11.11.11 11:11


Бүгін қасиетті үш он бірдің күні: он бірінші жылдың он бірінші айы және он бірінші күні. Бүгін сағат таңғы он бірден он бір минут өткенде тілеген тілектеріңізді аспан әміршілері құп көреді. Ұрымтал сәтті жіберіп алмаңыз! Енді келесі үш он бір мың жылдан кейін ғана қайталанады…
Әрі қарай

Жігіттер, көмек керек...

Қандай жазғышбектер болсын айтары ес білгеннен қазіргі ғұмырына дейін күнделік жазады екен. Біреулері өткен дәуреннен естелік ретінде шимайласа, біреулері машық үшін дейді, яғни жазу қалыптасуы үшін. Өзімше мен пақырда естелік болсын, машық болсын деп шимай-шатпақ жазайыншы деген ой келсе болғаны, ұйқы уақытына тұспа-тұс келіп қалады да тұрады. Содан әй, қойшы деп, қолымды бір сілтеп ұйқыға сүңгіп кетуші едім. Бірақ, енді не дегенмен де махаббат машақаты деген дерт оңай ма?! Осы кейінгі кезде жабысып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған кеселі бар. Күштеп күнделікті де жаздыртқызып қойды. Ал, ендеше… Отырып та, жатып та, кешке де, күндіз де қиялдаааай беремін, қиялдай беремін… «Неге маған қарамайды екен?»-Деген ой санамды сансыратееп, кеуек басымды шырмап алғаны былай тұрсын, агент әлеміндегі ныспысына телміре қарап түнгі 3-4 ке дейін отыратыным өтірік емес. Әй, әй. әй қап-қара, шыңыраудан жылтыраған от сияқты жанарларының адамды арбааап тұратынын-ай… Сыр тұнған көздері шерінің көздеріндей. Болмаса да бер жағы))Еркек десе еркек шынымен, Бойда намыс, ойда қуат, бойда күш ұрып тұрады ғой, ұрып!!! Саңқ-саңқ еткен сұңқардың шаһбазындай болған үні мірдің оғындай болып жүрегіме қадалып жатқаны ол сөйлеген сәттерде...Әсіресе жырауларды тірілтіп, көмейінен жыр ақтарған кездерде… ееех… жүрегім-ай… Ең өкініштісі бар ғой, ол басқаа қызға «ғашықпын»- деп тақпақ арнағаны менің жаныма қатты батып, көңіліме қаяу түсірсе де, оны кез-келген сәтте кешіре салуға дайын сияқтымын. Тақпақ арнаған қыз бейнесін көз алдыма елестетіп: «Қай жеріне ғашық иии???» деп сол сұрақты қайталап, ойланамын. Мұхтар Мағауинннің кейіпкері Едігенің сүйген қызы Гүлшатқа Бердібек жайына қатысты айтпақшы: «Бақсам, бойында аталық малға тән көрік бар екен»-деп.(«Көк Мұнарды» оқымағандарға түсініксіз болып қалды-ау деймін мына сөйлем, теңеуім, кешірім...) Мұнда да солай тәрізді, мен мойындамағаныммен өзгелерге өзінше байқалатын «аналық малға тән көрік» бааар сияқты… Солай, солай, солай кете береді...Қайтемін, оның бәрлығын тізбектеп. Одан да айтыңыздаршы, жігіттерді «морт сындырудың» қандай оңай болсын, қиын болсын тәсілдері бар? Жігіттер сіздерге көбіне қыздардың қандай қылығы жүректеріңізді жаулап алады? Маған өмір-тәжрибелеріңізден келелі кеңестеріңіз керек болып тұрғаны...Әйтпегенде өліп қалуым кәдік. Кәдік емес, бек мүмкін…
Әрі қарай

Сопылар сотынан үзінді


үш айға созылған «Сопылар сотының» 1 сағат 23 минут 16 секундтық үзіндісі. ең соңғы жағында Исматулла тақсыр сөйлейтін жері бар. өзім әлі толық қараған жоқпын.

видео алынған жер: Думан ӘЛИ. Бабажановтың кеңесі Лама Шәріпке керек пе?
Әрі қарай

Спазмолгон көмектеседі))

sammita-ның каментінен соң есіме түсіп кетті))
Былтыр, Елбасы Ассамблеямен жиналыста эликсир сұрап, жұртты бір күлдіріп еді ғой.
Содан бір шай үстінде үлкендер соны сөз қылып, прикол ұстап отырғанбыз.
Бір кезде балам сұрайды: «Назарбаевтың жасы нешеде?»
Мен: «жетпісте»…
Балам: «кәрі екен ғой»…
Мен күліп: «онда сен өсіп, оны жасартатын дәрі жасап берсеңші» дедім.
Сөйтсем балам, ойланып отырып: «спазмолгон көмектеседі» дейді...)))
Не күлерімді, не ойланарымды білмей отырып қалдым)))
Әрі қарай

Көңілсіздік-2 Дәурен АЙМАНБЕТОВ

Тағы да көңілсіздік,
Тағы да сол үнсіздік.
Өтуде, қызық емес —
Өмірім өзіңсіз түк.

Тағы да арайсыз күн,
Тағы да ақ Айсыз тун.
Мен жайлы сұрамаңыз,
Халіңіз қалай сіздің.

Сіз дағы мұңлысыз ба,
Бағыңыз тұрғысыз ба?
Жүрсіз бе отырғызып,
Ақ үміт — гүлді мұзға.

Мен дағы үмітсізбін,
Үмітсіз қызықсыз тым.
Әйтеуір артыңыздан,
Барамын жүзіп сіздің.

Тағы да көңілсіздік,
Тағы да сол үнсіздік.
Еңсем жүр көтерілмей,
Сезімсіз, өзіңсіз тік.

Көңілсіздік…
Мазам жоқ өзіңсіз түк.
Әрі қарай

Samsung Galaxy SII видео өңдеуі

  • kazjur


Астанадағы «Мінбер» тренингіндегі бір сәт қой.

Samsung Galaxy SII телефоны қолыма тигеніне біраз болса да ішінде видео өңдейтін бағдарламасы барын таяуда білдім.
Әрі қарай

Қайшылық

Жайраң қағар сәттері бар мұңның да,
Жәудіркөзім жалған емес, тоқ күлсең.
Бір әкенің қызы болып тудың да,
Бір ақынның өлеңі боп кеттің сен.

Серуендесек екеумізді қимай бақ,
Мұңға батып кетуші едің әз үндім.
Бір сорлының маңдайына сыймай қап,
Бір бақтының маңдайына жазылдың.

Тағдыр солай заманыңды жазғырма,
Кемдік етсем, кермиығым кешіргін.
Бір жүрекке есіміңді жаздың да,
Бір жүректен есіміңді өшірдің.

Көшесімен жүрсең-дағы қаланың,
Көңілімді өміріңе жол қылдың.
Бір жанардың тұтаттың да алауын,
Бір жанардың қоламтасын сөндірдің.

Болмысына еніп кеткем тек күздің.
Көкейімді жегідейін кемірді ой.
Өкпе айтуға қақымыз да жоқ біздің,
Қайшылықтан құралатын өмір ғой.
Әрі қарай