"Назарбаев келеді деп рельсті асфальттап тастаған"
Желі қолданушылары Назарбаев келеді деп, темір жолды асфальттеп тастағанын талқылап жатыр.
Әрі қарай







Жұмыста отырмын. Жұмыс өнбейді. Жүйке əбден жұқарған. Телефонның шырылдаған дауысы мұндай сүйкімсіз болар ма еді. Бəріне бірдеңе қажет. Лезде қажет. Сөйтіп отырғанда папа қоңырау шалды соткама. Атүсті сөйлесе алмайсың, көңіл күйің нашар болып та сөйлесуге болмайды. Қоңырауын шегеріп, кейін хабарласайын десем, қайта-қайта звондап болмайды. Тіпті не үшін хабарласқанын сұрағам да жоқ «папа! Сосын хабарласамын өзім! Звондай бермеші енді!» деп бар ашу ызамды осы бір-екі сөзге төге салдым. Жалғыз эмоциясыз «мақұл» деген сөзінен қалай ренжіткенімді, көңілін қалдырып, жүрегін ауыртқанымды түсіндім. Трубканы қойған бетте өкіндім. Бірақ қайта хабарласқам жоқ. Ренжітіп алғанымды білем. Звондауға да бет жоқ. Папа да біраз хабарласпады. Кеше ғана қоңырау шалды. Түк болмағандай, əңгімелерін айтып жатыр)) Мен қуанып та тұрмын. Ұялып та. Осындай ақымақ адамды қалай жақсы көруге болады деген жауапты Евгений Гришковецтің "+1" спектаклінен таптым.