Бір үй бар. Лібә… барлығы дұрыс, тек… қантты — тоңазытқышқа салып қояд(?!). Қызық нақ: түскі асқа шақырад, барлығы дұрыс, тек қанттары — тоңазытқышта тұрад. Былайынша, ас бөлмесінде мебель сыңсып тұр нақ, дәулетті үй дер едім, сембаевсстың. Бірақ, қант үнемі тоңазытқышта тұрады.Әуелде — кездейсоқтық дедім, кейін заңды құбылыс екеніне әлгі жерім жетті. Бір күні ұятты қойып, сұрадым:
— Осы сендердің қанттарың неге үнемі тоңазытқышта тұрад?
-Білмейм — деді қожайын, одан кейін сұрауды да қойдым.
Бейуақыт кездері поштамды ақтарып, бұрынғы хаттарды бір қарап шығамын. Лібә, қатындарға романтик көріну үшін жазып отырған жоқпын нақтың, шынымен, эпистолярлық жанр қайтыс болды дейтіндердің сөздерін жоққа шығару үшін.Бұл — намба уан. Намба ту мақсатым — адамда сонша
Қар жауып, соо аққала жасамағалы көп болыпты, төрт бұрышты етіп істемек ойым болған, кеш түсіп қап, асығыста жасалған аққаланың аты Абыр -сабыр болды, енді бойы үлкен емес кішкене уақыт тапшы )) осылайша мені оны аққардан жасап алғанмын. Ертенгі күні еріп кеткенде, артында сарғайған суреті қалсын деп бейнелеп алдым.
Ақзере қарындасым жазып үлгеріпті. Мен де сүйінші сұрағым келеді. Видеосын түсіріп едім елұран орындалған кезде. Тағы бір мәрте бірге тебіреніп көрейік:
Жарыс біткенше толқығаннан орын таппай кеттім. Жеңді ғой, әйтеуір! Әлемнің үш дүркін чемпионы болу Қазақстан үшін үлкен жетістік! «Бұл жеңісті Қазақстанның 20 жылдығына арнаймын!» деп ұрандатқан азамат нағыз ерлік жасады. Жарайсың, Илья!!!
Үнді елінде өте даңқты музыкант болған екен. Даңқының жатқа тарағаны соншалық, шәкірті болуға көп жан құлшыныпты. Бір күні сол кісіге дәріс алуға екі кісі келіп, өтініш білдіреді. Бір кісі жарлы екен де, екіншісі бай екен.
«Менің алдыма келуге не себеп болды?»-деп сұрақ қойған ұстазға жарлы былай депті:
— Мен өмір бойы музыка үйренсем деп армандап келемін. Дәріс алуға ақшам болмай жүмыс істеп, міне бүгін келдім.
— Мен атақты музыкант болғым келеді сіз секілді. Осы уақытқа дейін мені ешкім түсіне қоймады, мүмкін сіздің дәрісіңізден кейін реті болар деп келіп тұрмын,- деген екен екінші кісі.
Содан ұстаз жарлыны он рупийге, байды жиырма рупиймен оқытуға келісім беріпті.
«Бұл қалай? Екеуіміздің алмақ дәрісіміз бірдей, менің музыкалық сауатым бар, неге мен екі есе төлеу керекпін?»-деп сұрапты ана кісі.
«Саған білім беру үшін мен екі есе күш жұмсаймын. Алдымен, санаңдағы қате білімді жоюым керек, содан соң орнына жаңа білім құюға күш саламын»-деген екен атақты музыкант.
Бұл әңгіменің пәлсапасы: Ұстаз алдына білемін деп емес, білгім келеді деп келмек керек.
Ютубты абайлап қолданбасаңдар, ақпараттық вирустар көп.
Олардың ерекшелігі, қысқа мерзімде көп ақпарат береді. Жеңіл видеороликтер, бірдеңені насихаттайтын.