Жаратылыс табиғаты

Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», –дейді.
Бөлісу:
  • 0
  • Автор туралы
    -Рахмет! -не үшін? -мен әрқашан жоғал әрі деген создің орнына рахмет айтамын,сені ренжетпеу үшін. -рахмет -ең оңай түрі

Пікір жоқ әзірше