"Өйткені бұл өмір!" немесе әмбебап жауаптар
Пікір білдіргің келіп бара жатыр, бірақ ақылды ештеңе ойға түспей тұр, ал өз ойыңды жазып жіберуге біртүрлі ұяласың, не істеу керек?Саспа, ондай мәселе туса, талай бұқатірестерде сыналған, төмендегі әмбебап жауаптар саған көмек болып қалуы мүмкін деген ниетпен, әмбебап жауаптар сериясын бастап жіберуді жүн көрдім.




Соңғы кездері мемлекеттік құрылымдарда кең белең алып, індетке айналған мәселе „Команда„. Сіздің командаңыз деп сөйлеу тіпті мода болды. Бастық ауысқан кезде ескі команданы ыдыратып, жаңа команда жинап жатады. Әрине ол команда білгір адамдар болса сөзсіз, дегенмен басқа салаларда жасаған адамдар жұз ұйықтаса да түсіне кірмеген салаларға келіп жатады. Көптеген жылдар бойы мекемеде қалыптасқан, жинақталған дағдыны, білім-білікті, қарым-қаблетті, тұтастық пен ынтымақты бір күде ысырып тастауға болады ма? Сіздер қалай ойлайсыздар, әлде мен „Команда„ ұғымын дұрыс түсіне алмай жүрмін бе?
