Автобустағы тарих

Ақтөбеде «Автопарк» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Атынан-ақ түсініп отырған шығарсыз жолаушылар тасымалымен айналысады. Автобустарында тек қана қазақша әндер қосылады, хабарламалар, заң үзінділері бәрі қазақ тілінде жазылады. Бірнеше жыл бұрын жаңа үрдіс бастады. Автобустарда қазақ ғұламаларының, хан, батыр, билерінің, ақын-жазушыларының биографиясы мен қанатты сөздерін ілетін болды. Қоғамдық көлікке балалар көп мінеді ғой. Көз алдында тұрғасын, ең болмаса кім екендерін біліп жүретін болады.
Бұл суреттерді өткен жылы түсіргем, архивтерді ақтарып отырып тауып алдым. Тамашалай отырыңыз
Әрі қарай

Тойдың көркі - көкпар

Кезінде қазақтың бірде бір тойы көкпар, күрессіз өтпеген. Еліміздің белгілі азаматы Бекболат Тілеухан өзінің отбасындағы қуаныш және Астана күніне орайластырып Астана маңындағы Балқарағай жерінде үлкен той өткізді. еліміздің үздік көкпаршылары қомақты жүлдені сарапқа салған сайыстан видеоблог.

Әрі қарай

Тамшылар. Этгар КЕРЕТ

Дос қызым, Америкада жалғыздықтан емдейтін тамшылар ойлап табылғанын айтты Ол мұны «Галей Цахаль» тарататын «Алпыс секундта» бағдарламасынан естіпті. Ести сала, құрама штаттардағы әпкесіне: сол тамшылардың бір жәшігін сатып ал да, маған жібер,- деп хат жолдады.
«Галей Цахальдың» хабарлауынша, бұл тамшылар Американың Шығыс жағалауындағы барлық желілес дүкендерде сатылып жатыр. Нью-Йоркте де өтілімі жағынан нағыз хитке айналыпты. Спрей және тамшы түрінде шығады. Менің қызым, әпкесінен тамшы сықпыттағысын жіберуді өтінді. Ол, әрине жалғыз қалғысы келмейді. Дегенмен тамшыларды пайдаланбауына бұл да тоқтау болмақ емес.
Әрі қарай

Домбыра Пати (жеке пікір)

Мен үшін Домбыра Party «Блогкэмп-2013»-пен тығыз байланысты. Блогкэмп болады деп Фэисбукте-да (бұдан әрі ФБ) жариялап, ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілген тұста «Блогкэмп-2013»-тің бағдарламасында «Домбыра Party» деген бөлім бекітілген болатын. Алғаш осылай танысқан бұл шараның Қазақ қоғамы үшін "үлкен рухани азық" екенін сол кезде сезінбеген болатынмын. Алғашқы Патиге де осы «Блогкэмп-2013»-те куә болған едім.
Домбыра Partyден алғаш алған әсерім. «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде, жастардың жазғы би алаңына арнап салынған орында, кешке, ортада арнайы жағылған «отын алауы», айнала қоршалап, еліміздің әр облыстарынан жиналған блоггерлер (маған бейтаныс адамдар көпшілігі, бірақ өте көңілді орта), бәрінің назары «Домбыра Party»-ды жүргізіп отырған Маралбекте . Макең, бұл шараның мақсаты, қоғамға қажетті дүние, атамыз Қазақтан рухани мұра екенін түсіндіріп, кезекті ән орындаушыға беріп отырды. Бір қарағанда, әріге бармай-ақ қояйын, ХІХғ. ұлы ағартушы тұлғалар заманы, мысалы ұлы ақынымыз Абайдың заманы көз алдыма елестеді. Кешқұрым, жайлауда, айдың жарығында тойға жиналған жастар, ортада Алтыбақан құрулы, бір басында қыздар, бір басында жігіттер бастап, кезегімен ән айтып тұр. Қыз бен жігіт айтысы, сәл арыда «Ақсүйек» ойнап жүрген бір топ қыз-жігіттер, сыңғырлаған қыздардың күлкісі, қушаң жігіттердің әзілі. Осы сияқты дүниелер көз алдымнан бір сырғып өтті.
Қазақтың эстрадалық әндері мен әншілерін (Қайрат Нұртастан басқасы) тыңдайтынмын. Мейрамбектің термелері хит болған жылдары, терме тыңдап, «Адай» күйін (сірә, сүйіп тыңдамайтын бір қазақ жоқ шығар, мәңгілік туынды), соныен бірге Асылбек Еңсеповтың орындауындағы күйлерді тыңдайтынмын.
Алғашқы Патиден домбыраның күмбірлеген дауысын тыңдап, ерекше патриоттық сезім кернеп, қасиетіңнен айналдым қара домбырам деп тізерлейтіндей әсер алды айта алмаймын. Бірақ, "құптарлық дүние, жақсы бастама, көп қазақтар сияқты бір кісідей халық арасында таралу керек" екен деген ой туындады.
Блогкэмп аяқталып, уақыт өте келе, ФБ-да «Домбыра Party»-ге арнап парақша ашылып, кеңінен насихаттала бастады. Оған еліміздің әр өңірінен үн қосып, Пати дауысы бейнебір ФБ-да жаңалықтар бетін жаулап алды. Өзім оңтүстік тұрғынымын, бірақ қашанда белсенділер қатарында жүретін Шымкент осы «Домбыра Party»-де сылғырлық танытты. ФБ-лық әріптестеріміздің Пати туралы жазбаларын қызыға оқығанымызбен, көзбен көріп, куә болмағандықтан үн қоса алмай дал болдық. Осы аралықта Садық () және бірнеше ФБ-лық белсенділер бір пати ұйымдастырған болатын. Оған қатыса алмаған едім.(ақпарат жетпеді). Бірақ, екінші «Домбыра Party»-ді асыға күткеннің бірі болдым.
PS. Бүгін 15.06.2013ж Шымкент қаласы, Абай паркінде сағат 20-00 де «Домбыра Party» өтетіні туралы ақпаратты алдым. Толығырақ келесінде баяндаймын. Мынау блогкэмптегі Азаматтың орындауында ән.
Әрі қарай

Анамның айтқандары

Ана… Ана деген сөзді естісем, өткен күнім есіме оралады. Мүмкін, «ана» деген сөз, «ана» деген жан өткен өмірде қалды ма деймін…

Бұрын бала болдым, бала болғасын жерде тентектік пен еркелік бірге жүреді ғой. Сол кездері әкеге жақын болмасам да, анаға қарай бойынұсынғыш едім. Жылы сөздері жаныма ұнайтын. Оның әрбір сөзі ертегі секілді. Жай ғана сөз айтса да, бір келісті, улкен мағына беретін әңгіме іспетті жеткізетін.

Қай ана баласының жаман болғанын қалайды дейсіз...Қасында көп жүрмесем де, азғантай ғана сөздерімен жан тебірентетін. Ұрмай-ақ, ащы сөздерімен көзіме жас келтіретін. Себебі, менің не істеп, не бітіріп жүретінімді білетін секілденді. Барлық қателіктерімді өз алдыма жайып салып, кейде айқаймен, кейде «әкелеп, көкелеп, басымнан сипап, айналайынга салып» жүрегімді толқыта айтатын. Сол кезде өзімді ұстай алмай қаламын. Өз істеріме өкініп, бармағымды тістеп, қателігімді түсініп, өзімше намысшылдана түсемін. Енді баламын ғой ол кезде…

Бірде түн қараңғы, таңға ауған шақ болуы керек. Менің бұрыс жүрген жерімнің үстінен түскен. –Анам байғұс үйден күте-күте уайымдап, мені іздеген шамасы,-деймін. Содан үйге барғанша денемді діріл, қорқыныш басты, енді не болар деген оймен. Үйге оң аяғыммен аттап, тамақ ішір бөлмедегі орындыққа отырып, анама қарай бергенімде, анам күліп, басын шайқады да, өз бөлмесіне кіре кетті. Сірә, менің көзімнен бір қорқынышты байқаса керек-ті. Мен сонда ана мейірімін, ыстық ықыласын байқай алдым.

Сол түні, төсегіме төмпекшіп ұйықтай алмадым. Сондағы ойыма, бұрынғы «апамның айтқандары» еміс-еміс есіме түсті:

« Ұнжырғаңды түсірме, денеңді тік ұстап, таза киініп жүр, құлыным! Жұрт бірінші адам сыртына қарайды. Іші мен жүзі таза адамның бір тартымы болады. Арақ ішпе, керегі жоқ. Өзін ішпесең, кейінгі інілеріңде ішпес деп ойлаймын, ішпесе деп тілеймін! Тек денің сау, бақытты жан бол, құлыным» дегендері есіме оралып жатты...»

Ана мен сізден не үйрендім? Мен сізден көп нәрсе үйрендім. Кісіні алаламауды, үлкенді құрметтеуді, қайырымдылықты, кішіпейілділікті, біреудің жанын ауыртпай сөйлеуді-бәрін-бәрін сізден үйрендім, анашым. Нағыз өмірдің өзін үйреттің маған.Мәңгілік ұстазым менің…

Осыларды ойлап жатып, ұйқыға кеттім.
Әрі қарай

Атам туралы (менің алғашқы блогжазбам)


Менің атам! Мен ес білгелі атамды ойымнан бір елі шығарған емеспін. Әлі күнге шейін айтып отырады 4 жасымда «Ата мен сенің балаң болам, сенің қасыңа жатамын деп» келгенімді. Менің туып өскен ауылым Арыс ауданы, «Көкжиде» деген ауыл. Біздің ауылдың кәсібі басқа көпшілік ауыл сияқты негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. Соның ішінде мал шаруашылығы мен бақша дақылдарын өндіру. Мал шаруашылығы жыл бойына жүретін болса, бақша дақылдарын өсіру науқанында жүргізіледі. Біздің отбасымыз да өзгелер сияқты мал ұстаймыз, мемлекеттің берген жекеменшік жерімізге қауын, қарбыз, жүгері, қызанақ сияқты дақылдарды өсіріп, өндіреміз. Мен мектеп оқып жүрген кезімде есімде үйде торы атымыз болатын. Жазғы демалыста Атам торы атқа арба жегіп, мені отырғызып егістік басына алып кететін. Күнімен кетпен шауып, бір тынбайды. Кеш түскен соң ауылға жиналамыз. Үйдегі сиырларға деп, қамыс орып, оны жақсылап арбаға артып, сусып түсіп қалмас үшін арқанмен тартып байлап, үстіне көрпеше төсеп, мені жатқызып қоятын. Сосын қайт ауылға, ат арбаның үстінде, табиға аясында. Кейде ұйықтап қалатынмын жол үстінде. Кейде, ұйықтап кетіп, арбаның үстінен ауып кете жаздайтын кездер болады. Сол үшін Атам үнемі маған «Арыштан, а, Арыштан» деп артына қарайлап отыратын. (мені атам еркелетіп, «Дәңгіл», «Арыштан» деп атайтын).
Үйге атамның замандас, құрдастары келіп тұратын. Ауылдағы шалдардың әдеті, кішкентай бала көрсе "әй, жаман неме, кімнің баласысың" деп сұрайды. Менде жұлып алғандай айқайлап, «Атамның баласымын!» деп тұра қалам. Атам үлкендер келгенде «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бер деп үйретіп қойған. Қонақ келе қалса «Ассалаумағалейкум!» деп шыға келетін едім. Ондай кезде үлкен шалдар мәз болып қалады. "Өркенің өссін балам," «Дәу жігіт бол», «Азамат бол» деп қауқылдасып қалады. Ауылда кейде свет өшіп қалады. Кешке үйде бәріміз жиналып кешкі асты шамның жарығымен ішеміз. Ондай кезде атам бізге ертегі, өзінің басынан өткен қызықты оқиғалар туралы айтып береді. Атам мені кішкентайымнан үлкен балдарша қарап, ерте есеюіме көп септігін тигізді және солай тәрбиеледі. Өзі көп қыдыра бермейтін адам. егер бір жаққа баратын болса, мені ертіп алатын.
Атам кітапті көп оқыған, үйдегі кішігірім кітапхана соның айғағы. «Жас Алаш», "Қазақ әдебиеті" сияқты газеттерге жазылып, әр санын үзбей оқып отыратын. Сондықтанда шығар, кейбір консерватор шалдар сияқты емес, жаңа заманның жаңалықтарынан хабардар бола отырып, бізге «Оқыңдар, айналайын» деп үнемі айтудан жалыққан емес. Мен кітап оқуды 6-шы сынып оқып жүрген кезімде бастадым. Ең алғаш оқыған кітап авторы есімде жоқ, «Ағаш ат» деген. Одан кейін үйдегі жинақталған кітаптарды оқып бастадым. Кейде бір кітапты ұзақ оқып жүргенімді байқаған атам «тұрақсыз адам екенсің, тыңғылықты оқысай» дейтін. (Ол кезде жақсы екенмін, бастысы кітап оқушы едім, қазірше алтын уақыттың бәріп бекерге сарп етіп).
Осылай, ақырындап ержеттік. Білім қуып, қалаға оқуға кеттік, енді осы жақта тұрақтап жатқан жайымыз бар. Атамды қатты сағынамын. Аз демалысымды пайдаланып ауылыма барып тұрамын. «Балапан қанат қағып, ұядан ұшты деген осы» деп Атам барған сайын айтып отырады. Қазір атамның жасы 85 ке келді. Мен 25 ке жетіп қалсам да ол кісінің алдында өзімді әлі, кішкентай бала сезінемін. Еркелеп, мойнына асылып, ойнағым келеді. Бірақ қазір бұрынғыдай денсаулық қайда, ол қазір менің көмегіме мұқтаж. Өмірдің түрлі ауыртпашылықтарын көрген Атам, өзінің намысқойлығы мен еңбекқорлығы арқасында мойымай осы күнге жетіп отыр. Келесі жазбамда тағы толықтырып өтемін!
PS. Бұл менің алғашқы блогжазбам. Мұны жазған кезде атам қатты ауырып жатқан болатын. Мына мемлекеттің белгілеген шеңбер ішіндегі шектеулі уақыттан шыға алмай, перзенттік борышымды өтеуде қиындықтар туындап, қолымнан бар келгені осы деп ойымдағыны қағазға түсіргенім ед. Әлі бұл тақырыпқа талай оралатыным өзіме аян.
Әрі қарай

Бақытты Лоторея жеңімпаздары

Алдыңғы жазбамда бақытсыз лотерея жеңімпаздары жайлы айтқан едім, ендігі кезекте лотереядан жолы болған бақытты адамдар жайлы айтпақпын. Бірақ, бұл жолы суреттер арқылы… Бұл жолы болғыштардың алдыңғы кісілерден айырмашылығы ақшаларын ақылмен жұмсап жатыр
Әрі қарай