Бітпейтін әңгіме...

8 сыныпта оқып жүргенде «тұтқа» деген ойын ойнайтынбаз. Есіктің тұтқасын ұстамау керек. Кім 3 рет ұстап қояды — сол жеңіледі. Бірде Жасұлан деген досыммен ойнадық. Жеңілген адам «Мен — осырақпын» деп 3 рет айқайлауы тиіс. Мен жеңілдім. Мектептің ішінде айқайлауға ұялып, далада айқайлауға келістірдім.
Айқайладым. Алдымызда кетіп бара жатқан сыныптас қыздардың бірі бұрыла қалып "Өзің осырақсың" демесі бар ма. Байғұстың ұрлығы ашылып қалды деп өліп күлдік.
Ұрлық дегеннен шығады. Үйімізде алма ағаш болса да біреудікін ұрлап жеген қызық болатын. Бір топ бала жиналып ауылдың шетіндегі бір үйден алма ұрлап жатырмыз. Арамызда таныс емес бір бала да таласып-тармасып жеп жатыр. Мән бермедік. Бір уақытта досым отырған бұтақ сынып кетеді ғой. Сонда жаңағы бөтен бала «бұтағын сындырмаңдар, әкем өлтіреді» деп қарап тұр.
Өлтіру дегенді еске алсам 6 сынып орала кетеді ойға. Аулада өзіммен тетелес тәтеммен (әпке) су шашып ойнап жүрген болатынбыз. Ол 5 литрлік шелекпен, менің қолымда ожау. Мені малмандай су қылды. Содан кейін үйге кіріп алып, есікті ашып-жауып мазақтамасы бар ма. Ожауға су толтырып дайындалып тұрамын. Ашқанда шашамын — жауып үлгіреді. Шашамын — жауып үлгіреді. Дайындалып тұрғанда есік тағы ашылды. Бірден шашып жібердім. Сумен бірге жүрегім де кетті басқа жаққа. Есікті ашқан кіші апам емес, үлкен апам екен. Байғұс 1 апта бойы пысықсып үйді жинап, абырой жинап қыдыруға кетіп бара жатқан. 2 сағат отырып әуреленген шашы мен әдемі көйлегін шылқыттым да жібердім. Сол кездегі су «Матрица» фильміндегідей асықпай ұшқандай көрініп кетті ғой. «Сен ұлды өлтіремін» деп тұра ұмтылды. Ауладан шықпай қашып жүрмін. Әкем жарықтық болыспайтын. Бар болғаны "Қашып не қыласың. Адам өлтіру оңай дейсің бе. Көп болса 1-2 рет ұрар" деп ішімді күйдірсін. Құтылмадым. Бұзаудың ноқтасымен әбден ұрды ғой. Содан бері су шашпаймын.
Су шашу. Ех. Сол таяқ жегенге дейінгі жақсы көретін ермегім еді-ау. Өзімнен 3 жас үлкен нағашым екеуміз сусындардың бөтелкесіне су құйып алып атысып ойнайтынбыз. Мен 6 жаста, ол 9-да. Бастапқыда киіммен, артынша тыр жалаңаш ойнаймыз ғой шіркін. Нағашым "Үстімдегі бәрі шерст" деп ұрандатып жүретін. Мен жарайды. 3-і сыныпта оқитын нағашымды айтсай. Сыныптастары тырқылдап күліп қарап тұратын. Бәлкім қарайтын жері болған шығар.
Қарайтын жерге қатысты да қызық көп. Көшемізде бір қызық әже тұрған. Көршілердің бәрі «Мультфильм» деп атап кеткен. Айтса айтқандай түрі мультик кейіпкерлеріне келетін. Оның үстіне сөйлесе елді қыран-топан етеді. Бір тойға немересін ертіп апарыпты Мультик әже. Той қызып, тілек кезегі келгенде апам сөйлеп бастапты. Сол уақытта сыртта жүрген жігіттердің бірі кішкене баланы әкеліп:
— «Апа, сіздің бала емес пе?» дейді.
-Менікі емес. Менікі үйде
— Сізді әже деп жатыр ғой.
— Көтек не дейді. Кәне бұтын шеш.
Содан апамыз бұтын шешіп қарап «Ойбой! Айналайын золотой т… Менікі екен ғой» деген екен.
Менікі қыртқан әңгіме ғой. Бітпейді еске ала берсең. Өзім күлдім. Басқасын қайдам.
Әрі қарай

Әзербайжанның халық әні - "Сары гәлін"

Кеше ғана интернетті кезіп жүріп, мына бір Әзербайжанның әдемі халық әніне тап болдым.



Әзербайжанның аңызы бойынша бір мұсылман жігіті мен христиан қызы бір-біріне ғашық болыпты. Алайда екеуінің жанұялары бұлардың ғашықтық сезіміне қарсы болып, оларды айырып жібереді.

Әннің сөзі:

Saçın ucun hörməzlər [Шаштың ұшын өрмейді]
Gülü sulu dərməzlər [Сұлу гүлді термейді]
Sarı gəlin [Сары келін]

Saçın ucun hörməzlər
Gülü sulu dərməzlər
Sarı gəlin

Bu sevda nə sevdadır [Бұл не деген махаббат?]
Səni mənə verməzlər [Олар сені маған бермейді]
Neynim aman, aman [Не қылайын? Рақым сұраймын.]
Neynim aman, aman
Sarı gəlin [Сары келін]

Bu sevda nə sevdadır
Səni mənə verməzlər
Neynim aman, aman
Neynim aman, aman
Sarı gəlin

Bu dərənin uzunu, [Бұл жардың тереңі]
Çoban qaytar quzunu, quzunu [Шабан қайтар қозыны, қозыны]
Bu dərənin uzunu,
Çoban qaytar quzunu, quzunu

Gün ola mən bir görəydim [Сол бір күнге жетсем, көретұғын]
Nazlı yarımın üzünü [Назды жарымның жүзін]
Neynim aman, aman
Neynim aman, aman
Sarı gəlin

Gün ola mən bir görəydim
Nazlı yarımın üzünü
Neynim aman, aman
Neynim aman, aman
Sarı gəlin

Әрі қарай

Троль - құбыжық?



Бұл постты жазуға «Хабар» арнасының журналисті Мақпал Мадиярованың «Орталық хабар» бағдарламасына арнап түсірген мына сюжеті себеп болды.


Әрі қарай

"Фотоаулау": GAME OVER

Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Без коментариев!

Таңертең келген хатты күнделікті орындап жүрген тапсырмаларымыздай қабылдап алдық.
Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Сөздердің барлығының астарлы мәндерін ашып қарап, нешетүрлі ойларымыз болды. Бірақ қазір оның барлығын жазып мыжып отырғым келіп тұрған жоқ. Біздің ойымызша ең дұрыс жауап жоғарыда тұрған нұсқа болған. Ал файлдардың форматы ауысқанда сурет ауысатындығын енді БІЛЕМІН!

«Фотоаулаудың» қорытындысы дүйсенбі шығатын шығар. Бірақ бес күн қатарынан өткен бұл байқаудан біздің топтың бас қарсыласы Орда, бүгінгі тапсырманы дұрыс орындап абсалютный чемпион екендігін қорытындысыз-ақ білуге болады.

Өйткені бірінші тапсырма барлық командалар тарапынан 100 пайызға орындалса, екінші күнгі тапсырманы барлық командалар 50 пайызға орындап шықты. (3 команда тек тауықты, 1 команда қажет орынды ғана түсірген)

Бірақ ұйымдастырушылардың қателігінен командалар орындай алмай қалған күнгі тапсырмадағы ең үлкен жылдамдықпен ұшатын Матильда туралы біздің жауабымыз біз үшін ең дұрыс-дұрыс-дұрыс жауап.
Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Үшінші күні Алматы көшелерін аралап өрмекші іздеген күні, Ювижн тапсырманы дұрыс таппады.
Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Төртінші күні барлық командалар темір тұлпарды тапты.
Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Бесінші күні тапсырма өте оңай болғанымен, ZIP папкасы үшін бұл жолы тапсырманы дұрыс орындай алмадық!
Блог - rakisheva: Фотоаулау: GAME OVER
Сайттастар! Соңғы тапсырманы дұрыс орындай алмай қалып, сенімдеріңізді ақтай алмадық… Даник бізді «ссылкаға» жіберіп жібермейтін шығар деп үміттенеміз!!!
Сау болыңыздар!!!
Әрі қарай

Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды


Samsung компаниясының Алматыда, Арбатта Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы бренд-шопы, фирмалық дүкені ашылды. Бағана басымды қатырып сонда барғам. Не болар екен деп.
Әрі қарай

"Фотоаулау": КИ қуған темір тұлпар

1937 жылдан бері бұл темір ат Алматы қаласының көшелерімен тынымсыз шапқылап жүр. Солардың бірін тым-тырыс жатқан түнгі көшеден таба аламыз ба?
.
Байқаудың шарты бойынша түнгі уақытта орындалатын бұл тапсырма бізді аса ойландыра қоймады. Өйткені бұл тапсырмадағы жыл Алматыны тек трамваймен ғана байланыстыратындығын білгенбіз. Оның үстіне Алматы көшелерімен тынымсыз шапқылап жүрген, түнде өзі тып-тыныш көшеде тұратын бұл темір «АТ» тек трамвай болуы мүмкін еді. Бірақ ойымыздың дұрыстығын нақтылау үшін біраз ғаламтор бетін ақтарып, 1937 жылы Алматы қаласында алғашқы таксидің пайда болғанын да білдік.

Білетін нәрсемізді біліп алғаннан кейін, өзіміздің «интуициямызға» сеніп, "Қой, онда тамақтанып алайық" деп өйткенде 4,30 сағат Angry bırds ойнаған Globus-қа жол тарттық
Блог - rakisheva: Фотоаулау: КИ қуған темір тұлпар
Әрі қарай

Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі

  • KazNET


Аса құрметті Қазнет қолданушылары Қазақстандағы ең алғашқы ұстаздарға арналған әлеуметтік желі өздеріңізге жол тартты. Бұл сайтты жасаушы қарапайым мектеп мұғалімі, сайт жасауды арнайы оқыған жоқпын, өздігімнен үйрендім, сондықтан кейбір кемшіліктерді байқап жатсаңыз, баршаға жар салмай ақ жеке өзіме хат жіберуіңізді (segizseri@mail.ru) өтінемін.
Интернет кеңістігіне қарап отырсақ, ұстаздардың басын біріктіретін сайт басқа шетелдерде бар екен, олар жұмысын әлдеқашан бастаған әрі өз тиімділігін көрсетіп үлгеріпті, бұл туралы өздеріңіз ізденіп қарасаңыздар да болады. Қазір көпшілігіміз ресей елінің иелігіндегі mail.ru сайтына тіркеліп өз аккауынтымызды ашқанымыз жасырын емес, сол арқылы агентке шығамыз, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсеміз, бірақ ол өте ауқымы кең орасан үлкен портал болғандықтан ол жерде ұстаздың мүүддесі көзделмеген, жалпыға арналған сайт болып табылады, ал бұл сайтта сол мой мирдің көптеген мүмкіндіктері қарастырылуы мен қатар басқада мұғалімдерге қажет функциялар қолданылды:

1. өз жеке профиліңіз болады, суреттеріңізді, видеоларыңызды қоса аласыз, профиліңіде обложкыңыз болады.

2. Күнделік — күнделік ретінде пайдалана аласыз, оған кез келген тақырыпта жаза аласыз, тіпті күнделікті өтілген сабағыңызды да жариялап тұрсаңыз нұр үстіне нұр болмақ, оған басқалар өз пікірін қалдырады, демек пікір алмасу үшін тамаша алаң болмақ.

3. Файлдар — бұл жерге өзіңіздің файлдарыңызды жүктеп қоя аласыз, мысалы күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарлары, ашық сабақтың үлгілері.

4. Сілтемелер — бұл бөлімге күнделікті интернетті ақтару барысында өзіңізге ұнаған сайтты, мұғалімдерге қажет деген ресурстарға сілтеме жасап қоюыңызға болады.

5. Форум — бұл бөлімге өзіңізді толғандырған бір тақырып жазып талқылауға ұсына аласыз.

6. Чат — бұл бөлімде агенттегі сияқты, сайтта отырған қолданушымен жылдам хабар алмаса аласыз.

7. Ойындар — бұл бөлімде бірнеше түрлі ойындар қойылған, зеріккенде ойын ойнап көңіліңізді көтере аласыз.

8. Менің музыкаларым — бұл бөлімге өзіңізге ұнайтын музыканы жүктеп қоя аласыз және онлайн тыңдай аласыз.

Сонымен қатар ұстаз бұл сайттың қолданушысы бола отырып, басқалардың жазбасына пікір қалдыра алады, басқалар жүктеген файлдарды түсіріп ала алады, жаңа адамдармен танысып әріптестік қатынас орната алады.

Сайттың дамып үлкен порталға айналуы немесе құрып жоғалуы алдағы уақыттың еншісінде, ең бастысы осындай сайт болуы керек деп шештік те жұмысты бастап кеттік.

www.pedsovet.kz
Әрі қарай

"Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013" форумы төртінші рет өтеді

  • kazjur
Қадірлі достар, сіздерге Алматы қаласындағы «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013» форумы өтетіндігін хабарлаймыз.
Интернет-форум Алматы қаласында 2013 жылдың 23-24 мамырында «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы) өтеді.

Форумға Германия, Грузия, Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысады.

Форумға онлайн-тіркелу жалғасуда. Шараға қатысу тегін. Егер сіз форумға қатысқыңыз немесе журналист, блогер ретінде тіркелгіңіз келсе, келесі үлгіні толтырыңыз.

Форумның алғашқы күні конференция түрінде өтсе, екінші күні сарапшылар екі қатарлы сессия айналасында мастер-кластар өткізеді. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.

Форумның негізгі тақырыптары «Интернет желісі аясындағы мемлекеттік саясат», «Ғаламтордағы сөз бостандығы мен жеке өмірді қорғау», «Желідегі ақпараттарға қол жеткізу», «Электронды үкіметтің дамуы», «Интернет журналистика», «Интернет-құралдардың тиімді коммуникациядағы рөлі», «SMM және блогинг», «Интернет-жобалардың монетизациялануы», «Интернет-сатылымдар» және т.б болмақ.

Шарадағы сарапшылар қатарында ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ бостандығы мәселелері бойынша бюросының директоры — Андрей Рихтер, журналистерге құқықтық тұрғыдан көмек көрсету орталығының құқықтық сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасының консультанты — Борис Пантелеев, Литвадағы Журналистер Одағының төрағасы — Дайнюс Радзявичус, «Стоп цензуре» журналистік қозғалысының белсендісі Наталья Соколенко бар.

Сонымен қатар, «Айтабер» сайтының админі Садық Шерімбек, «AppleSinn» техникалық көмек көрсету және бағдарламалармен қамтамасыз ету орталығының Бас директоры-Нұрлан Құлымбетов және тағы да басқа танымал қазақ блогерлері баяндама оқитын болады.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан және Қазақстандағы Конрад
Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Барлық сұрақтар бойынша MediaNet ХЖО жоба және PR үйлестірушілері Василина Ворковаға (vassilina.vorkova@gmail.com) және Дінмұхаммед Зиядинге (aliziyadin@gmail.com) сонымен қатар +7 727 261 66 69, 261 27 90 телефондарына хабарласыңыз.
Достар! Барлығыңызды форумда көремін деген үміттемін! Кездескенше
Әрі қарай