Ақзере қарындасым жазып үлгеріпті. Мен де сүйінші сұрағым келеді. Видеосын түсіріп едім елұран орындалған кезде. Тағы бір мәрте бірге тебіреніп көрейік:
Иә, сыр беріп қалды. Бірақ уәдесінде тұрды. Еркек!
Видеосын түсіріп алып едім ол сәттердің де. Өзбек әріптесіне «шалбан» қойды жақсылап тұрып :) Бәстескен сияқты екеуара :)
Осы уақытқа дейін дайындықтары мен сәтсіздіктерін еске алып, тебіреніп кеткен болар. Бір жерден оқып едім, өз бетінше, қарапайым гантельдермен, қарапайым спорт залда дайындалады деп.
Ауыр атлетикада жарыстар тек ел алдындағы помостта өтпейді, зал ішінде жаттығып жатқанда әрбір жаңа салмақ тәуекел, азарт, сол салмақты бағындыру туралы тамақ жеп жатқанда да, ұйқтап жатқанда да, демалғанда да ойлайсың.
Не дегенмен қауіпті, экстремал спорт түрі ғой, жайбарақат фитнесс емес. Басымды ием штангисттерге. Әсіресе, жерлесім Илья Муромец, тойыс Кызылординецке!!!
тек қана сол болса жақсы ғой, шенеуніктерден де, саясаткерлерден де біраз нәрсені көрді емес пе?!
Аман болсын, нағыз батыр екенін дәлелдеді ғой ісімен! Қазақстанның мәртебесін көтергені үшін, біздерге рух бергені үшін Ильяға алғысым шексіз, өмірде бақытты болсын дегім келеді сөз аяғында, жерлес жарады!!!
Постты орналастырып жатсам, Тараздағы өкінішті жағдай туралы оқыдым. Осы жерден білдім не болып, не қойғанын. Әнұран орындалып жатқан кезде ішімде ыза мен күйік те, қуаныш пен тебіреніс те қатар арпалысты… Жамбылдың отаны, қазағымның Алтынбегі мен Мейрамбегінің түп діңгегі есеңгіремесін сеземін. Содырдың бұнысына пысқырмас деп сенгім келеді. Илья өз жеңісін тәуелсіздіктің жиырма жылдығына арнады. Тараздағы жайды, рас, білмеді ғой сол сәтте… Әйтпесе, өзім іштей оның бұл жеңісін дәл сол сәтте Тараздағы бауырларымызға арнағым келеді. Білмейм, неге екенін.
Иә, Асеке, олимпиададан кейін оның өмірінде небір жағдайлар болды емес пе. Мейрамханадағы пышақталғаны кеше ғана сияқты еді. Қайтпас қайсар екен. Суперлативті формадағы эпитеттердің бәрін жаудыруға бармын. Мына жақта бомбылап жатса, ол Парижде қазақтың сөнбес шырағын дәлелдеп жатыр (қырсық судьяларды жеңуі — өз алдына мегажеңіс). Әміреден кейін Парижді бағындырған екінші қазақ болды Илья.
Ураааа, қатты қуандық! Иә, батыр, ержүрек, намысқой, халықтың ұлы — Илья Ильинді жеңісімен құттықтаймын! «Жеңемін, жеңіс менікі!» деген сөзінде тұрды, зор қошеметке ие! Илья — чемпион! ИншАллаһ, қазағымыздың көк байрағын әлі талай әлемдік додаларда биіктерге көтеріп, әнұранымызды шырқата береріне сенеміз, аман болсын!
әлем чемпионатына бара жатқанда-ақ сенімді болыпты Илья — 184 пен 230 көтеріп алтын алам нақ, өйткені одан артық көтеретін ешкім жоқ — депТ, өздеріңіз куә болғандай одан төменді де көтеретін ешкім болмапты әнәссс
ЗЫ. 20 жылдық мерейтойға кімнің сыйы салмақтырақ болатыны көрейік Кариевтікі ме, Ильиндікі ме…
Видеосын түсіріп алып едім ол сәттердің де. Өзбек әріптесіне «шалбан» қойды жақсылап тұрып :) Бәстескен сияқты екеуара :)
Илья ұзақ ғұмыр жасасын деп тілек білдіргім келеді, лайықты қошаметімен!!!
Не дегенмен қауіпті, экстремал спорт түрі ғой, жайбарақат фитнесс емес. Басымды ием штангисттерге. Әсіресе, жерлесім Илья Муромец, тойыс Кызылординецке!!!
Аман болсын, нағыз батыр екенін дәлелдеді ғой ісімен! Қазақстанның мәртебесін көтергені үшін, біздерге рух бергені үшін Ильяға алғысым шексіз, өмірде бақытты болсын дегім келеді сөз аяғында, жерлес жарады!!!
ЗЫ. 20 жылдық мерейтойға кімнің сыйы салмақтырақ болатыны көрейік Кариевтікі ме, Ильиндікі ме…
таңертең ұлымды Ақтөбеге шығарып салғам. халық және жасотандықтар Ильяны күтіп тұр екен, мен де күте қалдым.
дұрыс бәрі.