Тіл мамандары бас қосты

Түркітілдес халықтар қолданыстағы терминологиялық қорды бірізділендіруді көздеп отыр. Мәселен, ІТ-технологиялар мен компьютерлік терминдерді түрік тілінен алып, қазақ тіліне енгізбек. Өйткені, түркі халықтары компьютер тілін өз ыңғайына көшіргеніне 40 жылдан астам уақыт болыпты.
Астанада халықаралық алқалы жиында Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжанның білікті тіл мамандары жиналып, осы мәселе төңірігенде ой бөлісті. Қазақ тілі түркітілдес топқа енгенімен, Кеңес Одағы кезінде көптеген салалық сөздер, тіркестер орыс тілінен немесе ағылшын, латын тілінен енді. Қазіргі тіліміз сала-құлаш. Осы орайда Тіл комитеті түбі бір түркі елдерінің қорын ыңғайлап, ықшамдауды мақсат етіп отыр.
Ғазиз Телібаев, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары:
Әрі қарай

Кітап сұрасам ұрыспайсыздар ма?

Құрметті керекинфошылар! Әдебиетшілер, жорналшылар, жазушылар, баспагерлер және басқа кітапсүйер қауым! Маған өте қажет болып тұрған екі кітапты тауып беруге көмектесулеріңізді сұраймын! Өте ескі кітаптар.Жаңартылып басылмаса керек — ешқайдан таппадым. Луи Буссенардың "Қаһарман капитан" деген романы (ауд.Атығаев Әбітай) және Ә.Файзидің «Тоқай» атты романы (ауд.Жұмекен Нәжімеденов). егер осы кітаптарды өргендеріңіз болса, қайсы бір орындарда сатылатын болса немесе үйлеріңізде ұмыт қалған кітаптардың арасында шаң басып жатқан болса, үлкен өтініш — хабарласыңыздаршы!
рахмет! :))
Әрі қарай

Әйелдер жөнінде...

Қорқыт ата:
«Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасың, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың.»
Шал ақын:
«… Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.»
Әзілхан Нұршайықов:
«-Махаббат деген не?-десе
-Әйелдің өзі!-дер едім.
-Ләззат деген не?- десе,
-Әйелдің сөзі!- дер едім.
— Ең күшті нәрсе не?- десе,
-Әйелдің әмірі!- дер едім.
Әйелдердің барлығын:
-Жердегі Тәңір!- дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені адамзатты жарататын- әйел, ұлтын көбейтетін- әйел, ұрпақты ұластыратын- әйел, еркекті Ер ететін- әйел. Махаббаттың асыл нұры- әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті- әйел махаббаты.»
Ғабит Мүсірепов:
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.»
P.S. Қилызаман ағайдың жазбасынан соң, өзімнің кітапшама түртіп алғандарымды бөліспек болдым.
Әрі қарай

Қазақ қызы

Ана тiлi мен қазақ қызы. Маған осы екi сөз бiр-бiрiнен ажырағысыз табиғи тұтасып кеткен киелi ұғым тәрiздi көрiнедi. Аңғарғанға ананың ақ сүтi мен аялы алақанысыз ана тiлiнiң қанат жаюы мүмкiн бе, сiрә. Менiңше, мүмкiн емес.
Мен бұл тақырып бойынша сөз қозғау үшiн көп ойландым, көп толғандым. Қазақтың халық өлеңдерi мен мақал-мәтелдерiн, ертегi-аңыз әңгiмелерi мен эпостық жырларды, қазақ жазушылары мен жыраулар дүниелерiн, ғұламалар толғауларын шарлап шықтым. Өз аналарымыз бен әпке, қарындастарымыздың тағлымға толы табиғатын барлап, көз алдымызда, алақан аясында өскен және бiлiм, ғылым саласындағы қыздарымыз бен немерелердiң алып отырған тәрбиемен өнегесiн ой әлемiнен өткiзiп, саралап шыққандай болдым.
Рухани тарихымыздың тарғыл беттерiн парақтасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдерi, жалпы аналар әлемi туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен. Оның үстiне жүрек тербер, сезiм қоздырар қазақтың халық әндерiне, немесе мақал-мәтелдерiне бiр сәт көңiл аударып көрелiкшi.
Әрі қарай

Әсем рок группасының әні - "Жылайды жүрек"

Әсемге ырзамын, дауысы да, стилі де ерекше. Мына әнді сөзімен бірге Ғалымжан Молданазар есімді ақын әрі әнші жігіт жазыпты. Өзі де қосылып айтады клипінде. Оның да дауысы әп әдемі.
Туынды мамыр айында шығып қойыпты, мен енді көріп отырмын :)
Әрі қарай

шашкиді сағныппын :)

кішкене кезімде, шашки ойнағанды қатты жақсы көретін едім, қыс мезгілде, демалыста, үйде ұстауға, сыртқа шығармауға мамка бар күшін салатын еді, сыртта жүрсем, сырғанақтан шықпай үсті/басым су, кешке үйге әрең кіргем талай :) от сондай кезде, шашки ойнауға ешқандай кедергі келтірмей, мейлі, үйде отсан болд дейтін еді :)
есімнен әлі кетпейді, бір кез болған көрші бала үйге келіп, 3 күн қатардан орнымнан тұрмай тамақта батпай, ойынның қызығына түскен едім)))), ол бала ажь, үйне обедке кетсе, мен тағатсыздана күтіп оны))).жеңіліп қап, сарт/сарт мәтек алу енд уж андай*))))
Әрі қарай