"Фотоаулау": GAME OVER


Без коментариев!
Таңертең келген хатты күнделікті орындап жүрген тапсырмаларымыздай қабылдап алдық.

Сөздердің барлығының астарлы мәндерін ашып қарап, нешетүрлі ойларымыз болды. Бірақ қазір оның барлығын жазып мыжып отырғым келіп тұрған жоқ. Біздің ойымызша ең дұрыс жауап жоғарыда тұрған нұсқа болған. Ал файлдардың форматы ауысқанда сурет ауысатындығын енді БІЛЕМІН!
«Фотоаулаудың» қорытындысы дүйсенбі шығатын шығар. Бірақ бес күн қатарынан өткен бұл байқаудан біздің топтың бас қарсыласы Орда, бүгінгі тапсырманы дұрыс орындап абсалютный чемпион екендігін қорытындысыз-ақ білуге болады.
Өйткені бірінші тапсырма барлық командалар тарапынан 100 пайызға орындалса, екінші күнгі тапсырманы барлық командалар 50 пайызға орындап шықты.
Бірақ ұйымдастырушылардың қателігінен командалар орындай алмай қалған күнгі тапсырмадағы ең үлкен жылдамдықпен ұшатын Матильда туралы біздің жауабымыз біз үшін ең дұрыс-дұрыс-дұрыс жауап.



Үшінші күні Алматы көшелерін аралап өрмекші іздеген күні, Ювижн тапсырманы дұрыс таппады.

Төртінші күні барлық командалар темір тұлпарды тапты.

Бесінші күні тапсырма өте оңай болғанымен, ZIP папкасы үшін бұл жолы тапсырманы дұрыс орындай алмадық!

Сайттастар! Соңғы тапсырманы дұрыс орындай алмай қалып, сенімдеріңізді ақтай алмадық…
Сау болыңыздар!!!
Негізінде мен одмин сөзін келтіргем
мұғайма Айнұр. біз сені бәрібір жақсы көреміз. алда әлі талай байқаулар бар. біз қазір КерекИнфоның бәсекеге қабілетті екенін көрсеттік, демек жалғасы болады. байқау өз мақсатына жетті деп ойлаймын, ана камераға сындық