Қазақша мотиваторлар. №1

Мотиваторлар — өмірге деген оң көзқарасын тудыртып, кейде адамдар күнделікті күйбің-тірлікпен жүріп ұмытып кететін ең қарапайым деген нәрседен өмірдің мәнін тапқызатын сөздері бар суреттер.
Мінеки, орыстың сайттарынан алынып, өзім аударып жасаған бірнеше мотиваторлар тізбегін ұсынамын. Тамашалаңыздар, бағалаңыздар.))))

Бірінші данышпанға деген пасық ойын көпшіліктің көзінше жүзеге асырмақ болады. Аңдып жүріп, базар аралап жүрген сәтінде жолығып: «Уа, данышпан! Сені халық менен ақылды деп жүр ғой.соны тексерейін деп едім.Менің уысымда көбелек бар.Ақылды болсаң айта қойшы, көбелек тірі ме,әлде өлі ме?». Арам ойы«Егер тірі десе сығып өлтіре саламын,өлі десе алақанымды ашып қалғанда көбелек ұшып шығады, бұның абыройы айрандай төгілмей ме?» деп тұрған еді.Сол кезде данышпан «Бәрі өз қолыңда» деген екен.