Ұялғаным-ай...
Шымкенттің көктемгі жаңбырлы күні болатын. Түлкібас ауданынадығы бір елді мекенге шығуға бел байлап, үйден шыққан бетім. Аялдамаға барған соң, «Фиркан!… Евразия!!! 18-ый микрорайон!!! Север!!! Восток!!! Кабиско!!!...» деген кондуктордың сөзіне елең етіп, 96-бағыттағы маршрутқа отырдым. Газель еді. Орын көп.
Жүргізушінің тура артындағы орындықта екі орыс қыз бен жігіт бір біріне мәз болып келеді. Сол екі жасқа қарама-қарсы, терезеге таман отырдым. Терезе буланып кеткен. Соны пайдаланып, жігіт терезеге «Алена, я тебя… » деп қасына жүрекшенің белгісін салды. Бір кезде ойға шомып кетсем керек, мен де терезеге бақырайып қарап отырып, «Алена я теб» деп жазған кезде есімді жидым…
«Неге олай еттің?» дегендей сұраулы кейіппен жігіт түсінбей маған ұзақ тесіле қарады, не істеп қойғанымды сол мезетте түсіндім. Кінәмді мойындап демімді тартып қалып, суық тер бүрқ ете қалды! Саусағымның ұшынан бастап, денемнің қызарып жатқанын анық сезіп отырмын.
Ұялған тек тұрмас деп, кондуктордың «Север!!!»(Теріскей деген мкр ғой) дегенінде орнымнан атып тұрып, газельден зып еттім. Шығып бара жатып, Аленаның сыңғырлаған күлкісі есімде қалыпты…

Сол күннің қайтып келгенін қалайтын едім…
Мен ақыыыыымммммммммаққққққққ /перевод; Мен сені сүйеееееем! қазақфильмде поеза айқайлаған жігіт бейнесі/