Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

06-15 ақпан күндері Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарына барып келдім. Спорт және туризм агенттігі өткен жылдың желтоқсан айында «Сізді блогер ретінде шақырғымыз келеді. Жолыңыз, жататын жеріңіз тегін. Ойындарға тегін билеттер береміз» деген кезде қуаныштан жарылып кетсем де білдірмедім әрине  Агенттікке, ұйымдастырушыларға үлкен рахмет мұндай сыйлықтары үшін. Бүгін бір блогер барса, келесіде бұл сан өседі деген ойдамын. Өйткені ақпаратты тез және кең жаюшы күш блогерлер екенін қазір барлығы түсініп отыр.

Сонымен Сочи сапарым алдымен Алматыдан басталды. Турды ұйымдастырушы фирма инструктаж жасағаннан кейін, барлық жолаушыларға Қазақстан шарфы, баскиімі, күртешесі мен сөмкесін сыйлады. Сондай-ақ Сочи картасы, ойындар кестесі, Қазақстандық спортшылар туралы да барлық ақпарат бар екен сөмкелерімізде.

Кемеде
Қазақстандық делегация Сочи теңіз портында жиналған 10 шақты кеменің бірі Norwegian jade атты 5 жұлдызды лайнерде орналастырылды. Круиздерге арналған бұл кеме Сочиге арнайы шақырылған, қонақ үй қызметін атқаруы үшін. Кеме 14 палубалы (қабатты), 9 кафе-ресторан-бары бар. Таңғы ас тегін, түскі ас және кешкі ас 10-25 доллар шамасында. (сыралары 5,25 — 5,69 доллар  ) Кемеде дискотека, казино, сауна, спа салоны, джакузи, бассейн, интернет кафе бар. Кеме ішіндегі wifi-дың минуты 0,99 доллар. Сондықтан мен жергілікті Мегафон операторының тиімді тарифын алып алдым барған күні. Кеме персоналы түгелімен шетелдіктер, тек қана ағылшын тілінде сөйлеседі. Көбі Перу, Колумбия сияқты Латын америкасы елдерінен және Азияның Филиппин, Мьянма, Непал сияқты еңбек күші арзан елдерден. Еуропадан румындар көп және латвиялықтарды ғана байқадым.

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Мынандай түскі ас небәрі 10 доллар.

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Сыраға түрлі тіскебасарлар әкеледі, тегін.

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Теңізге қарап отырып темекімен кофе ішуге болады

Қала
Сочи бұрыннан туристік аймақ болғандықтан өте үлкен қала. Бағалары жоғары, қымбат. Бұрын жазғы туризм орталығы болса, енді бұған қысқы туризм да қосылған. Олимпиада үшін Ресей бюджетінен 50 млрд доллар бөлінген. Қалада орыстар саны өте аз. Жергілікті тұрғындардың көбі армяндар. Ресторан-кафе бизнесі түгелдей солардың қолында деуге болады. Кешкі ас бір адамға шамамен 3000 теңге шамасында шығады, ал кавказ шашлығы 6000 теңге. 1 бөлмелі пәтер жалдау айына 1000 доллар. Олимпиада кезінде бір бөлме жалдау 2000 рубль (10 мың теңге).

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Мына алматылық орыс атайды қалың нөпір турист ішінен бірден байқадым. Үстінде шапан, басында қалпақ, артында Қазақстан туы, мойнында 2 Қазақстан шарфы. «Осылай елімізді көрсетпесек не үшін келдік?» дейді ол.

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Қостанайлық мемқызметкер Қайрат 40 жаста. Олимпиадаға келу үшін бір жыл бойы ақша жинапты, кетер алдында 300 мың кредит және алған. Нағыз спорт фанаты. Ұшаққа да өмірінде алғаш рет отырыпты. Бір армян әйелдің бір бөлмесін жалдап тұрды, билеттерді сатып алып жүр екен. Біздің делегацияға бөлінген артық билеттерден әкеліп беріп жүрдім. Бірнеше жарысты бірге қарадық.

Жол
Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Олимпиада жарыстары 2 жерде өтті. Біріншісі Красная поляна таулы аймағында шаңғы, фристайл, биатлон, тау шаңғысы, трамплин, сноуборд жарыстары өтті. Ең алыс аймақ. Сочи вокзалынан 1,5 сағат. Одан кейін тау басына дейін арқан жолмен шығасың, сосын 15-30 минут жаяу жүріс.
Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Олимпиада қалашығы вокзалдан 40 минут. Бұл жерде жабық ареналардағы жарыстар өтті. Шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, хоккей, керлинг сияқты жарыстар осындағы спорт кешендерінде өтті.
Электр пойыздары тегін және әр делегацияның өз автобустары да болды. Жарыстарға тегін апарып, алып келеді.
Пойыздары ыңғайлы. Вагондарда бірнеше телефон қуаттау нүктелері де бар. Жүру жиілігі 5-10 минут.

Қауіпсіздік
Олимпиаданың басты шараларының бірі әлбетте қауіпсіздік. 40 мың полиция қызметкері жұмыс істеуде Сочиде. Жұртты шошытпас үшін олар униформа емес, күлгін түсті спорт киімдерін киген. Негізгі кіру нүктелерінде барлық туристер толық тексеруден өтеді. Қалтадағы барлық металл заттар шығарылады, сөмкелер арнайы рентгеннен өтеді. Мұндай процедураға ренжіп жатқан ешкімді байқамадым. Барлығы өз қауіпсіздігіміз үшін.

Ақ Олимпиада
Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Ашылу салтанатына билет болмағандықтан жігіттермен кафеден қарадық. Одан кейін биатлон, трамплиннен секіру, фристайл, хоккей, шорт-трек жарыстарына бардым. Билеттер қымбат. 1500 рубльден 6500 рубльге дейінгі бағаларда болды маған берілген билеттер. Жарыстарды өткізу, ұйымдастыру деңгейі өте жоғары деңгейде. Олимпиада Ресейде өтетін болғандықтан басында скептикалық ойларда болғаным рас. Бірақ барып, өз көзіммен көрген кезде басқаша ойда болдым. Спорт кешендері шынымен өте тамаша. Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін барлық нәрсе жасалған. Әр ойынды дикторлар тамаша жүргізіп отырады. Ойын ережелерін түсіндіреді, спортшыларды жеке таныстырып отырады және көрерменмен диалогтары да керемет. Диджейлер әр елдің музыкасын қосып отырды трамплиннен секіру жарысында. Қызығы да қызғана да қарайсың ұйымдастыру істеріне. Мыңдаған волонтерлер кез келген жерде алдыңнан шығады, жөн сілтеуші, түсіндіруші солар. Арасында қазақстандықтар да бар. Келіп сәлем беріп кетеді. Жалпы Олимпиада барысында «Ооо, Қазақстан!» деп қасымызға келушілер көп болды. Көбісі бұрынғы отандастарымыз.

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Трамплиннен Ұлттық Құрамамыздың массажист-дәрігері Алтынай апай трамплин туралы көп нәрсені түсіндіріп берді.

Қара Олимпиада
Әлбетте мұндай ірі іс-шара өтетін жерде, адам көп жиналған жерде қара бизнес те дамиды. Ресейдің түрлі аймақтарынан келген жезөкшелер де көп. Бір сағаттық қызметақылары 8-10 мың рубль.
Олимпиаданың ресми сувенирлері қымбат болғандықтан арзан варианттары да бар болар деп іздеп көрдім. Қаланың орталығы емес, ішкі көшелеріне кірсең бәрі табылады. Олимпиаданың ресми логотипі басылмаған сувенирлер көп және ресми логотипті қолданып сувенир жасағандар да бар. Мұндай «тауарлар» арзан бағамен ешкімге көрсетпей беріледі.

СпОртЧИ
Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Жалпы Сочиді Спортчи деп те атауға болады. Жанкүйерлерді спортпен де айналыстырады өйткені. жоғарыда айтқанымдай жаяу жүріс көп және таулы аймақ болғандықтан кейде бірнеше баспалдақпен көтерілуге де тура келеді. Мысалы Фристайл жарысынан кейін арқанды жолға жету үшін шамамен 20 қабат үйдің биіктігіндей жерге баспалдақпен шықтық. Бұл жолды қаламағандар таудан вокзалға дейін 15-20 минут автобуспен барады. Сондай-ақ Сочиде темекіні тек рұқсат етілген жердерде ғана тарту мүмкін. «Сочи — темекісіз қала» деген ұрандары бар.

Сочиден жасаған фоторепортаждарым:
Биатлон жарысынан көріністер
Сноуборд пен фристайлдан жарыстар өтуде
Сочидің басты медиаорталығы
Сочидегі Қазақ Үйі
Сочидегі хоккей матчтары
“Айсберг” спорт кешенінде шорт-трек жарыстары өтуде
Оңтүстік Кореялықтар Пхенчхан-2018 Олимпиадасына шақыруда
Жақсылық Үшкемпіровпен сұхбат
Сочидегі Олимпия Паркі

Фотолар:

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ

Блог - asaubota: Мен көрген Сочи немесе СпОртЧИ
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Футболсүйер қауымды сағындыра ұзақ күттірген Чемпиондар Лигасы ертең 1/8 финалдық ойындарын бастайды. Еуропаның кіл жүйріктерінен тұратын командалар ішінен кім жүйрік екенін анықтау үшін ертеңнен бастап көк экранға телміретін боламыз. Сонымен, Еуропаны бағындаруға шыққан, топтық турнирді артқа тастап келесі айналымға өтуден дәмелі мықты 16 команданы еске тағы бір түсіріп жіберейік:
Әрі қарай

Эстафеталық есеп беру. 1-ші күн

Жазатын дым жоқ ©

Керектің статистика агенттігі: Эстафеталық есеп беру. 1-ші күн

Керектің алтын тарихына алюминий әріптермен жазылатын кезекті эстафетаның ақырғы демі шығып, Аид патшалығына жүріп кетуіне біраз минуттар қалғанда Айым есімді Шымкенттің келіні Жебірейіл періштенің кейпіне еніп, құтқарып қалды. Осы жерді аз-мұз болса да бір серпілту үшін жасалған бұл эстафета өзінің миссиясын сәтті орындап жатқан секілді. Талай-талай қызықты да бұзық, қиқар да қисық сұрақтардың, орынды да мәнді жауаптардың куәсі болғандарыңызға, болатынымызға күмәнім жоқ. Кезіндегі админ ағамыздың таныстырулары, кейінгі түрлі-түрлі блиц-сұхбаттардың жалғасы боларлықтай осы керектің құрметті қолданушыларын танып-білуге мүмкіндік беретін бұл эстафетаны өзімше қорытындылауға тырысып бақтым. Енді сол сөзімнің дәлелі болсын деп осы эстафета арқылы: не білдік, не ұқтық және нендей қызықтар болды?! сол жайлы айтпақшымын, яғни жазбақшымын.
Әрі қарай

Сегіз қырлы, бір сырлы декреттегі әйел

Декреттегі әйел жан-жақты болуға үйренеді. Өзіне хобби табады, бұрында қолы тимей, ойластырған істерді қолына алып, сурет салады, тоқып, тігінмен айналысады, тіпті би билеп үйреніп, дауысы шығып, сыңғырлап ән айтады. Көршілермен араласып, жаңа мамашалармен танысады. Шабыттанады, қиялданады, эксперимент жасайды. Бұдан артық қандай бақыт керек!
Ең бастысы қорықпай, уақыттың жеткеніне байланысты қызығушылық тудыратын барлық істі бастап, осындай қолайлы кезеңде үйреніп алған жөн деп ойлаймын.
Кей әйелдердің үйде баламен отырып шаршадым, миым ашып, жынданып кететін болдым дегені бар. Мүмкін оларды түсінуім үшін декреттен шықпай жатып қайта декретке бірнеше мәрте шығуым керек шығар.)))
Төменде менің қызыма арналып жасалған дүниелердің бірі.

Блог - dindar: Сегіз қырлы, бір сырлы декреттегі әйел
Әрі қарай

Айтатын қалмады сөзім

Ғалымжан Молданазардың «Жылайды жүрек» әуенімен
Айтатын қалмады сөзім,
Шыдайтын қалмады төзім.
Құны жоқ жалған бұл ақша,
Жетті ғой сенің де көзің.

Қан жылап жүрек қалған -ай,
Тұнжырап жұртым солған-ай,
Ұзамай ұлттық теңгенің
Қанаты талып қалған-ай.

Сыздайды жүрек
Жинағым жүдеп,
Қинайды мені
Кеудемді кернеп.
Зулайды доллар
Өзекті өртеп,
Күйіп барады
Жинаған теңгем.
Әрі қарай

Болар бала боғынан!

«Raw» — фильмінен үзінді:


Балаңыз, ініңіз немесе жиеніңіз кішкентай кезінен бастап анекдотты жақсы айта бастаса, оған «заңгер немесе экономист бол!» деп айтудың қажеті шамалы шығар, өйткені ол не комик, не президент болады)))

P.S. Қазақша субтитрін қосқыңыз келсе, ютуб терезесінің астындағы «СС» содан кейін «вкл» дегендерге басыңыз.
Әрі қарай

Алып кашу операциясы

Блог - Meyirim: Алып кашу операциясы

2-курс окып журген кез. Группада Жази есiмдi кызбен жаксы достар болып кеткенбiз. Колымыз босаса ол маган — жатакханага, мен оган кыдырып барып турамыз. Ол жалгызбасты апкесiнiн уйiнде туратын. Апкесi катал болгандыктан, уйiне ол кici жок кезде шакыратын.
Жазидiн мiнезi кызык, конiлдi, ошм екеумiздiн басымыз бipiксе ооой куамыз гой(куганда сол, билеймiз, бакырып олен айтамыз, баттастырып боянып коремiз, агентте тролить етемiз т.сс). Бiз ушiн кызык едi сонын баарi.
Дал сондай кундердiн бipiнде Жазидiн уйiнде куыватканымызда есiк кагылды, келген Жазидiн агалары екен. Агалары сал отырды да кайтып кеттi. Ертесiне Жази маган бip агасы жайлы ангiмелер, керемет мактаулар айтыыып отырды да, сол агам сенi унатып калыпты деп ангiмесiн аяктады гой. -Кечiна )) деп назар аудармай коя салгам…
1аптадай уакыт откенде Жази- уйде ешкiм жок -, деп шакырып, алгi агасымен таныстырып, сойлестipiп койды. Екеумiзде уялшяаакпыз, отырдык сызылып =).
Жаксы араласып кеттiк, ол кинога апарды (сол уакытта Анджелина Джули ойнайтын Турист фильмiн корiп кайтканымыз алi есiмде ше). Кафелеттiк, кыдырдык, ол соз салды. Мен «ойлану устiнде» жургем. Жази звондады, апкем Астанага срочно ушып кеттi, уйде жалгыз коркам, келшi-, деп. Сагат 23, общежитья жабылган, охраникке тусiнiктеме жазып журiп шыктым, Жази класстас кызы екеуi таксимен келiп тур екен, мiндiк. Жази алдынгы жакка, Жадыра екеумiз артында отырдык, сал журе бергенде екi жiгiт такси токтатты(бауырым по пути ала кетсей деп). Оларды да мiнгiзiп алды. Такси iшiнде алгi екi жiгiт танысайыкта деп, бiз танысып, мазбiз )). Руларын не?- десе -кулшыгаш, кай жактансындар?-десе -Шардара !- деп коям (негiзi олай емес, Жазидiн адреciн айтып отырм озiмше). Бiр карасам каланын сыртында кетiп барамыз!!! Менiн байкаганымды коре сала анау екi жiгiт тырп еткiзбей устап отыргызып жатыр, сол кезде бip-ак бiлдiм гой Жази менi агасына алып кашып бара жатканын! Окipiп, бакырып, шынгырып, бар шамам жеткенше карсыласып отырмын, Ол жiгiттi жаксы корiп турсам да по любому жастык, кыздык (!) шагынды кимайсын гооой (((. 3 жарым сагаттык жол.
3жарым сагат бойы жылаган адамда ал калушы ма едi, алсipeп, кулауга шак калып турганымда басыма орамал жауып, шымылдыктын артына топ еткiздi! Жазиге урсып, капа болганымды айтып отырм, ол кешipшi, кешipшi -дей бередi. Айтеуip, такси iшiнде айтканымдай: кулшыгашпын, Шардараданмын болып шыга келдiм гой.
Әрі қарай

Ауыл туралы

Блог - Arys_arlany: Ауыл туралы
Кеше кешкісін пейізбүкте бір фблас әріптесімнің постын оқып қалып өткен күндер естеліктері көз алдымнан бір сырғып шығып еді. Дәл қазіргі уақыт ауылда ұсақ малдардың (қой, ешкі) төлдеу басталатын уақыты. Мектеп кезінде үйде малды жайғау, қора тазалау үйдегі інім екеуміздің мойнымызда. Сабақтан келе сала арғы бетке, малдың өрісіне жүгіресің, қой туып қалматы ма екен деп. Туса қозысын алдыңғы екі аяғынан салбыратып ұстап алып, үйге тартасың. Кейде қойлар қозы туған жеріне қарай жүгіреді, ол кезде қозының «мәәә-мәәә» дейсің, қой жүгіріп келеді. Кейбірі түнде туып жатады, оны уақытында бақыламасаң суыққа қатып қалуы мүмкін. Әсіресе ешкінің лақтары өте әлжуаз болып туылады. Түнде төлдесе тезірек үйге апарып қоясың. Суықта аяқ алмақ түгілі маңырауға шамасы келмеген лақты алып, картон каропкаға салып, үйдегі пештің қасына қоясың. Үстін жартылай жабасың. Азанда «мәәәәәә» дегенде будилникке олай оянбайтын шығарсың. Сол лақтар бір аптадан кейін секеңдеп тез жетіліп кетуші еді. Ауылда жақсы ғой, артық проблема жоқ. Мал жайғастыру, аттың жабуын жабасың, сиырға пая саласың, қойдың жылы қораға қамап, арасында туып қалады ау деген «күдіктілерін» бір шолып, жылы үйде аяғыңды пешке төсеп жатасың. Ол кезде интернет түгілі, компьютердің тапшы кезі. Кешке үйдегі бар қызығымыз інім екеуміз кешкі асты ішер-ішпес сега ойнауға кірісеміз. «Балалық бал дәурен ай» дегендерді сол бала кезімізде түсінбеуші едік, осыны көріп-біліп сағыныштан айтады екен ау.

Ауылда қой кезек болып тұрады. Сабақ күндері жарты, демалыс күндері бір күн қой бағасың. Қой кезек бір жағынан рахат еді, бір кітапты қолтықтап алып, итіңді ертіп қойдың артынан жүресің. Айналаң тып-тыныш. Өзіңмен іштей тілдесесің. Ой қорытасың. Кітапты оқып отырып неше түрлі қиялдарға берілесің. Бір сөзбен айтқанда космостан қайтасың. Бала кездің қиялы да ұшқыр болады екен ау. Өскенде анау болам, мынау болам деп.

Өткенде ой шыңдау тапсырмасына орай суретке қарап шығарма жазу тапсырылған болатын. Есіме балалық шақтың естелігі қайта-қайта орала берді, сол шығарманы өне бойы ауылға сағынышпен жазып толтырған болармын. Сонда ауылдағы бір уақиға есіме түсіп еді. Қысқы каникулға шыққан кезіміз. Малдың күтімі тағы қолымызда. Азанда әкем қора жақтан дауыстап шақырып, сиырды айда деп тапсырды. Қорада қара тай болатын. Көк жеп, құтырып қалған. Соған мініп айда деді әкем. Басында жүрексініп тұрғанмен, тоқымын салып, жүгендедім. Әкем тізгеннен тартып тұрды, әуп етіп жайдақ мініп алдым. Сиырды алдыма салып көшеде келе жатып, екі бүйірінен нұқып қалып ем, ытқып шаба жөнелді. Сиырлар да жөңкіле қашты. Көшемен шауып келе жатып оқыс бұрылыста тай орнынан бұрылып қалды, мен бұрылған орынан ұшып түстім. Тайдан бірінші рет құлағаным солай есте қалыпты. Үйге жаяу келсем, әкем мазақтап "қопал екенсің ғой" деді. Содан бері қанша уақыт өтті, қанша сынақтарды өткеріппіз. Әкемнің сол сөзінің өзі балаға қандай тәрбие десей, «балам мығым бол дегені» еді ол. Балалық бал дәуреннің бірі сол екен да.

Блог - Arys_arlany: Ауыл туралы
Әрі қарай

Ұялғаным-ай...

Шымкенттің көктемгі жаңбырлы күні болатын. Түлкібас ауданынадығы бір елді мекенге шығуға бел байлап, үйден шыққан бетім. Аялдамаға барған соң, «Фиркан!… Евразия!!! 18-ый микрорайон!!! Север!!! Восток!!! Кабиско!!!...» деген кондуктордың сөзіне елең етіп, 96-бағыттағы маршрутқа отырдым. Газель еді. Орын көп.
Жүргізушінің тура артындағы орындықта екі орыс қыз бен жігіт бір біріне мәз болып келеді. Сол екі жасқа қарама-қарсы, терезеге таман отырдым. Терезе буланып кеткен. Соны пайдаланып, жігіт терезеге «Алена, я тебя… » деп қасына жүрекшенің белгісін салды. Бір кезде ойға шомып кетсем керек, мен де терезеге бақырайып қарап отырып, «Алена я теб» деп жазған кезде есімді жидым…
«Неге олай еттің?» дегендей сұраулы кейіппен жігіт түсінбей маған ұзақ тесіле қарады, не істеп қойғанымды сол мезетте түсіндім. Кінәмді мойындап демімді тартып қалып, суық тер бүрқ ете қалды! Саусағымның ұшынан бастап, денемнің қызарып жатқанын анық сезіп отырмын.
Ұялған тек тұрмас деп, кондуктордың «Север!!!»(Теріскей деген мкр ғой) дегенінде орнымнан атып тұрып, газельден зып еттім. Шығып бара жатып, Аленаның сыңғырлаған күлкісі есімде қалыпты…
Әрі қарай