Құдайдың үйінде төбелес шықты!

Вифлеемдегі (Иордан өзенінің батыс жағалауы) Исаның Туылуы базиликасында бүгін хай-вай шықты. Төбелесуші жақтар — осы храмды бірге ұстап отырған Грек Православ Шіркеуі мен Армян Апостолдық Шіркеуінің әулие әкейлері.



Төбелес шіркеуді Рождествоға дайындап жатқан кезде шыққан. Жүздеген әулие әкей алдымен бірін бірі жек көретінін айтып, сосын лағнаттар айғайлап, еден жуатын швабралармен лап қойған. Тек келген мұсылман палестин полициясы ғана төбелесті тоқтатыпты.
Төбелестің себебі — грек шіркеуінің әулие әкейі армян шіркеуіне тиісті территоряның еденін жуып қойыпты. Барлығын бастап жүрген армян жағы екен. Лібәдтар, бұлардың басы піспесе, біздерге не крест жорығы? Салыңдар корпоративте ылаңды, нақтар кілең!
Бөлісу:

30 пікір

meirzhan
Қайталанып келеді ғой осы төбелестер. 2007 жылғысы қырғын болды дейді ғой
omarbirat
Тағы болған ба сонда? Бүгін тенгриньюстен көріп, боян жариялағаны несі деп отыр едім. Былтыр осындай төбелесі бар ролигін көргенмін, бірақ қашан түсірілгенін білмейді екенмін. Ол кезде де по ходу осы гректер мен армяндар болатын.
omarbirat
Мынауы басқа сияқты. Менің көргенім мынау еді
Zilola
комментатордың сөзі ӨРТ! Красапщік!
salta
ол прикол ұстап отырған юмористический каналдың комментаторы ғой…
Zilola
соны боксты комментировать етуге жіберу керек, бұттан кететін шығармыз )
Abilakim
Көп оның сондай коменттері.Кезінде ол жайлы жазба да жарияланған.
www.kerekinfo.kz/blog/Abilakim/2181.html
omarbirat
Өзі солай сөйлейтін адам ба, бірдеңе опшым. Амангелді Сейітханұлы сияқты. Оны тікелей залда болып жатқан жарыстарға да комментатор қылып алады екен.
Abilakim
Бір жағынан адам жалықпайды да.Енді не айтар екен деп күтіп отырасың. Біздікілер секілід «алаңның шетіне асырылған доп», «Жұмсақ соққы», «Бойшаң бойлы жігіт» дегендерді қайталай бермейді
Zilola
"Қазақстан барсы" болғанда кәментшілер «шаршы алң»а деп қоймап ед, кілем деп айтудың орнына )
satibaldi
Бұл жерде айта кету керек, шіркеу — Палестина Администрациясының тероиториясында, ендеше айырып жатқан — еврейлер емес, арабтар. Осындай ұсақ-түйек ойын-күлкіден жиналып-жиналып бір күні үлкен қате шығады.
AKA
«Уау, кокоя драка, какой храбрый грек!»
AL-ASTER
Имамның істегенін істеме, айтқанын істе.
User
тақырып соңына смайлик қойған дұрыс емес деп еді ғо.
boztorgai
қой деп айырсаң ешіп кететіндер болущед
соларды еске салады екен
saken
арасына бір Джеки Чан керек екен. «Доспехи бога-3»ті түсіріп жіберетін. )
omarbirat
"Қытай зодиагы" деп аталатын ол фильмі 12.12.2012 күні экранға шығады екен.
salta
бұлар ата-бабаларынан қалсын ба? кезінде хрестиандар: католиктер мен православтар болып неге бөлінді?! тамырды сол жақтан іздеу керек, бұлар да қалсын ба олардан? шіркеудің ішінде папа мен патриарх бір-бірлерінің бетіне түкіріп, дінді екіге бөлген жоқ па?! так шо бұл таң қалатын нәрсе емес…
sigma
Байғұстардың да төбелесі простой халықтікі сияқты екен, калтапонға түсірватқандарда бар.
salta
 Құдайдың үйінде жүргендер матрицадағыдай адам ойына келмейтін приемдармен төбелеседі деп ойладыңыз ба? әлде бірі қанатын жайып жіберсе, бірі құйрығымен шанши салады да жүре береді деп ойладыңыз ба?
sigma
Обшым күтпейсің ғой дін жолындағылардан. Жалған дүниедегінің бәрі жалған болғаны болар.

Сіздің де пантазияның мықТкен. Үп деп ұшып, сүп деп қонбағандарымен, сыпырғышпен төбелескендері мыстан кемпірлер төбелесі сияқты екен.
nurjanbay
сонда бұлар "құдайдың үйін" жуғанда алатын сауапқа таласып жатыр ма? жыртық тесікке күледі деген осы де. біздің елде де адамдар жамағатқа бөлініп, бір-бірін жеп қоюдың аз ақ алдында жүр.
Ahi
Аллаһ Тағала былай дейді: «Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ» (Әнғам сүресі, 159-аят).