Көсемді жоқтау

Кәрістер құдайдай табынған Ким Чен Ирді жоқтауда. Массовая истерия болған екен, ужс. Мұндайды бұрын көрмегенмін. Марқұмның денесі 28 желтоқсанға дейін мавзолей витринасына тұрады екен.Фэйсбуктен көріп, стырила.

Әрі қарай

Жердің түбі Жезқазған...

Баяғыда, Жезқазғанның облыс болып тұрған шағында Ақтоғай ауданынан шыққан Уазик облыс орталығына тартыпты.Партияның кезекті жиналысы болса керек.Ақтоғай Қарағанды облысының бір шалғайында жатқан аудан, Жезқазғанға тіптен алыс.Содан, әбден шаршаған бір жолаушы «Жердің түбі Жезқазған, облыс болған неңді алған» деген екен.
Сол, Жезқазғанға жол түсіп мен де бардым 4 күн демалысымды пайдаланып. 17-сі күні 20:45 те автобусқа отырған мен, 18-і таң ата жетуге тиіс болатынмын. Бірақ, аяздың күшеюіне байланысты Жайрем атты кеңшарда түнгі үш жарымнан бастап таңғы 11 ге дейін тұрдық. Жол полициясының қызметкерлері рұқсат бермеді. Автобусты қанша жылытуға тырысқанымен,іші салқындап кетті. Әйтеуір жанымдағы келіншекті құшақтай беріппін. Сөйтіп Қарағандыдан Алматыға жететіндей уақытта жеттім-ау. Қайтарға алдын ала әр жақтағы достарым билет алып қойғантын. Бірақ, жолдың жабылуына байланысты ол рейісіміз де уақытылы жүрмеді.Ұшақ, пойыз дегендерге билет тіптен жоқ. Әйтүп-бүйтіп бір жанкешті таксистті тауып алып, 4 адам соны жалдап Қарағандымызға аман-есен жеттік.
Бұл жазбаның берер ғибраты мынау. Қыстың көзі қырауда алыс жолға шықпаңыздар, шықсаңыздарда бала-шағамен шықпаңыздар!
Әрі қарай

Нағыз бұттан кету

Мына киноны кеше көрдім. Колпачино деген түрікше кино. Сол кинодан бір фрагмент. Орманда 2 өлікті лақтырып тастауға бара жатқан адамдардың темекілері бітіп қалады. Машинада үстіндегі одеколонға темекі түсіп, киімі өртеніп, өрт сөндіргіш көбікпен үсті сөндірілген жігіт бір үйге темекі сұрауға барады. Барса біреулер үйде рух шақырып, «гадать» етейін деп жатады.

Әрі қарай

Мына кітаптарды оқыңыз - өкінбейсіз

1. Көпшілікке арналған, жануарлар мен жәндіктер туралы десе де болады
Джерри Даррел, «Моя семья и другие животные» Отбасын жывотныйлармен теңестіргені қызық, бірақ, дәл осыдай аталады  Даррелдің өзі өте қызықты тұлға болған.Тек бұл кітапта ғана емес, жалпы өмірін алғанда.

Әрі қарай

Енді, қорытындылар басталады ...

Лібә, енді 2011 жылды көттен теуіп шығарып салу басталады. «Бар жамандық осы жылмен кетсін!» дейді ертең бір бөспе қаззақ журик. Сосын бар жамандықты тізіп жаза бастайды. Ең басты факт —
Әрі қарай

"Р" әрпімен аяқталатын мем. нөмірлер шығыпты

Еріккенге сұраған. (аздап өзгертіп қойған тіркес қой, хехе)

Алғашқы кезде көлік нөмірлері латынша М әрпімен аяқталатын. Тәуелсіздіктің 10 жылдығында сол бәрі М әрпімен аяқталып жүрді ғой, кейінгі онжылдық өтіп, тәуелсіздікке 20 жыл толғанда, нақтырақ Алматы қаласы М, N, O әріптерін аяқтап, Р әрпіне көшіпті. Кеше «Таң» арнасынан бір көліктің нөмірін көріп калдым да, фотоға түсіріп алдым:



(Көлік иесінен кешірім сұраймын. Жаңа нөмір иесі болғандықтан, барша Қазақстан көрсін, хехе)

Жалпы, нөмірлер қазір Шымкент, Қарағанды, Өскемен-Семей (себебі екі қалада бір серия), Астана қалалары N әрпіне көкен.

Нөмір демекші, енді берілетін мемлекеттік нөмірлердің шетіне КЗ жалауы қойылатын болады.

A — Алматы
B — Алматы облысы
C — Ақмола облысы (+Көкшетау)
D — Ақтөбе облысы
E — Атырау облысы
F — Шығыс Қазақстан (Өскмен, Семей)
H — Жамбыл облысы (+Тараз)
K — Жезқазған облысы (Қазір берілмейлі)
L — Батыс Қазақстан облысы
M — Қарағанды облысы
N — Қызылорда облысы
O — Көкшетау (Қазір берілмейді, бірақ бар, пенсиядағы шалдардың осымен жүргенін көргем)
P — Қостанай облысы
R — Маңғыстау облысы
S — Павлодар облысы
T — СҚО (+Петропавл)
U — Семей (Қазір берілмейді)
V — Талдықорған облысы
W — Торғай облысы (Қазір берілмейді)
X — Шымкент))
Z — Астана

Және тағы, қаладағы көлік саны 200 000 асқан сайын, соңғы әріптері ауысып отырады деген де бейресми ақпарат бар. Қазіргі комбинациямен берілетін көлік нөмірлері шамамен енді 40 жылға жетеді екен. (Маған қызықтысы, өртеніп кеткен, металл қабылдайтын орындарға өтіп кеткен көліктер мен бір себептермен көлік қатарынан шыққан көліктердің нөмірін неге жаңадан басқаларға бермейді екен???)
Әрі қарай