Көңілсіздік-2 Дәурен АЙМАНБЕТОВ

Тағы да көңілсіздік,
Тағы да сол үнсіздік.
Өтуде, қызық емес —
Өмірім өзіңсіз түк.

Тағы да арайсыз күн,
Тағы да ақ Айсыз тун.
Мен жайлы сұрамаңыз,
Халіңіз қалай сіздің.

Сіз дағы мұңлысыз ба,
Бағыңыз тұрғысыз ба?
Жүрсіз бе отырғызып,
Ақ үміт — гүлді мұзға.

Мен дағы үмітсізбін,
Үмітсіз қызықсыз тым.
Әйтеуір артыңыздан,
Барамын жүзіп сіздің.

Тағы да көңілсіздік,
Тағы да сол үнсіздік.
Еңсем жүр көтерілмей,
Сезімсіз, өзіңсіз тік.

Көңілсіздік…
Мазам жоқ өзіңсіз түк.
Бөлісу:

24 пікір

bazuka
көңілсіздік екі дейді, қызық екен.
dark_nazgul
иә… Мазам жоқ өзіңсіз түк… (((
Abilakim
Дәурен жақсы жігіт секілді.Астанада танысып ем ана жолы
Kasymolzhas
Мен сияқты.
Abilakim
нөмірден шықпай қоя ма ол да)))))
e_zhalgas
оқып отырып, тақырыпта жарияланған атмосфераға енеді екенсің :)
VKM
Менде де осындай себепсіз көңілсіздіктер көбейіп кетті…
e_zhalgas
жарқын жақта өмір сүр :)
AKA
Осында жариялаған жоқ пе едіңіз, әлде қателестім ба?
a63a1
Жақсы ақын, өмірде танымасамда, бір екі өлеңімді өңдеп беріп еді агент арқылы.
e_zhalgas
«сыйға сый, сыраға — бал» методымен айтылды ма мына комплимент? :)
a63a1
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тұрғыда айтылған комплимент.
Nurgisa
Қасым, бір нәрсені ұтымды кәдеге асырыпсың: сайтта satibaldi жоқта посстағаның мұншалықты жақсы болар ма. Сынау-мінеудің төрелігін содан күтейік.

Ал, балалар, айта қойыңдаршы, қазір арамызға кім келіп қосылады?

СА… тарататататата
ТЫ… тарататататата
БАЛ… тарататататата
ДЫ… тарататататата
СА-ТЫ-БАЛ-ДЫ, СА-ТЫ-БАЛ-ДЫ :)
VKM
туууй,қорқытпасаңызшы))))
a63a1
ахахахах)))))) бірінші әнсіз оқып шықтым, оқып шыға салып таныс бір ән аузыма сарт ете қалды)))
Kasymolzhas
Мен Жаратқаннан басқа ешкімнен қорықпаймын.
Nurgisa
Төртінші курстағы старшактар ше??? Аграркадағы.
sammita
інім, шамалы жерге түсіп, жан-жағыңа қарашы.
Керекинфо былай жақсы сайт:)
madlen
Мәншүктен ұялып жазбай жүр едім, но қасың через чур мол екен!
Abilakim
оның дұрыс, бірақ кей кездерде басқаларды да мойындап қойған дұрыс
a63a1
Жоқ қателесесің, менің ішім сезеді, сен өлеңдеріңді сынап-мінегеннен қорқасың