Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
… Есіктің алып бара жатқан тарсылынан әрең оянды. Еріне-періне қабырғадағы көкек-сағатқа алая қарады. Үш жарым! «Не қылған жарымес болды бұл?». Осындай ойлы мезеттер арасында есіктің тарсылына еті де үйреніп кетті. Көшіріп жіберердей қақыратып қағып жатса да, асықпай тұрып, алдымен әжетханаға беттеді. Ұзақтау кіштеді. «Біржола ұлысына да отырып алсам ба
Қайырлы кеш керекинфо қолданушылары! Бұл менің екінші постым! Постымда өзім немен айналысатыным жайлы видеолар салсам ба деп шештім. Мен елімізге келіп жатқан жаңа телефондарға (Смартфондарға) видое шолу (обзор) жасаймын! Әрине қазақ тілінде!) Әзірге 3 смартфонға жасап үлгердім! Біріншісі, 2011 жылдың ең үздік смартфоны атанған Samsung Galaxy S2 смартфоны. Екіншісі, HTC копаниясының «Titan» атқа ие болған смартфоны. Үшіншісі, Sony Xperia S смартфоны болды) Келесі шолуымыз Ipad 3 планшетіне болатын болды!
Міне ең соңғы смартфонды видео шолу жасау кезіндегі сурет:
Адам тойымсыз екені рас-ау. Жақсыға тез үйреніп, қажеттіліктер арта түсуде. Есімде, кезінде әпергенді киіп, же дегенді жеп, тып-тыныщ боп жүруші ем. Қазір талғайтын болып алыппын.
«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқан Гефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан «Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады.
Көпшіліктің шешімімен келесі құрылтай Шымқалада өткізілетін болды. Дайындықты осы бастан бастап жіберейік. Кім бар, кім жоқ екенін түгендеп… дегендей.
Әрі таныспағандармен танысайық.
в обшым 8-сәуір демалысқа тура келеді екен. Сол күні Мегада жолығайық. Кешкі 18.00-де.
Мүмкін болса тел. номерлеріңді (үй телефоны қажет емес) жекеге жазып жіберсеңдер.
Кейде көңілің қалып, бәріне қолды бір сілтеп, басың ауған жаққа кетіп қалғың келетін сәттер болады. Сондай кезеңдерде (кейде себепті, кейде себепсіз) шынымен басым ауған жаққа кетіп қалатын әдетім бар. Сондай жағдай сегіз ай бұрын болды. Адам көзі көрмеген, аяғы баспаған жерге жете алмайтынымды түсінген мен тым болмағанда ешкімді танымайтын жаққа кеткім келді. Жұмыс үстелінде жұмыс жасап отырған кейіппен отырғанымда хабарлама келді. Ашып қарасам достарымның бірінен «Сен ешкімді танымайтын жақ пен, ешкімді көрмейтін жұмысты қалайтыныңды айтып ең ғой. Астанада таныстарымның таныстары бар, барасың ба?» деген деген хабарлама екен. Ешкімді көрмей істеуге болатын жұмыс та бола ма деген ой мазалаған мен оған «толығырақ...» деп жаздым…