Жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады

12 қыркүйектен 12 қазанға дейін елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі. 24 қыркүйекте «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі ұйымдастырылады.
Жалпықалалық сенбілік аясында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен 7000 ағаш отырғызу жоспарланған, соның ішінде «Алматы» ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, «Есіл» ауданында — «Хан Шатыр» СОО айналасына, сондай-ақ, Еңбекшілер көшесінен «Тельмана» тұрғын алабына дейін, «Сарыарқа» ауданында – Сарыбұлақ өзенінің жағалауына ағаштар егіледі.
Сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, кәсіпорындар мен тұрғын үй кешендерінің аумағына да ағаштар отырғызылады.
Жалпықалалық сенбілік аясында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында «Таза өзендер!» экологиялық шарасы өтеді. Есіл өзені «Газмашаппаратура», «Қартар үйі» («Көктал-1» ш/а), Ақбұлақ өзені – Еуразиялық университет корпусынан ЖЭО-2 дейін, Сарыбұлақ – «Бахус» сауда үйінің аумағында тазартылады.
Экологиялық айлық аясында көшелер, тротуарлар мен орамішілік аумақтар тазартылады, ағаштар отырғызылып, нөсер мен арық кәріз жүйелері тазаланады, сондай-ақ, саябақтар мен гүлбақтарда жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, гүлзарлар абаттандырылады.
24 қыркүйекте жалпықалалық сенбілікке 89 мыңнан астам адам шығады, оған қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар, медицина және білім мекемелері қатысады, сондай-ақ, 429 жуық техника тартылады.
Апта сайын «Көше көркі –Астана көркі», «Қоршаған ортаны аялайық!», «Астана – әсем қала!» ұрандарымен халықтың, өндірістік кәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастыру бойынша шаралар өтеді.
Елорда тұрғындары мен ұйымдары аулалар мен көшелерді абаттандыруға үлес қоса алады.


Парламент Мәжілісіне ұсынылған 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы аясында өз пәндерін ағылшын тілінде өткізетін мұғалімдерге жалақыны көтеру мәселесі қарастырылған. Қосымша жалақы екі базалық еңбекақыны құрайтын болады, яғни өз пәнін ағылшын тілінде өткізген мұғалімдерге 35 мың теңге үстемақы қосылады. Айта кетейік, мектеп мұғалімдеріне арналған ағылшын тілінің курстары осы жылдың қазан айынан басталады. Бүгінгі таңда министрлік пен жергілікті білім департменттері ағылшын тілін үйренуге құлықты мұғалімдердің тізімін дайындады. Бюджеттен бұл шараға 4 млрд теңгеге жуық ақша бөлінген. Курс ұзақтығы білім алушының тіл игеру деңгейіне байланысты болмақ. Жалпы курс келесі жылдың мамыр-маусым айларына дейін жалғасады деп күтілуде. Оған қоса, курсқа қатысушылардың Алматы, Астана қалаларына жол жүруі міндетті емес, бұндай курстар барлық облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын болады. Курс игеру барысында мұғалімдердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталатын болады, оған қоса, оларға стипендия мен үй жалдауға кеткен шығын төленетін болады. Жоспар бойынша, 2017 жылы 6,5 мың мұғалім курстан өтсе, осы жоба аясында барлығы 38 мың мұғалім ағылшын тілін меңгереді деп күтілуде.
«Балапан» бағдарламасы 2010 жылы басталған болатын. Оның бастапқы кезеңі 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалардың 55%-ын қамтыса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 83% құрайды. Егер 2010 жылы осы бағдарламаға бөлінген ақша көлемі 9 млрд теңге шамасында болса, 2017 жылы бюджетте бұл жобаға 97 млрд теңге, яғни 9 есе көп ақша қарастырылып отыр. Ал 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балаларды оқумен 100% қамтамасыз ету 2019 жылы жүзеге асады деп жоспарлануда. Айта кетейік, 300 орындық бір балабақшаға үкімет 800 млн теңгеден 1 млрд теңгеге дейін ақша жұмсаса, «Балапан» бағдарламасы бойынша тәрбие мен оқуға бір балаға кететін шығын орта есеппен 190 мың теңгеден 2012 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Егер жеке кәсіпкерлерді тартатын болса, 1 млрд теңге көлеміндегі қаражатқа балаларға арнап 5 мыңдық орын ашуға болады екен.
Алдымыздағы үш жыл ішінде (2017-2019) мектеп құрылысына 112 млрд тенге жұмсау көзделіп отыр. Оның ішінде, 16 мектеп құрылысына 25 млрд теңге республикалық бюджет қорынан болса, ( 2017 жылы – 15 млрд теңге 16 мектепке, 2018 жылы – 10 млрд теңге 2017 жылы басталған 11 мектеп құрылысының аяқталуына жұмсалмақ), 87 млрд теңге Ұлттық қордан бөлінеді (2017 жылы – 80 млрд теңге, оның ішінде 2016 жылы салына бастаған мектептердің құрылысын аяқтау үшін 31 млрд теңге, 8 млрд теңге Алматы қаласының 17 мектебін сейсмикалық күшейтуге, 42 млрд теңге жаңа мектептердің құрылысЫн бастау үшін, 2018 жылы – 7 млрд теңге 2017 жылы басталған мектеп құрылысын аяқтау үшін жұмсалынады)
«Kundelik.kz» жүйесін жасау және енгізу. «Kundelik.kz» білім беру жүйесін ақпараттандыру аясында мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жасалған Қазақстандағы бірегей жоба. Бұл жобаның ерекшелігі — жүйені жасау, енгізу және қолдап отыру үшін Қазақстан Республикасының бюджетінен бірде бір қаражатты қажет етпейді: еліміздің мектептері мен БҒМ аталмыш жобаны тегін алады. «Kundelik.kz» жүйесі мұғалімдерге қағазбастылықтан құтылып, оқушылардың статистикалық-аналитикалық мәліметтерін өңдеуге, сонымен қатар білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының арасында жаңа сапалы деңгейдегі қарым-қатынастың орнауына негіз болмақ. Ақпараттық жүйенің көмегімен оқушылардың ата-аналары тегін түрде еліміздің кез-келген жерінен балаларының сабақ үлгерімін, мектептегі сабақ кестесін, үй тапсырмасы туралы ақпаратты, баласының сабаққа қатысуын оңай қадағалай алады. Сонымен қатар, білім беретін электронды ресурстарға қол жеткізе алады.











8 эпизодтан тұратын фантастикалық мини-сериал.
Британдық сериалға негізделген америкалық ремейк. Бірақ білетіндердің айтуынша — түпнұсқадан да керемет болып шыққан. Бұны нақты бір жанрға байлап қою қиын, жылатарлық сәттері де, шек сілеңді қатыратын тұстары да бар. Нағыз ересектерге арналған сериал дер едім, өйткені цензурасыз түсірілген өнімдердің бірі.
Сериалды жасаушы Росс Даффер және Мэтт Даффер есімді егіз мамандар "ұзақ кино" түсіруді мақсат еткен екен. Шынымен де кино көріп отырғандай әсерде боласыз: 80 жылдардың атмосферасы, оператор мен композитордың керемет жұмысы, т.б. детальдар сериалдың алғашқы минутынан-ақ баурап алады.
Саясатты ұнататындар үшін тамаша туынды :). Ұнатпайтындарды да жалықтырмайды деп ойлаймын. Саяси драмада басты рөлдерде Америка киносының алыптары —
Марвелдің кино әлемінен әзірге орын таба алмаған, бірақ көңіл бөлуге тұрарлық төрт қаһарманына сериал жасау туралы шешім қабылданады. Сөйтіп Marvel мен Netflix арасында мәміле жасалады. Келісімге сәйкес: Daredevil, Jessica Jones, Luke Cage және Iron Fist есімді төрт персонажға арналған төрт бөлек сериал, сонымен қатар осы төртеуінің