Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп



Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар.
Оноре де Бальзак


Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз.

— Қалай қарайсың?
— Болады.
— Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді.

Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар.
Әрі қарай

Афроцирктен Америкалық зоопаркке дейін


"Мадагаскар 3" Нью-Йорк зоопаркінен қашқан арыстан Алекс, зебра Марти, керік Мелман және сусиыр Глорияның ұзақ саяхаттан кейінгі "үйлеріне" қайта оралу жолындағы тағы бір әрекетін баяндайды. Бұлар осы жолы пингвиндер мен маймылдар жасаған ұшақпен келе жатып, тағы да апатқа ұшырайды. Елге қайтуға үміт үзілді дегенде, тағы бір мүмкіндік пайда болады: егер олар Еуропаны аралап, өнер көрсетіп жүрген цирктің құрамына қосылса, Нью-Йоркқа да жетуге болады. Бірақ өнерлі жануарлардың қатарына қосылу да оңай емес…
Әрі қарай

Майқұдық бүгін біртүрлі....©

Кеше еліміздің қай аймақтарында жауын-шашын болғанынан хабарым жоқ. Бірақ, мынау біздің Майқұдықтың жауын сәтіндегі көрінісі. «Топан су басты даланы!» деген бір өлең бар еді ғой (ННбек, Бақай) соны еске салды әйтеуір кім айтса да.



Жиенім Ислам. Басында қайыққа мінемін деп батырсынып тұрған, судың екпіні астындағы "қайығын " шайқағанда жылап жіберді)))
Әрі қарай

УЕФА қақпашыларды қолдайды



УЕФА-ның Денсаулық сақтау және футболшы психологиясы департаментінің зерттеулері бойынша футбол ойыны кезінде ең көп психологиялық зардап шегуші аймақ қақпашылар екен. Қақпасына гол жіберудің өзі оларға соққы болғанымен, өз командасының голдарына да көппен бірге қуана алмауы олардың психикаларына үлкен әсер етеді екен. Осындай себептердің салдарынан қақпашылардың жеке өмірлерінде түрлі мәселелер туындап жатады. Атап айтқанда суицид оқиғалары, агрессия және ажырасу жиі кездеседі.

Департаменттің 5 жылғы сараптамасы оң нәтиже беріп, УЕФА басшылығы қақпашыларды бұдан кейін ерекше қамқорлыққа алатын болды. УЕФА президенті Мишель Платини бұдан кейін қақпа артында 5 адамнан құралған қақпашының отбасы мүшелері немесе достарынан құралған топтың тұруына рұқсат берді және бұл топ команда гол соққанан кейін 1 минуты аспайтын уақыт ішінде алаңға кіріп, қақпашымен бірге гол қуанышын бірге бөлісе алады. Сондай-ақ ойын кезінде қақпа артында тұрып қақпашымен әңгімелісіп тұруларына да рұқсат. Аталмыш шара 8 маусым күні Польша және Украинада өтетін Еуропа елдері біріншілігі ойындарында алғаш рет іске қосылмақшы.
Әрі қарай

D тобы


Украина Еуропа чемпионатына бірінші рет қатысайын деп отыр. Англияның соңғы үлкен жеңісін көргендер қазір елудің үстіне шықты. Шведтерден чемпиондық күту ұят сияқты. Ал, француздар болса 1998-2000 жылдардағы ғажайып күйінен адасып қалды.
Әрі қарай

Бағы ашылмаған қала...

Тағы бір тақырып табылды… Жаңаөзенді қаралаушылар үшін. Кеше кешкілік Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы шағын мұнай өңдейтін, жергілікті жұрт «гпз» атап кеткен зауыт жарылды. Ақпаратты мен түнгі 00*20 дарда алдым. Сол кезде "қала жалын сәулесінен жап жарық боп тұр, өрт сөндірушілердің қолынан ештеңе келер емес" деген еді… Түнгі екілер шамасында «жалынның 5 нүктесінің екеуі өшірілді, адам шығыны жоқ» дегенді естідім… Ал, таңертең, яғни жаңа бір 10 минуттай бұрын Астана арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі Сандуғаш Шортанова «Астанадан врачтар алдырып жатыр, соған қарағанда хал мүшкіл ау» деген тілдей ақпарат берді… Енді көңіл алаң, маза жоқ… Түнгі ауысымда да жұмыс жасайтын адамдар бар екенін ескерсек… Ойлаудың өзі жаман. Қала әкімнің бірінші орынбасары Тілек Көшмағамбетов деген сыйлас досым еді, ол да пәлендей ашып ештеңе айтпады. Дірілдеп тұр дауысы…
Ееей, бағы ашылмаған қала…
Сормаңдай жұрт…
Қай пейіліңнен таптың екен?!
Қасқа болдың ау… қайта қайта қара жамылып… Аспаның ашылмай-ақ қойды-ау, қайран Өзен…
Әрі қарай