Орталық Азия мемлекетін парақор, демократияны ұстанбайды деп көбісі әшкерелеп жатады. Бірақ, басқа мұсылман елдерге қарағанда Орталық Азия әйелдері саясатқа, бизнеске еркін араласады.
Осы 10 нағыз әйелдің көбісі жетістікке өз табандылығының арқасында жетсе, кейбіреуі отбасының қолдауымен көтерілді. Төмендегі берілген әйелдер жайлы қысқаша мәліметтерге көз жүгірте отырып, кмнің қандай жолмен өркендегенін өздеріңіз ақ топшылай жатарсыздар.
Әрі қарай

Гипербелсенді балалар



3 жасар ұлым Әмин гипербелсенді бала. Интернеттен белгілерін қарадым, бәрі бар. Тез және түсініксіз сөйлейді. Бір орында отырмайды, жүгіреді, секіреді, үстіңе мінеді. Айқай шуы көп. Бастаған ісін аяқтамайды. Тұрақты емес. Ұйықтап болмайды.
Әрі қарай