кофе.
                
                                            Кофені мүлдем ішпеймін дейін десем, айына, екі айда бір рет Латте мен капуччиноны ұрттап тұрам, ал енді ішемін дейін десем, кофеішкіштердің күлкісін келтіргім келмейді. Бірақ, бізде, кез келген кофеханада кофені дұрыс дайындамайтын сияқты. Сосын, мұз қосылған, десертке жақындай кофе мүлдем кезіктірмедім. Жалкое подобиелері бар әрине, анау жаман жаман кофе қиқымынан жасалған сусындарды кофе деп айтуға келмейді.
                                    
            
            
                            Әрі қарай
                    
Солтүстік Америка мен Азия жарты миллиард жылдан кейін Солтүстік полюсте тоғысады. Болашақ құрлық жайлы осындай теориямен Йель университетінің геологтар тобы шықты. Ресейлік ғалымдар америкалық әріптестерінің гипотезасына шүбә көзбен қарауда. Әзірге тек бір нәрсе ғана анық – құрлықтар жаймен орындарымен ауысуда және миллион жылдардан соң, Жер планетасы мүлдем басқаша болып көрінеді. Геологтар болашақ суперқұрлықты «Амазия» деп атады. Ғалымдар ол Атлантикада құрылады деп бекітуде. Басқалары болса, Амазия Тынық мұхитының орнында болады деп болжап жатыр. Росс Митчелл үшінші нұсқаны ұсынып, Амазияны Солтүстік-Мұзды мұхитының аумағына орналастырды. Аталған теориялар, құрлықтар бір жерде тұра бермей, олардың үнемі жылжитындықтары туралы анықталған өткен ғасырдың ортасында болған геологтардың революциялық ашуларының арқасында тууда. Сонымен қатар, мұхит түбіндегі жер қыртысының құрылымының, құрлықтікінен біраз айырмашылығы бар. Соңғы 200 миллион жылда құрлық картасы өзінің өзгеруін жалғастырып келеді. Мәскеу мемлекеттік университетінің геологиялық факультетінің профессоры Николай Короновский былай дейді:
                                    
            
                                    
            





