Әдетте өзіне көңіл толмаған адамдар, айналасында да, тіпті өмірге алып келген әке-шешесінде де көңілі толмайды екен… Бұндай адамдар қым қауыт тірлікпен кішкентай қуаныш, тіпті көңіл/күйді де таппай қалады…
Өткен постымда екі брак туралы айтып едім ғой. Мәселелер шешілгендей болды.
1. Салонның артындағы диванның бір жағы астынан дұрыс бекітілмепті. Орындықтың астында ілмек бар, бірақ сол ілмек кіріп тұруы тиіс саңылауға салғанда ілінбейді. Шешімі: Ілмекті қысқашпен қайырса дұрыстап ілінеді екен.
2. Артқы фарлары екі түрлі. Шешімі: Өзі солай болуы тиіс екен. Жалғыз Шастан емес, басқа маркалардан да артқы фаралардың екі түрлі болғанын байқадым. Так что, зауыт ақауы емес.
Менің сүйікті ісімнің бірі тамақ әзірлеу. Керемет аспаздық өнерім жоқ, бірақ күнделікті тамаққа бұрын жеп көрмеген асты әзірлеуді әдетке айналдырғам. Әртүрлі тамақтардың жасалу жолдарын іздеп отырып, әлемде байлардың жейтін тамақтарына назар аударғам. Кей тамақтарға менің бірнеше айлығым кетеді екен)) кейбіріне бірнеше жылдық айлығым болуы мүмкін)) Мен енді осы тамақтарды жеу үшін бай болуға тырысам шығар.
Маған ұл,қызына қарамастан интернет әлемінде әртүрлі адамдармен танысып, пікір алысқан ұнайды. Әр адам интернетті, социальды сеттерді көбіне қандай мақсатта қолданатынын білмеймін, бірақ маған жаңа адамдармен танысып,әртүрлі тақырыпта сөйлесіп, адамдардың ойларын тыңдап, содан кейін қорытындылаған ұнайды. Сонымен айтайын дегенім, осыдан біраз жыл бұрын интернетте «чат, форум» деген беттер мода сияқты еді, яғни өте көп жастар жиналып танысып, сөйлесетін. Қазір чатта да, форумда да қызу әңгіме жоқ. Тіпті ешкімге қызық емес секілді. Кейде өзің көңіл-күй жооқ боп отырғанда, сөйлесейін десең ешқандай интернетте адамдардың жиналатын жері жоқ сияқты. Мен ағылшын чатын білем, онда тек ағылшын тілін білетін бар адам бүкіл әлем түкпірінен жиналып,әңгіме-дүкен құрады.Мен арасында сөйлесем.Бірақ кейде өз тіліңде,қазақ жастарымен сөйлескің келеді.Қалай ойлайсыңдар, қазір социальды сеттен басқа қандай беттер бар? Кейде танымайтын адамдармен сөйлескілерің келсе қай сайттарды пайдаланысыңдар? Қазір чат, форумды көп адам пайдаланама? Кім қалай ойлайды? Айтып жіберіңдерші?
Мен үшін Керектегі бүгінгі күннің басты жаңалығы Жұмабек Тұрсын болды (Сержанның сол посты "Біз білмейтін қазақтар" қауымдастығына сұранып-ақ тұр екен). Төбелес десе, елең ете қалып, қалың ортасына түйілген жұдырықпен қойып кіріп кетпесем де, сыртынан қызықтап тамашалаудан қашпайтын басым, спорттық қызығушылықпен Интернеттен мәліметтер ақтарып отырып біраз… біраз деймін-ау бірталай дерек тауып алыппын
Күнделік — күнделікті өмірің дегенді оқыған едім, (авторын білмедім) соған толықтай да келісуге болады деп ойлаймын. Мен өзім қойын дәптерді әр бөлімге құрап қоятынмын. Мысалға, өзімнің өмірімді арнайы дәптерге арнап жазсам, ақындардың өлеңдерін, философиялық сөздіктерді, мақал-мәтел мен нақыл сөздерді басқа дәптерге жазып сақтайтынмын. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде жазған талай қойын дәптерім «отқа» кетті, біреулер оқып қояма деп тығып жасырып жазатын едім. Біреулер көрген бойда сол сәтте оны жыртып болмаса отқа тастайтынмын, жасыратындай да еш сыр жоқ соның ішінде..)) қазір сол күндерім естелікке айналды…
Енді мына оқиғаны сіздерге баяндап берейін: Осы жылдың көктемінде Алматыдан қайтып келе жатқанымда купемізде екі жігітпен жолсерік болдық. Жанымда бөлем болды. Біздің бағыт- Қазалы қаласы болса, олар Ақтөбеге қарай бет алған екен. Содан жол бойы әңгіме-дүкен құрып, танысып-білісіп келе жатырмыз. Өзіммен бірге үнемі тастамай жүретін «асыл қазынамды» (ақындардың өлеңдері мен нақыл сөздіктеріме осылайша өзім ат құрап алғам) оқып отырғам, кенет әлгі ағамыз (небәрі төрт жас үлкен екен менен) сұрап алды. Қолыңа алып парақтап оқып отыр, арасында басын шайқап күліп қояды. Бәрін оқып бітіріп, маған қарады да: сен маған мынаны сатсаң қайтеді,- деді. Мен сасқанымнан не айтарымды білмей қалдым. Дәл қазір қанша сұрасаң да берейін, мынаны маған беріп кетші деп отырып алды. Ішімнен өзімше ойға қалдым, мына жігітке соншама не үшін қажет болды екен деп ойлап отырғанымда, ол өзінің осы Алматының бір театрында «режиссер» екенін айтып, және сол үшін қажет екенін айтты. Қойылымдарға, оқушыларға беруге жақсы дүниелер екен деген соң, беріп-ақ кеткім келді. Бірақ…
Қия алмадым. мен үшін бұлар жәй дүние емес, өміріме тікелей маңызы бар нәрсе еді. Содан біраз ақылдаса келе, мынандай шешімге тоқтадық: Олар екі күннен кейін осы пойызбенен Ақтөбеден Алматыға қайтатынын біліп алғанымнан кейін, мен оларға осы дәптердің «копиясын» жасап жолда беріп кетемін деп келістім. Ақшасын бермек болып отырғанда мен қарсы болдым. Сіздердің жұмыстарыңыздың қажетіне айналғанына шын жүректен қуанып қалдым, сол үшінде мен бұны ешқандайда ақшаға жасауға келіспейтінімді айттым. Олар әрине, маған сенбей ұзақ ойланды онысы да дұрыс қой енді, кім жолдағы жолшыбайға сенім артсын?!
Қойшы, әйтеуір әрең дегенде көндіріп телефон нөмерін беріп міндетті түрде хабарласатынын айтты. Пойызымыз, Қазалыға келіп біз жолда түсіп қалдық. Үйге келіп ертеңгісіне өзіме артқан «аманатты» орындауға кірісіп кеттім. Уәделі күнде келіп, пойыз жолда келе жатқан режиссер ағайларға кездесіп аманатын тапсырдым. Қуанғанынан алғысын жаудырып, Алматыға келіп жатсаң хабарлас деп қол алысып, қоштасып пойызыңа мініп кетті…
P.S: өмірімде бір адамға пайдамның тигені үшін, Аллама мың мадақ айтып өттім…
Сурет гуглден алынды.
Жұмабек Тұрсын, 1986 жылы Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданында туылған. Бойы: 1,72 м. Салмағы: 60 кг.
Төмендегі видеода Жұмабек 43 жастағы аса тәжірибелі қытай спортшысын жеңеді, неде болса Қазақты Қытай мойындап келеді, оны сайысты жүргізіп отырған жүргізушінің де сөзінен байқауға болады.
Қытай елі «Айбарлы жолбарыс» атаған Жұмабек 25 жекпе жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Көше де жүріп келе жатсам, бәрі бір жерге кезекке тұр екен.Неге десем?Өздеріңіз білетіндей қазір қай жерде жүрсеңіз де донер-кебаб, лагман секілді тамақ сататын орындар көбейіп кеткен.Банағы жұрт сол үшін кезеккем тұр екен.Содан біздің тамаша ұлттық тағамдарымыз тұрғанда, неге жейді деп көңілім қалды
"Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді",-дейді халық мақалы.Ал менің айтарым: «Денсаулығымызды донектер, лагмандар құртып тынады».Әркім әр қилы ойлар, ал менің мақсатым тек айту…
Бренд дегеніміз не? «Бренд» деген сөздi қайсыбiр қарапайым адам түсiне қоймауы мүмкiн. Оның мағынасы әрбiр фирманы немесе кәсiпорынды танытатын, оның өнiмiн жарнамалап баршаға паш ететiн тауарлық белгiсi дегенге саяды. Ол ұлтқа да қатысты болады. Мәселен, ұлттық бренд десек, сол ұлттың айырықша ерекшелiгiн бiлдiрiп тұратын танымдық белгiсi, өзгелерден айырықша көзге ұрып тұратын артықшылығы болуы шарт. Ол – бәлкiм ұлттық тағамы, киiм үлгiсi, музыкалық аспабы, экзотикалық өнерi, тағы басқа нәрсе болуы мүмкiн. Бұл – ұлттық бренд ретiнде бiр ғана нәрсемен шектелiп қалу деген сөз емес. Егер мақтанарлық жағдайы болса, ол қанша болса сонша бола алады. Дегенмен солардың арасында барша жұрт қабылдаған ерекше болуы қажет. Әрi ол әлемде басқа ешбiр елде жоқ, қайталанбас нұсқа болуы керек.Бренд үшiн тұтынушы қандай да болмасын қаржы төлеуге әзiр. Ия, бүгінде әр елдің өз брендтары бар.Мысалға: Франция: Эйфель мұнарасы; француздық брендингтегі иіссу, парфюмерия мен косметика, француз асханасы. Ұлыбритания: Англияның ағылшын иттерінің арасындағы танымал түрі — бульдог; Биг-Бен; тағы да басқа.
БIЗДЕ БРЕНД БАР МА?Әрине,ұлтымызда брендке тұрарлық тағамдарымыз бен ұлттық құндылықтарымыздың саны шексіз. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды.Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес.Бренд деп,ұлттық тағамымызды айтуға болады.Оған айғақ, шет елдіктер күні кеше Лондон олимпиадасын да өткен ауыр атлетикада Илия Илинның жеңісінің сыры қазы-қартада екенін білген.Оны естіген басқа елдер де қызығушылық танытуда.Дәмін татқан шетелдіктер де, қазақпен аралас-құралас өмір сүріп жатқан басқа халықтар да қазақтың ұлттық тағамдарын құрметтейтін болды. Тіпті, оның денсаулыққа пайдасын, адам ағзасын күшейтетін қасиетіне әбден көзі жеткен немістердің қымызды патенттеп алып, бие сүтінен дәрумендер жасайтыны, спортшыларын баптайтыны, бельгиялықтардың балмұздақ пен тәтті-дәмділер, Дания мен Францияда дәрілер дайындайтындықтары туралы деректерді қазір әркім-ақ біледі.Ата-бабаларымыздың бізге аманат еткен мирасын уақытында бағалағанымыз жөн.Аталарымыз бен әжелеріміздің ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі болған.Кең жазира далада басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы күш-қуаттың көзі осылар екен.Пайымдауымша,ұлттық тағамдарымыз бренд болуға тұрарлық.Бірақ, ол үшін инвестиция, басқа сөзбен қаржылай көмек, елді қызықтыру 1-ші жобада болғаны дұрыс.Сонымен қатар жаңа,қызықты ой-идеясы бар арнайы мамандар даярлаған жөн.Яғни, жұртты қызықтыратындай етіп жарнама жасау арқылы,ұлттық тағамдарымызды нарыққа шығара аламыз.Шығарған өнім сапалы жарнамасымен қатар пайдалы болса сұраныс молая түседі.Тіпті, біздер ішімдіктерді нарықтан шығарып,қымызды қоюмызға болады.Ұлттық бренд-Қазақстанның өзекті тақырыбы болып тұр.Бренд деп әр кім әр қалай айтады.Келешекте Қазақстанның атын не шығаратыны белгісіз.Таңдау қиын, дегенмен де ұлттық тағамдардың өнімділігін жетілдіретін фабрика ашқан жөн.
Бұл менің студенттік кезімде болған жағдай. Сабақтан шығып, орталық базарға бет алған бойым. Көзімде күннен қорғайтын көзілдірік. Керім болып келе жатырмын. Содан автобусқа мінгенімде жаңағы көзілдірікті шешіп қойдым. Орталық базарға жеткенде көліктен түскен бетте жаңағы көзілдірікті тағып алдым. Сонымен келе жатырмын. Базар болған соң адам көп, ығы-жығы. Алдымда келе жатқан адамдар маған бір түрлі жымиып қарайды. Содан көзімнің ауырғанын сездім, бірақ күндегідей ғой, күні бойы тақтаға қарайсың, көзілдірік сорып тастаған шығар деп, мән берген жоқпын. Байқаймын кейбіреулері күледі, сыбырласып бір-біріне мен туралы айтып жатқан сияқты. Үстіме қараймын, бір жерім ашылып келе жатқан шығар деп, жоқ, бәрі дұрыс. Сонымен базарды аралап, үйге қайтайын деп, газельге міндім. Орын бар екен, отырдым. Жаңағы күннен қорғайтын көзілдірігімді шешсем, мәссаған, бір әйнегі түсіп қалыпты. Енді күлейін десем жағалай адам отыр, мынау жынды ма деп ойлар деп өзімді әрең ұстап отырдым. Содан үйге жетіп, мамама айтайын десем, күлкі өлтіріп бара жатыр, күліп жатырмын, айта алмаймын. Бастаймын да, сөзімді аяқтай алмай, күлем жатып алып.
Сіздердің де осындай жайттарға душар болғандарыңыз бар шығар, бөлісе отырыңыздар, бірге күлейік!
Мен жарық дүние есігін қашан, қай күні, қай жерде ашқанымды, бірге туған бауырларымның қайда екенін білмеймін. Бір білерім: мені Дайыр ауылынан Қорған ауылына көшіп келген ауқатты адамдардың бірі Орынбайдың асырап алғандығы. Көзімді ашқалы ең көп естіген сөзім: