Тіл мамандары бас қосты
Түркітілдес халықтар қолданыстағы терминологиялық қорды бірізділендіруді көздеп отыр. Мәселен, ІТ-технологиялар мен компьютерлік терминдерді түрік тілінен алып, қазақ тіліне енгізбек. Өйткені, түркі халықтары компьютер тілін өз ыңғайына көшіргеніне 40 жылдан астам уақыт болыпты.
Астанада халықаралық алқалы жиында Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжанның білікті тіл мамандары жиналып, осы мәселе төңірігенде ой бөлісті. Қазақ тілі түркітілдес топқа енгенімен, Кеңес Одағы кезінде көптеген салалық сөздер, тіркестер орыс тілінен немесе ағылшын, латын тілінен енді. Қазіргі тіліміз сала-құлаш. Осы орайда Тіл комитеті түбі бір түркі елдерінің қорын ыңғайлап, ықшамдауды мақсат етіп отыр.
Ғазиз Телібаев, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары:
Түркітілдес елдермен қатынас жасау – бұл біздің негізгі бағытымыздың бірі, ішкі саясатымыздың бірі. Түркітілдес мемлекеттердің форумында Президент осында тапсырма қойды мемлекеттік органдардың алдына. Бұл тек экономикалық қана емес, мәдени қатынас та жасау керек.
ДерекКөз: kaztrk.kz/kaz/news/politika/Til_mamandari_bas_kosti.html

шын айтам, менде бағдарламасы бар. бүгін түстен кейінгілердің шамамен барлығы орысша :)
Серікқазы ағайды көрдім:))
Компьютер-компұтдер-компүтір — … сияқты эволюцияны неге ойда ұстамасқа?
Ары қарай? Қайтадан шала аударма басталады.
Тіл комитеті, мысалы, 2001 ж. «Бекітілген салалық терминдер»ді шығарды.
Сосын 2003 ж. жаңа терминдер сөздігінде: "Қайта қаралып түзетілген терминдер" тізімін қосады.
2004 ж. «Жаңадан қабылданған терминдер» деп тағы тізім қосады. Ары қарай… тағы сол. Детсад.
өйткені бұл форум Түркітілдес елдердің ортақ ақпараттық технология терминдер қорын қалыптастыруға арналған бірлескен 9-шы форумы екен!
сонда осыншама уақыттан бері нәтиже қайда?
мен бірінші рет болып жатқан шығар деп, басында шақыру келген кезде қатты қуанғам. түріктермен ортақтасып бірдемелер істейміз ба деп. онымен кейін шақырылғандар тізімінен шығып қалыппын.
соған қарап ойлап отырмын мәселе көтеріп, осы тақырыптарды шын қабылдап, «кедергі» болатындарды шақырмайды ма деп.
Термин-талас әсіресе редакторларға қатты тиеді.