Соңғы жаңалықтар: КОРОНАВАЛИ САТЫПАЛДЫ

Кеше қаңтардың 24-і күні біздің кішкентай және де сонымен қатар үлкеееен «Керек» мемлекетімізде елді елең еткізер оқиға болды. Өзінің барлық билігін және беделін салып патша ағзам, өз пікірлерімен ерекшеленіп тұратын және осы мемлекетке көптен-көп еңбек еткен (… я так думаю) Сатыпалды мырзаны модераторлар басшылығына бекітті.
Его величество Асаубота (Цытата): "… Сайт басшысының өкімімен Сатыбалды Багратионұлы Кербабаев КерекИнфо сайтының Модерация қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды" (төте сілтеме).
Айта кетейік БАҚ құралдарының ешқайсысы кіргізілмей, жабық түрде өткен «коронация салтанатында» тағы да басқа мәселелер шешіліпті (ұзынқұлақтан естігеніміз). Сонда да болса халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген фототілші Негатив Цифровик терезеден сығалаааааааап тұрып, бір фото түсіріп үлгеріпті. Тамашалаңыздар:

Әрі қарай

Салем Алем!



Салем, халык!
Мынау менин осындагы биринши постым, бул жерге кездейсоктыктан келип калдым, кеше кешкисин достарыммен отырганымда, бир бикеш осы сайтты айткан, сосын кирип карап, тиркелуге бел будым. Казак тилиндеги блог сайт ашкан адамга рахмет, бирак керекинфо деп неге атаганын тусинбедим. Оз ойымен болисип баскалармен казак тилин дамытуга оте ынгайлы сайт екен. Жазып отырган пернетактамда казак ариптери жок екен, содан осылай кириллицамен жазып отырган жайым бар. Осы казыр болып жаткан бир жиынга 5 минутке барып келгем, кирер алдында конилим котеринки, секирип ушып турган едим, шыкканан кейин биртурли барлык жаксы энергиамды сорып алгандай, шаршанкырап кеттим, менин еш катысым болган да жок, жай тек бастыктарга компьютерден бир нарселерди кондырып беруге комектесип шыккам, бирак сол жердин атмосферасы толган жагымсыз болганы ма сонда?
Сол енди баска не жазарымды билми отырм, ойыма керемет идеялар келед анда санда шабыт келгенде, балким китап жазып кетем бе, ким билсин? Казыр бир керемет ан тындап отырм 'Desire — Under your spell', бул Драйв киносынын соунтреги, керемет кулакка биринши естигеннен ак жылы келетин олен, осылайша постымды тамамдайын, тагы да жазып турам, барине саттилик тилим!
Әрі қарай

Әбіләкімнің постынан кейін...



Ең алдымен Әбіләкімнің бастамасы өзіме ұнағанын және осы ұсынысты айтқанына оған көөөөп рахмет айтатынымды хабардар етейін.
… Сонымен…
Мен туылғанда ауылдан апам келіпті артынып-тартынып. Жол бойы сәбиге қандай ат қою туралы кітап оқып келген ғой… Сонымен менің планетам (туған күнім, ай, күнімен сәйкестілігіне байланысты) Меркурий болғандықтан менің атымды Меркурий қоям деп келген. Сосын келген күні түсінде ата-бабасы қолына тас беріпті де Тасберген деген атқа тоқтап отырған екен… Ал студент әке-шешем құрбы-құрдастарымен кеңесіп сол кезде «модный» болған Данияр деген атқа тоқталыпты… Ал, апам көнбейді… Не істеу керек?!!.. Чек тастаймыз деп шешіпті. Қағаздың барлығына «Данияр» деген жазу жазып, апамның «Тасбергені мен Меркурийін» білдірмей алып тастапты… Сонымен туылғалы атым — Данияр. 10 шақты күннен кейін әке-шешем студент болғандықтан ауылға алып кетіпті. Сонымен апам баласымын. Ешкі сүтімен өскен қазақпын… хехе… полиция қызметкері болуға тағдыр жазбапты..
Әрі қарай

Өзіңіз жайлы қызықты ақпарат

Осы сайттағылардың бір-бірін жақсы біліп кетулеріне түрлі эстафеталар, сауалнамалар жүргізілді. Дегенмен, қызықты бір ақпараттар болады ғой.Мысалы, мені кішкене кезімде атамның жалғыз інісі асырап алмақ болған екен. Жеме-жемге келгенде не кедергі болғанын білмеймін. Егер, ол кісі асырап алғанда мен орысша өсер едім.Себебі, Қарағанды түбіндегі орыстары көп поселкіде тұрады. Мүмкін, бір-екі рет темір торға да түсіп келер ме едім.Ол жақта жастар қылмысы көп, және поселкіні ашқан кезде кілең түрмеден шыққандарды әкелген екен.
Қазіргі таңда қазақтар саны көбейіп қалғандай екен. Ал, сіздер немен бөлісесіздер?
Әрі қарай

Отан оттан да ыстық!

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.
Әрі қарай

Парақорлық – қауіпті дерт

Парақорлық, сыбайлас жемқорлық жайлаған елде әділетсіздік, имансыздық, қызғаныш қаулап тамыр жаяды. Осының кесірінен, басшы мен қызметшінің және өзге де адамдар арасында шынайы рухани достық жоғалып, уақытша жалған жақындық пайда болады. Нәтижесінде, уақыт өте олар бір-біріне сенімсіздік білдіріп, сатқындық жасап, ақиқаттан адасып, қоғамда тыныштық бұзылады. Пара алған адам жеңіл жолмен келген ақшаны қайта -қайта тапқысы келеді. Абай атамыз айтқандай қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ. Пара алушы да беруші де қазақ халқы (қазақстандық халық). Пара бір адамның өз ісінің алға басуы үшін басқасына берілген заңзыз ақша немесе пайда.
Пара өзінің хақысы болмаған бір нәрсені қолға келтіру үшін беріледі.
Әрі қарай

Жаратылыс табиғаты

Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», –дейді.
Әрі қарай

Достық туралы бірер сөз

«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.
Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес.Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.
Әрі қарай

Әлемдегі ең үлкен сағат


Меккедегі Әл-Харам мешітінің жанында салынған ғимаратта әлемде ең үлкен сағат орналасыпты. Бұл сағат Мекке тұрғындарына қаланың қай түкпірінен қараса да көрінетіндей етіп салынған, әрі намаз уақыттарын көрсетсе керек.
Әрі қарай