Тағдыр

"Тәңірдің" жаңалықтарын оқып отырып, бір хабарламаның сілтемесін басып, 2 айлық сәбидің өмірін құтқару үшін "қыруар" қарды керек деген хабарлама оқыдым.
Жақында ғана қызым ауырған кезде, бүкіл өмірдің қызығы кетіп, жанымды қоярға жер таппай қиналғаным есіме түсіп кетті. Мен баланың іші өтіп, қайта-қайта құсқанына зар еңіреп ары-бері жүгіріп, страшный паника көтеріп едім. Бұл қыздың әке-шешесі қандай күйде десеңші?..
Сондағы бала өмір құтқару үшін керек ақша 50 000$.Қарап отырсаң, осы ақша біреу үшін «мелочь» болса, екінші біреу үшін өмірдің құны…


Мен үшін Мандариннің шыға бастауы Жаңа жылдың жақындағанын білдіреді. Ең алғаш рет кішкентай кезімде, қалаға көшкен кезімде Жаңа Жыл қарсаңында жедім. Бізге берілетін сыйлықтардың арасында міндетті түрде мандарин болушы еді. Ал ауылда есімде ол кезде мектепте оқитын апайларым әкелуші еді жаңа жыл сыйлықтарын, ол кезде пакет жоқ дәптердің екі бетін жіппен тігіп пакет істейді, барлық тәттілер соған салынады. Міндетті түрде ішінде алма болушы еді. Алма — мен туған ауыл балалары үшін әлемдегі ең тәтті, қол жетпес жеміс болып саналатын еді. Алманы қадірлеп, асықпай жайлап, созып жеуші едік.



